Лекция №1 Тақырыбы Сурдопедагогика жалпы негіздері Жоспары



бет5/30
Дата01.07.2023
өлшемі117,44 Kb.
#103899
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30
Ұсынылған әдебиеттер
1.Выготский Л.С. Основы дефектологии7 Собр.соч. 6т. –М.,1983.
2.Ломов Б.Ф. Методологические и теоретические проблемы психологии. –М.,1999. –С.157.
3.Педагогика: Учеб.пособие для студентов педагогических учебных заведений Под.ред.П.Г.Пидкасистого. –М.,1998. –С.63.
4.Кумбс Ф.Г. Кризис образавания в современном мире: Систамный анализ.-М.,1970. –С.120.
5.Блонский П.П. Задачи и методы новый нородный школы Избранная педагогические и психологические сочинения: 2т. –М., 1979. –С.65.
6.Куписевич Ч. Основы общей дидактики. –М., 1986. –С.80.
7.Павлов И.П. Ответ физиолога психологам Избранные труды по физиологии высшей нервной деятельности. –М., 1950. –С.185.
8.Бельтюков В.И. Саморазвитие неживой и живой природы. –М., 1997. –С.206.
9.Занков Л.В. Избранные педаагогические труды. –М., 1990.
10.Назарова Н.М. Развитие теории и практики дефектологического образования. Сурдопедагог: История, современные проблемы, перспективы профессиональной подготовки. –М., 1992.
Бақылау сұрақтары
1.Сурдопедагогиканың қандай мақсаты және міндеттері бар? 2.Білім беру мақсаты қандай қызметтерді атқарады? 3.Л.С.Выготский дефектологияның проблемаларын зерттей келе қандай заңды негіздеген? 4.Білім беру мақсаттары қандай формада жүргізіледі?


Лекция №3
Тақырыбы: Сурдопедагогиканың даму тарихы
Жоспар:
1.Сурдопедагогиканың даму тарихы.
Тарихи мәліметтерге және әдебиеттер негізіне сүйенсек, естимейтін адамдарды, қалыпты дамыған адам қатарында санамаған, дегенмен Спарта және Аттика (Афина) жерлерінде естімейтін оқушыларды мемлекеттік оқу орындарында тәрбиелеген. Бірак бұндай балаларды ешқандай ұйымдастырылып оқытуға талпыныстары туралы мәліметтер сақталмаған.
Естімейтіндердің білім алуының және тәрбиеленуінің теориясымен практикасының проблемаларының тарихымен және әр түрлі ықпалдармен сипатталады. ( А.Г. Басова, С.Ф. Егоров, А.И. Дьячков, Г.Л. Зайцева, Н.Н. Малофеев, Н.М. Назарова, Г.Н.Пенин, және т.б).
Естімейтін адамдарға б.э.д. VІІІ-ІХ ғғ. Ерекше көңіл аударылғаны байқалады.
Көне Грекияда және Римде есту қабілеті зақымдалған балаларды оқыту жүйесі болмады. Антикалық мемлекеттерде «естімейтін сөйлемейтіндер» қоғамда тең құқықтары болмаған, оларды білім ала алмайтындардың қатарына жатқызған. Юстиниан кодексі ( б.э.д. 6 ғ) «кемтарларды» қамқорлыққа алған, туылғаннан естімейтіндер ауызша немесе жазбаша түрде өздерінің ойын айта алмайды, өзінің мүлігін басқара алмайды, ештенкеге қабілеті жоқ деп есептелінген.
Антикалық медицинада кереңдіктің табиғаттан тыс және оны емдеу мүмкін емес деген. Тек Аристотель (384-322 жж. Б.з.д.) «О чувствах чувствующих» және «О чувственных восприятиях и их обьектах», деген өзінің философиялық трактаттарында,баланың ақыл-ой қабілеттерінің дамуына кереңдіктің және мылқаулықтың кері ықпал етуін ашып көрсетті. Есту мүшесін маңызды таным құралы ретінде, ал мылқаулықты туғаннан пайда болған кереңдіктің салдары деп санаған.
Христиан дінінің пайда болуымен дамуында ауытқушылықтары бар адамдарға мейірімді қарым-қатынастар қалыптасады, бірақ, діни теріс ұғым және жоқ нәрсеге сенудің саны өсіп келеді. Кереңдік күнә үшін берілетін «Құдайдың қарғысы» ретінде көрсетілген.
Ерте орта ғасыр дәуірінде Европада дамуында кемшіліктері бар тұлғалардың құқығының шектелу дәстүрі қалыптаса бастады.
Естімейтіндерге білім берудің бірінші әрекеті ХVғ. жатады. Кереңдерді білім беру және тәрбиелеудің теориясы мен практикасы Батыс Европада пайда болған және сол уақыттағы көптеген ғалымдарды қызықтырған. Нидерланд ғалымы Рудольф Агрикола ( 1443-1485) «Диалектиканың ашылуы туралы» кітабында,арнайы әдіс және тәсілдердің көмегімен естімейтіндерді жазбаша сөйлеу тіліне оқыту мүмкін екені туралы жазды.
Италья профессоры Джероламо Кардано (1501-1576) өзінің «О тонкостях», «О физиологии чувств» және «О моей жизни» деген жұмыстарында кереңдікке физиологиядық түсініктеме берді, кереңдік аурудан пайда болады, ал мылқаулық-кереңдіктен пайда болады деген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет