Лекция 1 Тақырыбы: «Математикадан есеп шығару практикумы»



бет13/16
Дата22.09.2023
өлшемі387,77 Kb.
#109682
түріЛекция
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Бақылау сұрақтары:
1.Пропорционал бөлуге берілген есептер түрлерін ата..
2.Қозғалысқа берілген есептер түрлерімен жұмыс әдістемесі қандай.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Негізгі әдебиеттер
1.Кененбаева М.А. Математиканы оқыту теориясы және технологиясы. Оқу құралы.- Павлодар: ПМПИ, 2012.- 156б.
2.Бастауышта математика курсының есептер жинағы [Мәтін]: оқу құралы / Шымкент, 2011.- 80б.Байдыбекова, Е.И
3.А.Е.Әбілқасымова. Математиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі. - Алматы, 2005.
Лекция 13
Тақырыбы: Геометриялық мазмұнды есеп
Жоспар
1.Геометриялық мазмұнды есеп түрлері
2. Геометриялық мазмұнды есептермен жұмыс әдістемесі


1Бастауыш мектепте геометриялық есептер жалпы алғанда теорияны, математиканың әдістері мен ұғымдарын меңгеруге қажетті бірден бір шешімді құрал болып есептеледі. Оқушылардың ойлау қабілетін дамытуда, тәрбие беруде және оқушыларға математиканың тәжірибелік істерге қолданылуы туралы білім, біліктілік қалыптастыруда геометриялық есептердің атқаратын рөлі зор. Геометриялық есептерді дұрыс шешкізіп, оқытудың жаңа әдіс тәсілдері арқылы жоғары деңгейдегі математикалық білім, біліктілік, дағды қалыптастыруға болады. Геометриялық есептер:
а) жаңа математикалық ұғымдар мен мағлұматтарды үйрету үшін;
б) тәжірибелік іскерліктер мен дағдыларын қалыптастыру;
в) білімнің тереңділігі мен баяндылығын тексеру;
г) оқушылардын шығармашылық қабілетін тәрбиелеу үшін пайдаланады. Оқу процесінде геометриялық есеп оқушыларды жаңа математикалық біліммен қаруландырып, қалыптасқан білім мен біліктілігін жүйелеуге және нақтылауға көмектеседі. Оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруда геометриялық есептер маңызды роль атқарады. Математиканы оқытуда геометриялық есептер оқушылардың математикалық ой-өрісінің дамуы, оқытудың мақсаты, әрі құралы болып табылады. Сабақтарды жоспарлаған және ұйымдастырған кезде теориялық материалдар көбінесе есептер шығару процесінде жете түсінілуі және жақсы меңгерілуі қажет екенін ескерген жөн. Есеп шығаруды ұйымдастыра отырып, оқушылардың жеке әдісін кеңірек пайдаланған жөн: нашар оқитын оқушыларға ұсынылатын есептердің қиындық деңгейі осы бағдарламаның талаптарына сай анықталуы керек; ал бұл деңгейге жеткен оқушыларға бұдан да гөрі күрделірек есептер берген пайдалы. Дайындықтардың міндетті деңгейіне барлық оқушылармен жетуге қойылатын талаптарды саралау оқушыларға қиындық келтірмеудің негізін қалайды, оларды шамалары келетін жұмыспен қамтамасыз етеді және оқуға дұрыс көзқарас қалыптастырады.
.Геометрия элементтерін оқытып үйретудің басты және аса маңызды нәтижесі – фигураларды бір-бірінен ажырату және оларды тани білу іс-әрекетін меңгеру. Ол оқу процесінде, әсіресе, геометриялық мазмұнды жаттығулар мен материалдарды қарастыру барысында жүзеге асырылады Геометриялық мазмұнды жаттығулар төрт топқа бөлінеді:
Бірінші топтың жаттығулары ажырату және танып білу іс-әрекеттерінің орындалуын көздейді . Мұнда оқушылар жаттығуларды орындау барысында фигуралардың бірнеше қасиеттерден тұратын сипаттамалық белгілерін еске түсіреді және оларды айтып шығады, әрі қарай сол қасиеттер фигураға тәне екенін біртіндеп тағайындап, тексеруден өткізеді, сонан кейін әрбір фигураның қарастырып отырған ұғымға тиісті немесе тиісті емес екендігі жайында қорытынды жасайды
Екінші топтың жаттығулары геометриялық фигуралардың бейнелерін еске түсіруді көздейді.
Үшінші топтың жаттығулары сызу дағдыларын қалыптастыруға және тиянақты түсуге арналады. Сонда әр түрлі жағдайларда геометриялық фигураларды салудың ерекшеліктері пысықталады
Төртінші топтың жаттығулары оқушылардың геометриялық шамалар, оларды өлшеу және есептеп шығару жайындағы білімдерін бір жүйеге келтіреді және қорытындылайды.
Бастауыш сыныпта геометриялық мазмұнды есеп тік төртбұрыштың периметрін табуды қарастырайық. Оның еніне ұзындығын қосып, екіге көбейтуге болады. Шаршыда барлық қабырғалары тең. Сондықтан оның периметрі 4 еселенген ұзындығына тең болады. Көпбұрыштың периметрін латынның Р әрпімен белгілейді.
Р = 4 + 4 + 8 + 8 = 24 (см)
Р = (4 + 8) ∙ 2 = 24 (см)
Шаршының периметрі: Р = 8 ∙ 4 = 32 (см)
Сонымен көпбұрыштар туралы ұғымдарды пысықтау үшін, сондай-ақ жалпы кеңістік түсініктерін дамыта түсу үшін геометриялық мазмұнды есептердің үлкен мәні бар, олар 1 сыныптан бастап жүйелі түрде енгізіліп отырады. Бұл – берілген фигураларды, бөлуге арналған есептер, сонда бөлу нәтижесінде алынған бөліктер айтылған формаға ие болуы тиіс; берілген көпбұрыштардан жаңа фигуралар құрастыруға (яғни бөліктерден бүтінді құрастыруға) берілген есептер, сондай-ақ берілген сызба әр түрлі геометриялық фигураларды тани білуге (бөліп көрсете білуге) берілген есептер. Барлық бұл есептер өзара байланысты. Әр түрдегі есептерді шығару басқа түрдегі есептерді шығарғанда көмектеседі. Сондықтан олар, белгілі бір жүйеде алма – кезек енгізіледі, сондықтан фигураның бөліктерінің саны (ол құралатын бөліктердің немесе ол бөлінетін бөліктердің саны) біртіндеп арттырылады . Есеп. Тіктөртбұрыштың ені 3 см, ұзындығы 4см. Тіктөртбұрыштың ауданы мен периметрін тап.
Периметр: Аудан:
Р = 3 + 4 + 3 + 4 = 14 S = 3 · 4 = 12
Р = 3 · 2 + 4 · 2 = 14 S = 4 · 3 = 12
Р = (3 + 4) · 2 = 14
Жауабы : 14 см. Жауабы : 12 см2.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет