Лекция №1 Тақырыбы: Кіріспе. Әдебиетті оқыту әдістемесі пәнінің мазмұны, әдеби білім кезеңдері



бет6/33
Дата14.10.2023
өлшемі159,37 Kb.
#114846
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33
Байланысты:
daristin elektrond k nuskas

Лекция мәтіні (қысқаша):
Қазақ әдебиеті әдістемесі өзінің қалыптасу және даму тарихында мектепте әдебиетті оқытуды оқу-әдістемелік тұрғыдан қаматамасыз етуге қызмет ете отырып, өзгеріп отыратын дәуір талаптарына сай белгілі бір бағыттарда басым дамығаны байқалады. 1917 жылға дейін қазақ жерінде үш түрлі мектеп өмір сүрген.Олар: қадым мектебі, жәдит мектебі және медреселік білім беру жүйесі.
Жалпы қарапайым халықтың сауатын ашатын, жүйелі білім беретін мектептер болмады. Қазақ даласына келген орыс демократтарының оқу жүйесіне негізделген мектептер ашыла бастады. Торғай өңірінде тұңғыш ашылған қазақ мектептері елге жаңа серпіліс әкелді. Халықтың сауаттылығын ашуға, білімін жетілдіруге мүмкіндіктер туды. Тіпті, қазақ қыздарының да білім алуына жағдайлар туды.. Арнайы кәсіптік білім беру орындары ашылып, белгілі бір мамандық алуға да болатын еді.
Ыбырайдың ағартушылық, демократтық көзқарастары осылайша қалыптасып, дамыды. Қоғамдық әділетсіздік пен адам бойындағы ұнамсыз мінездерге қарсы күресу үшін, ол ел ішінде білім, өнер тарату ісін кеңейте беру керек деп ұғады. Сол ниетпен бар күш-жігерін мектеп ісіне, бала оқыту жүйесін жақсартуға жұмсайды. 1876 жылы Ыбырай Петербург, Қазан қалаларына барады. Орыстың ағартушылық жүйесін, орыс ағартушы дарының еңбектерін зерттейді. Қазақ тілінде оқу құралдарын жасауды ойлайды. 1879 жылы Ыбырай Торғай облысы мектептерінің инспекторы қызметіне тағайындалады. Бұл оның ағартушылық қызметінің кең өріс алуына жол ашады. Ол еуропалық үлгідегі мектептер ашу ісімен шұғылданады. 1879-1883 жылдар аралығында Торғай облысының төрт уезінде (Торғай, Ырғыз, Троицк, Ақтөбе) жаңа мектептер ашады. 1883 жылы Торғай қаласында қолөнер мектебі ашылды. Ол қазақ даласындағы техникалық білім беретін тұңғыш оқу орны болды. Ыбырай қазақ қыздарын оқыту ісіне ерекше көңіл бөледі. Бұған ескішіл әдет-салттарға қарсы күрестің бір жолы есебінде қарайды. 1887 жылы Ырғызда қыздар мектебін ұйымдастыруы – оның ағартушылық аса зор еңбегі. Қазақ даласында мектептер санының артуына байланысты Ыбырай мұғалімдер даярлайтын мектеп ашуды қолға алды. 1881 жылы Омбы қаласында тұңғыш мұғалімдер мектебі ашылды. Ыбырай мектептер ашу ісімен ғана шектеліп қалмады. Ол сол мектептердегі тәлім-тәрбие, оқу жұмысына айрықша мән берді. Оқу-тәрбие ісін жаңа бағытта ұйымдастырды. Бұл ретте ол мұғалімнің атқаратын рөлін жоғары бағалады. "Халық мектептері үшін ең керектісі – мұғалім, – деп жазды ол. Тамаша жақсы педагогика құралдары да, ең жақсы үкімет бұйрықтары да, әбден мұқият түрде жүргізілетін инспектор бақылауы да мұғалімге тең келе алмайды".
Оқулық жасау жолында оқулыққа Ыбырай мектепте қазақ балаларына білім мен тәрбие берудің басты құралы деп қарайды. Ол балаларға ана тілін таза және ұқыптылықпен үйретеді, шағын көркем шығармалар арқылы оларды жақсы мінез-құлыққа баулуды көздейді. Ыбырай балаларды мазмұны олардың білімін көтеретін, тақырыбы оларды қызықтыратын кітаптарды... қазақтың өз тілінде... басып шығару керек деп білді. Өзі 1876 жылдан бастап "Қазақ хрестоматиясын" жазуға кірісіп, оны 1879 жылы Орынборда бастырып шығарды.
А.Байтұрсынұлының оқудың негізі білімді өз бетінше алу екенін айтқан пікірлері әлі күнге дейін өзінің мәнін жойған жоқ. Ол педагогиканың өзекті мәселесі болып отырған оқушының өз әрекетіндегі субъектілік қызметін арттыру міндетіне сай келеді. Ғылым өзінің 1928жылы Қызылорда қаласында басылып шыққан «Тіл жұмсар» атты әдістемелік еңбегінде: «Бала білімді тәжірибе арқылы өздігінен алу керек. Мұғалімнің қызметі- өздігінен алатын ... білімнің ұзақ жолы үшін ... балаға жұмысты әліне шағындап беру мен бетін белгіленген мақсатқа қарай түзеп отыру», – деп жазған А.Байтұрсынұлының бұл ойы бүгінгі қазақ әдебиеті әдістемесінің де негізіне жатады деуге болады. Баланың білімді өздігінен алатын жолдарын анықтау- әдістеменің басты міндеті мен қызметі екені сөзсіз. Бұл мәселелер А.Байтұрсынұлының «Баяншы», «Әлиф-ба астары» сияқты жекеленген әдістемелік еңбектерінде де айтылған.
М.Жұмабаев баланы әдебиетпен таныстыруға аса үлкен мән берген. Ол жұмыстың жүзеге асырылуын бастауыш мектептен бастап мұқият дайындау керек деп танып, өзінің «Бастауыш мектептегі ана тілі» атты белгілі әдістемелік еңбегін жазды. Онда М.Жұмабаев әдіскер-ғалым ретінде төрт жылдық бастауыш мектептің әр жылына сәйкес ана тілі бойынша бала тілін дамыту үшін жаттығулар жүйесін жасап ұсынған.
Көрнекті әдіскер ғалым В.В.Голубков : «Әдістеме дегеніміз уақытты үнемдей білу, оқушы күш -жігерін ақылмен жұмсау,оқу материалының негізгі және басты мәселелерін таба білу, ұжым болып табылатын сыныптың еңбегін ұйымдастыру шеберлігі, оқушылардың әр түрлі жеке әрекеттеріне ықпал етуді алдын ала ойластыру».Әдістеме «не үшін, нені, қалай»деген негізгі үш сұраққа жауап береді.
Қазақ әдебиеті әдістемесінің іргетасын қалаушылар Байтұрсынов, Мағжан, Аймауытов, М.Әуезов, С.Мұқанов, І.Жансүгіров, С.Сейфуллин, Ғ.Мүсірепов, С.Сейітов.
Қырқыншы тоқсаныныншы жылдар арасында С.Қирабаев, Ә.Қоңыратбаев, А.Көшімбаев, Ш.Кәрібаев, Қ.Жұмалиев, Ш.Аманов, Т.Әбдірахманова,Е.Ысмайылов,М.Базарбаев,Н.Ғабдуллин,Т.Ақшолақов,М.Мызахметов,Ә.Дайырова, Р.Нұрғалиев,А.Нұрхатов, Б.Сахариев,Ә.Дербісалин,Т.Жұмажанова, С.Мақпыров, Қ.Мырзағалиев, Б.Сманов.

Кеңестік дәуірде әдебиетті оқыту әдістемесінің дамуын үш кезеңге бөліп қарастыруға болады. 1917-1927 жылдарда әдебиет пәні кеңестік идеологияны орнықтырушы қоғамтану құралы ретінде оқытылды. Тарихта болған бұрмалаушылықтар әдебиетке де өз әсерін тигізбей қоймады. Ал, 1928-1938 жылдары әдебиет мектептік жүйеге негізделген тарихи-әдебиеттік курс ретінде оқытылды. БКП(б) орталық комитетінің 1931-1932 жылдардағы «Бастауыш және орта мектептер» туралы қос қаулы мектепте әдеби білімді жетілдіру, арнайы бағдарламалар, оқулықтар арқылы оқыту тиімділігін арттырудың бағыт-бағдарын белгілеп берді. 1939-1990 жылдары КСРО-да халыққа білім беру жүйесі одан әрі жетіле түсті.1958, 1985 жылдары мектеп реформалары жаңартылды. Бұл реформалардың мектепте әдеби білім беру ісін жетілдіруге тигізген әсері зор болды.1970-1972 жылдары «Литература в школе» журналының бетіндегі оқыту сапасын жақсарту, оқытудың жаңа әдістерін іздестіру мақсатындағы пікірталастардың маңызы ерекше. Орыс әдебиетін оқытудағы әдістемелік тәжірибелер қазақ мектебіндегі әдебиетті оқыту ісін жетілдруге және ғылыми-әдістемелік зерттеулердің қанат жаюына тигізген әсері көп болды. 1990-2000 жылдары жалпы және орта білім беру жүйесінде әр түрлі тарихи-әлеуметтік себептерге байланысты түбегейлі өзгеріс болды.Қазақтың ұлттық мектебі тұжырымдамасы дүниеге келді. Ұлттық мектеп тұжырымдамасы ұсынған болашақ мектеп үлгісі мен білім берудегі жаңа жүйенің кеңестік білім жүйесінен айырмашылықтары болды. Оқытудың жаңа технологиялары жүзеге аса бастады. Оның елімізде ғылыми-әдістемелік ізденістерді байыта түсуге тигізген ықпал-әсерлері мол.







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет