Лекция №1 Лекцияның тақырыбы : т iл бiлiмi және оның салалары



бет26/46
Дата17.04.2023
өлшемі221,31 Kb.
#83597
түріЛекция
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   46
Байланысты:
Лекция 2023 15 сағат (10)

Лекцияның жоспары:



  1. Морфологияның зерттеу нысаны, оның синтаксиспен байланысы.

  2. Синтаксистің зерттеу нысаны.

  3. Грамматиканың зерттелу тарихы

  4. Түбiр мофема мен негiз.

  5. Аффикстiк морфемалар және олардың түрлерi.



Лекцияның мазмұны
Грамматика тiлiндегi сөздердiң түрлену, өзгеру ереже-лерi мен сөздерден сөйлемдердiң құралу ережелерiн белгiлейдi. Грамматика сөздердiң бiр-бiрiмен қатынасын бiлдi-редi, сонымен қатар тiлдiң грамматикалық құрылысын зерт-тейдi. Ол екi саладан тұрады: 1) морфология 2) синтаксис.
Морфология тiлдегi сөздердiң морфологиялық құры-лымын, аффикстердiң түрлерiн, олардың формаларын зерттейдi.
Синтаксис тiлдегi сөздердiң тiркесу қабiлетiн, олардың байланысу формалары мен тәсiлдерiн, сөйлемдердiң түрлерiн қарастырады.
Грамматиканың тарихи грамматика және салыстырмалы грамматика деген салалары бар. Тарихи грамматика тiлдiң грамматикалық құрылысын, ондағы формалар мен кате-гориялардың пайда болу құбылысы мен даму процесiн зерттейдi. Сипаттама грамматика тiлдiң өмiр сүрiп отырған кезеңiндегi қалпын қарастырса, салыстырмалы грамматика туыстас тiлдердiң грамматикалық құрылысын өзара салыстырып қарастырады. Грамматиканың зерттеу обьектiсi - морфема, сөз, сөз тiркесi, сөйлем. Мұның iшiнде сөз әрi лексикада, әрi грамматикада қарастырылады. Лексика оның мағынасын, шығу тегiн, қолданылу аясымен экспрессивтiк қызметiн қарастырса, грамматика, бiрiншiден, оның лек-сикалық және грамматикалық мағынасының ұштасып келуiн, екiншiден, морфологиялық құрылымын, үшiншiден, формасын, төртiншiден, лексика-грамматикалық топқа қатысын, бесiншiден, сөйлем құрау қасиетiн қарсатырады. Жалпы алғанда грамматика сөздердiң, сөз тiркесiнiң, сөйлемнiң құрылысын зерттейдi. Грамматиканың зерттеу обьектiсi болып табылатын сөздiң морфологиялық құрылымы дегенге морфема туралы ұғым енедi. Сөздер бiрнеше морфемалардан құралады. Кейде бiр морфемадан, кейде екi немесе одан да көп морфемалардан құралуы мүмкiн. Ол морфемалардың бiрi заттық мағынаны берсе, екiншiсi не дериваттық, не реляциялық мағынаны бередi.
Морфемалар ары қарай бөлшектеуге келмейтiн тiлдiң ең кiшi мағыналық бөлшегi. Олардың екi түрi бар: 1) түбiр морфема; 2) аффикстiк морфема.
Түбiр морфема заттық мағынаны бiлдiрсе, аффикстiк морфема грамматикалық мағынаны бiлдiредi. Ғашықтың тiлi – тiлсiз тiл деген сөйлемдегi тiл екi-үш формада қолданылып тұр. Бiрiншiсi - меншiктiк мағынада, екiншiсi - сындық мағынада, үшiншiсi - түбiр күйiнде қолданылып тұр.
Түбiр морфеманы да, қосымша морфеманы ары қарай бөлшектеуге болмайды.
Түбiр морфема ары қарай бөлшектеуге келмейтiн ең түпкi негiз. Ол сөздiң мағыналы бөлшегi. Ал аффикстiк морфема мағына бiлдiре алмайды. Ол жеке тұрып семантикалық жағынан да, қызметi жағынан да дербес сөз болады. Мысалы: бас, тiл, кел, жүр әрi түбiр, әрi дербес сөз. Ал – шы, -шi, -мақ, -мек дегендер аффикстiк морфемалар.
Аффикстiк морфемалар деп түбiрге қосылып, оған қосымша мағыналар үстейтiн морфемаларды айтамыз. Өз iшiнде олар жұрнақ, жалғау болып екiге бөлiнедi. Жұрнақтардың бiрi сөз тудырса, екiншiсi түрлендiредi. Мысалы, бiлiмдi, тiлшi немесе көлшiк, жарыс. Қосымша (аффикстiк) морфемаларда дербестiк болмайды. Ол түбiрге жалғанып, өзгерiп түрленiп отырады. Сол себептi бiр морфеманың бiрнеше варианттары болады. Мысалы, -мен, -бен, -пен. Қосымша морфема болып табылатын жалғаулар сөз бен сөздi байланыстырады. Мағына дербестiгi болса да түбiр морфемаларға қарағанда аффикстiк морфемалар жиi қолданылады. Бiр сөзге бiрнеше аффикстiк морфема жалғанады. Мысалы: жұмыс+шы+лар+ымыз+дың.
Түбiр морфема мен аффикстiк морфеманың мынадай ерекшелiктерi бар:

  1. Түбiр морфема мен аффикстiк морфемалар бiр-бiрiмен толық тiркеседi.

  2. Қанша қосымша жалғанса да, түбiрлердiң мағынасы өзгермейдi.

  3. Бiр қосымша морфеманың мағынасы қанша түбiр жалғанса да өзгермейдi.

  4. Қосымша морфемалар түбiрге жүйемен жалғанады.

Деривация - лат. derivation – меншiктеп бөлу, реляция – лат. relatio – қарым-қатынас дегендi бiлдiредi.
Тiлдегi сөздердiң түбiрi мен негiзi болады.
Түбiр морфема сөздердiң әр түрлi лексика – граммати-калық топтары үшiн бiрдей ортақ морфема ретiнде қызмет ете алады. Мысалы: бастық, басшы, баспа, баспалдақ, басшылық деген сөздердiң түбiрi – бас, ал негiзi – бастық. Ал басты, бассыз, баста, басқар сияқты сын есiмдер мен етiстiктердiң де түбiрi – бас. Негiздiң түбiрден айырмашы-лығы ол әр түрлi грамматикалық топ үшiн емес, белгiлi бiр лексика- грамматикалық топтың формаларына ортақ болады.
Түбiр морфема – сөздердiң ары қарай бөлшектеуге келмейтiн, негiзгi лексикалық мағынаны бiлдiретiн түпкi бөлшек. Ал негiз түбiр мен жұрнақтан тұрады. Ал от, ай, бел, жер, жел секiлдi сөздер әрi түбiр, әрi негiз болады. Мысалы: жер, жерге, жершi, жершiл, жерлеу, жерсiз деген әр сөз табына жататын сөздердiң түбiрi де негiзi де жер сөзi.
Тiлдегi кей аффикстердiң мағыналары көнерiп, түбiр құрамына сiңiп кеткен де, құрамын ажыратпайтындай күйге көшкен. Мұндай сөздердi де негiз деп қарауға болады. Мысалы: бүлiн, бүлiк сөзiнiң алғашқы түбiрi – бұл, мұның құрамындағы – iн, - iк формалары көмескiленiп түбiр құрамына сiңiп кеткен. Осы сөзден тараған бүлiну, бүлiкшiлiк, бүлiкшi деген сөздерге қарап бүлiн, бүлiк, деген сөздердi негiз деп қарасақ та болады.
Тiл – тiлдегi аффикстер омонимдес болып келедi.

  1. Омонимдес аффикстер. Бiр түбiрден кемiнде екi сөз тудыратын айтылуы бiрдей, мағынасы мен қызметi бөлек-бөлек аффикстердi омонимдiк аффикстер деймiз. Оларға мыналар жатады:

-т, -ыт, -iт – 1. құмарт, сейiлт, қарауыт, кеңiт (етiстiк)
2. бөгет, шабыт, iркiт, сарқыт (зат есiм)
3. сұрат, тарылт, қуант (өзгелiк етiс)
-н, -ын, -iн –1. тегiн, талпын;
2. жиын, толқын, киiн;
3. сырғы, қырғы.
-ғыш, -гiш 1. сүзгiш, ескiш, iлгiш, сорғыш.
-қыш, -кiш 2. жазғыш, тапқыш т.б.

  1. Дара және көп мағыналы аффикстер.Олар мыналар :

1. –ға, -ге 1. барыс септiгi.
2. –қ, -к – 1. жақтық мағына;
2. көптiк мағына.
3. –ымыз, -iмiз 1. жақтық мағына;
2. тәуелдiлiк мағына;
4. - ы - 1. тәуелдiлiк мағына;
2. жақтық мағына.

  1. Синонимдес аффикстер: а) –шақ, -шек, -қақ, -кек, -қыш, -ғыш, -қыр, -ғыр, -кiр, -гiр. –ұрыншақ, сүрiншек, ұялшақ дегендер ұрынғыш, сүрiншек, ерiнгiш, сөздерiн ұрысқақ сөзi ұрысқыш сөзiмен синонимдес.

-кер, -гер аффиксi –шы, -шi аффикстерiмен синоним-дес. Мысалы: жұмыскер, жұмысы, қызметкер, қызметшi.

  1. Антонимдес аффикстер: -лы, -лi, -сыз, -сiз –таулы, -таусыз, сулы, сусыз т.б.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет