Лекция №1 Лекцияның тақырыбы : т iл бiлiмi және оның салалары



бет20/46
Дата17.04.2023
өлшемі221,31 Kb.
#83597
түріЛекция
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   46
Байланысты:
Лекция 2023 15 сағат (10)

Лекцияның тақырыбы: Лексикологияның құрамы, шығу жолдары, қалыптасуы мен дамуы.
Лекцияның мақсаты: Лексикологияның негізгі сөздік қорының қалыптасуы жайлы мағлұмат беру.
Лекцияның жоспары:

        1. Негізгі сөздік қор, оның басты белгілері.

        2. Сөздік құрамның тарихи арналары: 1. Қазақтың байырғы тума лексикасы: а) жалпы түркілік сөздер; ә) қыпшақ тілдеріне ортақ сөздер; б) қазақтың тума төл сөздері.

        3. Кірме сөздер: а) монғол тілінен ауысқан сөздер; ә) араб, парсы тілдерінен енген сөздер; б) орыс тілінен және сол тіл арқылы Европа тілдерінен енген сөздер.

        4. Тілдің сөздік құрамының толығып даму жолдары

        5. Сөздердің стильдік қызметіне байланысты түрлері: бейтарап лексика, сөйлеу тілінің лексикасы, кітаби лексика, экспрессивті –эмоционалды лексика.

        6. Табудың пайда болу тарихы.

        7. Табудың тақырыптық жағынан топтастырылуы

        8. Эвфемизмдер, олардың қолданылу ерекшеліктері.

9. Дисфемизмдер, олардың сөйлеу тілінде қолданылуы.
Лекцияның мазмұны
Тілдегі сөздердің тұтас жинтығы тілдің сөдік құрамы деп аталады Сөздік құрамы белгілі бір халықтың тұрмыс жағдайын, күнкөріс тіршілігін, кәсібін түгел қамтып көрсетеді. Белгілі бір халықтың қоғамдық шаруашылық мәдени тұрмысы неғұрлым күрделі болса,соғұрлым сол тілдің сөздік құрамы да бай болады деген сөз.Мәселен,17томдық Қазіргі орыс әдеби тілінің сөздігіне 120480 сөз енген екен.Бұған енбей қалған қаншама сөз бар десеңші.Алайда сөздікке енген сөздердің бәрі осы тілде сөйлейтіндерге түп-түгел таныс болмауы мүмкін. Қейбіреуі танымал болғанымен, енді біреулері мүлдем бейтаныс болуы ғажап сап емес, Сол сияқты "Казақ тілінің түсіндірме сөздігінің” 1974) бірінші томына ғана (А—Ә) 5310 сөз енген. Ал ол сөздік он том болып шықты. Қез келген қазақ осы сөздерді түгел еді, таныс деп айту қиын. Сонда сөздік құрамындагы сөздерді, қолдану жиілігіне қарай, актив сөздер (жпі қолданылаты және пассиві сөздер (сирек қолданылатын) деп, екі салаға болуге болады.
Актив сөздерге осы тілде сөйлейтін адамдар тек түсініп қана қоймай, өзінің сөйлеген сөзінде жиі қолдана білетін сөздер жатады. Демек, актив сөздер осы тілде сөйлейтін адамдардың бәріне ортақ болып табылады. Бұған күнделікті өмірде өзіміз айтып, әрі естіп жүрген таныс сөздердің бәрін жатқызуға болады.
Пассив сөздерге көпшілік түсінгенімен, бірақ онша жиі қолдана бермейтін сөздер кіреді. Бұған әр ғылымның өзіне ғана тән тар көлемдегі терминдері, көнерген сөздер, тарихи сөздер, кәсіби сөздер кітаби лексикалар жатады. Актив сөздер мен пассив сөздердің шекарасы қатып қалған дүние емес, жылжымалы, өзгермелі деп түсіну қажет.
Сөздік құрамдағы сөздер түрлі принципке негізделіп, өзара әлденеше топқа бөлінеді:

  1. Әдеби лексика мен диалектілік лексика сөздің әдеби және әдеби еместігіне қарай бөлінуі

  2. Жалпы халықтық лексика мен арнаулы лексика — әдеби тілдегі сөздердің халыққа таныс және онша таныс еместігіне қарай бөлінуі.

  3. Бейтарап сөздер мен экспрессивті сөздер — тілдегі сөздің жұмсалу аясы мен көркемдік мәніне қарай бөлінісін көрсетеді.

Сөздік кұрамдағы сөздер тілдегі өмір сүру тарихына, тұрақтылығына қарай да бір-бірінен ажыратылады. Қазақ тілінің байырғы сөздері түбірлеріне тән мынадай белгілері бар:
1)толық мағыналы, көп мәнді болады,
2) бір буынды болып келеді өзге түркі тілдеріндегі байырғы түбірлерімен дыбысталуы жағынан да, мағынасы жағынан да ұқсас, тектес, мәндес келеді; Мысалы: жел, кел-, от, көз, төс, жыл, құс, қал, ай, қой, кес, көш,от, сан, сен, ор, өр, қаз, аш, күз, күн, көн, ат, жас, тас, қол, мол,кет, ет, ақ, бас, бар, бер, бел, көк, т, б.
Тілімізде өте ертеден өмір сүріп келе жатқан, сонымен қатар жаңа сөздер жасауға бірден-бір ұйытқы болған, аз буынды көп мәнді жалпыхалықтық сөздер негізгі сөздік қор есептеледі. Бұлардың сан мөлшері, көлемі сөздік қүрамдағы сөздерден әлдеқайда (анағұрлым) кем болады.
Қазақ тіліндегі барлық сөздің жиынтығы сөздік құрам болса, негізгі сөздік қор солардың қайнап шыққан, өсіп-өнген негізгі көзі, қайнар бұлағы деп танылады. Яғни негізгі сөздік қор-баяғыдан келе жатқан өнімді сөздердің тобы. Негізгі сөздік қор- болмаса, сөздік құрамдағы сөздер де көбейіп, байымас еді. Негізгі сөздік қор ұзақ өмір сүргендіктен жоне ең қажетті сөздер болғандықтан, бір тілде сөйлейтін барлық адамға, барша ұрпаққа бірдей қызмет атқарады. Сонымен бірге бұлар тілдегі стилдік тармақтар мен әдебиет жанрының ешқайсын жатырқамайды, бәріне ортақ түрде жалпылама қолданыла береді. Демек негізгі сөздік қордағы сөздер өзінің жасамалы тұрақты қасиетімен, жалпы халықтық ортақ қызметімен сипатталады.Жаңа тіркес, жаңа сөз жасаудағы өнімді де белсенді әрекетімен көзге түседі. Қоғам өміріндегі болып жатқан түрлі жаңалықтар мен өзгерістер барлығы да тілге әсер етеді. Әсіресе оның лексикасы өзгеріске неғұрлым бейім, неғұрлым сезімтал келеді. Тіл адамның барлық жұмыс саласындағы іс-әрекеті мен түгелдей байланысты болғандықтан, сөздік құрам адам өмірінде де бар соны дереу және тікелей көрсетіп отырады.
Ұлы Октябрь социалистік революциясынан бергі кезеңде қазақ тілінің сөздік құрамында мынадай басты өзгерістер болды:

  • Казақ тілінің лексикасы бұрынды-соңды тарихта болып көрмеген күшті қарқынмен дамып, жаңа сөздермен толығып, кемелденіп байыды. Бұлар жаңа өндірістің, жаңа ауыл шаруашылығының, жаңа системаның, жаңа мәдениеттің, жаңа мо- ральдың, техника мен ғылымның дамуымен байланысты тасқындап енді.

    1. Ескі салт-сана, әдет-гұрыпқа қатысты, көнс құрылыс пен көне тұрмысқа байланысты бірқыдыру сөздер күнделікті қолданыстан шығып қалды. Сөйтіп сөздік құрамдағы пассив сөзге айналды. Мысалы: барымта, әмеңгер, дүре, калың мал, болыс малай, жалшы, шабарман, кебеже, ұлық, сәукеле, бесік құда,ұрын келу, отқа салар т. б.

  • Сөздік құрамдағы бірқыдыру’ сөздердін мағыналары түрлі өзгеріске ұшырады. Бұлардың өзін бірнеше топқа бөліп карауға болады:

а) Көптеген сөздер бұрынғы мағынасының үстіне жаңадан үстеме мағына қосып, көп мағыналы болып қалыптасады. Мәселен тап деген сөз революциядан бұрын ел, ру, ата (тек) ұғымында ғана жұмсалатын еді. Қозғамбайдың табы Бәйнеке атанатын. Бір жерде 12—13 үй қыстайтын (Қ. Тайшықов). Соңғы 10—65 жыл ішінде бұл сөздің бұрынғы тар мағынасы мүлдем кеңейіп, орыстың класс деген саяси термин сөзінің қазақша баламасы болып, түпкілікті қалыптасты. Сөйтіп бұл сөз адамның туыстық қатынасын ғана емес, сонымен бірге олардың коғамдағы байлықтан алатын орны мен үлесіне карай топтасқан жігін де білдіретін болды. Бұл сөз тіл біліміндегі сөз табы деген жаңа терминді жасауға да негіз болды. Сонымен тап деген сөз қысқа мерзімнін, ішінде-ақ ең актив көп мағыналы сөзге айналып кетті.
ә) Бұрынғы мағынасынан қол үзіп, басқадай мағынаға ие болған сөздер де кездеседі. Мәселен, бұрьш ұран дсген сөз ел мен ел, ру мен ру жауласқанда, ат жарыстырып, балуан күрестіргендс ата-бабасынын аруағын шақырып рухтандыруды білдірген болса, қазір коғамдық саяси мәні бар үндеу, шақыру дегенді білдіріп отыр. Сол сиякты жасақ деп бұрын әскер қол мағынасында айтылса, қазір қоғамдық тәртіпті сақтайтын ерікті астар, кызметкерлер ұйымын (жасақшы) айтатын болдық.
б) Кеибір сөздің бұрынғы заттық мағынасы ұмытылды да, оның қосымша мағынасы актив болып айтылып жүр Мәселен, талқы легсн сөздің құрал мағынасынан гөрі, оныц дискуссия ұғымы күнделікті қарым-қатынаста жиі қолданылады.
г) Бұрын көп мағыналы болып келген кейбір сөздері қазір мағынасын тарылтып, аз мағыналы сөзге айналған. Мәселен, бұрын ел билеген үстем тап өкілдерін жуандар, күштілер деп атаған еді Қазір бұл сөздер ол мағыналарынан мүлдем қол үзді.
д) Енді бір сөздердің экспрессивті-эмоциялық мәні өзгерген. Яғни революциядан бұрын жағымды стильдік мән туғызса, енді жағымсыз мағынаға ауысқан немесе керісінше қалыптасқан. Мәселен, ұлық, төре, мырза, атқамінерқасқа менен жайсаңдар ; деген сөздер бұрын ең қадірлі сөз болса, осы кезде бұл сөздер жағымсыз мән тудырып отыр. Қазір бұл сөздердің орнын халык, қалаулылары, халық сүйгсн кандидат, Еқбек Ері, еқбек озаты, басшылар, екпінділер деген толып жатқан жаңа сөздер басты. Сондай-ақ, нашар, бұқара, кедей, шаруа дегендердің де стильдік мәні өзгерді, жағымсыздан жағымдыға ауысты. Бір дәуірдегі жаңа сөз көнеге, көнесі жаңаға, аз мағыналы сөз көп мағыналыға, актив сөз пассивке, пассив сөз активке, бейнелі сөз қарапайым сөзге, жай сөз бейнеліге ауысып отыру заңдылығы әрбір, тілдің сөздік кұрамына тән нәрсе. Бұлар үздіксіз дамып толығып өзгерумен болады.

Табу мен эвфемизмдердiң бiр кездерi дiни ұғымдарға, наным-сенiмдерге, қалыптасқан салт-санаға, дәстүрге байланысты шығып, халық тiлдерiнде қалдырған iздерi әлi де бар дедiк. Солардың бiр тобы – аң, жануарлар, түрлi ауру-сырқауға, ат-ныспы (ономалар) атаулыға, түрлi зиян, қиянат келтiредi-ау деген қорқыныштарға орай туғандар.


Мәселен, ертеректе ата-бабамыз қорыққанынан қасқырдың дәл атын атамай, - қарақұлақ, ұлыма, итқұс; жыланды – түйме, түймебас, қамшы, ұзынқұрт; жолба-рысты да – қарақұлақ деп атапты. Моңғол қазақтары елiк атып алдым деу орнына жирен атып алдым дейтiн көрiнедi; қазақтар қандаланы “қызыл, сасық, кебек” деп те атайды екен.
Әлсiз, шарасыз адам әр аурудан қорыққан. Сондықтан көбейiп кетпесiн, жайылмасын дегендей, орысша корь (қызылша) ауруын – қызыл көйлек, мейман, қонақ, әулие, қорасан, т.б.; қатты кесел ауруды – бiр нәрсе көрiнген, бiр нәрсенiң салқыны тиген деп бүркемелейтiн; шайтанды – терiс табан, шимұрын; жай түстi – жасыл түстi; күн батты – күн байыды; мал суалды – мал байыды дейтiн.
Дiнге сенiп, наным-сезiмге берiлгендiктен, әлсiздiкке байланысты адамзат өз атын да тура атамай, басқашалаған кез болған: Жынды бала, Тентек бала, Жаман бала, Ұры бала, Қара шаш, Қой көз, Алтын шаш, Ұзын шаш, т.б. – әрi ұқсату, әрi көз тимесiн дегендiк.
Кiсi аттарына байланысты эвфемизмдер мына сықылды болып келедi: ауылдағы үлкен кiсiнiң аты Жоламан болса – Соқпақ жол; Сүттiбай болса – Желiндi уыз; Бұқабай – Сүзербай, Өгiзбай; Қарабас – Боран шеке; Сарыбас – Шикiл шеке; Сары – Шикiл; Бейсембi – Күн жұма аттас; Көжекбай – Қоян ата; ¶зiкбай- Дөдеге; Жамантай – Жайсыз тай; Ақбай – Қылаң ата; Түңлiкбай – Қайырма; Қозыбақ – Кене; Жусанбай – Сыбақ; Қойлыбай – Жандық ата; Қамшыбек – Ат жүргiш; Бүйенбай – Жуан iшек; Елеман – Халық есен; Асубай – Тарпаң; Асыл- Бекзат ата; Ақылбай- Ой ата; Мергенбай – Атышыл; Жылқыбай – Туар; Тышқанбай – Қаптесер, т.б.
Жас әйелдер күйеуiнiң ағасының балаларын өз атымен атамай, жалпы есiммен атаған: молда жiгiт, сылқым жiгiт, тетелес, еншiлес, әкежан, төрем, төре жiгiт, мырза жiгiт, бойжеткен, ерке қыз, кiшкенем, аппағым, айдарлым, шырақ, бөпежан, тұлымдым, т.б.
Эвфемия тiл-тiлдiң барлығында дерлiк кездесетiн ерекше мәндi құбылыстардың бiрi. Бұл тiлдiк феноменге адамзат ақыл-ойы ертеден бiздiң дәуiрге дейiн назар аударған болатын. Содан берi тiлдiк табиғаты күрделi аса байырғы бұл құбылыстың сыры бiрте-бiрте ашыла бастады. Мұның өзi филогенездiк тұрғыдан қарағанда қоғамдық сана түрлерiнiң дамуы, этикалық нормалар мен эстетикалық принциптердiң қалыптасуы, т.б. жайттармен тығыз байланысты болды.
Эвфемия құбылысында әр түрлi мифологиялық наным-сенiмге орай адамның, жануарлардың аттарын атамау ерекше орын алады. Бұл атаудың эвфемистiк формала-рының негiзiнде психологиялық мотив жатыр: тыңдаушыға, ауру адамға, оның төңiрегiндегiлерге “қолайсыздық” тудырмау, үрей шақырмау мақсатымен қолданылады. °сiресе, халық арасындағы қатерлi iсiк атауы бiлдiретiн эвфемистiк синонимдер көптеген тiлдiк ұжымдарда жиi кездесетiн жайт. Эвфемизмдердiң жоғарыда аталған түрлерi белгiлi бiр тiлдiк ұжым мүшелерiнiң бәрiне бiрдей тiлдiк құбылыс болып келедi де, сөздiк фактiге айналады.
Табу – индонезия тiлiнен алынған термин; тыйым салу деген сөз. Меланезия мен Полинезияда бұл сөздiң капу, тапу, тамбу деген синонимдерi бар. Олардың да мағынасы – тыйым салу. Табу құбылысы адамзаттың әлсiз кездерiнде туған; ең алдымен этнографияға, адамзаттың дiни наным-сенiмiне, әлденеге сиынуына байланысты. Ерте замандардағы соқыр сезiм мен сенiм, адамзаттың әр нәрсеге, әр құбылсқа табынуы, оларды ең киелi, дүниедегi ең күштi құдырет деп санауы тiл-тiлде өз iзiн қалдырған. Қазiргi кезде табу халықтар салт-санаты мен тiлiнен мүлдем шығып қалды деуге болмайды. Тiл-тiлде, ел-елде, жер-жерде табу iзi әлi де бар. Бiрақ анық бiр ақиқат: табу – түптiң түбiнде, келешекте жойылатын құбылыс. Оған себепкерлер – қоғамның iлгерi қарай дамуы, ғылым мен техниканың қарыштап алға басып бара жатқан прогресi, адамзат сана-сезiмiнiң оянуы мен жаңаруы, адамзаттың өмiр талабына сай нық басуы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет