Лекция №1 Тақырыбы: Кіріспе. (1 сағат) Жоспары



бет66/96
Дата05.06.2023
өлшемі389,03 Kb.
#98761
түріЛекция
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   96
Байланысты:
саясаттану лекциялар

2. Саяси процестің құрылысы. Саяси процестің мәні-өндіру және байта өндіру, бір жағынан саяси жүйе компонентерін, саяси адамды; екінші жағынан саяси құрылымдарын , институттарын, құралдарды және саяси қатысуды, саяси мәдениет пен нормаларды байта өндіру.
Саяси процесс мазмұны мыналарды қамтиды:
1) саяси процестің әрекет туї мен пайда болуының әлеуметтік саяси жағдайы;
2)саяси әрекет субъектілері және олардың объектілерге ықпал ету тәсілі, сонымен бірге өзара әрекет объектілері;
3)саяси өзара әрекеттестігі саяси мүдделер мен мақсаттар;
4) субъектілердің өзара әрекетіндегі күрес пен әрекеттестік формалары;
Саяси процесс ресурстарына оның идеялық және материалдық негіді болатын: ғылым, білім, техникалық және қаржылық құралдар, көпшіліктің көңіл- күйі, процеске қатысушылар, олардың идеологиясы және т.б. факторлары жатыды.
Саяси процесс құрылымы бойынша мына процестердің жиынтығын құрайды: революция, реформа, модернизация, көтеріліс, саяси дағдарыс, тікелей саяси әрекет, шиеленіс және сайлау компаниясы.
Саяси жүйенің даму процесін төрт процесін сатыға, кезеңге бөлуге болады.

1.Саяси жүйені конституциялық тұрғыдан айқындау;


2.Саяси жүйенің өзін- өзі жаңартуы;
3.Саяси басқарушылық шешімдерді қабылдау және жүзеге асару;
4.Саяси жүйенің жағдайы мені с- әрекетін бақылау.

1. Саяси әрекеттер сипаттамасы.


2. Саяси шешім: дайындау, жете зерттеу және жүзеге асыру.
3.Саяси бағытты анықтау мен іске асырудағы саяси институттардың рөлі.
4. Қазақстан Республикасындағы саяси процестер. Саяси процестің түрлері.

Саяси билікті ұйымдастыру жүйесінің сапасына қарай демократиялық және анти-демократиялық саяси процесс болып бөлінеді. Демократиялық түрінде халық ( тікелей немесе өкілдерін арқылы) билейді. Антидемократиялық процесте билік авторитарлық көсем, монархтың, бір билеуші партияның әскери топтың қолында болады.


Атқаратын қызметінің жариялылығы бойынша ашық және жасырын саяси процесс деп. топтастырылады. Ашық саяси процес те азаматтар, топтар билік институттарымен үздіксіз кездесіп мақсат- мүделерін білдіріп отырады. Жасырын түрінде бүкіл билік орталықтың қолында, жергілікті жердің ой- арманымен санаспайды, стратегиялық мәні бар саяси шешімдерді қабылдаудан шететіледі.
Әлеуметтік және саяси құрылымның өзара байланыс түріне, билік субъектілерінің қызмет ықпалдылығы және өзара қатынастарының тиянақтылығына байланысты саяси процесті тұрақты және тұрақсыз деп бөлеміз.
Саяси процестің құрылымын, түрлі саяси субьектілердің арасындағы әрекеттестілікті талдау және сол құбылыстардың өсіңкілігін (саяси процестің негізгі фазаларын, сол фазалардың ауысуы т.б.) анықтау арқылы білуге болады.Сондай-ақ саяси процеске ықпал етуші факторларды да анықтаудың маңызы көп.Сондықтан,саяси процестіңң құрылымы ол:-субьектілер арасындағы әрекеттестіктердің жиынтығы және олардың логикалық дәйектілігі.Себебі әрбір жекеленген саяси процестің өзінің жеке құрылымына ие. Субьектілер,олардың әрекеттесітіктерінің жиынтығы,дәйектілігі,өсіңкілігі немесе көрінісі,уақыттық өлшем бірлігі,сондай ақ саяси процеске ықпал етуші факторлар саяси процестің параметрлері болып табылады.
Қазіргі замандық ғылыми әдебиеттерде саяси процестің құрылымына байланысты төрт негізгі компонент анықталған:

1.Саяси қатынастар /саяси процесс субьектілерінің әрекеттер нәтижесінде қалыптасады/


2. Саяси субьектілердің мүдделері;
3. Адамдардың саяси әрекеттері /кәсіби саяси әрекет пен қатардағы азаматтардың саяси қатысы/
4.Саяси процестің субьектілері /олар институциоландырылған және институциоландырылмаған болып келеді/.

Осы келтірілген компоненттерді өзіндік нақты маңыздары бар.Кез келген саяси процестің бастаушы негізі болып табылатын,саяси қатынастардың мәні мен маңызы қандай.


Саяси қатынастар” категориясының фундаменталдығын түсіну үшін Гегельдің айтқан пікіріне көңіл қоюға болады. Ол , “кез-келген заттың /саясат өрісінде да/ тіршілік етуінің ақиқаты тек қатынастардан табылады” деген .Бұл тезистің мәні өте түсінікті.Себебі,адамның кез-келген қадір-қасиеті тек оның басқа біреуге қатысынан болады және содан байқалады. Ал бұлай болмаған жағдайда ондай қадір-қасиетте болмайды және оның байқалатын себебі де жоқ.Гегельдің “қатынастың ақиқаты” туралы айтқан сөзі осыны білдіреді.Сондықтан”саяси процестің”тіршілік ету ақиқаты қатынастармен ашылады деуге болады. Антикалық уақыттан бері “қатынас”ең кемінде екі нәрсенің өзара анықталуы ретінде ұғындырылған.Мұндай анықталу,нәрселердің әрқандай белгілерін салыстыру нәтижесінде пайда болады. Егер қоғамдық қатынастарда ондай зат ретінде индивиттер немесе топтар /жанұя, ру, тап,ұлт т.б/,болса,оларды саластырудың критерилері /қатынастардың негізі/болып түрлі әлеуметтік құндылықтар. Ал әлеуметтік топтардың арасындағы қатынастар материялдық игіліктер мен байланысты болса,онда біз экономикалық қатынастарды байқаймыз.Егер қатынастардың негізі ретінде моралдық ережелері алсақ,онда соған сәйкес өнегелік қатынастарды анықтаймыз.Сондықтан түрлі әлеуметтік топтардың арасындағы саяси қатынастардың негізі ол саясаттық,басқаша айтқанда,ең алдымен мемлекеттік билік,саяси құқықтар мен бостандықтар. Саяси процестің типологиясы.
Саяси процестер бір-бірімен көлемі, ұзақтығы,субьектілері және олардың әрекеттесуі сипаты жағынан ерекшеленеді.саяси ғылымда саяси процестің түрлі типтері бөлініп көрсетілген.Қазіргі ғылымда түрлі критерилерге негізделген саяси процестерді типология негізделген саяси процесті типологиялаудың түрлі амандары бар. Саяси процестерді түрлі көлемдік тұрғысынан оның бірнеше түрін көрсетуге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   96




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет