Лекция №1 Лекцияның тақырыбы : т iл бiлiмi және оның салалары



бет24/46
Дата17.04.2023
өлшемі221,31 Kb.
#83597
түріЛекция
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   46
Байланысты:
Лекция 2023 15 сағат (10)

Лекцияның мазмұны
Фразеологизмдердің ішіндегі кейбір сөздер семантикалық жағынан ерек байқалып, түп қазық есебі қызмет атқарады. Ондай сөздер әлденеше ФЕ-лерде қайталанп отырады. Оны «ұйытқы сөз» деп атаймыз. Мәселен, тіл, жүрек, көз, ауыз, табан, қол, бас, ақ, қара, тас, ат, ит, жер, жеті т.б. сөздер осындай ұйытқы сөздер қатарына жатады.
Тіл сөзімен келетін фразеологизмдер: тіл қатты –сөйледі, сөйлей бастады; тілі аузына сыймады – мықтап шөлдеді; тіл тигізді – біоеудің жанына бататын сөз айтты; сөйлеуге тілі келмеді - сөйлей алмады; тіл алды – тыңдады, айтқанды істеді; тіл алғыш – елгезек, айтқанды тыңдағыш, орындағыш; тілі байланды немесе тілі күрмелді – сөйлеу қабілетінен айрылды; тілі шыға бастады – бала алғаш рет сөйлей бастады; тілден қалды – сөйлеу қабілеті жойылды; тілге келді – өзара сөйлесе бастады; тілдің майын тамызды – тыңдаушысын ұйыта сөйледі; тіл қысқа – ойындағысын айтып жеткізе алмады; тілі мірдің оғындай – өткір тілді, тілмар; тіл мен жағына сүйенді – мылжыңдап көп сөйледі.
Ит сөзімен келетін фразеологизмдер де өте көп: ит өлген же – өте алыс жер, ит басына іркіт төгілді – ағыл-тегіл молшылық, ит тұмысығ өтпейтін тоғай – ну ормен,ілгері басқанның иті оттайды – баю, ісі оңға басу.
Жүрек сөзі ұйытқы болған фразеологизмдер: жүрегі дауаламайды, жүрегі жылыды, жүрегі тас төбесіне шықты, жүрегі қайтты, жүрег айныды, жүрегі қарайды, жүрегі сазды, жүрегін жалғады, жүрегі шайылды, жүрегінің түгі бар.
Көз сөзі ұйытқы болған фразеологизмдер: көз болды, көз сал, көрінгенге көз сүзген неме, балаға біреудің көзі тиген болар, көз шырымын алайық, көзі ілініп кетті, көздің құрты, көзге шыққан сүйелдей, көзден бір-бір ұшты, көзі жетпеді, көзіне шөп салды.
Тіліміздегі тұрақты сөз тіркестерінің біразы түр-түс атауларының қатысуымен жасалған. Бұл,әрине, заңды құбылыс. Күнделікті қарым-қатынасымызда біз жүздеген тұрақты сөз тіркестерін қолданып отырамыз. Бірақ солармен бірге туып, біте қайнасып кеткен түр-түс атауларына мәң бере бермейміз. Ал шынында оларсыз сол фразеологизмдердің жасалуы, тұрақты тіркес ретінде көркем сөз құралына айналуы мүмкін еместігін аңғармаймыз.
Түр-түс атаулары қатысқан фразеологизмдердің тағы бір ерекшелігі: олардың номинативтік негізгі мағынасынан гөрі, ауыспалы (метафоралық,
метанимиялық), яғни заттық, абстрактылық мағынасында көбірек қолданылуы. Мысалы, «ақ дегені алғыс, қара дегені қарғыс» фразеологиз-
мін байқап қарасақ, бұл жерде ақ түс те, қара түс те өзінің негізгі мағынасында қолданылып тұрған жоқ.Мұндағы ақ – айыпсыз, күнәсіз, қара – айыпты, күнәлі деген мағынада айтылып тұр. «Көздің ағы мен қарасындай» деген фразеологизм де көздің түсін айтып тұрған жоқ. Бұл жерде бірінен-бірін бөліп қарауға болмайтын, ең жақын екі адам жайлы айтылып тұр.
Фразеология деген термин негізінен екі түрлі мағынада қолданылады. Бірінші мағынасы тілдегі тұрақты тіркестерді зерттейтін тіл білімінің саласы деген ұғымда қолданылады. Екіншісі-бір тілдегі фразеологизмдердің тұтас жиынтығы дегенді білдіреді. Фразеология жеріне жеткізе зерттеліп біткен ғылым деп айтуға болмайды. Мұның шешілмеген даулы мәселелері өте көп. Сондықтан да соңғы жылдарға дейін мұны жеке пән ретінде арнайы зерттеушілер тым аз болды. Көбінесе лексикалық қор ретінде сөз байлығы деген топқа жатқызып, лексиканың көлемінде тексерумен шектеліп келгендігі мәлім. Соңғы 30-40 жыл көлемінде түркі тілдерінде фразеология мәселелері әжептеуір зерттеліп, бірқатар еңбектер жарық көрді.
Фразеологизмдердің өз алдына дербес лингвистика саласы екендігін танытатын негізінен үш түрлі басты бе лгісі бар.Олар:
1) даяр қалпында жұмсалу белгісі,
2)мағына тұтастығы,
3)тіркес тиянақтылығы.
Осы үш белгіні түсіну үшін әрқайсысын жеке-жеке алып қарайық. Фразеологизмдердің даяр қалпында жұмсалу белгісі еркін сөз тіркесімен салыстырғанда айқын байқалады. Ешкімнің ырқына көнбей, даяр тұрған құрылыс материалы ретінде қызмет етеді де, сол қалпында сөйлемнің құрамына енеді. Еркін сөз тіркесінің әрбір сыңары мағыналық дербестігін сақтап, сөйлемде әр басқа мүше ретінде жүмсалады. Синтаксистік сөз тіркесі белгілі бір үлгілер (модельдер), ережелер бойынша сөйлеу кезінде жасалады. Демек, фразеологизмдердің даяр қалпын сақтай отырып қолданылуы оның еркін сөз тіркестерінен ерекшелігін білдіретін белгілердің бірі екенін көреміз. [18,88].
Еркін тіркес пен фразалық тіркесті бір-бірінен ажыратудың түрлі амалдары болады. Мысалы: Ерке магазиннен 40 пышақ сатып алды. Қырық пышақпен қыржаңдап тұрған түлкі, 0 да осал жау емес қыран паңга. Осы екі сөйлемдегі қырық пышақ деген тіркестің алғашқысы еркін тіркес те, соңғысы-фразалық тіркес.
Алғашқы сөйлемде қырық деген сан есім өзінің төрт оннан құралған сандық ұғымын тікелей білдіреді. Мұндағы қырық деген сөз пышақтың сан мөлшерін көрсетіп тұр. Соңғы сөйлемде бұл сөз өзінің сандық ұғымынан біржола қол үзіп, фразеологиялық байлаулы мағынаға ауысқан. Еркін тіркестегі сөздер арасына басқадай сөз салып, өзгертіп айтуға, я болмаса, түрліше сұрау қоюға көнеді. Мәселен, алғашқы сөйлемдегі қырық пышақ деген тіркес қырық күміс пышақ деп өзгертуге, пышақтың санына қарап, қанша деп сұрау қоюға болады. Ал соңғы сөйлемдегі қырық пышақ деген тіркес мұндай өзгерістің ешқайсысына көнбейді. Оның есесіне фразалық тіркестің белгілі бір синонимдік баламасы болады. Мәселен, соңғы сөйлемдегі қырық пышақ деген тұрақты тіркесті қырқысу, аңдысу дегендермен алмастыруға болса, алғашқы сөйлемдегі еркін тіркесте мұндай балама атымен кездеспейді. Тура мағынадағы сөз шындық болмыспен тікелей байланысты болады да, контексте тұрса да, тұрмаса да өзінің заттық логикалық қатынасымен белгіленеді. Ал фразалық байлаулы мағынадағы сөздер әрдайым белгілі бір контекске телінді, бағынышты болып тұрады.
Сөз бен фразеологизмдердің арасында да бірінен біріне ауысып жататын өтпелі қарым-қатынастық байланыстар болады.
Тұрақты тіркестер мен күрделі сөздер о баста сөз бен сөздің тіркесуі арқылы пайда болса, фразеологизмдердің кейбіреулері кей жағдайда қос сөзбен біріккен сөзге айналып кеткен. Мәселен, отагасы, ақсақал, атқамінер, өліп-тіріліп сияқты біріккенсөздер мен қос сөздер идиомалану, лексикалану, грамматикалану заңымен даму өзгеру процестерін басынан өткізген. Қазіргі кезде бұлар лексика-граматикалық жағынан біртұтас, ритм ырғағы жағынан біріңғай болып, фразеологизмдерден күрделі сөзге айналып кеткен. [3,189].
Фразеологизмдердің өзіндік екінші белгісі-мағына тұтастығы. Фразеологизм біткеннің бәрінде де белгілі бір меншікті мағынасы болады. Ол мағына тұрақты тіркесті құрастырушы сыңарлардың мағыналарына сәйкеспейді, оларға тәуелсіз, өздігінен өмір сүрмейді.Фразеологизмдер бір бүтін еденица ретінде қолданылып қана қоймайды, мағыналық жағынан да біртұтас еденица ретінде көрінеді. Фразеологизмдердің мағына тұтастығын жеке сөзбен нақ бірдей деп санауға болмайды. Сөз түбір мағынаны, яғни лексикалық мағынаны білдіреді. Ал фразеологизмдер әрқашанда туынды мағынада жұмсалып, сөзбен баламалық қатыста емес, жанамалық байланысты тұрады. Ал фразеологизм біткеннің бәріне тон басты белгі-туынды мағынада жұмсалып, әрдайым бейнелі мән тудыруы. Фразеологизмдердің мағынасында жағымды немесе жағымсыз бір экспрессивті реңк болады. Сөз бен тұрақты тіркестердің айрықша көзге түсетін бір ерекшелігі осында.
Фразеологизмдер, жалпы тілдердегі тұрақты тіркес атаулының бәрі аударма практикасы үшін де, теориясы үшін де ең қиын, күрделі проблеманың бірі. Аударма тәжірибесінде фразеологизмдерді екінші тілге берудің неше түрлі қиындықтары кездесіп, теориялық тұжырым жасауға итермелейді. Өйткені әр тілдегі фразеологазмдердің мағыналық және сталистикалық қызметі алуан-алуан болады. Оның құрамына кірген сөздердің байланысы да әр тілде әрқилы. Міне, осыларды аудару кезінде әр тілдің өзіне ғана тән сөздердің тіркесу ерекшелігі көрінеді.
Фразеологизмдерді бір тілден екінші тілге аудару мәселесі аса қажет, әрі барынша қиын проблема екенін сол еңбектерден және көркем әдебиетте қолданылып жүрген фразалық тіркестер табиғатынан-ақ тануға болады. Ғылымда фразеология мәселесі сөз бола бастаған уақыттан-ақ оны екінші тілге аудару жайы қарастырылып келеді. Аударма ел мен елдің арасына дәнекер болатын аса зор мағыналы құрал. Аудармамен шұғылданған бірде-бір зерттеуші фразеология мәселесін аттап өте алған емес. Тіркестердің аудармасын тікелей тексермегенмен, аудармашы-зерттеуші өзінің саласына қатысты тұстарда фразеология аудармасына байланысты пікірін айтып отырған.
Жалпы аударма проблемасы жөнінде айтылып жүрген тұжырымдарды екі топқа бөлуге болар еді. Бірі әдебиетшілер тарапынан айтылған, екіншісі тілші ғалымдар ұстанған пайымдаулар. Бұл екі ағым өкілдері қызу қарқында қарсы дау айтысқанмен, кейін аударма теориясының өзіне ғана тән, өзіндік сырларына тереңірек үңіліп, көп жағдайда келісімге келген. Мұның өзі белгілі дәрежеде аударманың ғылым ретінде қалыптасып, әрқилы проблемаларын алға тартқанын танытады. Сонда да болса, біз аударма мәселелерін әдебиетшілер мен тілшілер қауымдаса тексеріп жатыр деп айта алмаймыз. Ғылым болған соң оның даулы, даусыз мәселелері толып жатады.
Фразеологизмдерді аудару мәселесі аударма теориясының бір саласы болғандықтан, бұл жайында тілші, әдебиетші ғалымдар әрқилы пікір өрбіткен.Бұл мәселені орыс ғалымдары да, қазақ ғалымдары да, ағылшын ғалымдары да сөз етіп жүр. Басқа тілдерде де аударма ғылым объектісі болып табылады. 
Тұрақты тіркестердің екінші бір тілдегі табиғатын тексергенде, біздің жүгінетініміз орыс ғалымы, тіл маманы А.В.Федоровтың еңбектері. А.В.Федоровтың аударма теориясын жасаудағы рөлі айрықша. Оның «Основы общей теории перевода» кітабында біраз мәселелер қарастырылған. Фразеологизмдердің аудармасына байланысты да көптеген ғалымдардың еңбектерін мұқият қарап, қорытынды пікір айтуға тырысқандық байқалады. 
І.К.Кеңесбаев, М.К.Қаратаев, М.Б.Балақаев, Ғ.Ғ.Мұсабаевтардың зерттеулерінде осы мәселе тұрғысында біраз пайымдаулар жасалған. Қазақстанда аударма теориясын жасауға мейлінше зор еңбек сіңірген аудармашы ғалымдарымыз болды. Олар - С.О.Талжанов пен Ә.Сатыбалдиев. Аударма ғылымының теориясын жасауда бұлардан да басқа ғалымдардың үлесі мол. М.Жанғалин, Қ.Сағындықов, К.Шәріпов, I.Жарылғаповтардың ғылыми ой-пікірлері қазақ аударма ғылымының қалыптасып, дамуына едәуір ықпалын тигізді. И.Ландау, С.Қоспанов, Бектемісов, З.Тұрарбеков диссертациялық еңбектерінде де фразеологизмдерді аудару жайында аракідік айтылған пікірлер бар.
Тілші ғалымдардан бұл салада ой толғағандардың бірі - I. Кеңесбаевтың мына бір тұжырымын алдымен еске алған жөн. «Аудару техникасы, аударма тілі өз алдына айрықша сөз болуға, айрықша тексерілуге тиіс деп ойлаймыз». Академик ғалым «Қазақ тілінің идиомдары туралы» деген зерттеуінде аудару техникасына да байланысты өз топшылауларын айтқан. Ол идиома, мақал, фразалардың өзара айырмашылықтарын талдайды да, оларды басқа тілдерге аударудың жолдарын қарастырады. Бұларды аударуға бола ма, болмай ма деген сұрақтарға жауапты ғалым мақал, фраза, идиомдардың өз қасиеттерінен түзейді. Әрбір жеке тілдің өзіне ғана тән және анағұрлым көнеленген идиомдар сияқты категорияларды «калька» ретімен алмасқа лаж жоқ дейді. Мақал, фраза, идиомдардың лексикалық өзгешеліктерін егжей-тегжейлі талдайды да, олардың сөзбе-сөз аударуға келмейтіндігін түйеді. Бірақ І. Кеңесбаев бұларды бір тілден екінші тілге мүлде беруге болмайды деп үзілді-кесілді пікір айтпайды. Оларды аударудың әртүрлі жолдарын «ізденіп мағына жағынан сәйкес келетін тізбектерді тауып, аударма тілін жұртқа түсінікті етуді қарастыруымыз керек», - деп түсінеді.
М.Балакаев, Е.Жанпейісов, М.Томанов, Б.Манасбаевтар «Қазақ тілінің стилистикасында» фразеологияның аудармасына арнайы тоқтаған. Мұнда авторлар мәселенің қиындығын айтып қарап отырмай, фразеологизмдерді аударудың әртүрлі жолдарын қарастырады. Үш түрлі тәсіл болуы ықтимал екенін дәлелдейді. Ол қандай тәсілдер: Біріншіден, «фразеологазмдерді аударуда оның жалпы мағынасы беріледі».
Екіншіден, «фразеологизмдерді аударуда олардың өзара мәндес келетіндігі ескерілетінін» айтады. Тіл-тілдегі фразеологизмдердің өзара сәйкес, мәндес келуі, шынында да аударманың жатық, түсінікті болуына септігін тигізеді. Мұның аударма жұмысын едәуір жеңілдететіні сөзсіз.
Үшіншіден, «көптеген тұрақты сөз тіркестері бір тілден екінші бір тілге сөзбе-сөз аударылады». Бұл тұста авторлар тұрақты сөз тіркестерінің басқа түрінен идиомдарды бөліп алады. Мақал-мәтел, қанатты сөздердің сөзбе-сөз аударуға тезірек көнетінін мысалдармен көрсетеді. 
Идиомдарды аудару жайында түрлі-түрлі пікір тараған. Бірі аударуға болады десе, екіншісі, керісінше, аударуға болмайды дейді. Мұндай кереғар пікірлердің туу себебі мынада. Біріншіден, идиомдардың жоғарыда ескертілген ерекшеліктеріне байланысты. Екіншіден, идиом сөздердің аударылу тәжірибесін қорытып зерттеген нақты еңбектің күні бүгінге дейін болмауында. Үшіншіден, бұл мәселе жайында пәлендей бір ереже жасау қиын-ақ. Сондықтан әрбір нақты іс, тәжірибе үстінде аудармашы өзінің білімі, таланты, шеберлігінің шама-шарқына орай бұл мәселені өзінше шешуі тиіс. Оның негізгі сүйенетін тірегі автордың стилі болу керек.
Идиом мен фразалық топтарды, мақал-мәтелдерді аударудың біздіңше, бірнеше жолы бар сияқты. 
Екіншіден, аударылатын тілден сол мақал-мәтелдер мен фразеологизмдердің эквивалентін іздеу қажет. Ондай эквиваленттер көптеп табылады.
Халықтардың тіршілік ету формасы, тұрмыс жайы ұқсас келе береді. Соған орай әрбір ұлттың өмір тәжірибесін тұжырып, нақтылап, ұйқастыра айту қабілеті байқалады. Әлгі айтылған сөздің объектісі бір болуына байланысты ұқсас фразеологиялық орам жасалады.
Мақал-мәтелдерді аудару керек пе немесе эквивалентін табу керек пе деген мәселе айналасында да талай пікір тараған. Жоғарыда ескерткеніміздей, кейбір әдебиетші ғалымдар егер фразеологазмдерді аударсақ түпнұсқадағы мағына мүлде жоғалады, бастапқы әсерден жұрдай болады дегенді айтады. Ал басқа зерттеушілер, әсіресе К.Чуковский барлық жерде бірдей мақал-мәтелдердің ана тіліңдегі баламасын іздей бермей, қайта мүмкіндігінше аударуға тырысу керек дейді... «ибо народные пословицы тем-то дороги, что в них самобытная живопись. Национальные приемы мышления».
Бірақ қайсыбір тілді алсаңыз да, өзінше бейнелеу әдісі, сол образды тек өзіне ғана тән белгісімен әсемдеп, әсерлеп беру жүйесі болады. Мұндай ерекше белгілер фразеологизмдер мен мақал-мәтелден айқын көрінеді. Сондықтан ондай құбылыстарды қарадүрсін аудара салу білімсіздік болар еді.
Сонымен фразеологизмдерді, мақал-мәтелдерді аударудың тәсілдерін мынадай үш топқа жинақтап айтуға болады. Біріншіден, мақал-мәтел құрамындағы сөздердің заттық мағынасын түгел беріп, дәл аударуға болады. Екіншіден, кейбір сөздердің заттық мағынасын өзгертіңкіреп аудару керек. Үшіншіден, аударылатын тілдегі фразеологизмдер, мақал-мәтелдерді пайдалану қажет. Макал-мәтелдерді аударудың осы типтес қағидасы орыс тілінде қалыптаса бастаған. Біз ұлттық ажары айқын аңғарылып тұратын фразеологазмдерді мұндай формулаларға салмаймыз. Бұлардың жөні бөлектеу.

Қазiргi қазақ тiлi лексикасын меңгеру үшiн қазақ тiлiнiң сөздiк құрамындағы сөздердi зерттеп, олардың стильдiк айырмашылықтарын бiлу керек. Ол үшiн қазақ тiлiнiң сөздiктерiн пайдалана бiлу қажет. Сөздiк дегенiмiз не?


Сөздiк деген термин – басында бiр-ақ мағыналы атау болғанымен, қазiр мағынасы кеңейген жалпы мағынада бұл сөздiк қор деген ұғымды түгел қамтиды. Көне түркi тiлiнде мұны лұғат деп те атаған.
Сонымен, сөздiк дегенiмiз – белгiлi бiр тiлдiң сөздiк құрамындағы жалпы, я белгiлi бiр саладағы жеке сөздердiң алфавиттiк тәртiппен тiзiлiп, жүйеге түскен түрi.
Сөздiктiң кiтап болып басылып шығуы да, қолжазба ретiнде көшiрiлiп, тарауы да мүмкiн. Мұндай сөздiктердiң жинақты аты – лексикография деп аталады.
Лексикография грекше – lexicon “сөздiк”, grapho-“жазамын” деген екi сөзден жасалған. Жалпы алғанда бiр тiлдердегi сөздердi жинап, құрастырып, жүйеге келтiрiп сөздiк етiп шығару деген мағынаны бередi. Қазiргi күнде бұл термин бiр тiлдiң түрлi сөздiктерiнiң жалпы жинағы деген ұғымда қолданылады. Ерте кездегi тарихи-ғылыми әдебиеттерде мұны глоссари деп атаған. Глоссари – мәнi қиын сөздердiң комментариялы тiзiмi деген мағынаны бiлдiредi. Бұл көнеленген текстердi түсiндiруге ғана арналған көмекшi құрал болған. Бертiн келе толық сөздiктер шыға бастаған. Соның бiрi-түркi тiлдерiнiң ең алғашқы сөздiгi – М.Хусаинұлы Қашқаридың 1068 жылы жазылып бiткен “Диуани лұғат-ат түрiк” сөздiгi. Бұл сөздiкте алфавиттiк тәртiптi қатал қолданбаған. Сондықтан iздеген сөздi бiрден тауып алу қиын.
Түркi халықтарына ортақ сөздiктiң бiрi – Codex Comanikus (құман –қыпшақ тiлi сөздiк, 1303 ж). Ол ХIl ғасырдың ескерткiшi болып табылады. Бұл–шағын ғана сөздiк. Бұған қыпшақ тiлi тобының бiр ғана тiлi енген (лексика саласы қамтылған - қазiр-кәзiр, жүз-дүз, разы-риза, тамшы, табан, еш, ешiк, айран, айыл; етiк-есiк, айғақламаң-айғақтаман).
Атақты тюрколог профессор П.М. Мелиоранскийдiң сөздiгi “Араб филолог о турецком языке” деген атпен 1900 жылы Петербургте басылып шыққан. Бұл глоссаридi “Тәржiман фарш уә түрки, уә мағли” деп атаған. Бұл әрi шағын, әрi дөрекiлеу сөздiк болғанымен, құнды еңбек болып табылады.
Лексикографиялық жұмыстарды жүргiзiп, әртүрлi сөздiктердi жасау лексикологияны және лексикографияның теориясы мен практикасын бiлудi қажет етедi. Лексикогра-фия теориясы неғұрлым жоғары болса, сөздiктер де соғұрлым сапалы болады. Сөздiктерде сөздерге әр түрлi жақтан сипаттама берiледi. Осыған орай, лексикографияға тiл бiлiмiнiң әр түрлi салаларының, мысалы, лексикология-сының, грамматикасының және стилистикасының сөздерге мiнездеме беру тұрғысынан қатысы бар.
Сөздiктердiң тiл-тiлде бiрнеше түрi бар. Олар жасалу мақсатына қарай бiрнеше түрге бөлiнедi.

  1. Тарихи сөздiктер. Бұлар лексиканың шығуын, дамуын және жиi және жаппай қолданылатын сөздердi қамтып, сипаттама жасап отырады.

  2. Күллi сөздердi қамтитын толық сөздiктер немесе лексиканың белгiлi бiр саласын қамтитын толық емес сөздiктер. Бұған терминологиялық, синонимдер, фразеоло-гиялық сөздiктердi жатқызуға болады.

  3. Бiр сөздi ана тiлiнде немесе басқа тiлге аударып түсiндiретiн түсiндiрме сөздiктер мен аударма сөздiктер.

  4. Алфавит тәртiбiмен берiлетiн дыбыстық және алфавиттiк, идеологиялық немесе ұғымдар сөздiгi. Сөздiк сапасын арттыру лексикографияға қатысты жұмысты жүргiзудi қажет етедi. Осылардың iшiнде мына мәселелерге ерекше көңiл аударылуы тиiс:

а) сөз мағынасы мен типтерiне;
ә) мағына мен қолданылысына;
б) сөз мағыналарының сөздiктерде берiлу тәртiбiне;
в) омонимдер мен полисемияның айырмашылығына;
г) фразелогиялық тiркестердiң сөздiкте берiлу тәртiбiне;
д) кiрме сөздердiң түрлерiне;
е) стилистикалық мiнездемеге.
Жалпы алғанда тiлдегi сөздiктердi төрт топқа бөлiп қарастыруға болады.

  1. Сөздердiң шығу тегi мен олардың мағынасы жайлы мағлұмат беретiн сөздiктер. Олар: а) этимология-лық; ә) тарихи сөздiктер.

  2. Сөздердiң мағынасы мен қолданылуы жайлы мәлiмет беретiн сөздiктер: а) түсiндiрме; ә) аударма; б) терминоло-иялық; в) диалектологиялық; г) фразеологиялық; д) сино-нимдер сөздiгi.

3. Сөздердiң дыбыстық құрылымы мен жазылуы жайлы мәлiмет беретiн сөздiктер түрi: а) фонетикалық; ә) орфо-графиялық сөздiк.
4. Заттар мен құбылыстардың ұғымдарын түсiндiретiн сөздiктер:
а) энциклопедиялық; ә) иллюстративтi сөздiктер.
Грамматика тiлiндегi сөздердiң түрлену, өзгеру ережелерi мен сөздерден сөйлемдердiң құралу ережелерiн белгi-лейдi. Грамматика сөздердiң бiр-бiрiмен қатынасын бiлдi-редi, сонымен қатар тiлдiң грамматикалық құрылысын зерттейдi. Ол екi саладан тұрады: 1) морфология 2) синтаксис.
Морфология тiлдегi сөздердiң морфологиялық құрылымын, аффикстердiң түрлерiн, олардың формаларын зерттейдi.
Синтаксис тiлдегi сөздердiң тiркесу қабiлетiн, олардың байланысу формалары мен тәсiлдерiн, сөйлемдердiң түрлерiн қарастырады.
Грамматиканың тарихи грамматика және салыстырмалы грамматика деген салалары бар. Тарихи грамматика тiлдiң грамматикалық құрылысын, ондағы формалар мен кате-гориялардың пайда болу құбылысы мен даму процесiн зерттейдi. Сипаттама грамматика тiлдiң өмiр сүрiп отырған кезеңiндегi қалпын қарастырса, салыстырмалы грамматика туыстас тiлдердiң грамматикалық құрылысын өзара салыстырып қарастырады. Грамматиканың зерттеу обьектiсi - морфема, сөз, сөз тiркесi, сөйлем. Мұның iшiнде сөз әрi лексикада, әрi грамматикада қарастырылады. Лексика оның мағынасын, шығу тегiн, қолданылу аясымен экспрессивтiк қызметiн қарастырса, грамматика, бiрiншiден, оның лексикалық және грамматикалық мағынасының ұштасып келуiн, екiншiден, морфологиялық құрылымын, үшiншiден, формасын, төртiншiден, лексика-грамматикалық топқа қатысын, бесiншiден, сөйлем құрау қасиетiн қарсатырады. Жалпы алғанда грамматика сөздердiң, сөз тiркесiнiң, сөйлемнiң құрылысын зерттейдi. Грамматиканың зерттеу обьектiсi болып табылатын сөздiң морфологиялық құрылымы дегенге морфема туралы ұғым енедi. Сөздер бiрнеше морфемалардан құралады. Кейде бiр морфемадан, кейде екi немесе одан да көп морфемалардан құралуы мүмкiн. Ол морфемалардың бiрi заттық мағынаны берсе, екiншiсi не дериваттық, не реляциялық мағынаны бередi.
Грамматика- грек тілінің gramm ( жазу, жазу өнері) деген сөзі.Қазір грамматика- лингвистиканың негізгі терминінің бірі, тілдің грамматикалық құрылысын зерттейтін дербес саласы. Бір тілдегі грамматикалық мағына мен сол мағынаның берілу амал-тәсілдері-сол тілдің грамматикалық құрылысы деп те аталады. Ал ондай амал-тәсілдер тілдегі жеке-жеке сөздердің басын қосып біріктіріп, бір-бірімен байланыстырады. Соның нәтижесінде айтылмақшы ой-пікір мағыналы сипатқа ие болады. Екінші сөзбен айтсақ, тіл атаулының негізгі коммуникативтік функциясы, яғни тілдің қарым-қатынас, пікір алысу, адамдардың бір-бірімен өзара түсінісу құралы болу қызметі, сол тілдің грамматикалық құрылысы арқылы атқарылады.Бұдан шығатын қорытынды: грамматика-тілдің негізгі функциясын, қарым-қатынас құралы болу функциясын, жүзеге асыру жолдары мен амал-тәсілдері туралы ілім. Грамматиканың негізгі объектісі-тілдің сөзжасамдық, морфологиялық және синтаксистік жүйесі; оның ішінде грамматикалық форма, грамматикалық мағына, грамматикалық категория, бір тілдегі грамматикалық формалардың көріну амалдары мен сол арқылы айтылмақшы мағыналардың берілу тәсілдері, олардың байланысу, тіркесу жолдары мен типтері. Осыған орай грамматика үлкен-үлкен 3 салаға бөлінеді: сөзжасам, морфология, синтаксис. Сөзжасам- тілдегі сөздердің жасалу процесін зерттейтін грамматиканың бір саласы.
Морфология- гректің morphe (форма) деген сөзінен алынған термин. Морфология- тілдің морфологиялық категориялары жөнінде ілім. Дәлірек айтсақ, морфология-белгілі бір тілге тән сөздердің грамматикалық категориялары мен сөз формалары , грамматикалық категориялардың жиынтығы мен жүйесі.
Синтаксис –гректің syntaxis ( құрастыру, түзу) деген сөзінен алынған термин. Синтаксис тілдегі сөздерді байланыстырып сөйлеу құрылысын зерттейді. Синтаксис- сөйлеудегі негізгі единицаларды, яғни сөз тіркестері мен сөйлемді зерттейтін ілім. Өзінің объектілеріне орай синтаксис бірнеше салаға бөлінеді: сөз және оның формалары синтаксисі, сөз тіркесі синтаксисі, сөйлем синтаксисі, мәтін синтаксисі. Синтаксистің негізгі нысаны-синтаксистік құрылымдар. Синтаксистік құрылым дегеніміз-бір бірімен грамматика ережелері бойынша байланысқа түскен сөздер тобы мен сөз тіркестері немесе сөйлемдер тұтастығы.
Баяндау жүйесі мен тәсілі, зерттеу нысаны мен әдісі қамтыған материалдары және олардың кімге, не үшін арналу мақсатына қарай, грамматика құралдары түрлі болып келеді. Олардың ішінде кең таралғандары: мектеп грамматикасы, ғылыми грамматикасы, академиялық грамматикасы, нормативті грамматикасы, тарихи грамматикасы, салыстырмалы грамматикасы, салғастырмалы грамматикасы, салыстырмалы-тарихи грамматика, сипаттамалы грамматика, жалпы грамматика, сондай-ақ, белгілі бір тілдің морфологиясы мен синтаксисі.
Осылардың ішінен сипаттамалы грамматика-жоғары оқу орындарында күнделікті өмірде жиі қолданылатын құралдың бірі. Грамматиканың бұл түрі белгілі бір тілдің қазіргі, бүгінгі таңдағы, осы замандағы грамматикалық құрылысы мен қалпы, нормалары жөнінде мағлұмат береді. Белгілі бір тілдің сөздерін, сөз тіркестерін, сөйлем құрылысын тек синхрондық тұрғыдан баяндайтын сипаттамалы грамматиканы германистикада дескриптивті грамматика деп те атайды.
Грамматиканың басты объектісі тілдің грамматикалық құрылысын танып, оның негізгі ерекшеліктерін анықтауда ( сол арқылы ғана сөздің грамматикалық сипаты ашылмақ ) оған ( тілдің грамматмкалық құрылысына) тән басты-басты грамматикалық ұғымдарды ажыратып, олардың ерекшеліктерін, сипатын айқындап алу қажет. Өйткені тілдің грамматикалық құрылысы сала – сала жүйелерден құралады да, олардың тұтастығы сол жүйелерге тән белгілі заңдылықтардың негізінде болып отырады. Ол жүйені айқындап, заңдылықтарын ашу үшін, ондағы грамматикалық әр түрлі амал-тәсілдерді, сөздердің белгілі бір ортақ қасиеттері арқылы топ-топқа бөлінуін, олардың мағыналары мен сөйлеу процесіндегі қызметтерін білу қажет. Демек, сөздің сөйлеу процесіндегі басқа сөздермен әр түрлі қатынастарының негізінде пайда болатын ішкі мәндері, оның көрінісі болатын сыртқы түр – тұлғасы, солардың барлығы негізінде сөйлемдегі, т.б. тілдің грамматикалық құрылысымен байланысты болса, оның өзіндік ерекшеліктері тағы да сол сөздің грамматикалық сипатымен анықталады. Сөйтіп, ең басты грамматикалық ұғымдарға грамматикалық мағына оның берілу тәсілінің бір түрі грамматикалық форма және осы екеуінің жүйелі жиынтығы құрайтын грамматикалық категория дегендер енеді. Бұл үшеуі бір –бірімен диалектикалық бірлікте болып, тілдің грамматикалық құрылысын құрайды да, қалған жекелеген грамматикалық единицалар мен құбылыстар, жүйелер осы ұғымдардан туындайды.
Түркі тілдерінің грамматикалық жүйесін зерттеу ХҮІІІ ғасырдың екінші жартысында басталса, Ана тіліміздің грамматикалық жүйесін зерттеу ХІХ ғасырдың екінші жартысынан басталады. Қай кезде болса да морфологияның ең өзекті, ең басты мәселесі сөздерді топтарға бөлу болғаны белгілі. Сөздерді бұлай топқа бөлу жыл санауымыз алдындағы Ү-ІҮ ғасырдағы көне Үндістан лингвисті Панини грамматикасынан, байырғы Греция ойшылдарынан бері қарай айтылып келе жатыр. Тілдегі сөздерді есім, етістік, шылау деп үш топқа бөлу Платон мен Аристотельден басталған.
Қазақ тіліндегі сөздерді тапқа бөлудің алғашқы әліппесін жазған адам Н.И. Ильминский болатын. Бірақ қазақ тілін зерттеген орыс түркологтарының ешқайсысы да қазақ тіліндегі сөздерді тапқа бөлгенде қандай принципті басшылыққа аламыз деген сұрақ қойған да, оған жауап іздеген де жоқ. Қазақ тілі грамматикалық құрылысының ана тілімізде зерттеліп жарық көруі ХІХ ғасырдың 10-15 жылдарынан басталады. Оның бастауы-1924 жылы “Тіл құралы”деген атпен Орынборда жарық көрген А. Байтұрсынұлының еңбегі.Осы еңбегінде автор қазақ тіліндегі сөздердің құрылысын “Сөз тұлғасы ”деп атап, бес түрге бөледіОлар: түбір сөз, туынды сөз, қос сөз, қосалқы сөз,қосымшалар деп атаған. Сөздерді тапқа бөлу де осы оқу құралынан басталған.Автор сөздерді алдымен атауыш сөздер, шылау сөздер, одағайлар деп 3 топқа бөледі де, бұлардың біріншісіне зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістікті, 2-не үстеу, демеу, жалғаулық деп аталатындарды жатқызады, одағайды өз ішінен еліктеуіш, лептеуіш одағайлары деп екі топқа бөледі.
А. Байтұрсынұлының еңбегі-қазақ тілі морфологиясын ана тілімізде сөз еткен алғашқы зерттеу. Соған қарамастан грамматикамыздың көптеген түйінді мәселелері туралы айтқан пікірлері күні бүгінге дейін өз мәндерін берік сақтап, қазіргі зерттеулермен үндесіп жатыр.Ғалым еңбектеріндегі тағы бір түйінді мәселе- қазақ тілінің грамматикалық терминдерін қалыптастыру мәселесі. Қазірде қолданылып жүрген фонетикалық, грамматикалық терминдердің негізгілері Ахмет жазған оқулықтардан бастапқалыптасқан және олардың біразы байырғы замандардан бері қарай қолданылып, халық құлағына әбден үйреншікті болған, айтуға да, ұғуға да ауырлық келтірмейтін жалғау,жұрнақ,жақ, шақ, септеу, тәуелдеу, анықтау, пысықтау сияқты қарапайым сөздер.
А. Байтұрсынұлының 1 жылдық,2 жылдық, 3 жылдық деп бөліне аталған” Тіл құралында” қазақ тілінде негізі қаланған ана тіліміздің морфологиясы 30-жылдар ішіне бастап осы күнге дейін Қ. Жұбанов, С. Аманжолов, Н. Сауранбаев, А. Ысқақов, А. Қалыбаева, Н. Оралбаева т.б. ғалымдардың зерттеулері арқасында өз шешімін тапты.
Түркі тілдері грамматикалық құрылысына қатысты күрделі 2-сала-синтаксис мәселелері.Морфология сияқты синтаксис мәселелері де ХІХ ғасырдан бері қарай жарық көрген практикалық грамматикаларда сөз болып отырды. Синтаксистің барлық саласынаң да терең де жан-жақты зерттелуі кеңестік дәуірден басталады. Қазақ тіл білімінің басқа салалары сияқты синтаксистік құрылысының ана тілімізде зерттелуі А. Байтұрсынұлының ” Тіл құралынан” басталады.Бұл автордың синтаксиске қатысты пікірлері сөйлеу мен сөйлем, сөйлем мен сөз категорияларының бір-бірінен өзгешеліктерін түсіндіруден басталады. Сөйлем мүшелерін тұрлаулы, тұрлаусыз деп бөлу, оларды 5 мүшеге жіктеу, олардың түрлерін саралау да осы оқулықтан басталады.Жай сөйлемдерді болымды-болымсыз, толымды-толымсыз, жалаң-жайылма, сұраулы, лепті, бұйрықты, тілекті деп жіктеп, олардың әрқайсысының өзіндік белгілерін мысалдар арқылы талдап көрсетеді.
Қазақ тілі құрмалас сөйлемін ана тілімізде зерттеу де А. Байтұрсынұлы оқулығынан басталады. 1924 жылы “Тіл құралы ” деген атпен жарық көрген еңбегінде “ Қазақ тілі сөйлемдері арасында екі түрлі жақындық болады: оның бірі-мағына желісі жағындағы жақындық, екіншісі-сөйлемдердің сыртқы қисын жағынан жақындығы Мұның алдыңғысы, яғни тек ой іргесі, ой желісі жағынан ғана жақын болатыны іргелес сөйлем, ал әрі ішкі мағына, әрі сыртқы қисын жақындығы бар сөйлем құрмалас сөйлем деп аталады” дейді.Құрамына енетін жай сөйлемдердің бір-бірімен байланысу түріне қарай автор құрмаласты салалас құүрмалас, сабақтас құрмалас деп екіге бөледі. Құрмалас сөйлемдердің салалас түрі мен сабақтас түрлерінің олардың құрамына енген компоненттерінің бір-бірімен мағыналық қатыстарына қарай өз ішінен әр түрлі салаларға жіктеу де тұңғыш рет осы оқулықтан басталады.Терминдік жағындағы өзгешілігі болмаса, әдеби тілімізде кездесетін салалас, сабақтас сөйлемдер түрлері толыққа жуық қамтылған. А. Байтұрсынұлының құрмалас сөйлемге қатысты жазғандары кейінгі зерттеулерден , әсіресе Н. Сауранбаев еңбектерінен берік орын алды, мол пайдаланылды.
Синтаксис жүйесіндегі тілдік материалдарды жоғары оқу орындарында оқылатын теориялық курстар талабына сәйкесті жалпы лингвистикалық принциптер тұрғысынан қарап шешу талабы 40-жылдардан басталады. Содан бергі уақыт ішінде басқа да түркі тілдеріндегі сияқты қазақ тіл білімінде де синтаксис академиялық грамматика құрамында қаралып, жан-жақты зерттелініп келеді. Сөйтіп, ана тілімізде баяндалуы А. Байтұрсынұлының мектептерге арналған оқулығынан басталған қазақ тіл білімінің синтаксис саласы бұл күнде өз дамуының елеулі биігіне көтерілді дей аламыз. Морфологиялық категориялардың түрлену жүйесі мен семантикалықсипаты біркелкі емес. Олардың морфологиялық көрсеткіші болып табылатын грамматикалық тұлғалары бірде таза грамматикалық қана мағына үстеп, сол сөз табының сөз түрлендіру жүйесінің формалары болса, бірде ондай формалар таза грамматикалық сипаттан гөрі түбірдің семантикасына аздап болса да өзгеріс, мағыналық реңк үстеп, лексика-семантикалық сипатқа да ие болады. Сын есімнің шырай категориясының, етістіктің етіс категориясының, салт-сабақты етістік категориясының, болымсыз етістік категориясының семантикалық мағыналық мәні жағынан, грамматикалық сипаты, парадигмалықжүйесі жағынан басқа грамматикалық категориялармен (зат есімнің көптік, септік, тәуелдік, етістіктің жақ, рай, шақ категорияларымен) салыстырғанда, ондай ерекшеліктері анық байқалады. Осы тұрғыдан келгенде, көптік, септік, тәуелдік жалғаулары түбір білдіретін грамматикалық заттың мағынаға ешбір нұқсан келтірмей, оған сан-мөлшерлік немесе тәуелділік, немесе меншіктілік-объективтілік сияқты мағыналар ғана үстеп, көбінесе оны сөйлемде басқа сөздермен байланыстыру, қарым-қатынасқа түсіру қызметін атқарады. Етістіктің рай, шақтұлғалары да түбір білдіретін грамматикалық кимыл, іс-әрекет мағынасына ешбір өзгеріс енгізбей, сол қимылдың орындалуының мезгілін (шағын), ақиқатқа, шындыққа, болмысқа қатысын (модальдылығын) білдіріп, түбірдің грамматикалық сипатын, тұлғасын (2-жақ бұйрық рай тұлғасымен сәйкес келуін) өзгертіп, жіктеліп келіп, басқа сөздермен қарым-қатынас жасаудың негізінде сөйлемде жұмсалуға негіз болады.
Морфологиялық сипаты жағынан грамматикапық категориялардың бір тобын түбір семантикасына қандай да болсын әсер ететін турлерін лексика-грамматикалық категория деп атап, екінші тобын, яғни түбір семантикасына ешбір әсер етпей, өзгертпей, тек оған қосымша мән үстейтін түрлерін таза грамматикалық категория деп бөліп көрсетудің осындай негізі бар. Осы тұрғыдан келгенде, морфологиялық жағынан грамматикалық категориялардың күрделі екенін байқаймыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет