3.Саясипартиялардың мақсаттары, міндеттері және функциялары. Поляктың белгілі саясаттанушысы А.Боднардың көрсеткеніндей, қазіргі қоғамда саяси партиялар мынадай қызметтерді атқарды:
1. Қоғамның ірі топтарының мақсат-мүдделерін анықтау, тұжырымдау және негіздеу;
2. Олардың белсенділігін арттырып, жинақтау;
3. Саяси идеология мен саяси ілімдерді жасау;
4. Саяси жүйелерді, оның жалпы принциптерін, элементтерін, құрылымдарын қалыптастыруға
қатысу;
5. Мемлекетте билік үшін күреске қатынасу және оның жұмысының бағдарламасын жасау;
6. Мемлекеттік билікті іске асыруға қатынасу;
7. Қоғамдық пікірді қалыптастыру;
8. Жалпы қоғамды саяси тәрбиелеу;
9. Мемлекеттің, кәсіподақтарының, қоғамдық ұйымдардың аппараты үшін кадрлар даярлау мен
ұсыну және т.б.
Партия деп мемлекеттік билікті қолға алуға немесе билік жүргізуге қатынасуға бағытталған ортақ мүдде, бір идеология негізінде құралған адамдардың ерікті одағын айтады.
Саяси партиялардың түрлеріФранцуз саясаттанушысы М. Дюверже осы ғасырдың 50 жылдарында сайлаушылар мен белсенділер санына байланысты партияларды кадрлық және бұқаралық деп екіге бөледі. Кадрлық деп қатарында сайлаушылардың 10 пайызынан кемі ғана болатын мүше саны аз партияны атайды. Бірақ ол ұйымдастырылуымен және тәртібімен көзге түседі. Мысалы, оған Австрия халық партиясы, Англия консерваторлар партиясы, Жапония либералдық-демократиялық партиясы, Француз коммунистік партиясы, т.б. жатады. Бұқаралық партиялар қатал тәртіпке ие. Демократиялық орталықтандыру принципіне тәуелділік бұл партияларды біртұтас етті. Бұқаралық партиялар саяси жүйеге ең ықпалды партия. Парламенттік сайлау барысында тығыз ұйымдық құрылымға ие бола отырып, жеңіске оңай жетеді. Бұқаралық партияларға европалық барлық социалистік, христиандық-демократиялық, коммунистік, ұлттық-социалистік партиялар жатады.
Партиялық жүйелер өмір сүруші партиялардың санына қарай бірпартиялық, екіпартиялық, көппартиялық болып бөлінеді.