Лекция 13. Салық жүйесі >13. 1



Pdf көрінісі
бет4/7
Дата09.05.2022
өлшемі256,11 Kb.
#33249
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Лекция 13

 

13. 4 Салық салуды ұйымдастыру салық қатынастары нысандарының 

элементтерін, яғни салық түрлерінің нақты аттарын, сондай-ақ оларды қолданудың тәртібі 

мен әдістерін, іс-қимылының тәсілдерін қамтитын салық механизмін құруға және оның 

жұмыс істеуіне саяды. Салық механизмінде өзара байланысты элементтерден тұратын 

арнаулы нұсқаулық қолданылоды.(1-сызба «салық механизмінің элементтері» 33-бет) 

Қазақстан  Республикасының  қазіргі  салық  жүйесі  салықтарды  құру  мен  алудың 

нақтылы  әдістерін  анықтайды,  салықтың  тиісті  элементтері  арқылы  салық  салудың 

тәртібін белгілейді.  

Негізгі салық элементтеріне мыналар жатады: салық субъектісі , салық салынушы, 

объектісі,  салық  базасы,  салық  салудың  өлшемі,  салық  мөлшерлемесі,  үлес,  салықпұл, 

салық  жеңілдіктері,  салық  төлеудің  мерзімі  мен  тәртібі,  салық  төлеушілер  мен  салық 

органдарының  міндеттіліктері  мен  құқықтары,  салықтарды  төлеуді  бақылау,  салық 

заңнамасын бұзғаны үшін санкциялар және басқалары. 

Салық  субъектісі  немесе  салық  төлеуші.  Ол  –  салықты  және  бюджетке  басқа 

төлемдерді  төлеуші  тұлға,  алайда  нарық  механизмі  арқылы  салық  ауыртпалығы  басқа 

тұлғаға – салық салынушыға аударылуы мүмкін. 



Салық салынушылар – нақты салық ауыртпалығы түсетін жеке тұлғалар, түпкілікті 

салық төлеушілер, яғни мемлекет азаматтары. 



Салық  объектісі.  Мүлік  пен  іс-әрекеттер  салық  объектілері  және  салық  салуға 

байланысты объектілер болып табылады, олардың болуына байланысты салық төлеушінің 

салықтық міндеттемесі тувндайды. 

Салық базасы. Салық базасы – салық салу объектісі мен салық салуға байланысты 

объектінің  құндық,  заттық  немесе  өзге  де  сипаттамалары,  олардың  негізінде  бюджетке 

төленуге тиіс салықтар және басқа да міндетті төлемдердің сомасы анықталады.  

Салықтың негізгі базасы мыналар болып табылады: 



Табысқа  салынатын  салық.  Бұған  корпорациялық  табыс  салығы  мен  жеке  табыс 

салығы жатады. 



Тауарға салынатын салықтар. Олар қосылған құнға салынатын салықтарды, кеден 

баждарын қамтиды;  



Капиталға  салынатын  салық.  Оған  жер  салығы,  мүлікке  салынатын  салық  және 

басқалары жатады. 



Салық  мөлшерлемесі.  Салық  мөлшерлемесі  –  салық  базасының  өлшем  бірлігіне 

салық есептеулурінің шамасын білдіреді. Ол салық базасының өлшем бірлігіне пайызбен 

немесе абсолюттік сомамен белгіленеді. 

Салық  кезеңі.  Жекелеген  салықтар  мен  басқа  да  міндетті  төлемдерге  қатысты 

белгіленген  уақыт  кезеңі  салық  кезеңі  деп  түсініледі,  ол  аяқталған  соң  салық  базасы 




анықталады  және  бюджетке  төленуге  тиісті  салықтар  мен  басқа  да міндетті  төлемдердің 

сомасы есептеледі. 



Салықпұл – субъектінің бір объектіден төлейтін салық сомасы.   

Салық  жеңілдіктері  –  заңнамаға  сәйкес  төлеушілерді  салықтан  толық  немесе 

ішінара босату. Салық жеңілдіктеріне мыналар жатады: 



Салық  салынбайтын  минимум  –  салық  салудан  толық  босатылатын  салық 

объектісінің  ең аз бөлігі; 



Табыстың  есептелген  сомасынан  шегерілетін  шегерімдер  (асыраудағы  жандарға, 

мүгедектерге  –  халықтан  алынатын  табыс  салығы  бойынша;  күрделі  қаржыларға, 

әлеуметтік  объектілерді  ұстауға,  табиғат  қорғаушараларына  жұмсалатын  шығындардың 

сомасынан – пайдаға салынатын салық боойынша және т.т.); 



Салық  салынатын  табыстың  құрамына  кіріктірілмейтін  сома  (мысалы,  босату 

кезіндегі  ұйғарымды  жәрдемақы,  халықтан  алынатын  табыс  салығы  бойынша  өтемақы 

төлемдерінің сомасы); 

Салық  салудың  жеке  субъектілері  мен  төлеушілердің  санаттары  үшін  салық 



мөлшерлемесін төмендету. 

Салық жеңілдіктеріне сонымен қатар төлеу мерзцмцн ұзарту және салық бойынша 

бересіні есептеп шығару да жатады. 

Жеңілдік  кезеңі  –  салықтар  бойынша  заңмен  белгіленген  жеңілдіктердің  іс-әрекет 

ететін уақыты. 



Салық  төлеушілер  мен  салық  органдарының  құқықтары  мен  міндеттіліктері  – 

билік пен басқару органдарының салық заңнамасымен реттеледі.  



Салықтық  бақылау–  салық  службасы  органдарының  салық  заңнамасының 

орындалуын, жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналарының толық 

және уақтылы аударылуын бақылауы. 

Салықтық бақылау мынадай нысандарда жүзеге асырылады: 

 

Салық төлеушілерді тіркеу есебі; 



 

Салық  салу  объектілері  мен  салық  салумен  байланысты  объектілерді  есепке 



алу; 

 



Бюджетке түсетін түсімдерді есепке алу; 

 



Қосылған құнға салынатын салықты төлеушілерді есепке алу; 

 



Салық тексерістері; 

 



Камералық бақылау; 

 



Салық төлеушілердің қаржы-шаруашылық қызметінің мониторингі; 

 



Фискалдық жады бар бақылау касса-машиналарын қолдану ережелері; 

 



Акцизделетін  тауарлардың  кейбір  түрлерін  таңбалау  және  сату  тәртібін 

сақтауды тексеру; 

 

Уәкілетті органдарға бақылау жасау. 



Кедендік  бақылау  агенттігі  өз  құзыры  шегінде  Қазақстан  Республикасының  кеден 

шекарасы  арқылы  тауарлардың  өтуімен  байланысты  төленуге  тиіс  салықтарды  және 

бюджетке  төленетін  басқа  да  міндетті  төлемдерді  өндіріп  алу  жөніндегі  салықтық 

бақылауды Салық кодексыне және кеден заңнамасына сәйкес жүзеге асырады. 

Салық  құпиясын  салық  төлеуші  және  оның  қаржы-шаруашылық  қызметі  туралы 

салық службасы органдары алған кез келеген мәліметтер құрайды. 

Салық  заңнамасын  бұзған  салық  төлеушілерге  олардың  жасырған  сомасын, 

төмендеткен  табымтарын  төлеттіріп  алу  бұзу  ауыртпалығына  қарай  үлестік  немесе 

еселенген  көлемде  айыппұлдар,  бюджетке  төленетін  төлемдер  мерзімін  өткізіп  алғаны 

үшін өсімдер түрінде санкциялар қолданылады. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет