Бақылау сұрақтары:
1. Тілдегі негізгі грамматикалық ұғымдарды атаңыз.
2. Грамматикалық мағынаның түрлерін атаңыз.
3. Грамматикалық форманың берілу тәсілдерін атаңыз.
4. Грамматикалық категорияға қандай белгілер тән?
5. Грамматикалық тәсілдердің түрлерін атаңыз.
6. Сөздің тұлғасын түрлендіру не үшін керек?
7. Сөздің түрленген тұлғасының қай категорияға қатысты екендігін қалай ажыратамыз?
8. Морфологиялық категория қандай қызмет атқарады?
9.Грамматикалық категориялардың ішкі мағыналық құрамы нені білдіреді?
10. Грамматикалық категориялар сөз табына қатысты ма?
Лекция тақырыбына сәйкес СӨЖ тапсырмалары:Көмекші сөз түрлерінің пайда болу және зерттелу тарихы (кейс).
Қажетті әдебиеттер Исаев С. Қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің грамматикалық сипаты. –А., 1998.
Қазақ грамматикасы. –Астана, 2002.
Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі / Морфология. –Алматы: «Ана тілі», 1991.
Қалыбаева А., Оралбаева Н. Қазіргі қазақ тілінің морфемалар жүйесі. –А., 1986, 3-7,84-91 б.
А.Ысқақаов. Қазақ тiлiндегi түбiр сөз бен туынды сөз. А, 1963, 32-бет.
Лекция №11 Лекцияның тақырыбы: Грамматикалық мағынаның берілу жолдары Лекцияның мақсаты: Грамматикалық мағына берудің түрлерімен таныстыру.
Лекцияның жоспары: Сөздің лексикалық және грамматикалық мағынасы
Грамматикалық мағынаның берілу жолдары
А) грамматиккалық мағынаның жалғаулар арқылы берілуі
Б) )нольдік қосымша арқылы берілетін грамматикалық мағына
В) грамматиккалық мағынаның жұрнақтар арқылы берілуі
г) ) грамматиккалық мағынаның көмекшілер арқылы берілуі
3. Сөздердің орын тәртібі
4. Дыбыстардың орын алмасуы
5. Ішкі флекция, екпін, интонация тәсілі
6. Суплетивизм және редупликация.