Жіктелуі
Сандық анализ әдістері бөлінеді:
Химиялық (классикалық);
физикалық;
физико-химиялық.
Химиялық әдіс.
Бұл әдіс әртүрлі химиялық реакцияға негізделген. Сандық химиялық анализдің үш әдісі бар:
Гравиметриялық (мөлшердік).
Бұл - зерттелетін зат құрамындағы анықталынатын зат массасын дәл өлшеуге негізделген әдіс.
Титриметрлік (көлемдік). Бұл әдісте зерттелетін заттың сандық құрамын анықталынатын затпен әрекеттесуге жұмсалған концентрациясы белгілі (титрант) реагенттің көлемін дәл өлшеу арқылы анықтайды.
Газдық анализ. Бұл әдіс – химиялық реакция нәтижесінде сіңірілетін немесе түзілетін газдың көлемін өлшеуге негізделген әдіс.
Химиялық сандық анализ классикалық әдіс болып табылады. Бұл – анық қанығына дейін зерттеліп өңделген және ары қарай даму үстіндегі әдіс. Ол нақты, қарапайым, арнайы аппаратура талап етпейтін әдіс.
Физикалық әдіс.
Бұл зерттелетін зат немесе ерітіндінің физикалық параметрлерін зерттеуге негізделген сандық анализ. Бұл әдістехимиялық реакция орындалмайды. бұл әдіс бөлінеді:
Рефрактометрия (жарық сәулесінің сыну көрсеткіші шамасын өлшеу).
Поляриметрия (оптикалық айналым көрсеткіші шамасын өлшеу).
Флуориметрия (флуоресценцияның қарқындылығын анықтау) және т.б.
Физикалық әдістің артықшылығы:
Экспресстілігі;
Автандырылуы;
Анықтау шегінің төмендігі;
Нәтиженің шындығы.
Кешілігі:
Үнемі спецификалық емес;
Жиі күрделі аппарат қолдануды қажет етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |