Лекция №1 Тақырыбы: Кіріспе Типтік оқу бағдарламасынан көшірме



бет30/62
Дата23.11.2022
өлшемі182,76 Kb.
#52011
түріЛекция
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   62
Байланысты:
elektronn i konspekt lektsii

Лекция мақсаты:Эпикалық шығармалардың жанрлық ерекшеліктерін айқындап, оқыту жолдарының тиімділігін саралап алуды меңгерту.
Лекция мәтіні (қысқаша):

Қазақ әдебиеті дамуының желісінде әдеби тек жанрларының жаппай дамуы ХХ ғасырда өрістеді. Көркем әдебиеттің лирикалық, эпикалық поэзия жанрларының ауызша да жазбаша да үлгілер қалыптасуының, дамуының көп ғасырлық тарихи бар қазақ сөз өнері кәсіби сахна өнеріне арналған драмалық туындылар жазу үрдісін де де игере бастаған еді. Шығарманың өзегіне сюжеттік сипаттың шағынынан бастап мол көлемділерін қамтитын эпостық туындылар (күлдіргі сөз (анекдот), әңгіме, очерк, новелла, повесть, поэма, оқиғалы өлең, роман, роман-эпопея) – бәрі де қазақ сөз өнерінің әлем әдебиеті үдерісіндегі классикалық деңгейдегі көтерілген биіктігін дәлелдеді. ХХ ғасырдағы қазақ прозасының романдары эпикалық сипатпен жазылатын көркем шындық поэтикасының көрнекті көрсеткіштері қатарын құрады. Ертедегі халық сүйген жанрдың бірі - эпикалық жырлар. "Эпос-идеялық, көркем мәні және композициялық құрлысы жағынан музыкалық- поэтикалық фольклордың ең күрделі, ең ірі жанры. Өйткені оның негізінде халық тарихындағы қиялы-қилы кезеңдер, халық тағдырына байланысты ірі проблемалық мәселелер алынған. Эпостарда қанатты философиялық сөздер жиі ұшырасады. Батырлар жырында кездесетін афоризмдер елге үлгі боларлықтай ерлік істі, каһармандықты бейнелесе, ғашықтық жырларындағы қанатты сөздер, жырдың ішкі мазмұнына сай әр алуан лирикалық сезімдерге құрылған. Бұған Асан, Қазтурған, Бұхар жыраулардан бастап, Махамбет, Базар жырау, Кашаған, Нұрым, Майлықожа, Нұралы, Жамбыл, Мұрын, Тұрмағамбет секілді сөз жүйріктерінің туындыларынан мол мысал келтіруге болады.


Қанипа Бітібаева – Мұхтар Әуезов шығармаларын мектепте оқыту мәселесіне байланысты үш кітап жазған автор. Ұстаздың «Абай жолы» сияқты әлем таныған көркем эпопеяны оқыту жөніндегі әдістемесінің құндылығы өте жоғары. Әдіскер «Абай жолы» эпопеясын тереңдете оқыту идеясын ұсынады. Әр кітапқа қысқаша аннотация жазып қою, образдарды талдауға көмек-нұсқаулар ұсыну, мәтінге негіздей отырып талдау жүйесін алға тартады. Ол төрт томдық туындыны топтай, жинақтай оқытудың тиімділігін дәлелдеп көрсетеді. Ұстаз айтқан образдарды топтап оқыту ұстанымының өте тиімді екеніне көз жеткізу қиын емес. Мысалы, Бітібаева «Құнанбайлар әлемі» деген ойды тарата отырып, тек Құнанбай емес, бүкіл үстем күш бейнесін оның айналасына жинақтайды. Әдіскер ғалым сол арқылы көркем әдебиеттегі жинақтау әдісінің табиғатын ашады. Еңбекте Құнанбай әлемі төмендегідей топтастырылып, әрқайсысы жеке-жеке танымдық ой қозғайды.
Әрбір халықтың әдеби, рухани байлығы оның әдеби мұрасының байлығымен өлшенеді. Халықтың ұлылығын, даналығын, тарихын танытатын көне мұралардың бірі- ауыз әдебиеті. Халық ауыз әдебиетіне жататын жанрдың бірі тарихи жырлар.
Классикалық эпос пен батырлық ертегісіне тән, типологиялық сипатта болып келетін «қаһарманның дүниеге келуінен бастап, оның өмірін толық қамтуды, яғни оның қайтыс болғанына дейінгі жәйтті баяндауды қажет ететін ғұмырнамалық (биографиялық) тұтастану перзентсіз ата-ана, болашақ батырдың ерекше тууы, оның тез өсіп жетілуі, алғашқы ерлігі, үйленуі, қаһармандық істері, қартаюы сияқты бірнеше кезеңнен тұрады. Жырларда көбінесе, батырдың ғажайып жағдайда тууы мен ерлік көрсеткен тұстары кең түрде, көтермеленіп суреттеледі. Батырлық жырларда Қобыланды, Алпамыс, Қамбар сияқты батырлардың ерлік қызметінде жалпы ұлттық мүдде бұлыңғыр да, ал оның есесіне рулық, тайпалық мүдде анық, ашық көрініп жатады. «Қобыланды батыр» жырын оқыту. Жыр мәтінін оқыту тәжірибесіне, ұйымдастыру шеберлігіне, ізденімпаздығына, жаңашылдығына, шәкіртінің даярлығына байланысты. Жыр мазмұнын таныстырғанды мұғалім жырдың өн бойында Қобыланды батырдың жаңашылдығына, шәкіртінің даярлығына байланысты. Жыр мазмұнын таныстырғанды мұғалім жырдың өн бойында Қобыланды батырдың басынан өткен бір-біріне жалғаса дамыған төрт түрлі сюжеттік оқиғаны аңғартады.
Сабақта мұғалім жырдың оқырманды қызықтырып, еліктіріп отыру себебін анықтау үшін композициялық құрылысындағы компонентерге назар аудартады.Жырдағы көлемді монологтар : Естемістің Қобыландыға, Құртқаның Естеміске, Қобыландының Қараманға, Қарманның Қобыландыға, Қарлығаның Қараманға айтқандары жатады. Қалғандары шағын монологтар. Тайбурылдың шабысын суреттеуде ұлы даламыздың аң-құстарынан құлан, құлжа, көкқұтан, дуадақ, ақсұңқар атаулары да туған жеріміздің табиғатын еске салады. Аллаға, пірге, әулиеге сиынудың мәнінде жырда елеулі маңыз беріледі.Жыр мәтініндегі бейнелі сөздерден де ұлттық сананы қалыптасатыруға болады. Жырдағы теңеу, эпитет, ауыстыру (метафора) сияқты көркемдіктер төрт түлік малға қатысты болып, ұлттық табиғат аясының жан-жануарына, аң-құстарына теңеліп көркем бейне жасайды. «Тобылғы торы меңді ат, қылшық жүнді қара, қозы жауырын қу жебе, ақмоншақ ат, бөрі құлақ ен жылқы» сияқты эпитеттер, батырды «сұңқарға, жолбарысқа, арыстанға, көкжалға» балаған ауыстырулар,бейнелі теңеу сөздер ерлікті жан-жақты сипаттау, үдете суреттеу үшін қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   62




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет