Қажетті әдебиеттер 1. Ғ. Әбуханов Қазақ тілі.-Алматы, 1982.
Н. Оралбаева. Қазақ тілі. –Алматы, 1991.
Қазақ грамматикасы Астана, 2002
Қазақ тілінің грамматикасы. –Алматы, 1967.
Аманжолов С., Әбілқаев А., Ұйықбаев И. Қазақ тілі грамматикасы. Синтаксис.- Алматы, 1958.
Ш. Бектұров. “Қазақ тiлi” А., 2006.
М.Қараев, Қазақ тiлi, А., 1994ж.
Н. Оралбаева, Ғ. Мадина, А. Әбiлқаев, “Қазақ тiлi” А., 1993ж.
Сайрамбаев Т. Сөз тіркесі мен жай сөйлем синтаксисі. Алматы, 1991
Ысқақов А. Қазақ тілі. Морфология. –Алматы: Мектеп, 1974. –407 б.
Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі. –Алматы: Ғылым, 1989. –268 б.
Қазақ грамматикасы. Фонетика, сөзжасам, морфология, синтаксис. Астана, 2002, -784 б.
6. Оралбай Н. Қазақ тілінің сөзжасамы. – Алматы, 2001. – 213 б.
Лекция №14 Лекцияның тақырыбы: Сөйлем синтаксисi Лекцияның мақсаты: Сөйлемнің басты белгілері, түрлері, сөйлем мүшелері жайлы мағлұмат беру.
Лекцияның жоспары: Сөйлем, оған тән басты белгiлер.
Сөйлемнiң түрлерi.
Сөйлем мен байымдау.
4. Сөйлем мүшелерi.
Лекцияның мазмұны Сөйлем – ең басты тiлдiк единицалардың бiрi. Ол басқа тiлдiк единицалардан коммуникативтiк қызметi арқылы ажыратылады. Сөйлем белгiлi бiр құрылымдық үлгiмен жасалады. Ол құрылымдық үлгi – бастауыштық-баяндауыштық үлгi. Бастауыштық-баяндауыштық құрылым тек сөйлемге ғана тәне құрылым.
Сөз айналадағы обьективтiк шындықтың адам басындағы сәулесi ретiнде жеке-жеке ұғымды бiлдiрсе, сөз тiркесi олардың грамматикалық қарым-қатынасын және мағыналық жағын бiлдiредi. Ал сөйлем жеке ұғымдардың синтезi ретiндегi байымдауды, хабарлауды, сұрауды, модальдiлiктi бiлдiредi. °детте берiлетiн ой жеке сөйлеммен аяқталмайды. Сөйлемнiң аяқталған ойды бiлдiруi оның маңындағы басқа сөйлемдермен қатынасына қарап та айқындалады. Мысалы, Түн. Аспанда жымыңдаған жұлдыз-дар. Екi кiсi даңғыл жолмен жүрiп келемiз.
Сөйлем әр түрлi грамматикалық амал-тәсiлдер арқылы бiрдеменiң осы шақта, өткен шақта немесе келер шақта iске асуын бiлдiредi. Бұлардың барлығы обьективтi модальдi мағыналар мен райлардың жүйесiн құрайды.
Синтаксистiк шақ категориясы бiрiншiден, сөйлемнiң өзiнiң құрылымдық үлгiсiмен, екiншiден, етiстiктер үлгiлерiмен, үшiншiден, көмекшi етiстiктермен берiледi. Мысалы: Сын работает. Сын работал. Сын будет работать.
Тiл зерттеушi ғалымдар предиктивтi байланысы жоқ сөйлемдердi, яғни, айтылыстарды сөйлем қатарына жатқыз-байды. Ондай айтылыстар қатарына жататындар мыналар: 1. °р түрлi эмоцияны бiлдiретiн айтылымдар. Мысалы: Қап! °ттеген-ай! Па? шiркiн!
2. Диалогқа тән айтылымдар: Бар. Жоқ. Иә.Солай.
Сәлем беру, тiлек, кешiрiм сұрау, жауап беру: Кеш жарық! Аман-саумысың! Кешiрiңiз! Көрiскенше!
Үндеу: Айда! Марш!
Сұрақ және жауап: Немене? Бұл қалай? Ештеме емес.
Қаратпалар: Балалар! Ой жiгiттер! т.б.
Сөйлем бiр сөзден тұрса да, өзара байланысты бiрнеше сөзден құралса да, ол дауыс ырғағы жағынан тұтастанып, айналасындағы басқа сөйлемдерден пауза арқылы оқшау-ланумен қатар, олармен мағыналық қатынасқа енiп, ұласып, ұштасып жатады.
Сөйлемге тән басты белгiлер мыналар:
Сөйлем бiршама аяқталған ойды, яғни модальдiлiктi бiлдiредi.
Сөйлем бастауыш пен баяндауыш қатынасынан туған предикаттық қатынасты бiлдiредi.
Сөйлемнiң өзiне тән интонациясы болады.
Осы белгiлердi негiзге алып, сөйлемге мынадай анықтама беремiз.
Предикаттық қатынас негiзiнде бiршама аяқталған ойды бiлдiретiн тиянақты сөздер тiзбегiн сөйлем деймiз.
Сөйлемде обьективтi модальдылықпен қатар субьективтi модальдылық та болады. Субьективтi модальдылық, бiрiншiден интонация тәсiлi арқылы, екiншiден, орын тәртiбi тәсiлiмен, үшiншiден, қосарлану, төртiншiден, түрлi эмоцияны бiлдiретiн демеулiктер мен одағайлар арқылы берiледi. Мысалы:
Аяғы жоқ, қолы жоқ, жылан қайтiп күн көрер.
Бәйгеге қосқан аты ат-ақ екен! Қап, бұлай боларын бiлсемшi!
Тiл бiлiмiнде сөйлемдер әр түрлi тұрғыдан қарастыры-лып, түрлiше классификацияланады: хабарлы, сұраулы, лептi, бұйрықты сөйлемдер. Айтылу интонациясына қарай бөлiнген сөйлемдердiң бұл түрлерi түрлiше мағынадан хабардар етедi.
Хабарлы сөйлем сөйлеушiнiң информациясын тыңдау-шыға бiлдiру үшiн жұмсалады. Олар әр уақытта хабарлау интонациясымен айтылады. Мысалы: Асау терек долданып, буырқанып, тауды бұзып, жол салған, тасты жарып (Абай).
Сұраулы сөйлем бiрдеменiң жайынан хабар алу үшiн жұмсалады. Коммуникативтiк қызметi жағынан ол басқа бiр хабардың тууына себепшi болады. Мысалы: Баяндамашыға сұрақ бар ма? Сен осы ауылдың баласы шығарсың?
Хабарлы сөйлем мен сұраулы сөйлемдер интонациялық тәсiлдер арқылы лептi сөйлемге айналуы мүмкiн. Мұндай сөйлем эмоциялық-экспрессивтiк қасиетке ие болып, адамның көңiл-күйiн бiлдiредi. Мысалы: Тотыдай екен! (М.Ә.) Әй, өзi де Шұға десе Шұға едi-ау! (Б.М.) !кесi болмай кет, Баянның! (Ғ.М.).
Бұйрықты сөйлем бiреудi бiр iстерге қосу, жұмсау мақсатымен айтылады. Мұндай сөйлемдер жалаң бұйрық ретiнде ғана айтылмай, сонымен қатар кiсiнiң еркiн талабын, тiлек, жалынышын бiлдiредi. Мысалы: Ерiңдер соңыма! ''Тоқташы, балам!'' – дедi Шығанақ өтiп бара жатып. –Тарыңнан титтей бершi (Ғ.М.).
Құрылысына қарай сөйлемдер екi түрге бөлiнедi: жай және құрмалас (салалас, сабақтас, аралас құрмалас) сөйлемдер. Жай сөйлем сөздер мен сөз тiркестерiнен құралса, құрмалас сөйлемдер жай сөйлемдерден құралады.
Жай сөйлемнiң екi түрлi құрылымдық үлгiсi бар:
бастауыштық-баяндауыштық үлгi .
бiр құрылымды үлгi.
Мысалы: 1. Жауын жауды. 2. Түн. Вокзал. Сiркiреген жауын.
Құрмалас сөйлем предикативтiк қатынасы бар жай сөйлемдерден құралады. Мысалы: Кеше жаңбыр жауып едi, бүгiн қар жауды.
Екi немесе бiрнеше предикативтi единицалардың синткасистiк тiркесiне негiзделген құрмалас сөйлем полипредикативтi құрылым делiнсе, бiр предикативтi сөйлемнен тұрған құрмалас сөйлем монопредикативтi сөйлем делiнедi.
Құрмалас сөйлемдi құрастырушы сыңарлар интонация және синтаксистiк байланыс тәсiлi арқылы бiр ғана синтаксистiк единицаға айналады. Құрмалас сөйлем арасындағы байланыстардың салалас немесе сабақтас бағыныңқылы байланыс болуы себептi салалас және сабақтас құрмалас сөйлем деген екi түрге бөлiнедi.