Лекция №1 Тақырыбы: Кіріспе. Әдебиетті оқыту әдістемесі пәнінің мазмұны, әдеби білім кезеңдері



бет25/33
Дата14.10.2023
өлшемі159,37 Kb.
#114846
түріЛекция
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   33
Байланысты:
daristin elektrond k nuskas

Жоспар:
1.Технология – шеберлік туралы ғылым екендігі.
2.Дамыта оқыту.
3.Деңгейлік оқыту технологиясы


Лекция мақсаты:Технология туралы түсінік беру,түрлеріне тоқталу.


Лекция мәтіні (қысқаша):
Жалпы оқу үрдісінде «технологияландыру» мәселесінің XX ғасырда педагогика ғылымында бірнеше мәрте қарастырылып, әр түрлі қырынан зерттелуі. Ол сұрыпталған жаңа педагогикалық технологиялардың әрқайсысы - білім стандартында көзделген оқыту нәтижелеріне қол жеткізу жолындағы мақсат, мазмұн, әдістер мен құралдардың біртұтастығын ұсынуы. «Жаңа педагогикалық технология» терминінің шығу тарихы. Педагогикалық технология оқыту үрдісін жобалау, ұйымдастыру және о оны өткізудің формасымен анықталады. Жаңа педагогикалық технологияның заман талабына сай оқытудың белсенді әдістері. «Педагогикалық технология» үғымын техникалық құралдардың көмегімен оқыту және оны ғылыми тұрғыдан түсінуге байланысты пікірлердің әр түрлілігі. Қолданылатын технологияны нәтижесін анықтаудың әдістері мен өлшемдері. Педагогикалық технология мәселесін қарастырған ғалымдар өнім алу, нәтижеге жету, белгілі бір жоба, модельмен оқыту деген мән-мазмұнын дамыта келіп, оны оқыту мен білім үрдісіне қатысты педагогикалық аспектіде қарастырып, әр түрлі анықтамалар беруі, олардың білім беру жүйесіндегі тиімді жақтары мен кері тигізетін ықпалы.Педагогикалык технология - алдын-ала жоспарланған нәтижеге жеткізетін реттелген әрекеттер жүйесі екендігі. Оның ғылыми тұрғыдан негізделіп, мұғалімнің кәсіби біліктілігін жетілдіретін, оқыту межеленген түпкі нәтижеге жетуге кепілдік беретін іс-әрекеттер жиынтығы екендігі. Педагогикалык технологияны қолдануға даярлықты қалыптастыру деңгейлері. Педагогикалык технология – білім сапасын арттырудың кепілі.Жаңа педагогикалық мұндай технологиялар арқылы оқытуды ізгілендіру мен демакратияландыруға,оқушылардың өздігінен бағыт бағдарын анықтап,дамуына, ең бастысы, өзін өзі тәрбиелей алатын тұлға ретінде қалыптасуына жағдай жасауға болатыны күмәнсіз.Сондықтан да білім беру жүйесінің алдында тұрған басты мақсат: жаңа технологияның талаптарына сай жаңа оқулықтар буынын жазу болып отыр. Бұл жаңа оқулықтар мен дидиктикалық құралдардың ерекшелігі сол,олардың мазмұны қысқа мерзімде ешқандай биімдеусіз ақ компьютерге кіргізуге болады екен. Себебі, бұл құралдырадың құрылымы электрондық оқулық құрылымдарына ұқсас.Модул сөзінің этимологиялық мәні білімді қолданысқа, меңгеруге, ыңғайлы етіп жүйелеу, шоғырландыру, жинақтау болып табылады. Білімді, оқу материялын дидактикалық мақсатқа сай әр түрлі қалыпта (ақпарат блогі, пакет, түйіндер жүйесі, алгоритм, бағдарлама) ұсынуға болады. Модулмен оқыту – толық немесе жекелей түрде модуге негіздеген оқыту. Модул – іс–әрекеттің мақсатты бағдарламасы белгіленген деңгейіне жету үшін сұрыпталған, дидактикалық өңделген білім, дағдының бірлігі және оның әдістемелік нұсқауы, яғни аяқталған оқу ақпараты болып табылатын модулмен оқытудың негізгі құралы.Н.Оралбаеваның, Ф. Оразбаеваның, Қ.Жақсылықованың еңбектеріне сүйене отырып «Модулмен оқыту дегеніміз – қазақ тілінде өзара тілдік қатынасқа түсу дағдысы мен іскерлігін сапалы қалыптастыру мақсатында жұмсалатын мұғалім мен оқушының, оқушы мен оқушының, мұғалім мен сыныптың жасырын ішкі күші мен бірлескен әрекетінің белсенділігін арттыру нгізінде тілді сапалы оқыту жүйесі». деген анықтамасын ұстанамыз.Дж. Рассельдің пайымдауынша, модуль бойынша оқушыларды оқыту мәселесін шешуде барлық сезімдік мүмкіншілік қолданылуы керек, өйткені оқытудың мультисенсорлық белсенділігі оқушының танымдық үрдісін арттырып, модульдік оқытуды ұйымдастырудың маңызды тәсілі болады. Бұл мәселе еліміз бойынша ілі шешілмей тұр, Тәжірибе модульдік бағдарламаны құрғанда оқытушының әрекетінде бірізділік болу керек екендігі анықталды, Бірінші қадам- бұл оқу курсын жүйе ретінде беру, яғни мазмұнды бастапқы құрылымдау. Екінші қадам бойынша курсқа технологиялық карта жасалынады, Үшінші қадам-модульдік бағдарламаны құру, оның бөліктері дидактикалық мақсат және модульдік бағдарламаның модульдері жиынтығы болады. Төртінші қадам- дидактикалық мақсаттарды бөлу болып табылады. Бесінші қадам- интеграцияланған дидактикалық мақсаттарды жекелік дидактикалықмақсаттарға бөлу және модуль құрайтын оқу элементтерінің мазмұнын қалыптастыру. Алтыншы қадам – модульдің өзін құру.Тәжірибе модул арқылы оқыту оқытушыдан жоғары әдіскерлік шеберлікті, жоғары кәсіби деңгейді талап етеді.Қазіргі заман ұстазы шәкірттерін адамзат бойындағы адамгершілік қасиеттерін, Отанын, туған жерін қастерлейтін азамат болуға қазақ тілін үйрете отырып тәрбиелейді. Жеке тұлғаға бағытталған технологияларды қолдана отырып оқытқанда ғана оқушы бойында жан-жақты дамыған тұлға қалыптасады. Әр түрлі оқыту технологияларын оқу мазмұны мен оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне орай таңдап, тәжірибеде сынап көрсетудің маңызы зор. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Жеке тұлғаның дамуына ыңғайлы жағдай жасайтын, жақсы жақтарын құрамына енгізген бірден-бір технология –М.Жанпейісованың “ Модульдік оқыту технологиясы ”.Оқушының оқу және танымдық әрекеттерінің белсенділігін арттыру-ең негізгі әдістемелік мәселе. Модуль арқылы оқыту осы мәселені шешуге мүмкәндәк беретін тиімді жол болып табылады. Модуль арқылы оқыту технологиясының өзіндік ерекшеліктері, қағидалары, белгілері бар. Тиімді белгілерінің бірі – оқушының оқу белсенділігі. Ол үшін әрқашан жағдай жасалып отырады. Белсенділік – жалпы жанды ағзаға тән қабілет. Жек тұлғаның белсенділігі шығармашылық әрекетінде.
Модулдік оқыту әр түрлі мақсаттарға жету жолын көздейді: білім алушыға оқу әдісінің өзіне лайықты тәсілін қолдануды; оқушыға өзінің әлді, әлсіз жақтарын анықтап, модулдің түзету тәсілін пайдалана отырып көмектесуді; оқытудың түрлі формалары мен әрқилы әдістерін кіріктіруді; оқу материалының құрылған бірлігін икемді түрде пайдалануды; кәсіби іс-әрекет деңгейіне білім алушының жоғары дайындығы арқылы жетуді; пәнаралық байланысты орнатып, мәселені жоғары оқу орнындағы арнайы кафедралар арасындағы өзара байланыстық арқылы шешуді; оқудың сапасына білім мен білікті жүйелеу арқылы жетуді және т.б.
Mодулдік оқытудың басты мақсаты-оқытудың ұйымдастырылуы бойынша және мазмұны бойынша адам бойындағы осы сәттегі қажеттіліканықтайтын икемді білім беретін құрылым құру
Модулдік оқыту теориясының басты ұғымы модул ұғымы болып табылады. Модулдік оқытудың біраздан бері қолданып келе жатқанына қарамастан, оны түсінуде, оның мазмұн құрылымын түрлендіруге, оқыту әдістері мен түрлерін өндеуде әлі күнге дейін әр түрлі көзқарастар бар.
Модулдің көптеген анықтамаларына қарамастан, олрдың барлығын үш түрлі бағытта топтастырып, жүйелеуге болады:

  • модул - біліктлік мінездемесінің талаптарын жауап беріп,мамандық бойынша оқу пәндерінің жиынтығын ұсынатын мемілекеттік білім беру стандарт бірлігінің үлгісі;

  • модул – пәнаралық әдістемелік-ұйымдастыру құрылымы болып,әр түрлі оөу пәндерінің тақырыптық жиынтығы ретінде бір мамандықты меңгеруді және оқу үрдісінде пәнаралық қатынсты қамтамасыз етеді;

  • модул – бір ғана оқу пәнінің шнңберіндегі ұйымдасыру- әдістемелік құрылымының бірлігі. Біздің модулге берген анықтамамыз үшінші тәсілге саяды. Модул деп біз озіне дидактикалық мақсаттарды, оқу материалының логикалық аяқталган бірлігін(пәнішілік және пәнаралық байланыстар сақталған), әдістемелік нұсқауды (диалектикалық материалды қоса) және бақылау жүйесіне енетін оқу пәнінің дараланған ұйымдастыру-әдістемелік құрылымын түсінеміз. Оқытудың модулдік тәсілі оқытудың мақсаты мен мазмұнын, танымдылық белсенділікті басқару әдістерін өзгертуді қалайды.

Оқытудың мақсаты оқу-тірбие үрдісінің барлық бөліктерін бір жүйеге байланыстыратын басты дидактикалық ұстаным болып табылады.
Мақсаттар маман даярлау жүйесінің барлық жалпы бағытын айқындайды. Модулдік оқытудың кәсіби білім беру жүйесінде кең түрде танымды болуын түсіну қиын емес, өйкені модулдік бағдарламалардың операциялық типі кәсіби икемділікті қалыптастыруға бағытталған. Модулдік оқытудың құрамында дидактикалық мақсаттардың таксономиясының жіктелуі деңгейіне қарай (кешенді,кіріктірілген дербес) және түрі жағынан (танымдылық және операциялық) жүйелеуді ұсынады. Одан әрі кешенді мақсатқа сәйкес оқыту мазмұны қайта қарастырылады, кіріктірілген және дербес мақсаттар оның құрылымдығын және негіздемесін білім беру мазмұнын ұйымдастыру негізімен және таңдап алу өлшемімен айқындайды. Оқыту мазмұнынан таңдап алғаннан кейін сол мазмұнды жүйелеу мәселесі туындайды. Әсіресе, бұл оқу мазмұнын дербес модулдерге жіктеудегі модулдік оқытуға байланысты.Модулдік оқытудың дидактикалық жүйесі басқа да дидактикалық жүйелер сияқты оқытудың мақсаттарына сай жалпы-дидактикалық ұстанымдар мен негіздеріне сүйеніп, оқу материалдарын құрылымдауды меңзейді. Модулдік бағдарламаларды құрастыруда әр түрлі тәсілдер байқалады. Даралық модулдердің мазмұна оқыту мазмұнын құрылымдау ұстанымдарын сақтай отырып жасалады және жинақы, әрі көрнекілік түрінде беріліп, дидактикалық материалдармен, ділгірлік және қолданбалы міндеттер мен қамтамасыз етілуі керек.
Модулдердің қалыптасуы оқу мақсаты мен оқыту мазмұнынан ғана тұрмайды. Оқыту үрдісі-әлеуметтік үрдіс, онда ұстаздар мен оқушылар белсенді түрде ірекет етеді. Педагогикалық үрдісті басқару кезінде басқару нысанын анықтап алу ерекше орын алады.
Көптеген психологиялық-педагогикалық, дидактикалық зерттеулерде оқу іс-әрекетін басқарудын түрліше нұсқаулары талданып, қолдануға ұсынылған. Мысалы оқу үрдісін басқарудын жалпы кибернетикалық жүйесі негізге алынады.
Модулдік оқытуда модул мен модулдік бағдарлама арқылы циклдік басқару жүзеге асырылады. Яғни басқарушы жүйенің басқарылуы жүйеге кері әсер ету үрдісі арқылы. Кері байланыс-модулдік оқытуда басқарудын басты құралы. Кері байланыстың іске асырылуы кері байланыстың мазмұнын ғана емес, меңгеру сапасының диагностикасын көрсететін модулдік бағдарламалар арқылы орындалады.
Жеке тұлғаның даму мақсаты жөнінде сөз болғанда тек қана кибернетика ұстанымына сүйенуді басшылыққа алған дұрыс емес. Басқарудың иерархиялық құрылым қағидасына сүйеніп, жүйенің әрекет етуінде басқарушы функцияларын оның жоғары бөліктері, ал жекелеген басқару әрекетінтөменгі бөліктері орындауы керек. Оқыту үрдісінде басқарудың иерархиялық жоғары бөлігі педагог, ал төменгі бөлігі оқытушы мен бақылаушы құрылғылар, оқушылардың өзін-өзі басқару әрекеті болады. Осы қағидаға байланысты модулдік оқытуда ұстаз өзінің басқару функциясының біраз бөлігін модулдік бағдарламаға береді де, бұл функциялар білім алушының өзін-өзі басқару функциясына ауысады.
Сонымен, модулдік оқытуды кибернетикалық басқару тұрғысынан талдасақ, модулдік оқыту педагогикалық басқарудың қалыптасқан жүйесін сапалық жағынан өзгертеді.Ендеше модулдік оқыту жағдайында оқу үрдісін басқару мәлімт беру үрдісіне бағытталған циклдігімен, білім алушының өздігімен жұмыс істеуі және белсенділігін арттыратын өзін-өзі басқару мен басқарудың тиімді арақатынасын орнатуымен ерекшеленеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет