Лекция №1 Тақырыбы: Психология пәні, міндеттері және әдістері Жоспары: Психология пәні


Психология (жан) туралы ілім, білімдерінің Қазақстандағы даму жолдары



бет2/5
Дата06.01.2022
өлшемі64,5 Kb.
#14459
түріЛекция
1   2   3   4   5
Психология (жан) туралы ілім, білімдерінің Қазақстандағы даму жолдары: Жан (психика) құбылыстары туралы әр кезде өмір сүрген қазақ ойшылдары да аз айтпаған. Асан-қайғы, Шалкиіз, Мұхаммед Хайдар Дулати, Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы, Қадырғали Жалайри, Ақтамберді, Махамбет, т.б. ақын-жыраулар мен ғұлама-ойшылдардың шығармаларында көшпенді ата-бабаларымыздың жан дүниесі әр қырынан сөз болғаны байқалды. Мәселен, ортағасырлық ғұлама ғалым Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының (1388-1483 ж.ж. ) жан туралы пайымдаулары ерекше назар аудартады. Оның басты еңбегі «Шипагерлік баянда» көптеген психологиялық ұғымдар (түйсік, ойлау, сөйлеу, қиял, дағды, т.б.) туралы қызықты мағлұматтар бар. Ол өзінен бұрын өмір сүрген ұлы ғұламалардың (әл-Фараби, Жүсіп Баласағұни, т.б.) жан туралы түсініктеріне сүйене келіп, бүкіл тіршіліктің басқарушысы, реттеушісі жүрек дейді. Сөйте тұра жан құбылыстарын басқаруда мидың атқаратын ролін де жоққа шығармайды. Жан құбылыстары туралы ғылыми мәні зор, тың пікірлерді кейінгі заманда ғұмыр кешкен Шоқан, Ыбырай, Абай, Шәкәрім, Әлихан, Ахмет, Міржақып, Мағжан, т.б. шығармаларынан да көптеп кездестіруге болады. Қазақ топырағында жан мәселелері жайлы ХХ ғасырдың басында өндірте жазған адамдардың бірі  Жүсіпбек Аймауытұлы (1829-1931). Ол бас аяғы 5-6 жылдың ішінде осы салада 6 кітап жазды. Олар: «Тәрбие жетекші» (1924.), «Психология» (1926), «Жан жүйесі және өнер таңдау» (1926), «Комплекеспен оқыту жолдары» (1929), мектеп оқушыларына арналған оқу кітабы, «Жаңа ауыл» (1929-1930), «Сауатсыздықты қалай жою керек?». Қазақстандағы психология ғылымы, әсіресе, Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдарда елеулі қарқынмен дами бастады. Мәселен, 1946 жылы қазақ педагогикалық институтында (Алматы мемлекеттік университеті) тұңғыш рет психология кафедрасы ашылды, 1947 жылы қазақ университетінде логика және психология мұғалімдерін даярлайтын арнаулы бөлім ашылды. Қазіргі кезде психологиялық зерттеулердің кешенді тақырыптары қолға алынып, оларды ұлт өміріне орайластыра жүргізудің маңызы артып отыр. Осы тұрғыдан келгенде, ауыл-село мектептерінің әлеуметтік-психологиялық мәселелері, мал шаруашылығына қажетті мамандардың, сондай-ақ жаңа типтегі лицей, гимназия, колледж, медресе шәкірттерін оқытып, тәрбиелеудің психологиялық проблемалары, талантты, дарынды оқушылардың өзіндік психологиясын, қос тілдік пен көптілдіктің психологиялық астарларын зерттеу, нарық экономикасына көшуге байланысты туындайтын сан алуан психологиялық жәйттер алдағы жерде өз шешімін күтіп тұрған өміршең ғылыми мәселелер болып табылады.

Жан дүниесінің сыры жайлы дәйекті пікірлерді қазақ ойшылдары да айтқан. Тіпті мұндай ой-пікірлер фольклорда, әсіресе, мақал-мәтелдерде көптеп кездеседі. Мәселен, «Тән ауырса, жан ауырады», «Тәні саудың  жаны сау», «Тән өледі, демек жан да өледі», «Жан бар жерде қаза бар», «Жан кеудеге қонақ», т.б. осындай мақалдарда жан мен тәннің ара қатынасы шындыққа сәйкес дұрыс пайымдалғанын байқау қиын емес. Жан  қазақ ұғымында жан-жануарға, адамға тіршілік, күш-қуат беретін рух.. Мәселен, С. Торайғыров (1893-1920 ж.ж. ) жан мен тән ылғи да бірлікте, байланыста болады. («Дене азыққа тоюдан жан ер жетер, жан ер жетіп, дүниенің сырын табар») адамның тәні өсумен қатар жаны да (ақыл-ой, сана-сезім) бірге өсіп, жетіліп отырады, осы екеуінің қоса өзгеруінің негізі тәнде, адам өлгеннен кейін, онда қимыл жоқ, сезім жоқ. . . жек көру жоқ, махаббат жоқ.. . Өмір жоқ, яғни бір сөзбен айтқанда тәннен бөлінген жанда еш уақытта өмір болмайды деп тамаша материалистік қорытынды жасайды. Осы іспеттес пікірді Шәкәрім Құдайбердиев те (1858-1931 ж.ж.) айтқан болатын («Жан тәнге, ақыл жанға маталып тұр»).




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет