Бақылау сұрақтары:
Лексикологияның зерттеу нысанын атаңыз.
Лексикологияның қандай салалары бар?
Тілдегі сөздерді қандай топтарға бөліп қарастырамыз?
Сөз мағынасын зерттейтін саланы атаңыз.
Сөздің шығу төркінін қай сала қарастырады?
Атауларды қарастыратын саланы атаңыз.
Сөз дегеніміз қандай бірлік?
Сөзге қандай белгiлер тән?
Сөздiң типтерi мен варианттары дегеніміз не?
Сөз қандай белгісіне қарай топтастырылады?
Сөз мағынасының қандай түрлері бар?
Сөз мағынасы және ұғымның ара қатынасын қалай ажыратамыз?
Сөздердің лексика-семантикалық топтарын тақырыптық топтардан қалай ажыратамыз?
Ауыспалы мағына дегеніміз не?
Ауыспалы мағынаның жасалу жолдарын атаңыз.
Омоним және оиограф дегеніміз не?
Синоним, синонимдік қатар дегеніміз не?
Антонимдер қалай жасалады?
Лекция тақырыбына сәйкес СӨЖ тапсырмалары:Сөз мағыналарына компоненттік анализ беру (ғылыми талдау).
Қажетті әдебиеттер 1. Аханов К. Тiл бiлiмiнiң негiздерi. -А.,1993.
Салқынбай А., Абақан Е. Лингвистикалық түсiндiрме сөздiк., -А.,1998.
5. В.В.Виноградов. Основные типы лексических значений слова. ''Вопросы языкознания'', М., 1953, N5.
6. Н.М.Шанский. Очерки по русскому словообразованию и лексикологии. М., 1959, N5, стр. 154-157.
7. Ә.Болғанбаев. Қазақ тiлiнiң лексикологиясы. А.,1978 .
8. Қалиев Б., Жылқыбаева А. Сөз мағынасының негiздерi. А., 2002.
9. Оразов М. Қазақ тiлiнiң семантикасы. А., 1991.