Лекция №1. Менеджмент басқару туралы ғылым Жоспары лекция тезистері лекция №1. Менеджмент басқару туралы ғылым



бет37/90
Дата01.10.2023
өлшемі445,71 Kb.
#112145
түріЛекция
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   90
Байланысты:
Лекция №1. Менеджмент басқару туралы ғылым Жоспары-emirsaba.org

Ақпараттың негізгі түрлері:


  1. Бастапқы ақпарат. Ол менеджерге алғашқы мәліметті алуға көмектеседі. Бастапқы ақпарат жеткілікті ұзақ бөлігінде (1-3 жыл және одан да көп) қалыптасады және жеткілікті ұзақ мерзімді әрекеттегі педагогикалық процестің тенденциясын көрсетеді.


  2. Тактикалық ақпарат. Ол оқушылармен жүргізілетін жұмыс формаларын дұрыс құрастыруға жәрдемдеседі. Тактикалық ақпарат менеджердің нақты бір кезеңді өткізудегі педагогикалық процестің кейбір мәселелерін оңтайлы шешу мүмкіндіктерін көрсетеді.


  3. Жедел (ағымдағы) оперативтік ақпарат. Ол алдыңғы екі түрді толықтыруға, педагогикалық процесс жағдайы туралы нақты мәлімет алуға жол ашады. Ақпараттың бұл түрі қысқа мерзім бөлігінде (күн, апта) толығып отырады. Дегенмен, оның мәні тез жойылады (білімалушылардың сабаққа қатыспау себебін жою, материалды түсінбей қалған жағдайда көмек көрсету, т.б.).

Педагогикалық жүйені басқаруда кез келген ақпарат маңызды, әсіресе жүйенің оңтайлы жұмыс жүргізу үшін қажетті басқару ақпаратының маңызы ерекше. Түрлі белгілеріне қарап басқару ақпаратын төмендегідей топтастыруға болады:




  1. уақыты бойынша – күнделікті; айлық; тоқсандық; жылдық;


  2. басқару қызметіне қарай – талдамалық; баға берушілік; конструктивті;ұйымдық;


  3. жиналған мәлімет көзіне қараймектепішілік; ведомстволық; ведомстводан тыс;


  4. мақсатты пайдалануы бойынша –директивалық; таныстырушылық; кепілдемелік және т.б.

Ақпараттық банк қалыптастыру, оны шұғыл қолдану технологиясын енгізуде, еңбекті басқару ғылыми ұйымдастырудың деңгейін арттырады.


3. Педагогикалық үдерістің негізгі сипаттамалары (ауыспалы, үлгерім сапасы, балалар ұжымының қалыптасу деңгейі, оқушылардың әлеуметтік белсенділігінің деңгейі және т.б.) және олардың көрсеткіштері.
Ғалым Н.Д.Хмель бойынша педагогикалық процестің негізгі сипаттамалары мен олардың көрсеткіштеріне төмендегілерді жатқызды: оқушылардың үлгерімі, оқушылар ұжымының қалыптасқандығы, оқушылардың қоғамдық (әлеуметтік) белсенділігі, педагогикалық ұжымның психологиялық жай-күйі.
Педагогикалық процестің «оқушылардың үлгерімі» сипаттамасының көрсеткіштері: оқушылар үлгерімінің жалпы пайызы; үлгерім сапасының пайызы; орта тоқсандық балл; оқушылардың оқу-танымдық біліктерді меңгеру сапасының пайызы (оқу бағдарламасының бөлімі, тақырыбы бойынша): оқушының сынып ұжымындағы мәртебесі.
Педагогикалық процестің «оқушылар ұжымының қалыптасқандығы» сипаттамасының көрсеткіштері: сыныптағы сайланған және шынайы белсенділердің сәйкес келу пайызы; «оқшауланған» балалар үлесі, тәрбиесі қиын балалар үлесі, қоғамдық жұмыстарға белсене қатысатын оқушылар үлесі.
Ғалым Н.Д.Хмель бойынша педагогикалық процестің негізгі сипаттамалары мен олардың көрсеткіштері: оқушылардың үлгерімі, оқушылар ұжымының қалыптасқандығы, оқушылардың қоғамдық (әлеуметтік) белсенділігі, педагогикалық ұжымның психологиялық жай-күйі (19-сурет).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет