Лекция 14. Отбасы тәрбиесінің негіздері



бет1/3
Дата10.11.2022
өлшемі19,68 Kb.
#49046
түріЛекция
  1   2   3
Байланысты:
Лекция 14. Отбасы т рбиесіні негіздері. 14 Отбасы-бала т л асын


Лекция 14. Отбасы тәрбиесінің негіздері.
14.1.Отбасы-бала тұлғасын әлеуметтендірудің факторы және субьектісі ретінде.
14.2. Отбасының қызметтері, типтері. Отбасы тәрбиесінің нормативтік-құқықтық негіздері.
14.3. Отбасында педагогикалық үдерісті ұйымдастыру.
Отбасы-бала тұлғасын әлеуметтендірудің факторы және субьектісі ретінде.
«Отбасы тәрбиесі» ұғымының өзі «отбасы» мен «тәрбие» категорияларының жиынтығы ғана емес, олардың синтезі де болып табылады. Оның қызметі мен рөлі, отбасындағы тәрбие толығымен қоғамдық өмір заңдылықтарына байланысты дамиды. Отбасы баланың жеке басының қалыптасуына екіжақты әсер етеді:
- Біріншіден, отбасының материалдық жағдайын сипаттайтын өзіндік өмір сүру дәстүрі арқылы, яғни отбасы мүшелерінің материалдық жэне рухани қажетсінуі мен әлеуметтік құндылықтары арқылы.
- Екіншіден, әлеуметтік және белгілі бір мақсатқа бағытталған әсер арқылы.
Бұл көбінесе отбасындағы негізгі көзқарас пен тәрбие үрдісі қоғамның тәрбиелік мақсатына,идеялық, адамгершіліктік және эстетикалық талаптарына қаншалықты сәйкес келуіне байланысты жүзеге асырылады. Қазақ педагогикалық энциклопедия сөздігінде отбасы тәрбиесі ұғымы былайша түсіндіріледі: «Отбасы тәрбиесі - туысқандық қарым-қатынастар мен тұрмыс жайттары балаға үздіксіз ықпал етуші тәрбиелік күш». Отбасы тәрбиесінің мәнін ашу үшін «тәрбиелеу» және «әлеуметтендіру» ұғымдарын байланыстырып қарастыру қажет. Бүгінге дейін педагогикалық әдебиеттер мен мемлекет тарапынан жарық көрген құжат-тұжырымдамаларда «тәрбие» ұғымына әртүрлі анықтамалар беріліп келді. 1993 жылы қабылданған тәлім-тәрбие тұжырымдамасында: «Тәрбие - халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған озық тәжірибесі мен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру, баланың қоршаған ортадағы қарым-қатынасын, дүниетанымын, өмірге деген көзқарасын және соған сай мінез-құлқын қалынтастыру» - деп анықтама беріледі, Демек тәрбие - бұл қоғам талабына сай адамды қалыптастыруда белгілі бір мақсатқа сәйкес жүйелі әрі саналы түрде әсер ету болып табылады екен. Тәрбие жан-жақты дамыған, кең ауқымдағы көп мәдениеттілікті бойына сіңірген адамды қалыптастыруды көздейді. Бұл үрдіске әсерін тигізетін факторлар көп. Оқушыларды әлеуметтендіруге ықпал ететін негізгі факторларды ескере отырып, тәрбиені отбасы тәрбиесі және қоғамдық тәрбие деп екі түрге бөлуге болады. Олай болса, тәрбие қоғамдық өмірдің жалпы және қажетті категориясы болып табылып, тәрбиенің мақсат-мазмұны, ұйымдастыру түрі, әдісі қоғамдық қатынастардың тарихи дамуына сәйкес өзгеріп отырады.
Кейде «тәрбиелеу» ұғымы «әлеуметтендіру» ұғымымен сәйкестендіріліп түсіндіріледі.
Әлеуметтендіру - латынның «социалус» деген сөзінен аударғанда «қоғамдық» деген мағынаны білдіреді. Яғни, қоғамдандыру немесе қоғамда өмір сүруге икемдеу деген сөз.
Дүниені және өзін әлемнің шағын бір бөлігі ретінде тани келе, адамдармен әртүрлі қатынастарда, оның материалдық және рухани тұтыну қажеттерін өтейтін қатынастарда бола отырып, бала қоғамға кіреді, оның мүшесі болады. Жеке адамның қоғамға осылайша араласу процесін, яғни жеке адамның қалыптасу процесін әлеуметтендіру деп атайды деген.
Әлеуметтендіру тәрбие жүйесінде жеке тұлғаны белгілі бір мақсатта әрекетке түсіру кезінде жүзеге асырылады. Оған бірнеше факторлар ықпал етеді. Олар отбасы, отбасынан тыс тәрбиелік мекемелер және оқу орындары, еңбек ұжымдары, қоғамдық ұйымдар, жолдастар, таныстар және т.б. Соның ішінде негізгі фактор отбасы болып табылады. Бүгінгі нарықтық қатынас отбасына және ондағы тәрбие үрдісіне үлкен әсерін тигізіп отыр.Отбасында баланың өмірдің мақсаты, оның құндылықтары, не біліп, өзін қалай ұстау керектігі туралы алғашқы мағлұматтар меңгеріледі және онда басқалармен қарым-қатынас орнатуға дағдыланады. Сөйтіп, өзінің «кім» және «қандай» екенін, басқалардың «кім» және «қандай» екенін тәжірбиеде сынап байқап көреді. Балар отбасында әртүрлі жағдаяттар мен төтенше ахуалдарда өзін ұстаудың нормаларын, мінез-құлқын реттеудің өлшемдерін меңгереді. Отбасы психологиясын зерттеушілер А.Г.Харчев, А.Н.Антонов, З.И.Файнбург, Д.Горборинко оның функцияларын ата-ананың үгіт-насихаты, түсіндіруі, олардың үлгі-өнегесі, үйдегі ахуал, отбасының психологиялық тынысы арқылы балалардың әдеті, мінез-құлқы, жақсы-жаманды бағалау уәзіндері (критерий) қалыптасуымен бірге қандай қылықтары үшін сөгіс алып, не үшін жазаланатынын, әділдік пен адалдық үғымдарын меңгереді деген тұжырымдар жасады.
Қазақстан Республикасының Конститутциясында «балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу - ата-ананың табиғи құқығы әрі парызы» деп, отбасының міндеті нақты көрсетілген. Сонымен бірге, отбасы туралы заң жоғары және орта білім тұжырымдамасында әрбір отбасына өзінің ұрпағын тәрбиелеп, қатарға қосу міндеті жүктелген.
Қазіргі заманда отбасының құрылымы өзгеріп, оның мүшелер саны азайып, бала саны да кеми түсті. Қоғамдағы әлеуметтік, мәдени экономикалық жаңғырулар, әр түрлі сипаттағы әлемдік деңгейдегі ақпарат алмасу, отбасы мүшелерінің арасындағы қарым-қатынас сипатына да өз әсерін тигізіп отыр. Қазіргі аналардың көпшілігі жұмыс жасайтын болғандықтан бала уақытының көбін пассивті тәрбиешілермен өткізеді. Бала тәрбиесі қалалық отбасына тән болып отырған келесі ерекшеліктерімен шартталған: балалардың көбісі күннен күнге ұлғайып отырған айырылысулардың нәтижесінде әкесіз немесе анасыз өседі; теледидар, жеке бөлме т.с.с. өркениеттің жетістіктері балалар мен олардың ата-аналарының арасындағы қарым-қатынас процесін қиындатады.
Қарым-қатынастың адамзат өмірінде аса маңызды роль атқарады. Қарым-қатынас нәтижесінде тұлғааралық байланыс орнығып, өзара мәміле қалыптасып дамитындығы әр жеке тұлғаның қалыптасуында жетекші факторлардың бірі болады. Қарым-қатынас барысында өзара пікір алмасу, сезім әлеміне бірлесіп ләззат алу, қайғы, қуанышта ортақтас болу арқылы адамдар арасында сенімді кең ауқымды эмоциялар арқылы екі немесе бірнеше психологиялық жүйе не бірнеше рухани әлем және ой-пікір, сана-сезім, мінез-құлық, қылық-жорықтар арасында келісім, өзара түсіністік, не болмаса қақтығыс, талас-тартыс, қарама-қайшылық тұрғысындағы мәміле үрдісі іске асады (А.В. Мудрик, А.В. Запорожец, Қ. Жарықбаев, Ж.Ы.Намазбаева, С.М. Жақыпов, М. Мұқанов ) [1, 8-9]




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет