Қазақ мәдениетіндегі «құт» ұғымының аксиологиялық мәні мен мазмұны
Ортағасырлық түркі философиядағы «бақыт» ұғымы «ырыс», «береке» түсініктерімен қатар «құт» сөзі арқылы беріледі. Қашқари өзінің «Сөздігінде» оны ешқандай тәржімесіз береді: «Құт-құт, бақ-дәулет». Махмұт Қашқариде «құт» – бақыт сөзінің тек бір қырын ғана ашып отырғандығы, бірақ оны тек Тәңір беретіндігі айтылады. Жалпы құт ұғымының мәні мен мазмұны көпжақты: ол рухты немесе жанды, мүмкіндік пен өмірлік күшті, байлық пен игілікті де білдіреді. Қазақ мақал-мәтелдегі «құт» ұғымы «Құр жатқан - Тәңірдің құтынан қағылады», «Қонақ келсе - құт келеді», «Ерте тұрған еркектің ырысы артық, ерте тұрған әйелдің - бір ісі артық»
Қоғамдағы рухани құндылықтар ішінен әл-Фараби «ізгі қасиет» феноменін ерекше атап көрсетеді «Ізгі қасиеттің екі түрі болады –этикалық және интеллектуалдық. Интеллектуалдық ізгі қасиет – ақыл-парасатқа жатады, мәселен, даналық, парасат, ақыл-ойдың тапқырлығы мен өткірлігі, ұғымталдық. Этикалық ізгі қасиет – жанның ұмтылысына байланысты, мәселен, ұстамдылық, батылдық, жомарттық, әділдік»
Абу Насыр ибн Мухаммед әл-Фараби (870-950) «Қайырымды қаланың тұрғындары туралы трактат» Фәлсафа дәстүріндегі этикалық өлшем Фарабидің этикалық құндылықтар туралы ілімі
Әл Фараби құндылықтар әлемін қайырымды қаладан іздейді: «өзара көмектесу мақсатын қойған қала қайырымды қала болып табылады…» Әл Фарабидің қайырымды қала туралы ілімі Барлық қалалардағы бақытқа жету мақсатымен бір-біріне көмектесіп отыратын халық – қайырымды халық. Егер халықтар бақытқа жету мақсатымен бір-біріне көмектесіп отыратын болса, бүкіл жер жүзі осылайша қайырымды болмақ»
Жүсіп Баласағұнның пікірінше, төрт құндылық– әділет, дәулет, қанағат, ақыл бір -бірімен үндескен жағдайда ғана ел бақытқа жетеді