Лекция №1 Кіріспе дәріс. Қазақстан қазіргі замандағы тарихы пәні



бет24/114
Дата15.04.2023
өлшемі1,69 Mb.
#82945
түріЛекция
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   114
Байланысты:
Ëåêöèÿ ¹1 ʳð³ñïå ä?ð³ñ. ?àçà?ñòàí ?àç³ðã³ çàìàíäà?û òàðèõû ï?í³

Бекіту сұрақтары:
1.Ауыл шаруашылық өндірісінің құлдырауының себептері неде?

      1. жж аштықтың болуына не себеп болды?

3.Өлкедегі кеңестерге қарсы көтерілістерболған аймақтарды картадан көрсет?
4. ЖЭС-қа өтудің әлеуметтік-экономикалық және саяси алғышарттарын атаңыз?. 5.Экономикада көп укладты құрылымының қалыптасуы немен аяқталды?
6.Шаруаларға қарсы бағытталған жаппай қуғын-сүргіннің қанат жаюы немен бітті?
7. Индустрияландыру неүшін қажет болды?


Лекция №11-15 Қазақстан 1941-1945 ж. ІІ дүниежүзілік соғыс жылдарында


Негізгі ұғымдар: Қазақ кеңестік әдебиеті, әскери лагерь, партизан, интернационал, тыл, майдан,


Мақсаты: Қазақстан 1941-1945 ж. ІІ дүниежүзілік соғыс жылдарында Қазақстан әскери лагерь бөлімі, мәдениеті мен ғылымы туралы жаңа тарихи танымдық білімдерін қалыптастыру..
Жоспар:
1. Соғыстың басталуы: Қазақстан әскери лагерь бөлімі
2. Ленинград пен Москва түбіндегі шайқастардағы қазақстандықтардың ерлігі.
3. Сталинград түбіндегі шайқаста қазақстандықтардың ерлікпен қаза табуы.
4. Курск түбінде неміс-фашист әскерлерінің тасталқан болу және оған
қазақстандықтардың қатысуы.
5. Жау қолындағы аймақатрдағы партизандық қозғалыстар.
6.Империалистік Жапонияның талқындалуы.
7.Қазақстан экономикасы соғыс жылдарында.
8. Соғыс жылдарындағы Қазақстан мәдениеті мен ғылымы.
Лекция
1. Соғыстың басталуы: Қазақстан әскери лагерь бөлімі. 1941 жылы 22 маусымда Фашистік Германия соғыс жарияламастан жасалған келісімді бұзып, КСРО аумағына басып кірді. ¥лы Отан соғысы осылай басталды. Гитлерлік Германия осыған дейін Еуропаның көптеген мемлекеттерін басып алған болатын.Фашистік Германияның негізгі мақсатының саяси және экономикалық астары болды. Герман империясы шикізат үшін, азық-түлік базасы ретінде қуыршақ мемлекет құруды көздеді. Куыршақ мемлекет жобасы фашистер жасаған «Барбаросса» жоспарында көрсетілді. Жоспар бойынша фашистер КСРО жерінде Остланд, Украина, Московия, Еділ-Орал, Түркістан сияқты рейх комиссариаттарын кұруды көздеді. Жоспарда көрсетілген «Үлкен Түркістан» отарының кұрамына Қазақстан, Татарстан, Башқұртстан, Орта Азия, Әзірбайжан, Кавказ, Қырым, Ауғанстан, Шынжан кіргізілді.
Фашистер Кеңес адамдарын қырып-жою жолына осылай түсті.
Ал Кеңес адамдарының патриоттық сезімі, әрине, бұл жоспарға қарсы түра білді. Қазақстан халқы Отан корғаушылар қатарына өзі еркімен жаппай жазыла бастады. Мысалы, Алматы медицина институтының студенті Мән-шүк Мәметова: «Отбасымыздан майданға жіберетін ешкім жоқ, ағам да, апам да жоқ, сондықтан өзімді жіберуді өтінемін», - деп әскери комитетке өтініш берді.
Елімізде 2 млн-нан астам адам міндетті әскери даярлықтан өтті.
Майдандағы Қызыл Армия қатарына 1200000-ғажуық (1196164) қазақстандық аттанды. Майданға қажетті әскери кадрларды даярлау ісі тылда қарқынды жүргізілді. Соғыс болып жатқан өңірлерден Қазақстанға 27 әскери оку орны көшірілді. Онда соғысқа қажетті 16000 әскери офицер даярланды. 42000 қазақстандық әскери училищеде оқыды.
Бұл әскери оқу орындарының түлектері арасында кейіннен КСРО батыры атанғандар көп болды.
Мысалы, Шымкент Чугуев әскери авиация училищесінде КСРО-ның үш мәрте батыры И.Н. Кожедуб оқыды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   114




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет