Қазревком мүшелері С. Меңдешев (1882-1937) 1912 жылы коммунистік партия мүшесі, Бөкей губерниялық атқару комитетінің төрағасы; 1919 жылы Қазревком терағасының орынбасары; 1920-1925 жылдары Қазақ АКСР Атқару Комитетінің терағасы; 1937 жылы репрессия құрбаны болды. Ә.Жангелдин (1884-1953) жылы коммунистік партия мүшесі;
жылы ұлт-азаттық көтеріліс басшыларының бірі, Торғай әскери комиссары;
1918 жылы Торғай облыстық Кеңесі атқару комитетінің төрағасы; 1918 жылы Қазревком төрағасының орынбасары. А. Байтурсынов(1873-1937) «Алаш» партиясын құрушылардың бірі, «Қазақ» газетінің редакторы. 1919 жылдан Қазревком мүшесі, оқу министрі. А. Байтұрсынов - жазушы, аудармашы, түрколог, лингвист ғалым. 1937 жылы репрессия құрбаны болды.
7. Қазақстандағы “әскери коммунизм саясаты” Лекция №7-10 Қазақстан XXғ. 20-ж. I-жартысындағы жаңа экономикалық саясат (ЖЭС).
Жоспар: 1.ЖЭС-қа дейнгі әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдай. Империалистік, азаматтық соғыс Қазақстан халқының шаруашылығына ауыр шығын әкелді. Мемлекеттің 250 кәсіпорны ғана жұмыс істеді (барлығы 307). Мұнайдың ендірілуі 4 есеге, Қарағанды көмірінің өндірілуі 5 есеге қысқартылды. Шаруашылық өнімінің 6,3%-ы ғана енеркәсіптің үлесінде болды. 29,9 млн мал-дан 16,3 млн мал ғана қалды. 1921 жылы наурызда коммунистік партияның X съезі азық-түлік салғыртынан азық-түлік салығына, әскери коммунизмнен жаңа экономикалық саясатқа көшу женінде қаулы шығарды. ЖЭС-тіңмәні Саясатта бір партиялық-тоталитарлық режим.
Экономикада әкімшілік-нарықтық шаруашылық. 1921 жылы маусымда Қазақстанда жаңа экономикалық саясатқа көшу туралы шешім қабылданды.
Ашаршылықпен күрес Жаңа экономикалық саясатқа көшу барысында қиыншылықтар көп болды. 1921 жылы жаз айларында Қазақстан жерінде құрғақшылық кесірінен ашаршылық басталды. Республика халқының 1 /3-і аштыққа ұшырады. Ашыңқандар саны: жылы қарашада 150800 адам,
жылы наурызда 2303200 адам болды. Ашыққан адамдар Орынбор, Орал, Бөкей, Қостанай, Ақтебе губернияларында көп болды.
Аштықтың тағы бір себебі азық-түлік отрядтарының ауыл шаруашылық өнімдерін алып кетуі болды. Ауыл шаруашылық енімдерін Москва, Петроград, Қазан, Самара сияқты орталық қалаларға жіберді. Мысалы, Семей, Ақмола губернияларындағы ауыл шаруашылық өнімдерінің 80%-ын алып кетті. Кеңес окіметі Қазақстандағы аштыққа үшыраған халыққа кемек корсете бастады:
БОАК егіннің өнімі аз өңірлердегі халықты азық-түлік салығынан босатты;
1921 жылдың 14 маусымында көшпенді, жартылай көшпенді халық ет салығынан босатылды;