Лекция №1 Кіріспе дәріс. Қазақстан қазіргі замандағы тарихы пәні Лекция сабақтарының жоспарымен мазмұны


Инфляция – ақшаның құнсыздануы. Депозит –



бет86/121
Дата04.11.2023
өлшемі0,96 Mb.
#121844
түріЛекция
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   121
Байланысты:
Лекция №1 Кіріспе дәріс. Қазақстан қазіргі замандағы тарихы пәні-emirsaba.org

Инфляцияақшаның құнсыздануы.
Депозит – банкіге сақтауға берілген салым.
Акция – құнды қағаз, қорлық құндылық.
Президент – президенттік және парламенттік басқару жүйесі бар елдердегі мемлекет басшысы.
Вице – президент - президенттен кейінгі өкілетті кісі.
Заң жобасы – заңның алғашқы мәтіні.
Қайта құру – бұрынғы Кеңестер Одағына 1985 ж. М. Горбачевтың билікке келуіне байланысты пайда болған термин, елдегі саяси әлеуметтік – экономикалық салаларға реформа жүргізу.
Референдум – Конституцияға өзгерістер мен қосымшалар енгізу.
Авторитаризм – (лат. Autoritarisme- негізін қалаушы, жасаушы және auctaritas – пайымдау, пікір, билік, ықпал) – 1) антидемократиялық саяси режим, 2) саяси өкімет билігінің антидемократиялық тұжырымдамасы, 3) қоғамдық санада беделді, атап айтқанда өкімет билігін абсолюттендіру элементтерінің етек алуы.
Агломерация – («aggiomerare» латынша «қосу», «толықтыру» деген сөзден алынған.)
Біртұтас аумақтық өндірістік кешен негізінде пайда болып, ірілі – ұсақты қалашықтар мен ауылдардан құралған қоныстық жүйе.
Агностицизм – ( грек.а- теріске шығару және gnosis – білім) – дүниені танып білу мүмкіндігін толық немесе ішінара теріске шығаратын ілім. Терминді ағылшын жаратылыс зерттеушісі Гекели енгізген. А – нің гносеологиялық негізі мән мен құбылысты ажырату.
Азаматтық – адамның нақты бір мемлекетке саяси және құқықтық қатысы. Мемлекеттің және оның билігіне бағынатын адамның арасындағы өзара қарым-қатынасты білдіреді.
Аккультурация – (лат.adcuitura – білім, даму) – белгілі бір халықтың мәдениеті жоғары дамыған басқа бір халықтың мәдениеті жоғары дамыған басқа бір халықтың мәдениетін толық немесе жартылай қабылдауы нәтижесінде болатын мәдени өзара ықпал процесі.
Актуальдандыру – (лат.actualis – қарекетшіл)- болмыстың өзгерісін білдіретін ұғым. Осы ұғымда қозғалыстың тек бір жағы ғана: болмыстың, мүмкіндік ахуалынан шындық ахуалына көшуі ғана ашып көрсетіледі.
Акциденция (лат.accidens – кездейсоқтық) – мәндіден, субстанциялықтан өзгеше түрде заттың уақытша, өтпелі, мәнсіз қасиеті. Бұл термін тұңғыш рет Аристотельде кездеседі; схоластикада және XVII-XVIII ғ. Философиясында кең таралды.
Анохронизм (грек.anachmnismos – кері уақыт) – 1) жыл санаудағы уақытқа сәйкессіздік (хронологиялық қателіктер); 2)бір дәуірдің оқиғалары мен сипаттамаларын жаңылыс немесе шартты түрде екінші дәуірге телу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   121




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет