Қоғамның саяси өмірі Коммунистік партияның беделі өсті. 1925 жылы өлкелік V партия конференциясы болды. Ауыл тұрғындарын партия қатарына кіргізу ісі өріс алды. 1927 жылы 1 қаңтарда коммунистік партияға мүше шаруалардың саны 16854 адам болды. 1932 жылы коммунистік партияның қалыптасу кезеңі аяқталды. Бірақ коммунистік партия бірте-бірте әміршіл жүйемен жұмыс істей бастады. 1921 жылы шілдеде Орынбор қаласында жастар ұйымы Қазақстан комсомолының бірінші съезі өтті. Қазақ комсомолының ұйымдастырушы кошбасшысы Ғани Мұратбаев болды. Түркістан комсомол ұйымының төраға-сы, комсомолдың шығыс бөлімінің меңгерушісі Ғани Мұратбаев 23 жасында дүниеден отті. Қазақстан жастар ұйымының жұмысына Қ. Тәштитов, М. Толепов, Ф. Рузаев белсене қатысты. 1921 жылы 1 қаңтарда Қазақстан кәсіподақ ұйымы құрылды. Қазақстан Орталық Атқару Комитетінің беделі күшейді. ҚОАК бір жылдық мерзімге сайланды. Бұрынғы үстем тап өкілдері мен діни қызметкерлер сайлау құқығынан айырылды. Қалыңмал мен моногамияға (көп әйел алу), әмеңгерлікке тыйым салу туралы қаулы қабылданды. Қазақстанда әйелдер қозғалысын дамыту бағытында А. Оразбаева, Н. Құлжанова, Н. Арықова, Ш. Иман-баева көп еңбек сіңірді. 1922 жылы Ә. Жангелдин бастаған «Қызыл керуен» ірі экспедициясы Орынбордан Семейге дейін жүріп, Кеңес өкіметінің декреттерін, коммунистік партияның саясатын насихаттаған. 1921 жылы қаңтарда Қазақ АКСР Халық Комиссарлар Кеңесі «Қазақ және орыс тілдерін қолдану туралы» декрет, 1923 жылы Қазақстан Орталық Атқару Комитеті «Қазақ тілінде іс жүргізуді енгізу туралы» декрет қабылдады.
жылы республикада ауылдан, ауданнан, округ пен орталықтан тұратын 4 сатылы басқару жүйесі енгізілді.
жылы Қазақ АКСР-ның астанасы Қызылордадан Алматы қаласына көшірілді.
3.Ф.И. Голощекин және “Кіші қазан” революциясы Индустрияландыруды жүзеге асыру жолында әкімшіл-әміршіл саясат қатты бұрмалады. 1925-1933 жылдары Қазақстан коммунистік партия комитетінің бірінші хатшысы Ф.И. Голощекин болды. Ф.И. Голощекин Қазақстанда Қазан революциясы болған жоқ, сондықтан қайтадан революция жасау керек деп шешті. Осы ойын іске асыру мақсатында ол «Кіші Қазан» төңкерісін өткізу идеясын үсынды. Бұл үсынысты И.В. Сталин қолдады. Ф.И. Голощекин Қазақстанды одақтық шикізат базасы ретінде индустрияландыру бағытын ұстанды. Ф.И. Голощекиннің «Кіші Қазан» идеясына алғашқы болып С.Сәдуақасов қарсы шықты. С. Сәдуақасов Қазақстанды шикізат базасы ретінде пайдалануға ашық түрде қарсы тұрды.