Лекция №1 Педагогиканың теориялық-әдіснамалық негіздері Лекция жоспары


Педагогиканың философиялық негіздемесі



бет9/27
Дата22.09.2023
өлшемі103,44 Kb.
#109692
түріЛекция
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   27
Байланысты:
лекциялар жинағы 2022-23

4.Педагогиканың философиялық негіздемесі
Қазіргі кезеңде адам зерттеулеріне байланысты əрқилы ғылымдар əдіснамасы сипатында көптеген философиялық бағыт-бағдарлар, теориялық көзқарастар бір қатар жасауда. Солардың ішінен бүгінгі педагогикада өз орнын тапқан келесі философиялық білімдерді ажыратуға болады: экзистенциализм, прагматизм, неотизм, неопозитивизм, диалектикалық материализм ж.т.б.
Экзистенциализм немесе адамның тіршілік, болмыс толғаныстары философиясы. Бұл бағытты дəріптеуші көрнекті өкілдер: Н.А. Бердяев, Л.И. Шестов (Ресей), М. Хайдеттер, Г. Ясперс (Германия), Ж. Сатр, А. Камю (Франция), Э. Брейзах, П. Тиллих (АҚШ) т.б. Экзистенциализмнің негізгі ұғымы- тіршілік - өз «меніне» шомған жекеленген адам болмысы. Экзистенциалистер қазіргі қоғамның жеке адамды күйреуге соқтыратын, оның өзіндік ерекшелігін жойып, қауымнан аласталуына жəне т.б.себепші келеңсіздіктерін алға тартады. Мұндай қиыншылықтан құтылудың жолын олар əр адамның өзін-өзі кемелдендіру əрекетімен байланыстырады. Осыдан, мектептің мақсаты, экзистенциалистердің пікірінше, оқушыларды өзін-өзі қалыптастыруға үйретіп, өз «менін» жасауға қажет тəрбие, білім беру. Экзистенциализм жекелеп оқытудың философиялық негіздемесі ретінде танылып отыр.
Неотомизм – орта ғасырлық діни философ Фома Аквинскийден бастауын алған əдіснамалық бағыт. Бұл ағымның ерекшелігі – сана объективтігін мойындайды. Бірақ мұның астарында сыр бар: сана неотомистер үшін діни догмаларды дəлелдеу мен шіркеудің адамдарға болған ықпалын күшейте түсу құралы ретінде ғана қажет.
Ғылыми білімдердің адамдар өміріне жан-жақты, берік енуін мойындаудан, неотомистер ортағасырлық Ф.Аквинский идеяларын осы заман жағдайлары мен талаптарына сəйкестендіре қолдануға мəжбүр болып отыр. Алайда олар танымында дүние екі талай: заттасқан жəне рухани. XIX-XX ғ.ғ. тоғысында химия, биология жəне т.б. жаратылыстану ғылымдарының өрістей дамуымен философия сахнасында жаңа – позитивистік бағыт пайда болды. Бұл бағыт өкілдері табиғаттану пəндері мен оларда қолданылатын əдістерді əсіре дəріптеп, сандық зерттелген дəйектерді ғана дұрыс та дəлелді деп таниды. Таптық күрес,
қоғам дамуы, əлеуметтік қайшылықтармен байланысты проблемаларды тіпті де жалған, ғылыми деректеуге келмейді деп жариялады. Позитивистер үшін бірден бір мəнді ғылымдар – бұл математика мен табиғаттану, ал қоғамдық ғылымдар- шындыққа сиыспайтын ертегі.
Неопозитивизм мəндік тұрғыдан өз негізі позитивизмді қолдай отырып, қазіргі заман ұғымдары мен терминдерін пайдалануымен осы дəуір философиясында елеулі орын иеледі. Педагогика əлсіздігін, неопозитивистер, оның шынайы деректермен іс-əрекеттерге орынды мəн бермей, пайдасыз идеялар мен абстракцияға бой ұрғандығынан көреді. Олар білім беру жолында мазмұнға емес, əдістерге елеулі мəн беріп, оқу мен тəрбиеде негізгі нəрсе «білім емес, ал оны ұғу мен игеру əдістері» - деген тұжырымды алға тартты. Неопозитивизмнің көрнекті өкілі- ірі атомшы ғалым, АҚШ-тың саяси қайраткері – Дж. Конант. Оның «Бүгінгі Америка орта мектебі», «Американ мұғалімдерін дайындау» атты еңбектері АҚШ педагогикасының өркендеуіне зор үлесін қосты.
Прагматизм философиялық ағым ретінде XIX-XX ғ.ғ. шектерінде пайда болды. Ғылым, техника жəне өндірістің қарқынды дамуы материалистік философияның тұғырын бекіте түсіп, абсолюттік идеализмнің негіздеріне ақау салды. Прагматистік бағытты қалаушылар идеализм мен материализмнен бөлектенген жаңа философияны ұстанатынын жария етті. Диалектикалық материализм табиғат, қоғам жəне ойлау процестерінің жалпы қозғалыс жəне даму заңдылықтары жөніндегі философиялық білім ретінде XIXғ. 40-жылдарында туындады. Ол XXғ., əсіресе социализм елдерінде кең өріс тапты.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет