Лекция №1 Кіріспе дәріс. Қазақстан қазіргі замандағы тарихы пәні Лекция сабақтарының жоспарымен мазмұны


Қазақстан әлемдік қауымдастықтын тең құқылы мүшесі



бет48/121
Дата04.11.2023
өлшемі0,96 Mb.
#121844
түріЛекция
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   121
Байланысты:
Лекция №1 Кіріспе дәріс. Қазақстан қазіргі замандағы тарихы пәні-emirsaba.org

3.Қазақстан әлемдік қауымдастықтын тең құқылы мүшесі. Біріккен Ұлттар Ұйымы және Қазақстан. Егемен еліміз үшін 1992 жылдың 23 қаңтары да ерекше есте қаларлықтай. Бұл — қазақ халқының ғасырлар бойы армандап келген тәуелсіздігін бүкіл әлемге әйгілеп, Қазақстанды төрткүл дүниенің барша бүрышын жайлаған елдерге танытқан күн болды. Елбасы Н. Назарбаевтың атына Біріккен Ұлттар Ұйымының сол кездегі Бас хатшысы Бутрос Ғалиден Қауіпсіздік Кеңесі Бас Ассамблеясының Қазақстан Республикасын Біріккен Ұлттар Ұйымына мүшелікке қабылдау жөніндегі үсыныс жасайтын қарарды дауыска салмай-ақ қабылдағаны жөнінде жеделхат келіп түсті.
Осылайша әлемдегі ең бедці де бедедці ұйымдардың бірі — БҰҰ-дың штаб-пәтері орналасқан Нью-Йорктегі зәулім ғимараттың алдында көгілдір аспан түстес туымыз Кіндік Еуразияда жаңадан жас мемлекеттің өмірге келгенін паш етіп, желбірей бастады.
Жалпы алғанда, Біріккен Ұлттар Ұйымы жер бетіндегі бейбітшілікпен қауіпсіздікті сақтауға бағытталған халықаралық ынтымақтастықтың барлық принциптерін меңгерген ұлттар қауымдастығы болып есегггеледі. Тарих дәлелдеп отыр-ғандай, адамзат соғыс тауқыметін қаншалықты білетін болса, соған жол бермейтін өзара түсіністік, бейбітшілікті қамтамасыз етуге деген ортақ күш-жігерді де соншалықты сөзіне білді. 1914 жылғы бүкіләлемдік соғыс Ұлттар лигасын туғызса, 1939 жылғы екінші дүниежүзілік соғыс осы Біріккен Ұлттар Ұйымының өмірге келуіне себепші болды. Алғаш "Атлант хартиясы" деп аталған кауымдастық құжатына 1942 жылы жиырмадан астам мемлекет өкіддері қоддау білдіріп (ішінде бұрынғы Кеңес одағы да бар), қол қойган соң тарихта "Біріккен Ұлттар Декларациясы" деген атаумен қадды.
Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталысымен-ақ болашақ Біріккен Ұлттар Ұйымының жарғысы мен алдағы аткарар жұмыстары нақтыланып, арнайы конференциялар өткізіп түру практикаға енді. Бірақ қауымдыстық жұмысы қаншама реформаланғанымен, бастапқы міңдеті — елдер арасындығы бітімгершілікті сақтап қалуға деген іс-әрекеті басты шаруа болып қалуда. Ол ұйым жұмысының үштен бірін қамтиды. Бүдан басқа БҰҰ елдердегі экономикалық және әлеуметтік дамудың аса маңызды бағдарламаларын жүзеге асыруға, адамдар қүқығын қорғау бағытындағы іс-шараларға, босқындар мен түрлі апат қүрбандарына, экологиялық зардап шеккен аймақтардың тұрғындарына көмек көрсетуге барынша ат салысып келеді.
Қазақстан БҰҰ-ға мүше болып қабылдана салысымен-ақ Бас Ассамблеяның барлық жұмысына белсене қатысқан. Сессиялар қабылдаған аса маңызды мәселелер женіндегі бірнеше қарардың қосалқы авторы бола білген. БҰҰ-ның басшы органдары мен қүрылымдары сайлауын өткізуге де белсене атсалысыпты. Соның нәтижесінде еліміз бірсыпыра комитеттің мүшесі болған, сессиялардың тең төрағаларының орнына сайланған.
Әлемдік банктің, ПРООН-ның, тағы басқа да ұйымдардың республикамыздағы мүдцелі министрліктермен бірлескен іс-қимылы нәтижесінде Арал аймағындағы экологиялық жағдайды сауықтырудың және қаржылай кемек көрсетудің кешенді бағдарламасы жасалып, іске асуда. Экономикалық
реформаны, қаржылық басқару, банк ісін жөне басқа да институттар жұмысын жақсартуға қаржылай көмек көрсетілген. Елдегі инфляцияны шешуге алғашқы жылдары (1993-1995 ж.) түрлі банктер арқылы 460 миллион АҚШ доллары көлемінде қаржы бөлінген1
Біріккен Ұлттар Ұйымы жүйесіндегі Балалар қоры (ЮНИСЕФ) Қазақстанда қызмет ете бастаған алғашқы екі жылдың ішінде жалпы кұны алты миллион доллар тұратын дәрі-дәрмек пен медициналық құрал-жабдықтар бөлсе, кейін балалар мен оның аналарына арнап тағы да бірнеше миллион доллар қайырымдылық кемек көрсетті. Кейінгі жылдары Ислам Даму Банкі, Азия Даму Банкі және Еуропалық қайта құру және Даму банкі мен донорлық елдер тарапынан келетін кемек те көбейе түскен.
БҰҰ мен Қазақстан үкіметі арасындағы байланыс екі кезеңце — 1996-1999 жылдарға және 2000-2004 жылдарға арналған рамалы бағдарлама бойынша жүзеге асуда. ЮҢДАФ-тың мәліметіне қарағанда, Қазақстан Республикасында, әсіресе, қүзырлы мекеменің Дамыту бағдарламасы (басты мақсаты — адам дамуын жетілдіруге көмек керсету, сондай-ақ әлеуметтік даму мен кедейшілікті жою, әйелдер мен еркектердің тендігі, тиімді мемлекетгік басқару және қоршаған ортаны қорғау сияқты стратегиялық маңызды міндеттерді қамтиды), Әйелдер дамыту қоры (әйелдердің қүқын қорғауға, олардың экономикалық және саяси мүмкіңдіктерін арттыруға көмектеседі, БҰҰ қүрамында әйелдер мүддесін ұлттық, аймақтық және әлемдік деңгейде шешілуіне ықпал етеді) және Еріктілер бағдарламасы (1970 жылы БҰҰ Жобалары мен Бағдарламаларын, соның ішінде, әсіресе, қоғамдык (немесе жүртшылықты) қолдау мақсатымен қүрылған) белсенділік танытып келе жатқан керінеді.
Сондай-ақ БҰҰ жүйесі бойынша жұмыс істеп жаткан Балалар қоры, Халықаралық валюта қоры, Білім, ғылым және мәдениет ұйымы, ВИЧ/СПИД/-пен күресу жөніндегі бірлескен бағдарламасы, Халықаралық еңбек ұйымы сияқты үжымдардың тірлігіне де ризашылық білдіруге болады.
Тағы бір айта кетерлік жәйт, Біріккен Ұлттар Ұйымы 2001 жылды — Халықаралық еріктілер жылы деп жариялады. Мүның озі мана біз жоғарыда атап көрсеткен Еріктілер бағдарламасы (БҰҰЕ) аясында ұйымдастыратын шаралардын кең ауқымда, толыққанды болып өтетінін байқатса керек.
Қорыта келгенде, Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болған тоғыз жылдың ішінде түрлі саяси және экономикалық мәселелерді шешуде белсенділік те, бІліктілік те көрсете білді, сөйтіп өзінің халықаралық беделін арттыра түсті деп айтуға толық негіз бар.
Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымымен ынтымақтастыққа аса зор маңыз береді. БҰҰ Бас Ассамблеясының 52-сессия-сында Семей полигоны жөніңде арнаулы қарар қабылданды, ал оның мамандандырылған ұйымдары Еуропалық эконо-микалық комиссия мен Азия және Тынық мүхит аймағы үшін экономикалық-әлеуметтік комиссия, Орталық Азия аймағьш әлеуметгік-экономикалық жағьшан дамыту жөніндегі бағдарлама болды. БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы бір кезде ядролық сынақтардан зардап шеккен Семей аумағын қалпына келтіру жөніңдегі шаралар туралы және бір қарар қабыддады.
Қазақстан Экономикалық ынтымақтастық ұйымына мүше 2000-шы жылы Катарда өткен Ислам конференциясы ұйымының бас қосуына белсенді түрде қатысты.
Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымы жүйесіндегі БҰҰ Даму бағдарламасы, Д үниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, ЮНИСЕФ, ЮНЕСКО, Босқындар ісі жөніндегі жоғарғы комиссариат, Есірткіге бақылау жасау жөніндегі БҰҰ бағдарламасы, Қызыл Крест және Қызыл Жарты Ай қоғамы және басқа беделді ұйымдармен ынтымақтастықты нақтыландыра түсті. Еліміз Дүниежүзілік банк, Халықаралық валюта қоры, Еуропа қайта құру және даму банкі, Ислам даму банкі, Азия даму банкі сияқты халықаралық қаржы институттарымен үйлесімді түрде өзара тығыз жұмыс істеп келеді.
Қазақстан БҰҰ-ға қабыдданған 1992 жылдан бері Біріккен Ұлтгар Ұйымының ондаған ұйымдары мен бағдарламаларына мүше немесе қатысушы болып үлгерді. Байланыс, әсіресе, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының 47-ші сессиясының жұмысына қатысып, сөз сөйлегелі бері ерекше қарқынмен нығая түсті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   121




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет