Лекция 1 Тақырыбы: Басқару психологиясы туралы түсінік. Сабақ жоспары: Басқару туралы білімнің тарихи деректері


Психологияның практикадағы бәсекелестік қабілеті



бет22/32
Дата20.10.2022
өлшемі173,67 Kb.
#44404
түріЛекция
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   32
Байланысты:
БП лекциялар жинағы

Психологияның практикадағы бәсекелестік қабілеті.
Менеджменттің негізгі мәселелерінің бірі мақсатты белгілеу болып табылады. Сол жетістіктер үшін ұйым біртұтас жүйе ретінде қалыптасады, дамиды. Мақсаттың болуы - менеджердің қызметінің негізгі бір кезеңі, өйткені дамушы нарықтық экономика жағдайында маңызы зор. Мемлекет бөлінуінің және демонополизация немесе экономикадағы басқарудың регионализация нәтижесінде жыл сайын басқарудың қайтадан құрылғандарының саны көбейеді.
Оның әр қайсысы өзінің анық мақсаттарын, оның мамандануын көлемін, ресурстарын, қызмет көрсету мен өнімінің тұтынушылар нарығы белплейтін құру стадиясынан басталады. Сол мәселелерді де шаруашылық субъектілері, өзі істейтін және нәтиже үшін барлық жауапкершілікті әр кезде әртүрлі шешіп отыру керек.
Мақсатты функция - кәсіпорынның жалпы мақсаты миссияны белгілеуден бастау керек. Әдебиеттерде ол көбірек «саясат», «философия» деген мағынамен түсіндіріледі. Әдетте ол жерде кәсіпорынның статусы белгіленеді оның жұмысының принциптері жарияланады, ұжымның ең маңызды сипаттамаларына анықтама беріледі
Менеджмент ғылымымен қандай-да бір миссияны оның мазмұнын анықтайтын әр түрлі ыңғайлар бар. Олар ең біріншіден жетекшілер жағынан қабылдайтын шешім, ұйымның мәнінің бағасын және мәнін көрсетеді. Миссияның орталық моменті ұйымның негізгі мақсаттарына жауап болып табылады. Бірінші орында тек қазіргі кезде емес, сонымен қатар болашақта да қызығушылықтар, күтулер, тұтынушылардың бағалылығы (өндіретін өнімді сатып алушылардан) тұру керек. Мысал ретінде «Форд» компаниясының миссиясын қарастырайық. Ол мынандай адамдарды арзан көлікпен қамтамасыз ету. Бұл жерде компанияның қызметі - транспорт, өнім тұтынушылары - адамдар, кем ауқымдағы ориентациямен нақты белгіленген.
Ұйымның ағымдағы қалпына формаларына оның жұмысының әдіс-тәсілдеріне тәуелді болмау керек, өйткені миссия неге барлық күш бағытталатынын және қандай құндылықтар маңызды болатынын көрсететін болашаққа талпыныс. Сондықтан миссияда табысты жұмыс ең маңызды факторы болғанына қарамастан негізгі мақсаты табыс табу ретіндегі мақсатты белгілеу шарт емес. Бірақ миссия ретіндегі табыс ұйымның қарастырылатын ұйым дамуының жолдары мен бағыттарының спектрін шектеу мүмкін, ал ең аяғында ол тиімді емес жұмысқа әкеліп соқтырады.
Ұйымның жалпы мақсаты ұйымның функционалды жүйесі, маркетинг өндіріс, ғылыми-зерттеу жұмыстары персонал, қаржы бойынша даму бағдарламасының өңдеуін және ең маңызды мақсаттарды белгілейтін фундамент құрады. Әр жүйенің өз мақсаттарын іске асырады.
Осылай маркетинг өзінің қызметін сұраныс құруға бағыттайды, сондықтан да оның мақсаттары тұрғындардың қажеттіліктерін анықтау, кәсіпорынның қызмет көрсетуі мен өніміндегі өндіріс жаңа өнімнің параметрлерін өңдеуі мен спецификациясы. Спецификация -өнімнің оның негізгі бөліктерінің және элементтерінің массасының және тағы басқа атаулары көрсетілетін кесте түрінде орындалатын техникалық конструкторлық құжаттамасының негізгі құжатының бірі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет