Лекция №1 Тақырыбы: Кіріспе. Төменгі сатыдағы өсімдіктер



бет13/51
Дата08.06.2023
өлшемі0,97 Mb.
#99694
түріЛекция
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   51
Байланысты:
Лекция Өсім. сист.-сабаққа

Әдебиеттер тізімі
1. Әметов Ә.Ә. Ботаника. – Алматы, 2005.
2. Абдірахманұлы А. Өсімдіктер систематикасы. Алматы, 2004ж.
3.Хржановский В.Г., Пономоренко С.В. Ботаника. - Москва, 1982 .
4. Хржановский В.Г. Курс общей ботаники. –Москва, 1976.
5. Тахтаджян А. Систематика магнолияфитов. -Ленинград, 1987.
6. Рейвн П. Современнея ботаника. -Москва., 1990.
7. Курсанов Л.И и др. Ботаника . -Москва, 1966.

Лекция №3,4


Тақырыбы: Балдырлар. Жасыл балдырлар бөлімі


Мақсаты: Студенттерге эукариотты балдырлардың талломдарының морфологиялық дифференциациялануының кезеңдері, жасыл балдырлардың құрылысы, систематикасы, жер бетіне таралуы, табиғаттағы және шаруашылықтағы маңызы туралы білім беру.


Жоспары:
1. Балдырлардың морфологиясы. Эукариотты балдырлардың талломдарының морфологиялық дифференциациялануының кезеңдері.

  1. Жасыл балдырлар бөлімі. Талломының құрылысының әртүрлі типтері.

3.Клеткасының құрылысы.
4. Жасыл балдырлардың кластарға бөлінуі.
Лекция мәтіні: Балдырлар (Algae) — жасушаларында хлорофиллдары бар, өз бетінше органикалық заттар жасап шығара алатын төменгі сатыдағы өсімдіктер тобы. Өсімдіктер жасап шығаратын оттегінің жартысынан көбі балдырлардан келеді. Олар Антарктиданың мұздықтарында да, Йеллоустон паркінің ыстық бұлақтарында да тіршілік ете алады. Балдырлардың 20 000-нан астам түрі бар. Балдырлар дене құрылыстарына, түстеріне қарай алты үлкен топқа бөлінеді:
Балдырлар – төменгі сатыдағы су өсімдіктері. Теңіз, көл, өзендерде, ағынсыз суда өседі. Олардың клеткалық құрылымы болмайды, бір клеткалы, колониялы, көп клеткалы түрлері бар. Көп клеткалы өкілдерінің денесін таллом деп атайды. Клетка қабығы гемицеллюлозадан және пектинді заттардан тұрады. Клеткасы негізінен бір ядролы. Цитоплазмасында митохондрия, диктиосома, рибосома, хромотофора сияқты органоидтары және вакуолясы (бос қуысы) болады. Балдырлар (Algae) биохимиялық қасиеттеріне және клеткалық құрылымына қарай он екі типке бөлінеді:
көкжасыл балдырлар (Cyanophyta), 
прохлорофитті балдырлар (Prochlorophyta),
қызыл балдырлар(Rhodophyta),
жалтырауық балдырлар (Chrysophyta),
диатомды балдырлар (Dіatomeae), 
криптофитті балдырлар (Cryptophyta), 
динофитті балдырлар (Dіnophyta), 
қоңыр балдырлар (Phaeophyta), 
сарыжасыл балдырлар (Xanthophyta), 
эвгленді балдырлар (Euglenophyta),
жасыл балдырлар (Chlorophyta), 
хара балдырлары (Charophyta).
Бұлардың отыз мыңға жуық түрі белгілі, олардың бір мыңнан астам түрі Қазақстанда кездеседі. Клеткасында балдырларға түс беріп тұратын хромотофораларының саны әр түрлі (біреу, екеу, көп) болады. Олардың пішіндері тақта, астау, білезік, дән, лента, жұлдыз тәрізді болып келеді. Балдырлардың көпшілігінің хлорофилі болғандықтан көмірқышқыл газын сіңіріп, фотосинтез процесіне қатысады. Сондай-ақ, дайын органикалық заттарды пайдаланатын паразит түрлері де бар, бірақ бұлардың хлорофилі болмайды. Дарвин ілімі бойынша, тіршілік бір клеткалы организмдерден пайда болған, ал құрлықтағы барлық өсімдіктер балдырлардан шыққан деп есептеледі. Көптеген балдырлар саңырауқұлақтармен симбиозды тіршілік етіп, қыналарды құрайды. Ал, балдырлардың табиғаттағы геохимиялық рөлі кальций мен кремний айналымымен тығыз байланысты. Олардың көптеген түрі ақаба суларды биологиялық жолмен тазартуда және бөгендердің ластануының биоиндикаторы ретінде қолданылады. Теңіз, мұхит жағалауындағы балдырлар – жан-жануарлардың мекені, тіршіліктерінің көзі. Бентосты балдырларға (теңіз, мұхит түбінде тіршілік етеді) қарағанда планктонды балдырлардың (суда қалқып жүретіндер) саны анағұрлым басым, сондықтан олар көптеген организмдердің қорегі болып табылады. Ағынсыз суларда өсетін балдырлар шіріп, сапропельге айналады. Сапропельден смола, бензин, керосин, техникалық майлар, лактар алынады. Балдырлардың қалдығы балшыққа емдік қасиет береді. Қызыл балдырлардан өндірілетін агар тамақ өнеркәсібінде пайдаланылады, оларды мата бұйымдарының және қағаздың құрамына беріктік беру үшін қосады. Қоңыр балдырлардан алынатын альгин мата тоқуда желім есебінде жасанды талшықтар, пластмасса өндіруде және табиғи тыңайтқыш, малға жем ретінде пайдаланылады, сондай-ақ күлінен калий, натрий тұздары, йод өндіріледі. Шығыс Азия елдерінде ламинария қоңыр балдырлары «теңіз капустасы» деген атпен, ал жасыл балдырлар (ульва) «теңіз салаты» деген атпен тамаққа пайдаланылады. Балдырларды зоб, атеросклероз ауруларын емдеу үшін медицинада қолданады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет