Сөздердің орын тәртібі. Бұл да - грамматикалық тәсілдердің бірі. Сөз түрлендіруші формалар жоқ немесе аз тілдерде сездердің, орын тәртібінің мәні айрықша. Ағылшын тілі мен қытай тіліңдесөздердің орын тәртібі - грамматикалық тәсілдердің ішіндегі басты тәсілдердің бірі. Мысалы: the Fathers loves son - әке сүй бала (әке баласын сүйеді). Мұндағы сөйлем мүшелерінің орнын ауыстырсақ, сөйлем мүлде басқаша мағынаға ие болады. Мәселен, сөз баяндауыштың алдында тұрса - бастауыш, баяндауыштан соң тұрса — толықтауыш деген сияқты.
Міне, сөздердің орын тәртібі — грамматикалық мағына атқарады дегеніміз осы. Орыс тілінде де дәл осындай: Мать \ (бастауыш) любит (баяндауыш) дочь (толықтауыш). Дочь любит мать.
Сөздердің орын тәртібі түркі тілдерінде кейде анықтауыш пен анықталғыш сөздің жігін ажыратуға көмектеседі. Мысалы: сағат қалта - сағат салатын қалта, ал қалта сағат - қалтаға салатын сағат. Бұдан арыға бармайды, барса (инверсия) тек стильдік қызмет атқарады. Мысалы: Тарт қолыңды Шешенстаннан! Мұндайда сөйлем мүшелерінің табиғаты өзгермейді.
Француз тілінде септеу (склонение) жоқ. Сондықтан онда сөздердің орын тәртібі ең басты грамматикалық тәсіл ретінде қолданылады. Мысалы: Henri apple Alfert — Анри шақыр(ады) Альберт (ті). Болмаса керісінше.
2.Екпін тәсілі.Сөз екпіні тиянақсыз, яғни жылжымалы болса, ол да грамматикалық тәсіл ретінде қызмет атқарады. Екпін бір басқа буынға жылжыса, әр түрлі грамматикалық мағынаны білдіреді. Мысалы: окна - жекеше, ілік септік (им.пад.), көпше, атау тұлғада; руки, ноги - руки, ноги дегендер де сондай.
3. Интонация тәсілі. Екпін сөзге қатысты болса, интонация — фразаға, сөйлемге қатысты болады. Интонациясына қарап, фраза сөйлем сұрау мәнінде ме, жоқ, байымдау, хабарлау немесе көтеріңкі (лепті) мәнінде ме? - дегенді білуге болады.
Мысалы: (зачет) тапсырдын ғой (байымдау, тұжырымдау).
Сынақты тапсырдың ғой (сұрау)? Кейде сөз тіркесі мен сөйлем де осылай ажыратылады. Мысалы: Ол студент (сөз тіркесі). Ол - студент (сөйлем).
Тілде ой екпіні (логикалық екпін) деген болады. Сөйлемдегі ой екпінінің түсуіне байланысты оның мән-мағынасы әр түрлі болуы мүмкін. Мысалы: - Сен кітапты әкелдің бе? Ой екпініне байланысты жауап та әр түрлі болады: 1) — Иә, мен әкелдім,
2) Иә, кітапты (әкелдім). 3) Иә, әкелдім (кітапты). 4) Жоқ, әкелмедім (кітапты).
Сонымен, грамматикалық мағыналарды білдірудің тәсілдері алуан түрлі екен. Олар екі топқа бөлінеді: 1) синтетикалық тәсілдер (аффиксация, ішкі флексия, екпін, қосарлану), 2) аналитикалық тәсілдер (көмекші сөздер, сөздердің орын тәртібі, интонация).
Синтетикалық тәсіл сөз ішінде болады, ал аналитикалық тәсіл сөздің сыртында болады.
Синтетикалық тәсілдер жиі қолданылатын тілдерді – синтетикалық тілдер, аналитикалық тәсілдер жиі қолданылатын - аналитикалық тілдер деп айтады. Синтетикалық тілдердің қатарына үндіеуропа, славян, түркі, маңғол тілдері жатады. Ал аналитикалық тілдерге ағылшын, болғар, дат, грек, француз тілдері енеді. Дегенмен, бұлардың көпшілігіне бұл екі тәсілдің екеуі де жат емес.
Супплетивизм әр түрлі түбірден жасалған бір мағынаны беретін сөздер. Бұл орыс тілінде көбірек қолданылады. Мысалы, брать – взять, класть – положить, или основ: садиться – сесть и т. п.
Редупликация құбылыс сөздердің қосарлануы арқылы жасалады: құрт-құмырсқа, жал-жая т.б.