Лекция №1 Лекцияның тақырыбы : т iл бiлiмi және оның салалары



бет45/46
Дата17.04.2023
өлшемі221,31 Kb.
#83597
түріЛекция
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   46
Байланысты:
Лекция 2023 15 сағат (10)

Агглютинативтi тiлдер. Агглютинативтi деген латынның agglutinatio – орысша – склеивание, қазақша – жалғамалы, желiмделу, жапсырылу деген мағыналы сөзi.
Бұл топқа Алтай (түркi, моңғол, тұңғыс – маньчжур), Орал (фин, карель, эстон, коми, венгр, самодий т.б.) семьяларының тiлдерi, сондай-ақ, банту, дравид семьялары-ның тiлдерi, жеке тiлдерден – корей, жапон т.б. жатады. Сонда бұл топқа кiретiн тiлдер европа, Азия, Африканың көптеген жерiне тараған болып шығады.
Агглютинативтi тiлдерге тән басты ерекшелiктер мыналар: түбiрге қосымшалар қосылғанда, түбiрдiң өзгер-меуi; қосымшалардың бiр түбiрге бiркелкi түрде, бiрiнен соң бiрi жалғана беруi; әр қосымшаның бiр-ақ қызмет атқарып, тек бiр мағына бiлдiруi; көбiнесе жұрнақ, жалғаулар мен көмекшi сөздердiң: шылау, демеулiк, септеулiк, жалғаулықтардың ғана болуы; орыс тiлiндегiдей префикс, предлогтардың жоқтығы; тәуелдi-лiк, септiк, жiктiк формалардың ерекшелiгi, дыбыстардың үндестiгi т.б.
Мәселен, қазақ тiлi – нағыз агглютинативтi тiл. Мысалға қамсыздандырылмағандықтарыңыздан деген сөздi алсақ, бiр сөзде қам – сыз – дан – дыр – ыл – ма – ған – дық – тар – ыңыз – дан деген 11 морфема бар; түбiр - бiреу – ақ, қосымшасы – 10. Былайынша айтқанда, сөз түбiрiн бiр тепловозға теңесек, ол бiр өзi 10 вагонды (яғни қосымшаны) бiрiнен соң бiрiн тiркеп алып тартып келедi. °р вагонның iшiнде әр түрлi адам (не зат) бар екенi сияқты, әр қосымшаның тек өзiнiң атқаратын қызметi, мағынасы бар.
Флективтi тiлдер. Флективтi деген термин – латынның fle[io, орысша – сгибание, изгиб, қазақша – иiлу, майысу, қопарылу деген мағынаға сай келетiн сөз.
Бұл топқа индоевропа (славян, летто – литва, кельт, герман, роман, иран, үндi топтары, грек, армян, албан тiлдерi), семит – хамит (араб, амхар, көне еврей, галла, сомали, кабиль, шлех), хаус, кавказ (грузин, абхаз, абазин, адыгей, кабардин, чечен, ингуш, авар, даргин, лезгин, лак, табасаран т.б. дағыстан тiлдерi) семьялары жатады.
Флективтi тiлдерге тән басты ерекшелiктер мыналар: аффиксация тәсiлiнiң кең қолданылуы: сыртқы флекциямен қатар iшкi флексияның да бар екендiгi; буын жiгiнiң морфема шегiне сай келмейтiндiгi; аффикстердiң әр түрлiлiгi және ол аффикстердiң көп мағыналылығы; түбiрге қосымша қосқанда, түбiрдiң бiршама не бүтiндей өзгерiп кететiндiгi (орыс тiлiндегi сон – сна, окно – окон, день – дня т.б.).

Тілдің пайда болуы туралы әртүрлі теориялар бар, олар тілдің қалай шыққанын, қалай пайда болғанын өзінше дәлелдейді. Тіл білімінде оларды екіге бөліп қарайды.


1. Биологиялық теориялар тілдің пайда болу себебін адам организмі мен психикасының ерекшеліктерінен іздейді.
а) Еліктеу теориялары, оның ішінде кең таралған «дыбысқа еліктеу қағидасы» бойынша алғашқы адамдар қоршаған ортадағы дыбыстарға, көрініс, бейнелерге еліктеп, олады белгілеу үшін әртүрлі дыбыстар шығарудан бастайды (Х. Штейнталь).
б) «Одағай теориясы» бойынша адамдардың өздеріндегі көңіл-күй әсері бойынша еріксіз, оқыс дауыстар шығаруы қазірге тілге негіз болады.
в) Ымдау теориясы бойынша алғашқы кезде тілде «сөздермен» бірге мимикалар мен жестілер көп болған. Жалпы тілдің қажеттігі адамдардың рухани әрекетімен, әрекет құралы болуымен байланыстырылады. Бұл көзқарастардың қалыптасуына Г. В. Ф. Гегель мен В. Фон Гумбольдттің пікірлерінің ықпалы зор болды.
1. Қоғамдық теориялар бойынша тілдің пайда болуы әлеуметтік себептерден ізделеді.
а) «Қоғамдық келісім теориясы» бойынша адамдар белгілі бір заттарды белгілеу үшін оларды бірдей атауға келіседі.
б) Еңбек теориясы бойынша тіл адамдардың бірлесіп еңбек етуі кезіндегі байланыс жасау қажеттігінен пайда болған. Оның ішінде «еңбек айқайы теориясы» (Л. Нуаре, К. Бюхер) мен Ф. Энгельстің еңбек теориясы таралаған. Соңғы теория бойынша тіл, еңбек пен бірге «адамды адам еткен» факторларға енеді.
Қоғамдық теориялардың дұрыстығы – тілдің қоғамдық қажеттіліктен пайда болғаны шындық және ол қоғамдық құбылыс ретінде қоғамда пайда болып, онымен бірге дамиды.
Тілдің алғашқы негіздерін адамның пайда болуы процесімен байланыстыра қараған дұрыс екеніне көз жеткізуге болады. Ендеше тілдің қалыптасуы да адамның қалыптасуы тәрізді миллиондаған жылдарға созылған процесс. Және оның қалыптасуы адамның түр ретінде қалыптасуымен бірге жүріп, бұл жолда жетекшілік қызмет атқарғаны да рас. Тілдің пайда болып қалыптасу процесі глоттогенез деп
аталады.
Адам эволюциясының қазіргі деректер бойынша даму жолы төмендегідей. Қазіргі адамдар (гомо сапиенс сапиенс) бұдан 150-200 жыл бұрын қазіргі Шығыс Африка территориясында (Кения, Танзания) пайда болған. Олар Еуразия құрылығына алғаш рет бұдан 70-80 мың жыл бұрын аяқ басқан, бұл аймақта кең таралған адам тәріздес «ағайындары» (негізінен неандертальдықтар) олармен бәсекеге төтеп бере алмай жойыла бастайды. Ал 40-60 мың жыл бұрын олар Оңтүстік Азия мен Еуропаға кеңінен таралып орналасқан. Одан кейін, бұдан 20-30 мың жыл бұрын адамдардың оңтүстікте Австралия мен аралдарға, солтүстікте Сібір мен Америкаға қарай таралуы жалғасады. Яғни тілдің қазіргі түрдегідей қалыптасқан кезін бұдан 200 мың жыл бұрынғы кезден әрі деп, ал қазіргі тілдердің бәріне негіз болған ең көне тілді бұдан 50 мың жыл бұрын өмір сүрген деп жорамалдауға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет