Лекция №1 Тақырыбы: Кіріспе. Әдебиетті оқыту әдістемесі пәнінің мазмұны, әдеби білім кезеңдері



бет10/33
Дата14.10.2023
өлшемі159,37 Kb.
#114846
түріЛекция
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   33
Байланысты:
daristin elektrond k nuskas

Лекция мақсаты:Сабақ және сабақты ұйымдастыру жолдарын айқындау, сабаққа талдау жобасымен таныстыру.


Лекция мәтіні (қысқаша):
Сабақ жоспары өте үлкен жауапкершілікті талап етеді. Әсіресе жоспар құруда жасандылыққа ұрынбаған жөн.
Сабақ беру - шығармашылық жұмыс. Оның басы жоспар жасаудан басталады. Өйткені жоспарда әрбір сабақта істелетін жұмыстың негізі салынады. Белгілі тақырып бойынша қамтитын мәселенің, айтар ойдың жобасы түсіріледі. Жоспарлауда мұғалім нақтылы көркем текстің басқа бағдарламалық материалдармен байланысына солардың ішінде сол шығарманың алатын орнын сарапқа салады. Күн ілгері ойласып жасалған сабақ жоспары, бірден мүғалімнің өзін де, оқушыларды да сабақтан сүріндірмей алып шығуға септігін тигізсе, екіншіден оның уақыт үнемдеуге көмегі зор.
Жоспар жасағанда мұғалім мына жайларды ескеруі қажет.
1.Жоспар жасағанда ол тақырыптың бағдарламада алатын орнын, оның сол сыныптың басқа материалдарымен қазақ тілі, тарих сабақтарымен байланысын анықтау оқушының білетінін есепке алып, оны толықтырудың мөлшерін көрсету қажет.
2.Мұғалімге сабақ мақсаты айқын, текст-мазмұны таныс болуы тиіс.
3.Көркем мәтінді мұғалім өзі оқып шығып, одан оқушылардың өз бетімен меңгеретіндерін мұғалімнің көмегін керек ететін жерлерін анықтайды. Әдеби теориялық ұғымдардан білетіндері қайсы, оларды қандай мәліметтермен толықтыру мүмкіндігі барлығын жобалайды.
4.Тіл дамыту мен мәнерлеп оқуды қосқанда тақырып бойынша жүргізу мүмкіндігі бар сабақ жүйесін, оған жұмсалатын уақыт мөлшерін көрсетеді.
5.Сабақ жоспарында әр сабақтың мақсаты (берулуге тиісті) оның бөлімдері айқын болуы шарт.
6.Сабақ материалдарын, тіл дамыту жұмыстарын сыныптан тыс оқу жұмысы мен ұштастыру соған байланысты оқушыға берілетін тапсырмаларды саралап, нақтылап беру, оны орындау дәрежесін тексерудің нақтылы мерзімін көрсету қажет.
7.Сыныптан тыс оқуды, кейбір сабақта талданған жұмыстарды сыныптан тыс жұмыстармен (көрме, оқушылар конференциясы, диспут, экскурция, әдеби кеш, т.б.) ұштастыруға болатындығы- есте боларлық жай.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет