Лекция №1 Лекцияның тақырыбы : т iл бiлiмi және оның салалары



бет16/46
Дата17.04.2023
өлшемі221,31 Kb.
#83597
түріЛекция
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   46
Байланысты:
Лекция 2023 15 сағат (10)

Лекцияның мазмұны
Лексикология (гр.т. lexis –сөз және loqos – iлiм деген сөздерiнен алынған) – сөздi және сөздiк құрамды зерттейдi. Сөз – лексикалық единица ретiнде қарастырылады. Лек-сикалық единицалардың жиынтығынан тiлдiң жалпы және жеке сөздiк құрамы құралады.
Лексика деген сөз жер жүзіндегі халықтар тілінің көпшілігінде термин болып қалыптасып кеткен. Біздің тілімізге ол орыс тілі арқылы келіп орнықты. Бұл термин - бір тілдегі барлық сөздердің жинағы деген ұғымды білдіреді. Осы лексика деген терминнің ұғымына тілдің жергілікті ерекшелігі де, сол бір тілдің говорлары да, диалектілері де енеді. Лексикалық құрамына енген сөздерді тексеретін-лексикология, мағыналарын тексеретін-этимология., сөздік жасау, сөздерді жүйелі түрде жинау ісін тексеретін-лексикография кіреді. Бұған фразеология да іргелесіп отырады. Тіл ғылымының этимология, лексикология, семасиология, лексикография деген тараулары лексиканы тексереді. Сонымен қатар лексика грамматиканың негізгі базасы болып табылады. Грамматикалық категорияларды сөздің грамматикалық өзгерістерін, түрленуін, бір сөз бен екінші сөздің байланысын-оның негізгі обьектісі болатын-сөзден бөліп қарауға болмайды. Сөздердің мағынасын, оның жалпы лексикалық системадағы алатын орнын, шығу төркіне қолдану қабілеттігін күнделікті қарым-қатынастағы көрінісін, стильдік мәні мен сипатын тексеретін лексикология.
Лексикология тілдегі барлық сөздердің жиынтығын, сөз байлығын зерттейді, тілдің негізгі сөздік құрамының келеі мәселелерін түгел қамтып, оны егжей-тегей түсіндіруді мақсат етеді.
Лексикология - сөзді және сөздердің жиынтығы-тілдің сөздік құрамын (лексикасын) зерттейді. Сөз лексикологияда лексикалық единица ретінде қарастырылады. Лексикалық единицалардың (сөздердің) жиынтығынан тілдің сөздік құрамы (лексикасы) құралады. Әрбір тілдің сөздік құрамындағы сөздер қаншама көп және алуан түрлі болғанымен олар бір-бірімен байланысты, өзара шарттас элементтердің жүйесі ретінде құралады да сөз тілдің лексикалық жүйесінің элементі ретінде қаралады. Жалпы қатынас құралы ретіндегі тіл атаулының лексикалық жағына тән құбылыстар мен жалпылама заңдылықтар мен ұғымдар жалпы лексикологияда қарастырылса, лексикалық құбылыстар мен жалпы заңдылықтардың жеке, нақтылы тілдердің лексикасына икемделіп көрініс табуы және әрбір тілдің сөздік құрамы мен дамуы, өзіндік ерекшеліктері жалқы лексикологияда (жеке нақтылы тілдің лексикологиясында) қарастырылады. Әрбір тілдің лексикологиясы (жеке лексикология) жалпы лексикологияның жалпы теориялық қағидаларына негізделеді де, нақты бір тілдің лексикасын зерттейді.
Лексикологияның сөздiк құрамды қарастыратын бiрнеше саласы бар. Олар: этимология, салыстырмалы, лексикология, семасиология, ономосиология, диалектология, лексикография.
Жеке лексикология білгілі бір тілдің сөздік құрамын шығуы мен тарих бойында дамуы тұрғысынан немесе тілдің сөздік құрамын сол тілдің белгілі бір дәуірдегі мысалы, қазіргі дәуірдегі қалпы тұрғысынан қарауы мүмкін. Осыған орай, лексикология тарихи (диахрониялық) лексикология және сипаттама (синхрониялық) лексикология болып бөлінеді. Тарихи лексикологияда тілдің сөздік құрамы шығуы замандар бойында қалыптасуы және дамуы, лексиканы құрастырушы арналар және олардың тарихы тұрғысынан зерттеледі. Ал сипаттама немесе синхрониялық лексикологияда, мысалы "Қазіргі орыс тілі, "Қазіргі ағылшын тілі", "Қазіргі қазақ тілі" атты пәндердің лексикология бөлімдерінде аталған тілдердің лексикасының осы заманғы қалпы, сөздің мағыналық құрылымы, лексиканы құрастырушы арналар мен қат-абаттар, сөздердің активті және пассивті топтары, сөздік құрамның даму жолдары, лексиканың стилистикалық жақтан дифференциялануы сөздердің қолданылу аясы, мағыналардың қарым-қатынасына қарай сөздердің топтасуы және тағы басқа мәселелер қарастырылады.
Тарихи лексикологияның бір саласы - этимология. Этимология сөздердің шығу тегін зерттеп, олардың ең алғашқы мағынасының қандай болғандығын айқындайды. Этимологиялық зерттеулердің жеке сөздердің шығу төркінін ғана емес, сонымен бірге жалпы тілдің тарихын танып білуде маңызы күшті. Этимологи ялық зерттеулердің екі түрлі проблемаға қатысы бар. Оның бірі - тіл мен тарих проблемасы, екіншісі - тіл мен ойлау проблемасы.
Лексикологияның енді бір саласы- салыстырмалы лексикология, туыстас тілдердің сөздік құрамын, ондағы сан алуыан сөздерді бір-бірімен салыстыра отырып зерттейді. Салыстырмалы лексикология туыстас тілдердің лексикасын салыстырып қана қоймайды, оларды тарихи даму, өзгеру тұрғысынан қарастырады. Сондықтан ол, әдетте, салыстырмалы-тарихи лексикология деп аталады. Оның маңызы мынада: тілдің ерте кездегі шағын сөздік қоры талай замандар бойында, біріншіден, талай өзгерістерге ұшыраса, екнішіден өрбіп, өсіп сан мыңдадаған сөздер қосылып, бұл күнде оның аумағы да арнасыда кеңіді. Тілдің лексикасындағы әрбір сөздер белгілі бір мағына бар. Сөздердің мағыналық жақтары семасиологияда қарастырылады.
Семасиология сөздердің мағыналарын және ол мағыналардың өзгеру жолдарын семантикалық заңдарды зерттейтін арнаулы бір сала болып табылады. Семасиология лексикологияның ең басты және маңызды саласы, өйткені оның зерттейтін мәселесі мағынаны әрбір сөздің "жаны" десе болады. Лексикологияның семасиология тарауымен тығыз байланысты бір саласы-ономасиология деп аталады. Семасиология сөздің мағыналары, семантикалық заңдарды зерттесе, ономасиология зат немесе құбылыс ұғымының белгілі бір сөзбен аталуының себеі неліктен екендігі қарастаырлады. Ономасиологияның диалектологияға қатысы бар. Ономасиологияның диалектологияға қатысы әсіресе лингвистикалық географиядан айқын аңғарылады. Әр түрлі тілдердің диалектологиялық атластарының лексикология картасы ономасиологиялық негізге сүйеніп жасалады да, бір заттың немесе құбылыстың диалектілеріндегі әр түрлі атауларының таралу шегі көрсетіледі.
Ономасиологияның айырықша бір саласы-ономастика жалқы есімдерді зерттейді. Ол өз ішінде екі салаға бөлінеді: оның бірі антропонимика кісі аттарын зерттеу обьектісі етіп алса, екіншісі топонимика географиялық атауларды зерттеу обьектісі етіп қарастырады. Лексикология сөздерді тілдің сөздік құрамын құрастыратын единицалар, яғни лексикалық единицалар ретінде қарастырады. Лексикологияда мағынасы жағынан дара сөздермен сәйкес келетін фразеологиялық сөз тіркестері де қарастырылады. Мысалы: жүрегі тас төбесіне шығу (қорқу), қас пен көздің арасында (лезде) т.б. фразеологиялық сөз тіркестері әбден лексикаланғанда мағынасы жағынан бір сөз тәрізді болып кеткен. Осылар тәріздес сан алуан фразеологиялық сөз тіркестерін зерттейтін лексикологияның арнаулы бір саласы фразеология деп аталады. Фразеология тұрақты сөз тіркестерінің түрлерін, олардың құрамы мен құрылысын және жасалу жолдарын қарастырады. Лексикология тіл білімінің әсіресе грамматика саласы мен тығыз байланысты. Оның грамматикамен тығыз байланысын әсіресе сөз тудыру тәсілдерінен айқын көрінеді. Сөздердің грамматикалық формаларын тудыру үшін қандай тәсілдер қолданылса, туынды жаңа сөздердің жасалуында да сондай тәсілдер қолданылады. Мысалы, сөздердің бірігуі, қосарлануы, аффикстердің жалғануы форма тудыратын грамматиткалық тәсілдер ретінде де туынды жаңа сөз жасайтын тәсілдер ретінде де қызмет атқарады.
Лексикологияның ең басты зерттеу обьектісі - сөз. Толық мағыналы сөз. Ол лексема деп аталады. Лексикологияның ең басты салалары:
1. Этимология – сөздің шығу тегін, қалай пайда болғанын, уәждемесін зерттейді;
2. Семантика – сөздердің мағынасын және мағыналық категорияларын зерттейді;
3. Лексикография – тілдегі сөздерді жинақтап, әртүрлі сөздіктер құрастырады.
4. Ономасиологияда сөздік қор мен сөздік құрам және оның элементтері тексеріледі.
5. Фразеологияда – тұрақты сөз тіркестері зерттеледі.
Сөз – лексикалық жағынан да, грамматикалық жғынан да, сөзжасам тұрғысынан да жан-жақты зерттеліп келе жатқан тілдік тұлға. Ол қатысым құбылысына қатысты қарастырғанда негізінен, оның сөйлеу мен сөйлесуге байланысты ерекшеліктеріне назар аударуға тура келеді.
Сөздің сөйлеу процесіндегі орны мен қызметі әртүрлі. Осыған байлнысты оған берілген анықтамалар да әртүрлі болып келеді. Мәселен, Ф. де Соссюр бұл жөнінде: «Сөз – ойлау орталығы арқылы пайда болтын механизм» - деген анықтама берсе, А.А.Леонтьев: «Тілдік қатынастың ең кіші функциялық бөлшегі – сөз» - деген анықтама береді.
Көптеген ғалымдар А.И. Смирницкийдің анықтамасымен келіседі.Ол мынадай анықтама берген: «Сөздердің жиынтығынан құралған сөздік қор кез-келген тілдің материалдық жамылғышы бола алады. Тек қана сөз тілдің грамматикалық құрылысына тән заңдылықтарға сәйкес өзгереді, немесе қатысым тілінде тіркес құрай алады».
Сөздің дыбыстық таңбасы мен мағынасы да қатысымдық процесте түрліше қарастырылады. Мәселен, В.Наер: «Жеке тілдік бірліктер, мәселен, лексикалық бірліктер, ешқандай нақты мағынаға ие бола алмайды.» десе, Ю.В.Фоменко: «Фонема мен морфемаға қарағанда сөздің дербестік қасиеті бар» деген анықтама береді де, сөздің жеке тұрғанда да, сөйлеу процесінде қолданғанда да мағынасы бар екенін атап өтеді.
Сөз-сөйлеу, пікір алысу үрдісіндегі ең басты тұлға. Ол жеке тұрғанда номинативтік мағына береді де, қарым-қатынаста белгілі бір жағдайға байланысты, арнаға байланысты жұмсалатын коммуникативтік қызмет атқарады. Сөз басқа тұлғалармен біртұтас жұмсала келіп, тиянақты ойды, мазмұнды көрсетеді. Ол жеке тұрғанда бірнеше мағынаға ие болғанымен, сөйлемнің құрамында айтылар ойға қатысты нақтылы бір мағынаны білдіреді.
Сөздің бірнеше қасиеттері бар:

  1. Сөз адам санасында бейнеленген ұғымның жарыққа шығуын қамтамасыз етеді.

  2. Сөз басқа қатысымдық тұлғалардың жасалуына ұйытқы болады.

  3. Сөз өмір шындығын нақты мағына арқылы түсіндіре келіп, адам ойының екінші біреуге жеткізілуіне әсерін тигізеді.

  4. Сөз адамдар арасындағы тілдік қатынасты жүзеге асыруға негіз болады.

Демек, сөз мағынаны, ұғымды, сезімді, ойды білдіре келіп, тілдік қарым-қатынасты жүзеге асырушылардың барлығына аса қажет қатысымдық тұлға болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет