Фотохимияның I заңы: реакция энергиялық кванты белгілі бір шектен үлкен болатын тек сол сәулелерден туындайды: h( h)пор.
Фотохимияның II заңы (немесе фотохимиялық эквиваленттер заңы): әрбір жарық кванты тек бір молекуланы белсендіреді немесе реакцияға түскен молекулалардың саны сіңірілген кванттардың санына пропорционалды.
Кванттық шығым () маңызды сипаттама болып табылады
n – реакцияға түскен молекулалар санының қатынасы; h -жұтылған квант саныТеориялық түрде =1, ал практикалық түрде 1-ден үлкен де, кіші де болуы мүмкін.
Фотохимиялық реакциялар екі кезеңге жіктеледі. Бірінші кезеңде молекулалар сәулеленудің квантын жұтып, белсенді күйге өтеді. Бұл кезең жоғары жылдамдықпен жүреді, өйткені электрондар жоғары энергетикалық деңгейге тез ауысады. Екінші кезеңде молекула радикалдарға ыдырауы немесе басқа молекулалармен әрекеттесуі мүмкін.
Негізгі кинетикалық теңдеу
J0 –жарықтың интенсивтілгі; - жұтылу коэффициенті; -қабат қалыңдығы; с – ерітіндідегі бөлшектердің концентрациясы.