Дәріс №4. «Қоғамның саяси жүйесі». 1.Қоғамның саяси жүйесі ұғымы, құрылымы және атқаратын қызметтері. 2. Саяси жүйе теориялары (Д.Истон, Г.Алмонд, К.Дойч ) 3. Саяси жүйенің типологиясы (М. Вебер, Г. Аптер, Г. Алмонд) 4. Саяси тәртіп (режим). Қоғамның саяси жүйесі деп саяси билікті жүзеге асыра отырып, қоғамның тұрақтылығын, тұтастығын қамтамасыз ететін, әртүрлі әлеуметтік топтардың мақсат-мүдделерін қорғайтын мемлекеттік құрылымдар мен саяси ұйымдардың біртұтас жүйесін айтамыз. Президент Саяси партиялар Парламент Қоғамдық ұйымдар Соттар Саяси қозғалыстар Құқық қорғау органдары Кәсіподақтар Әскер Кооперативтер
Саяси жүйе
Мемлекеттік
мекемелер
Қоғамдық-саяси
ұйымдар
Саяси жүйе теориясы - Қоғамды жүйелі түрде зерттеуге алдымен американдық ғалым Т.Парсонс көңіл бөлді. Ол жүйені қоғамның төрт қондырғысы экономикалық, саяси, әлеуметтік және рухани қатынастардың байланысы ретінде қарастырды.
- Саяси жүйелер теориясы ХХ ғасырдың 50-60 жылдары пайда болды. Бұл теорияның негізін салушы американдық саясаттанушы Д.Истон болып табылады.
- Саяси жүйе мәселесі кейін Г.Алмонд, У.Митчелл, К.Дойч, А.Этциони, Д.Дивайн, С.Верба секілді ғалымдардың еңбектерінде одан әрі дамытылды.
- Д.Истон саяси жүйені қоғамның құндылықтары мен қорларын бөлетін биліктік қатынастардың құрылу және қызмет ету механизмі ретінде көрсетті.
- Г.Алмонд саяси жүйені бір жағынан қоғамда тұрақтылықты сақтай отырып, қайта құруларды жүргізудің тәсілі, ал екінші жағынан мемлекеттік және мемлекеттік емес институттардың қарым-қатынасы, қызметтері ретінде сипаттады.
Кез-келген қоғамның саяси жүйесінің негізгі элементтерін 4 топқа бөлуге болады: - Саяси институттар – оған мемлекет, саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар, кәсіпкерлік бірлестіктер, кәсіподақтар т.б. кіреді;
- Саяси қатынастар – бұл әлеуметтік топтардың, ұлттардың, жекелеген азаматтардың қоғаммен, мемлекетпен саяси қатынастарға түсуін білдіреді;
- Саяси ережелер – бұл саяси институттардың өзара қызметтерін және әлеуметтік топтардың, азаматтардың саяси мінез-құлықтарын реттеп отыратын нормалар;
- Саяси мәдениет – ол саяси сана мен іс-әрекетте, саяси көзқарастарда, идеяларда, теорияларда, бағдарламаларда, саяси шешімдерде көрініс табады.
Саяси жүйенің қызметі - Қоғамның даму жолдарын, мақсат-мұраттарын айқындау;
- Бағыт-бағдарларды, бағдарламаларды жүзеге асыруда қоғамның қызметін ұйымдастыру;
- Материалдық және рухани құндылықтарды бөлу;
- Мемлекеттің және әлеуметтік топтардың әртүрлі мақсат-мүдделерін үйлестіріп отыру;
- Қоғамдағы адамдардың, топтардың өздерін ұстау мінез-құлық ережелерін және заңдарын жасау;
- Саяси құрылымның ішкі және сыртқы қауіпсіздігін, тұрақтылығын қамтамасыз ету;
- Саяси сананы қалыптастыру, қоғам мүшелерінің саяси белсенділіктерін, қызметтерін арттыру;
- Заңдар мен ережелердің орындалуын қадағалау, саяси тәртіп бұзушылық әрекеттерін болдырмау.
Саяси жүйелердің түрлері - Англо-американдық саяси жүйе Ол саяси мәдениеттің бірыңғайлығымен, біртектілігімен сипатталады. Саяси қатынастар демократиялық принциптерге, либералдық құндылықтарға негізделген. Мұндай жүйе тұрақты және тиімді қызмет атқарады. Мыс, АҚШ, Англия, Австралия, Канада;
- Континенталдық-еуропалық саяси жүйе Оның саяси мәдениеті, ұстанатын құндылықтары әртүрлі келеді, ескі мәдениеттің жұрнақтары мен жаңа мәдениет астарласып жатады. Дегенмен онда либералдық құндылықтарға, заңдылыққа сүйенген негіз бар. Сондықтан тұрақты саяси жүйе болып есептеледі. Мыс, Германия, Италия, Испания, Дания т.б.
- Өнеркәсіпке дейінгі немесе жартылай өнеркәсіптік саяси жүйе Оған аралас мәдениет тән. Онда батыстың құндылықтары, ұлттық салт-дәстүрлер, діни әдет-ғұрыптар шоғырланған. Континенталдық-еуропалық саяси жүйемен салыстырғанда онда ортақ негіз жоқ. Билік жіктелмеген. Олар бірінің ісіне бірі араласа береді. Бұған Азия, Африка, Латын Америкасының көптеген елдері жатады.
- Тоталитарлық саяси жүйе Бұл жүйеде саяси мәдениеттің таптық сипаты басым. Сырттай қарағанда ол біртектес сияқты. Оның құндылықтарын қоғамның барлық мүшелері мойындайды. Бірақ оны еріксіз жасайды. Билеуші партия саяси жүйенің барлық элементтерінің іс-әрекетіне бақылау жасайды. Мыс, Қытай, Куба, Солтүстік Корея.
Саяси тәртіп (режим) – басқарушы топтың өз үстемдігін іске асыру үшін қолданатын әдіс-тәсілдер жиынтығы. - Демократиялық тәртіпке халықты биліктің қайнар көзі деп санап, оған мемлекеттік істерді шешуге құқық берілген және ол үшін қажетті жағдайлар жасалған биліктің түрі жатады;
- Тоталитарлық тәртіп деп қоғам, адам өмірінің барлық салалары тұтасымен мемлекеттік бақылауға алынған мемлекеттік-саяси құрылымды айтады;
- Авторитарлық тәртіп деп күштеуге, жеке адамның билігіне негізделген мемлекеттік-саяси құрылысты айтады.
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!
Достарыңызбен бөлісу: |