Лекция №1 Тақырып: Экология ғылымының қалыптасуы және дамуының қысқаша тарихы



бет3/5
Дата10.12.2023
өлшемі89 Kb.
#136647
түріЛекция
1   2   3   4   5
Ғаламдық экология - табиғи және табиғи іс әрекетінен туындайтын биосфера шегіндегі, тіптен күн жүйесіндегі әлемдік өзгерістер мен құбылыстарды зерттейді. Мысалы: ядролық қауіп, экологиялық апаттар, климаттық ауытқу, қатерлі эпидемиялар т.б. яғни бүкіл әлемді қамтитын проблемалар.
Адам экологиясы - ауыл, село, қала тұрғындары мен дүние жүзі халықтарының сандық және халықаралық қарым-қатынастарды үйлестіру, көпшілікке үздіксіз экологиялық білім беру экологиялық мәдениет қалыптастыру, этика, мораль жағынан парасаттандыру, адамдардың экологиялық құқық қорғау және этникалық проблемаларды жан-жақты зерттеу. Жер шары тұрғындарының экологиялық қауіпсіздігін сақтау.
Нооэкология - адам, табиғат, қоғам арасындағы адами, әлеуметтік, экономикалық және экологиялық жағдайларды, қарым-қатынастарды бір бірімен үйлестіре зерттей отырып, одан туындайтын проблемаларды адамның парасаты ақыл-ойымен шешуін қамтамасыз етеді. Табиғат рессурстарын жүйелі пайдаланудың жаңа жоғары дәрежелі технологиясын жасау.

*Экология басқа ғылымдарымен тығыз байланысты. Биогеография, генетика, молекулалық биология, цитология, гистология, анатомия, биохимия және қоғамтану. Шет елдерде Англия, Францияда өндіріс орнын ашу үшін натуралистерден, экологиялық топтардан консультация алады. Ал біздің елде облыс орталықтарында арнайы комитеттер бар. Өкімет құрамында табиғатты қорғау және шикізат көзін тиімді пайдалану министрлігі бар. Өндіріс экологиялық орнын ашға экологиялық комитеттер мен министрліктің келісімі қажет.




Лекцияны бекіту сұрақтары:
1.Экология ғылымы нені зерттейді?
2.Экология қандай ғылымдармен байланысты?
3. Экология ғылымының қалыптасу кезеңдері туралы не білеміз?
4. Экология ғылымының негізін қалаушы және дамытушы ғалымдарды атаңыз?
5. Экология ғылымының қандай салалары бар?
Әдебиеттер
Негізгі
1. Бейсенова Ә.С.,Самақова А.Б.,ЕсполовТ.И.,Шілдебаев Ж.Б. Экология және табиғатты пайдалану.-А.: Ғылым,2004.-Б.16-26.
2. Оспанова Г.С.,Бозшатаева Г.Т.Экология.-А.:Экономика,2002.- Б. 3-4.
Қосымша

  1. Сағымбаев Ғ. Экология негіздері.-А.Рбк,1995. Б. 3-15.

  2. Ишмұхамедова Н.Б. Экология негіздері бойынша білімді қалыптастыру мен дамытудың әдістемесі.- Ғылым, 2006. Б. 6-12.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет