Лекция №1 Лекцияның тақырыбы : т iл бiлiмi және оның салалары



бет27/46
Дата17.04.2023
өлшемі221,31 Kb.
#83597
түріЛекция
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   46
Байланысты:
Лекция 2023 15 сағат (10)

Бақылау сұрақтары:

        1. Грамматиканың қандай салалары бар?

        2. Сөздiң морôологиялық құрылымы және мағыналық бөлшектерi деген ұғымды қалай түсінесіз?

        3. Түбiр мофема мен негiздің бір-бірінен айырмашылығы неде?

        4. Аффикстiк морфемалардың қандай түрлері бар?

        5. Сөздердiң морфологиялық құрылымы қалай өзгереді?

Лекция тақырыбына сәйкес СӨЖ тапсырмалары: Туынды сөздердің жасалу жолдары (глоссарий).
Қажетті әдебиеттер

  1. К.Аханов. Тiл бiлiмiнiң негiздерi. А, 1993, 270-303.

  2. А.Ысқақаов. Қазақ тiлiндегi түбiр сөз бен туынды сөз. А, 1963, 32-бет.

  3. А.Ысқақов. Қазiргi қазақ тiлi. Морфология, А, 1964-, 43 бет.

  4. Р.А. Будагов. Введение в науку о языке. М, 1965, 226-227.



Лекция №10
Лекцияның тақырыбы: Грамматикалық форма және категория


Лекцияның мақсаты: Грамматикалық форма мен грамматикалық мағынаның берілу жолдары, грамматикалық категорияның түрлері жайлы мағлұмат беру.
Лекцияның жоспары:

        1. Грамматикалық форма және сөз формалары жайлы түсінік

        2. Сөздің синтетикалық формалары және оның түрлері

        3. Сан-мөлшер категориясы

        4. Септік катеогриясы

        5. Жақ категориясы.

6. Шақ категориясы
7. Рай категориясы
8. Грамматикалық категория түрлерiнiң сөз таптарына қатысы.


Лекцияның мазмұны
Грамматикалық категория грамматикалық мағына мен грамматикалық форма туралы ұғыммен тығыз байланысты қарастырылады. Қандай грамматикалық категория болма-сын, бiр мағынаны бiлдiрiп, кемiнде 2 формада көрiнуi шарт. Мұнсыз категория болуы мүмкiн емес. Мысалы, жалғыз атау септiгi немесе жалғыз I жақтың жеке өзi басқа септiктерсiз немесе II,III жақсыз категория бола алмайды. Грамматик-лық категория бiртектес грамматикалық мағыналарды бiлдi-ретiн, кемiнде екi немесе үш грамматикалық формалардың жиынтығынан құралады. Жақ категориясының бiртектес мағынасы бар. Ол – l,II,III жақтық мағына. Олардың ортақ белгiсi – жақты бiлдiруi. Сол сияқты шырай категориясы-ның мазмұны – күшейтпелi, салыстырмалы, жай шырай болуы. Мұның ортақ белгiсi - сындық, сапаны бiлдiредi, айырмашылығы - дәрежесiнiң бiркелкi болмауы.
Тiл-тiлде грамматикалық категорияның бiрнеше түрлерi бар.

  1. Сан-мөлшер категориясы. Бұл тiлдердiң барлығына дерлiк тән категория. Жеке мен көптi ажырату негiзiнде сан-мөлшер категориясы жекелiк және көптiк ұғымда көптеген тiлдерде кездессе, оның екiлiк деген түрi көне грек, көне орыс, санскрит және араб тiлдерiнде де кездеседi. Орыс тiлiнде кей сөздер тек жекеше түрде, кей сөздер тек көпше түрде ғана қолданылады. Мысалы: стдуденчентво, крестьянство, учительство, бензин, золото дегендер жекеше түрде ғана қолданылса, очки, брюки, ножницы, шахматы дегендер тек көпше түрде ғана қолданылады. Мұндай ерекшелiк түркi тiлдерiнде сирек кездеседi. Ор. т. зат есiммен тiркескен сын есiм де көпше түрде қолданылады. Мысалы: высокая гора – высокие горы. Ал егер қазақ тiлiндегi сын есiмге көптiк жалғауы жалғанса, ол субстантивтенедi. Мысалы: бөрiктi – бөрiк-тiлер. Ал сан есiмдерге жалғанғанда болжамдық мағынаны бередi. Мысалы, бестер шамасы.

Сан мөлшер категориясы есiмдiкке де тән. Соның iшiнде, әсiресе, жiктеу есiмдiгiне тән. Зат есiм орнына қолданылатын есiмдiктер жекеше, көпше түрде қолданыла алады.
Бұл категория етiстiкке де тән. Олар жiктiк жалғауы арқылы берiледi. Мысалы, Мен бардым, сен бардың, бiз бардық, сендер бардыңдар.
Септiк категориясы. Атау септiк басқа септiктердiң негiзi болып табылады. Олардың бiрi тәуелдiлiктi, екiншiсi бағытты, үшiншiсi обьектiнi т.б. бiлдiредi. Жанама септiктер-де атау септiгiндегiдей дербестiлiк жоқ, яғни жеке өзi қолданыла алмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет