Лекция №1 Кіріспе. Сөйлеу тілі патологиясының неврологиялық негіздері пәні, мақсат, міндеті



бет4/5
Дата11.02.2023
өлшемі29,3 Kb.
#67071
түріЛекция
1   2   3   4   5
Байланысты:
СТПН негіздері лекция тезисі

Жүйке жүйесінің онтогенезі. Адам ұрығын жатыр ішілік дамудың әртүрлі кезеңдерінде зерттеу (4 айға дейін) және оны басқа омыртқалылардың ұрығымен салыстыру олардың құрылысының кейбір ортақ ұқсастықтарын анықтады.
1864ж. неміс ғалымы Э.Геккель адам ұрығының даму барысында өзіне дейінгі төменгі қатардағы омыртқалылардың барлық даму кезеңдерін қайтайтындығын пайымдаған пікірін жариялады. Бұл пікір кейінірек ғылымға Геккельдің биогенетикалық заңы атауымен енген, ол бойынша онтогенез филогенездің қысқартылған қайталануы ретінде қарастырылады.
Нерв жүйесінің қалана бастауын байқау мүмкіндігі ұрықтың екі апталығында болады, ол табақша түрінде көрінеді. Нерв жүйесі ұрықтың эктодерма жапырақшасының арқа жотасынан түзіледі. Көп кешікпей табақшаның шеттері біртіндеп бүгіліп, науа жасайды. Біртіндеп науаның алдыңғы және төменгі ұштарынан басқа шеттері бітісе бастайды, сөйтіп медуллярлық түтік немесе ми түтігі түзіліп, ол ұрықтың ішіне қарай батады. Ұрық дамуының 4-ші аптасында ми түтігінің алдыңғы ұшы біркелкі емес дамып, үш көпіршік түрінде кеңейеді. Одан әрі алдыңғы және артқы көпіршіктер қайта бауланады да, бес ми көпіршігі пайда болады, олар бас миының негізгі бөліктерін құрайды.
Ең соңғы (бесінші) көпіршіктен сопақша ми түзіледі, төртінші көпіршіктен варолий көпірі мен мишық, ортаңғы (үшінші) көпіршіктен ортаңғы ми, ал екінші көпіршіктен көру төмпешіктері
(таламус), гипоталамикалық аймақ және қыртыс асты түйіндерінің бір бөлігі – паллидум (бозғылт шар) түзіледі. Медуллярлы түтіктің оральды бөлімінен (алдыңғы,яғни бірінші ми көпіршігінен) ми жарты шарлары және қыртыс асты құрылымдарының басқа бөлігі – неостриатум (жолақ дене) түзіледі.
Ми түтігінің бүйір бөліктерінде орналасқан жасушалардан жұлын пайда болады. Ми түтігінің қуысы жұлынның арнасына айналады, ол алдыңғы бөліктерін кеңейіп, мидың қарыншаларын түзеді. Жұлынның дамуы мидың дамуына қарағанда қарқынды жүреді. Әдетте ол үш айлық ұрықта негізінен түзіліп болады. Ми көпіршіктерінің дамуы біркелкі өтпейді. Тік болған ұзындық осі иіліп, үш бүгіліс жасайды.
Мидың алдыңғы көпіршігі қарқынды өседі, одан мидың жарты шарлары мен қыртыс асты түйіндері дамиды. Төрт айлық ұрықта салына бастаған сайлар мен қатпарлар байқала бастайды, ал бесінші айында әлдеқайда жақсы білінеді. Ұрықтың миы босану кезіне қарай сыртқы белгілеріне қарағанда жеткілікті қалыптасқандай болады. Нәрестелердің миында ересек адамдардағыдай, бірақ кішірейтілген түрде барлық сайлар мен қатпарлар болады.
Нерв талшықтарының миелиндену үрдісі эмбриональды өмірдің төртінші айында басталып, негізінде екі-үш жаста аяқталады, бірақ миелин қабатының ұлғаюы организм өсуінің барлық кезеңінде жүруі мүмкін. Баланың әр жас кезеңіне сәйкес нерв жүйесінің белгілі бір аймақтары жетіліп, іске қосылып жатады. Мысалы, 1,5-2 айында таныс адамды ажырата алады, 2-3 айында аунай бастайды, 6 айында отырады, 1 жаста жүреді және т.с.с. Осының бәрі онтогенездік даму сатылары болып есептеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет