Лекция №11 Лекцияның тақырыбы: Ирак түріктерінің әдебиеті


ХХ ғасырға дейінгі ортақ әдебиет



бет2/3
Дата03.12.2022
өлшемі26,57 Kb.
#54598
түріЛекция
1   2   3

ХХ ғасырға дейінгі ортақ әдебиет


  • Жаңа дәуір әдебиеті бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін араб әлеміне жақындай түскен Иракт түрік әдебиеті өлмейтін өміршеңдігін танытты. Ақындар арасында әсіресе, Хижри деденің (1880-1952) жырлары халық ауыз

    әдебиетінің ерекшелігін сіңіргендіктен,ел аузындажазлып,таралды. Жатта .Түркия еліндегі Ұлттық әдебиет ағымының әсерімен жыр жазған ақындар арасында Қыдыр Лүтфи,Мехмет Садық,Решит Акиф Хүрмизлінің аттарын атауға болады.1950 жылдардан кейін әйгілі болған Есет Найб,Назым Рефик Кочак,Тефик Орхан,Иззеттин Абди Бейатлы сияқты қаламгер иелері бар. Ирак түріктерінің жас ақындары көбіне еркін ақ өлең түрінде жазады. Бұл ағымның негізін қалаған ақындар Несрин Ербил мен Салах Неврес.Ал,Мұстафа Зияны жас ақын-жазушылар арасында ең танымалы деуге толық негіз бар. Ирак түріктерінің әдебиетінде
    «хорият» деп аталатын жанрдың орны ерекше. Бұл салада танымал Мұстафа Гоккая, Насух Безирган, Мехмет Иззет Хаттатты жатқызуға болады.
    Әзірбайжан, Анадолы, Иран, Ирак, Сирия жерлері мен Түркі әлемінің ауқымды бөлігінде терең із қалдырған, туындылары түрік тасаффув (суфизм) әдебиетінде ерекше шығармалар қалдырған ұлы ғұламалардың бірі Имадеддин Несими.
    Несими 14-ғасырда өмір сүрген. Әзірбайжан аймағында ескі оғыз тілінде диуан өлеңдер жазған тұңғыш ақындардың бірі. Парсыша мен арабша диуандары бар Несимидің арабша диуандары қазіргі заманға келіп жетпеген. Бірақ екі тілде жазған өлеңдерінен арабшаны да жетік білгені байқалады.
    Несимидің туылған жері мен жылы туралы нақты мәлімет жоқ. Бірақ 1369- 1370 жылдары Әзірбайжанның Шамахи қаласында туылғаны айтылып жүр. Ирак түрік тілі зерттеушілері Несимидің Бағдат маңайында туылғанын, Ирак түрікмен өлеңінің негізін салушы екенін айтып жүр. Несимидің шын аты Али. Әкесі Сейіт Мұхаммед сол замандағы танымал адамдардың бірі еді. Несими «Сейіт», «Хүсейни», «Несими» деген лақаптармен өлеңдер жазған. Зерттеулер бойынша Несими бастауыш білімді Шамахиде алған. Кішкентай кезінен-ақ өлең мен пәлсапаға қызығушылық танытқан Несими өзінен бұрынғы ұлы ақындардың шығармаларын оқып, оларды түсінуге тырысқан. Несими әсіресе 10-ғасырда Бағдатта өлім жазасына кесілген Халлач Мансурдың тариқатын ұнатқан. Несимидің өмір сүрген кезеңі Әмір Тимур аймақта жаулаушылық жүргізген дәуір еді. Осы кезеңде Әзірбайжанда Миран шах егемендігі бар еді. Хуруфилік тариқаты да тап сол кезде жайыла бастады және Несими де жанұясымен осы тариқатқа кірді. Хуруфилік тариқатының құрушысы Тебриздің Фазуллах Наимимен Ширванда кездескен Несими алдымен оның шәкірті, кейін оның ең жақын мүриті болды. Бірақ Фазуллах Наими Әмір Тимурдың ұлы Миран шах тарапынан ұсталып, Элинже қамалы маңайында өлтірілгеннен кейін Әзірбайжаннан Анадолыға келді. Анадолыда болған кезінде Хуруфилікті жаюға тырысқан Несими ол жерден Алеппоға етуге мәжбүр қалды. Барлық Хуруфилер сияқты қуғынға ұшыраған Несими 1417- жылы Алеппода терісі сыдырылып өлтірілді. Несими идеалист ақын еді. Көне оғыз түрікшесі, әсіресе Әзірбайжан әдебиетінде жазылған алғашқы пәлсапалық өлеңдер оның өлеңдері. Өз заманында кең таралған идеологияға қарсы шыққан Несими Құрандан шабыт алып, адамды жаратқанның жер жүзіндегі көрінісі ретінде көреді және
    өлеңдерінде осы көзқарасты жырлайды. Несими пантеизм немесе «вахде-и вужут»қа сенеді. Оның пікірі бойынша тән пен рух бір бүтін. Кәміл адамға құрмет көрсетілуі керек және адам рухани құндылықтарды құрметтеуі керек. Несими күллі қысымдарға қарамастан Таяу Шығыс елдеріне аса үлкен әсер етті. Оның аймақтағы елдердің поэзиясына қосқан үлесі ғасырлар өткеннен кейін жазылған өлеңдерде анық байқалады. Хабиби; Фузили, Натаи мен Кавси сияқты ақындарға әсерін, Анадолы Бекташилері арасындағы алар орнын барлығы біледі.
    Ақын өз өлеңдерінде сауатсыз адамдарды сынға алады, өмірдің жақсы жақтарынан үйренуге шақырады. Оның лирикалық өлеңдері табиғатты суреттейтін газелдері оқырманның эстетикалық талғамын ояндырады. Несими сонымен қатар билеушы таптың зұлымдығы мен әділетсіздігін, жаулап алушылардың талан-таражын және оларға қызмет еткен адамдардың сатқындығын сынайтын да туындылар жазған. Сөзге шебер ақынның өлеңдері әдеби жағынан айшықталып жазылған, эстетикалық құны жоғары туындылар. Несимидың өлеңдері адамның әдемі жақтарына, адамның күшіне арнап жазылған марш секілді. Бірақ бұл әсемдік, бұл күш әлемдегі барлық адамдарға тән қасиет емес. Тек қана өзін таныған, жетілдірген кәміл адамдарға ғана тән. Имадеддин Несимидің 600-жылдық мерейтойы ЮНЕСКО-ның ат салысуымен көптеген елдерде тойланып өтті.




    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет