Бақылау сұрақтары:
Негізгі сөздік қордың басты белгілерін атаңыз.
Сөздік құрамның тарихи арналарына нелерді жатқызамыз?
Кірме сөздер дегеніміз не?
Тілдің сөздік құрамының даму жолы жайлы түсінік беріңіз.
Бейтарап лексика дегеніміз не?
Табудың пайда болу тарихыжайлы түсінік беріңіз.
Табу тақырыптық жағынан қалай топтастырылады?
Эвфемизмдердің қолданылу ерекшеліктері жайлы түснікі беріңіз
Дисфемизм дегеніміз қандай құбылыс?.
Лекция тақырыбына сәйкес СӨЖ тапсырмалары: Сөз мағыналарына компоненттік анализ беру (ғылыми талдау)
Қажетті әдебиеттер
Аханов К. Тiл бiлiмiнiң негiздерi. -А.,1993.
Хасенов . Тiл бiлiмi, -А.,1996.
Қалиұлы Б. Тiл бiлiмiне кiрiспе. -А.,2003.
Ә.Болғанбаев. Қазақ тiлiнiң лексикологиясы. А.,1978 .
Қалиев Б., Жылқыбаева А. Сөз мағынасының негiздерi. А., 2002.
Оразов М. Қазақ тiлiнiң семантикасы. А., 1991.
Лекция № 7
Лекцияның тақырыбы: Этимология және халық этимологиясы
Лекцияның мақсаты: Этимологияның салалары және оның зерттеу нысаны жайлы мағлұмат беру.
Лекцияның жоспары:
Этимология ғылымының пайда болуы.
Ғылыми этимология, оның зерттеу әдістері.
Халықтық этимология, оның ғылыми этимологиямен байланысы.
Фразеологизмдер, оның зерттелу тарихы.
Фраезологизмдердің пайда болу, шығу тарихы.
Фраезологимздерге тән белгілер.
Фраезологимдердің түрлері.
Лекцияның мазмұны
Этимология (грек. etymos – ақиқат, шындық, logos – білім) – сөз төркінін зерттеп, айқындаушы тарихи лексикологияның және жалпы тіл білімінің бір саласы болып табылады. Этимологияның зерттеу нысанына, негізінен тілдегі жеке сөздер, сөз тіркестері, граммат. тұлғалар жатады. Этимологиялық зерттеу нысаны тек мағынасы ұмыт болуына, не күңгірттенуіне байланысты жеке-дара қолданылмайтын сөздер, тұлғалар ғана емес, сонымен қатар тілімізде дербес те жүйелі түрде қолданылатын жалпы лекс.-граммат. мағынасы айқын сөздер мен сөз тұлғалары да бола береді. Этимологиялық зерттеулер мақсаты мен нысанына қарай әр алуан тәсілдер мен принциптерге сүйенеді. Солардың ішінде жиі қолданылатындары: тарихи-салыстырма тәсілі, морфемдік-модельдік талдаулар, түбірін індете зерттеу, т.б. Этимологиялық зерттеулер мен сөздіктер алдына қойған мақсатына байланысты бір тілге, не бір топтағы туыстас бірнеше тілдерге бағындырылуы мүмкін. Этимологиялық зерттеулердің қай түрі болмасын, қандай тілге бағытталмасын ғыл. тұрғыдан үш түрлі, атап айтқанда, фонет., морфол. және семант. принцип-критерийге сүйенуі шарт. Сөз төркінін дұрыс та дәл анықтаудың нәтижелі тәсілі болып саналатын бұл принцип-критерийлер жалпы түрде емес, нақтылы тілдердің өзіндік ерекшеліктері мен сол тілдердің қалыптасу, даму заңдылықтары негізінде қолданылады. Осы орайда синхронды және диахронды бағыттағы Этимологиялық зерттеуге қойылатын тағы бір шарт – тарихи факторлармен санасу. Фонет. принцип – әрбір тілдің немесе бір топтағы туыс тілдердің дыбыстық жүйесіне тән (сингармонизм – үндестік пен ассимиляция, дыбыс алмасу мен дыбыстық сәйкестігі, дыбыстың түсіп қалуы мен қосымша дыбыстың пайда болуы, дыбыстардың қосарлануы мен әлсізденуі, дыбыстардың ұзаруы мен қысқаруы, орын алмастыру мен апокопа, элизия мен парагогия, флексия мен фузия, т.б.) сан алуан фонет. заңдылықтарды қатаң ескеруді талап етеді. Фонематикалық принцип фонетикалық заңдылық-тарға сүйенедi. Яғни дыбыс сәйкестiлiгiне қарай зерттейдi. Мысалы, жаз-йаз.
Морфол. принцип – сөздердің тұлғалық өзгерістеріне байланысты заңдылықтарына негізделеді. Лексемаларға жасалатын морфол. талдаудың басты мақсаты, мәселен, түркі тілдерінің жалғамалық құрылысына сәйкес, олардың ілкі түбір, жай түбір, туынды түбір және граммат. тұлғалардың ара-жігін ажырату болып саналады. Сондай-ақ морфол. принцип-критерий сөзжасам процесіне негіз болушы көптеген модель-үлгілер мен сан алуан граммат. тұлғалардың ішінен Этимологиясы анықталуға тиісті лексиканың табиғатын тап басып тану үшін, өзіне ұқсас басқа сөздерден айыру үшін қажет.
Семант. принцип – сөздердің мағынасын анықтауда Этимологияның негізгі критерийлерінің бірі болып саналады. Өйткені мағынасыз сөз болмайтыны белгілі және ол мағына сол сөздің дыбыстық не морфол. тұлғасына да тікелей қатысты. Морфологиялық принцип сөздердi зерттеуде түбiр тұлғаны сақтап жазуды көздейдi. Э.В.Севортян ошақ сөзiн отчақ-ожақ-очақ-ошақ түрiнде көрсетедi. Яғни, алғашқы сыңары от, соңғысы – чақ (кiшiрейту белгiсi). Семантикалық принцип сөз мағыналарын, сөздiң семантикалық жақтан өзгеруiн, даму жолдарын ескерудi талап етедi. Бұл сөздердi әрi тарихи, әрi туыстас тiлдердегi сөздердiң мағыналарымен салыстыру тұрығысынан қарастырады.
Генеологиялық принцип тiлдердiң шығу тегiне қарай топтастырылуына негiзделедi. Белгiлi бiр сөздiң шығу төркiнiн анықтау үшiн басқа бiр тiлдермен салыстыру қажет.
Тарихи принцип – Этимологияның тарихи лексикологиямен, этнолингвистика және этнография, т.б. тоғысар бір туысы. Өйткені тіл абстракция емес, ол белгілі этностың туындысы, ал этнос белгілі бір геосаяси аумақта, тарихи кеңістікте жасап келген феномен. Оның болмысын анықтайтын өзіндік дүниетанымы, салт-дәстүрі, өмір тіршілігі, т.б. рухани-материалдық мәдениеті болады. Бұл аталған этимол. принцип-критерийлер өзара тығыз байланыста, қатыстырыла қолданылады.
Этимологияның түрлері үш топқа (ғыл., қызықты, халықтық) бөлінеді.
Қызықты Этимология– сөз төркінін ашуда аталатын принциптерге тереңдеп бара білмейтін, дәйектілігі белгілі бір деректермен шектелген, сөздердің сыртқы тұлғасы және бөлігі контекстегі мағынасымен қанағаттанатын, бірақ өзінің сиқырлы сырымен жұртшылықты қызықтырып, қалың бұқара арасына тез тарап кететін Этимологиялар жатады. мол. Халықтық этимология халықтың дүниетанымын, менталитетін (ділін) түсінуге мүмкіндік береді.
Ғыл. Этимология – жоғарыдағы аталған төрт түрлі принципке, яғни тіл дамуының объективті заңдылықтарына сүйеніп жасалған.
’’Халықтық этимология’’’ — сөздердің дыбыстық ұқсастығына қарай шығу тегін анықтауға байланысты пайда болған атау. “Халықтық этимология” терминін 1952 ж. неміслингвисі Ферстеманн енгізген.
Фразеология деген термин негiзiнен екi түрлi мағынада қолданылады. Бiрiншi мағынасы тiлдегi тұрақты тiркестердi зерттейтiн тiл бiлiмiнiң саласы деген ұғымда қолданылады. Екiншiсi-бiр тiлдегi фразеологизмдердiң тұтас жиынтығы дегендi бiлдiредi. Фразеология жерiне жеткiзе зерттелiп бiткен ғылым деп айтуға болмайды. Мұның шешiлмеген даулы мәселелерi өте көп. Сондықтан да соңғы жылдарға дейiн мұны жеке пән ретiнде арнайы зерттеушiлер тым аз болды. Көбiнесе лексикалық қор ретiнде сөз байлығы деген топқа жатқызып, лексиканың көлемiнде тексерумен шектелiп келгендiгi мәлiм. Соңғы 30-40 жыл көлемiнде түркi тiлдерiнде фразеология мәселелерi әжептеуiр зерттелiп, бiрқатар еңбектер жарық көрдi.
Фразеологизмдердiң өз алдына дербес лингвистика саласы екендiгiн танытатын негiзiнен үш түрлi басты бел- гiсi бар. Олар:
1) даяр қалпында жұмсалу белгiсi;
2) мағына тұтастығы;
3) тiркес тиянақтылығы.
Қазақ тiлiндегi фразеологизмдер де фразеологиялық тұтастық, фразеологиялық бiрлiк және фразеологиялық тiзбек болып, негiзiнен үш топқа жiктеледi.
Достарыңызбен бөлісу: |