Лекция: 15 Семинар: 15 СӨЖ: соөЖ: Консультация: 2 Емтихан: 4



жүктеу 311.61 Kb.

бет3/3
Дата03.03.2017
өлшемі311.61 Kb.
түріЛекция
1   2   3

Пиджин,  креол  тілдері.  Кейбір  елдерде  халықтар  арасындағы  қарым-

қатынас қызметін пиджин  тілдері атқарады (пиджин-инглиш, лингва-франка, 

бичламар, португал пиджин). Мұндай гибридті тілдер Қиыр  Шығыс, Мұхит 

елдерінде, Батыс Африка, Латын Америка елдерінде орын алған.  

Пиджин  қарым-қатынас  жағдайында  ортақтығы  жоқ  түрлі  топтағы 

тілдер арасында болады, көбіне ауызша түрде жүзеге асады. Пиджин тілдер 

қзметі  жағынан  шектеулі,  этникалық  топтың  ешқайсысының  ана  тілі болып 

танылмайды.  

Ал  белгілі  бір  этностың  туған  тілі  болып  кеткен  пиджин  тілін  креол 

тілдер деп атайды.  



Пиджиндер  (ағыл.  business  сөзін  бұзып  айтудан  шыққан)  орысша 

пиджины.  Негіз  тілдің  құрылымын  бұзып,  қарапайымдап  дамудан  пайда 

болған тілдер типі. Пиджин көбінесе ағылшын тілінің негізінде қалыптасқан, 

сонымен бірге француз, испан, португал тіллдері негізінде қалыптасқандары 

кездеседі.  П.халқы  аралас,  әр  текті  елдерде  этносаралық  қатынас  құралы 

ретінде қолданылады. П.тілдің табиғи дамуы нәтижесінде емес, этносаралық 

қатынас  жағдайында  негіз-тілдің  өзгеруінен  туғ,ан.  Ол  –  генетикалық 

дамудан  пайда  болмаған,  аймақтық-типологиялық  категория.  П.  белгілі 

жағдайда ірі аймақтарда койне түрінде, кейде ресми тіл түрінде қызмет етеді.  



Креол тілдер (фран. Creole < исп. Criollo) белгілі бір еуропалық тілдің 

бір кезде отарланған байырғы халықтың қатынас құралы ренітде қолданылуы 

нәтижесінде  туған  аралас  тіл.  Креол  тілдер  негіз-тіл  мен  жергілікті  халық 

тілінің пиджинделуі процесі негізінде туып, жергілікті халыққа ана тіліндей 

қызмет етеді. Креол тілдер Африка, Азия, Америка, Океания елдерінде 25-30 

млн. адам сөйлейді (Ғ.Қалиев). 



 

17 


Ал  тілдердің  бәсекелестігі  мен  қақтығысы  нәтижесінде  бір  тілден  бір 

тілге  кірме  сөздердің  ауысуы  орын  алады.  Бір-бірімен  ондай  әрекеттестікке 

түскен  тілдердің  алып  отырған  орнына  қарай  субстрат,  суперстрат  және 

адстрат деп бөлінеді [].  

Креол.  Бразилияда  ақ  адамның  негрден  туған  балалары  мулаттар, 

индеецтерден туған балалары кабакко, ақ әйелдерден жаңа құрлыққа келген 

соң  туған  балалары  креол  деп,  ал  негр  мен  индейлердің  ортасынан 

шыққандар мамелуко деп аталыпты (Ә.Кекілбай, Тіл және тәуелсіздік, 89-б.). 

 

Субстрат  (лат.  sub  –  астыңғы,  stratum  –  қабат)  белгілі  бір 

лингвогеографиялық  ортада  ежелгі  тілден  қалған  көне  бірліктер.  Субстрат 

кірме  сөздерден  бөлек  нәрсе,  оның  негізінде  этникалық  араласу  және 

кірмелердің  тілдік  ассимиляциясы  жатыр.  Субстрат  тілдік  ассимиляцияның 

қостілділік кезеңінен кейін пайда болады. Субстрат теориясы ХІХ ғ. басында 

пайда  болған  (Я.Бредсдорф),  60-80  жж.  Г.Асколи,  ГүШухардт,  А.Мейе, 

О.Есперсен  дамытқан.  Қайсібір  тілдің  ішкі  даму  заңдылықтары  болып 

табылмайтын  ерекшеліктер  жиынтығы  (фонетикалық,  синтаксистік, 

лексикалық).  

Олар  жұтылған  этнос  тілінің  қалдықтары  болуы  мүмкін  [А.Салқынбай, 

Е.Абакан. Тіл әлемі. 374-б.]. Мысалы француз тілінің субстраты ретінде галл 

тілі, испан тілінде  – ибер тілі, румын тілінде  – дак тілі. Бұл тілдердің бәрін 

латын тілі ығыстырған. Алайда жойылған субстрат-тілдердің әсерінен латын 

тілі  өзгеріп,  қазіргі  роман  тілдері  қалыптасты  [З.Д.Попова,  И.А.Стернин. 

Общее языкознание. 374-б.].   

Суперстрат (лат. super -  үстінгі,  stratum -  қабат,  қатпар)    байырғы 

тұрғындардың тілінде сақталып қалған келімсектер тілінің іздері. Суперстрат 

ұғымын 

субстратқа 



антоним 

ретінде В. 

фон 

Вартбург енгізген. Субстрат сиякты 



суперстрат 

тілдің 


алдымен фонетикасы мен грамматикасында, 

аз 


дәрежеде 

лексикасында кездеседі. Тілдік ықпалдың  бұл  екі  түрін  ауысқан  кірме 

элементтерден  айыру  қиын.  Субстрат  ұғымына  қарағанда  Суперстрат  тіл 

білімінде сирек қолданылады.  



Адстрат  –  белгілі  бір  тілдің  элементтері  көлемді  түрде  басқа  тілдің 

жүйесіне еніп, алайда сол тілдің өзі басқа, көршілес аумақта тіршілік етеді.  

Туыс  емес  тілде  сөйлейтін  халықтар  тілдік  одақ  құруы  мүмкін.  Ондай 

одақтар  туралы  Б.де  Куртэне  еңбегінде  сөз  етіп,  лингвистикада 

Н.С.Трубецкойдың  еңбегінен  кейін  термин  ретінде  қалыптасты.  Мәселен, 

Прага лингвистері Балқан түбегіндегі тіллдерді зерттей келе территориялық 

жағынан  жақындығы  мен  күнделікті  экономикалық,  мәдени  байланыстар 

нәтижесінде туыс емес тілдерде сөйлейтін адамдардың тілінде семантикалық, 

грамматикалық  жағынан  ұқсас  үдерістер  байқалатынын  анықтаған.  Балқан 

тілдік одағына болгар, румын, грек және албан тілдері кіреді. Бұл тілдердің 

барлығының  ортақтығы  септеу  жүйесінің  ықшамдылығымен,  белгілі  бір 

артикльдің дамуымен, кейбір келер және өткен шақтағы модельдердің және 

ортақ  лексикалық  бірліктердің  болуы  сияқты  құбылысарымен  байланысты 


 

18 


екен. Сонымен қатар, туыс емес тілдердің Поволжиядағы тілдік одағы (фин-

угор  тілдері  –  марий,  удмурт  және  түркі  тілдері  –  башқұр,  татар,  чуваш), 

Орталық  Азия  (Гималай)  тілдік  одағын  (үндіеуропа  тілдерінің  тобы  мен 

тибет-қытай тілдері) атауға болады.  

Тілдік  одақтар  –  әлемдегі  тілдердің  жақындасуына  (конвергенция) 

апарады.  

Тілдердің  өзара  байланысуына,  екі  тілде  сөйлеуіне  байланысты 

қостілділік құбылысы пайда болып, әрі оған қатысатын адамдардың санына 

қарай топтық және жалпылық қостілділік болып ажыратылады.  

Топтық  қостілділік  белгілі  бір  мамандық  бойынша  біріккен  адамдарда 

(аудармашы,  дипломаттар,  ғалымдар),  таптық  қатыстылыққа  (ХІХ  ғ.  орыс 

аристократиясының француз тілінде сөйлеуі) байланысты қалыптасады.  

Жалпылық қостілділік белгілі бір этникалық  топтың өзге тілдің ұлттың 

қоршауында,  солармен  аралас  өмір  сүруімен  байланысты  қалыптасады. 

Мысал  ретінде  еуропа  елдеріндегі  сығандардың,  АҚШ,  Канададағы 

эмигранттардың,  көпұлтты  мемлекеттердегі  ұлттық  азшылықтардың 

қостілділігін айтуға болады.    

 

  



ҚОСТІЛДІЛІК МӘСЕЛЕСІ 

 

Әрбір  адам  өз  ана  тілінде  сөйлегенді  қалайды.  Алайда,  көптілділік 



жағдаятында  өзінің  қалаған  тілінде  ғана  сөйлеу  мүмкін  бола  бермейді. 

Сондықтан  адам  күнделікті  қарым-қатынаста    көптілділік  факторының 

әсерінен  немесе  кеңінен  қолданылатын  тілді  үйрену  арқылы  оны 

халықтармен қатынас үшін екінші тіл ретінде қолданыла алады. Көптілділік 

қоғамда,  әсіресе азшылық болып  саналатын  тіл  иелері ондай  тілді  үйренуге 

мәжбүр болады.  

Монолингвизм – біртілділік 

Билингвизм – қостілділік 

Мультилингвизм – көптілділік 

Көпшілік  әдебиеттерде  қостілділік  (билингвизм –  лат.  bi  –  екі,  lingua – 

тіл)  деп  айтылса,  Б.Хасановтың  зерттеуінде  оны  қостілділік  емес  биречье, 

двуречье деп қарастырады.    

Адам келесі бір тілді екі түрлі жолмен үйренеді, бірі тілдік орта арқылы, 

екіншісі мақсатты түрде үйрену арқылы.  

Жалпы адам баласында тумысынан тілді үйрену қабілеті болады. Алайда 

бұл  тілдік  қабілет  әр  адамда  әр  түрлі,  түрлі  жағдайлардың  әсерінен  тума 

қабілетті қолданбауы да мүмкін.  

Халықтардың ұзақ уақыт қарқынды қарым-қатынаста болуы екі тілділік 

жағдайға  әкеледі.  Бір  тілділік  жағдаят  жер  бетінде  өте  аз  десе  де  болады. 

Қайта екі тілділік жағдаят басым болып отыр. ТМД елдеріндегі, Үндістанның 

әрбір  штатында,  Африка,  Латын  Америкасы  елдерінде  түрлі  тілдердің 

өздеріне  тән,  қайталанбас  әлеуметтік,  мәдени  және  этнотілдік  жағдайы 

қалыптасып отыр.  



 

19 


Қазіргі мемлекеттердегі көптілділік әртүрлі қалыптасып отыр.  

Бельгияда (10 млн. халық) – нидерланд және француз тілі. Швейцарияда 

(6  млн.)  неміс,  француз,  итальян,  ретророман  –  ресми  тілдер  болып 

табылады.  

Испанияда  (37  млн.)  мемлекеттік  тіл  –  испан  тілі,  сонымен  қатар  баск, 

каталон, галий, астурия тілдері қызмет етеді.  

Нидерландия  (Голландия)  (15  млн.)  нидерланд  тілі  ресми  тіл,  ал  фриз 

тілінде 400 мың адамсөйлейді.  

Финдляндияда  (5  млн)  1919 ж.  бері  ресми  тіл  – фин  және  швед  тілдері 

болып саналады.  

Қазіргі Ресейде әрқилы халықтардың 140 тілі өмір сүреді.  

Қазақстанда да қостілділік жағдаят орын алып отыр.  

Билингвизм  адамның  түрлі  жағдайға  байланысты  екі  тілді  қолдануы. 

Мәселен,  жұмыста  ресми  жағдайда  бір  тілді,  ал  үйде,  тұрмыста  келесі  бір 

тілде  сөйлеуі  мүмкін.  Мұндайды  көбінесе  жекелік  (индивидуалды) 

қостілділік деп атайды. Оның өзін де координативті – адамның екі тілді тең 

дәрежеде  біліп,  қолдануы  және  субординативті  –  тілдің  біреу  басыңқы, 

екіншісі бағыныңқы деп қарастырады.  

  Билингвизм аралас отбасында туған бала тумысынан қос тілді меңгеріп 

өседі.  

Кеңінен  таралған  жағдаят  территориялық  қостілділік,  яғни  көршілес 

отырған халықтардың араласуы нәтижесінде орын алады.  

Шартты  түрдегі  қостілділік,  яғни  басқа  елге  қоныс  аударған 

эмигранттарда  болатын  жағдай.  Өйткені  сол  елдегі  ресми  тілді  игермей 

жұмысқа,  әсіресе  престижді  болып  табылатын  жұмысқа  орналасу  қиын,  не 

мүмкін  емес.  Осы  жағдаятқа  бұрынғы  КСРО  кезіндегі  республикалардағы 

жағдаятты келтіруге болады.  

Сонымен  қатар  ғылыми,  көркем  әдебиеттегі  қостілділік  болады  екен. 

Мәселен, өз тілін біле тұрып, басқа тіле шығарма жазу. О.Сүлейменов – орыс 

және  қазақ  тілдерінде,  М.Ибрагимбеков  –  авар  және  орыс,  Р.Кутуй    татар 

және орыс.  

Ұлттық  қостілділік  белгілі  бір  тілдік  ұжым  аясында  екі  тілдің  қатар 

өмір сүруі, түрлі коммуникациялық салаға байланысты әлеуметтік жағдаятқа 

орай екеуін де қолдану.  

Билингвизм  бірте-бірте  бимәдениетті  алып  барады.  (Осы  орайда  «Тілі 

екеудің  діні  екеу»  деген  Ақыт  Үлімжіұлы  өлең  жолдарын  айта  кетуге 

болады).  Көбіне  екі  тілді  адамдар  эмигранттардың  балалары  мен  ұрпағы 

болады. Алайда екі, үш ұрпақтан кейін олар келесі тілге көшеді.  

Осы  жерде  шет  елдегі  қазақтардың  тілінің  сақтағанын  үлкен  құбылыс 

деп атауға болады.  

Сонымен  қатар  қостілділіктің  рецептивті  (өзге  тілде  сөйлеуді  түсіну) 

және продуктивті (өзге тілде сөйлей білу) түрлері де бар.  

Негізінен  екі  тілде  еркін  сөйлеп,  түсінісе  алатын  адамдарды  билингв 

атайды.  Ал  егер  бір  мектепте  келесі  тіл  нашар  оқытылып,  адам  сол  тілде 


 

20 


сөйлемейтін болса, мәтінді тек сөздік арқылы оқып, түсінетін болса, ондайды 

билингв деп атауға негіз жоқ.   

Екі  тілділікпен  қатар  үштілді  тұрғындары  бар  елдер  де  кездеседі. 

Мысалы,  Самарқандта  өзбек-тәжік-орыс,  еврей-өзбек-орыс,  корей-өзбек-

орыс, татар-өзбек-орыс түріндегі үштілділік кеңінен таралған.  

Язык-посредник  (арадағы  тіл).  Бірнеше  ұлты  тұратын  елдерде  басқа, 

бөтен тіл қарым-қатынас қызметін атқарады. Мысалы, қазақтардың, басқа да 

ұлттардың орыс ұлтынан бөлек өзге ұлттармен орыс тілінде қарым-қатынас 

жасауы.     

Кейде  мұндай  бөтен  тіл  ретінде  тек  қана  тірі  тіл  емес,  эсперанто, 

санскрит сияқты өлі тілдер де қызмет істейді.   

Қостілділіктің  қалыптасуын  зерттей  келе,  алғашқыда  кірме  сөздердің 

тілге  енуі  түрінде,  кейін  көбейіп,  жинақталып,  өздігінше  жүйе  құрай 

алатындай деңгейге жетіп, сіңісе береді екен.  

 

Ал  Ресей  және  сол  Қытайдың  өз  құрамындағы  тілінен,  дінінен,  салт-



дәстүрінен  айырылған  ұлттың  қайта  қалпына  келген  ешқайсы  жоқ,  үлкен 

ұлтқа  мүлде  жұтылып  тынды.  Мұндай  ұлттардың  талайының  ізі  тарихта 

сайрап жатыр. 

 

 



ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТІЛДІК ЖАҒДАЯТ.  

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ МӘСЕЛЕСІ 

 

Әлемде біртілдікке қарағанда қостілдік кеңінен тараған. Тіпті  көптілдік 



жағдаят  орын  алып  отыр.    Жер  бетіндегі  елдерде  тілдік  жағдаяттардың 

әртүрлі  болып  қалыптасқан.  ТМД  елдерінде,  Үндістан,  Африка  мен  Латын 

Америка елдерінің барлығында әртүрлі тілдер алуан түрлі әлеуметтік, мәдени 

және этнотілдік жағдайда өмір сүріп отыр.  

Дүниеде  тілдер  сол  тілде  сөйлейтін  халықтың  санымен,  қоғамдық 

қызметімен, өз елінде және одан тыс елдердегі беделімен ерекшеленеді.  

Қазақстандағы  тілдік  жағдаят  күрделі  болып  табылады.  Ондағы  негізгі 

қызмет  атқаратын  тілдер  қазақ  және  орыс  тілдері.  Сонымен  қатар  басқа  да 

этникалық  топтардың,  диаспоралардың  тілдері  де  өз  орталарында  қызмет 

етіп  келеді.  Елімізде  тілдер  үйлесімді  қызмет  етіп  келеді  делінеді. 

Сондықтан,  демократиялық  үлгідегі  бағыт  деп  атап,  ондағы  мәселелерді 

үлкен  біліктілікпен,  кәсібилікпен  шешу  керек.  Сол  үшін  негізгі  деген 

ұғымдарды, категорияларды білуіміз қажет.   

Тілдік  жағдаят 

орыс.


 языковая  ситуация  –  бір  тілдің  немесе  бір 

территориялык-әлеуметтік  ортада  қызмет  ететін  тілдік  формалардың 

(жергілікті,  әлеуметтік  диалектілер,  койне, жаргон,  тілдің  функционалды 

стильдік  түрлері)  белгілі географиялық аймақ,  болмаса  саяси-әкімшілік 

құрылым  шегінде  өмір  сүру  формасының  жиынтығы.  Тілдік  жағдаят  – 

әлеуметтік  тіл  білімінің  зерттейтін  мәселесі.  Тілдік  жағдаяттың  бірнеше 

типологиялык  түрі  бар.  Олар  сандық,  сапалық  және  бағалық  белгілері 


 

21 


аркылы анықталады. Тілдік жағдаяттың сандық белгілеріне: тілдік жағдаятқа 

катысты  тілдердің  саны,  олардың  әрқайсысында  сөйлеушілердің  саны, 

коғамдық қатынаста әр тілдің қолданылу аясының мөлшері, қолдануда басым 

тілдердің  саны  т.  б.  жатады.  Тілдік  жағдаят  бір  компонент  (бір  ғана  тілден 

тұратын) болуы мүмкін, бірақ сирек кездесетін құбылыс. 

Мысалы,  Исландияда  тек  бір  тілде  сөйлейтіндіктен,  ондағы  тілдік 

жағдаят  бір  тілге  ғана  байланысты.  Тілдік  жағдаяттың  көп  компонентті 

болуы  жиі  кездеседі.  Ондай  жағдайда  тілдердін демографиялык,  қарым-

қатынастық куаты тек немесе әр түрлі дәрежеде болуы мүмкін. 

Мысалы,  Бельгиядағы  Тілдік  жағдаятта француз және нидерланд тілдері 

тең  дәрежеде  кызмет  етеді.  Ал,  Батыс Африка елдеріндегі  тілдік  жағдаят  әр 

түрлі  сипатта:  демографиялык  қуаты  жағынан  жергілікті  тілдер  басым  да, 

қарым-қатынастык қуаты жағынан Еуропа тілдері басым. 

Тілдік  жағдаяттың  сапалык  белгілеріне:  тілдік  жағдаятқа  қатысты 

тілдердін  бір  тектес  немесе  әртектес  болатыны;  тілдердің  функционалдық 

сипаты  тең  немесе  тең  емес  екендігі;  мемлекет  аумағында  басымдық  ететін 

жергілікті тіл ме, әлде кірме тіл ме екендігі жатады. 

Мысалы,  Мали  Республикасында  француз  тілі,  Ганада  ағылшын  тілі 

басымдық  етеді.  Тілдік  жағдаяттың  бағалық  белгілері  қарым-қатынастық 

кызметі, көркемдігі, мәдени қадірі жағынан тілді баска ұлт, халық өкілдерінің 

немесе  онын  байырғы  иелерінің  бағалауына  байланысты.  Бұдан  тілдің 

сырттай және іштей бағалануы келіп шығады. Тілді (тілдерді) іштей бағалау 

нәтижесінде белгілі тілдік ортада өзінің ана тіліне оң көзқарас калыптасады. 

Қалыптасқан  тілдік  жағдаятқа  байланысты  бұрынғы  Кенестер  Одағындағы 

ұлттық  республикаларда  билингвизм  калыптасты. Орыс  тілі ұлтаралық 

қатынас  құралы  болумен  бірге  қоғамдық  қарым-қатынаста  да  басым 

колданылды.  Осыдан  барып  ол  елдердегі  тілдің  кызметінде  тепе-тендік 

сакталмай, тілдік жағдаят қалыптасты. 



Мемлекеттік  тіл –  көпұлтты  (көптілді)  мемлекетте  халықтың 

ұлттық  құрамына  қарамай  іс  қағаздарын,  мектеп  пен  жоғары  оқу 

орындарында оқыту, мәдениет, баспасөз бен байланыс (почта, телеграф т. 

б.) орындарында, құқық қорғау мен әскер бөлімдерінде, сот істерін жүргізу 

т.  б.  міндетті  деп саналатын  саяси-құқықтық  қасиеті  бар  мәртебелі  тіл. 

Мемлекеттік тілді жан-жақты дамыту және оның қолдану аясын (сфера) 

кеңейту үшін мемлекет тарапынан белгілі бір уақытқа жоспарланған жан-

жақты бағдарламалар жасалады.  

Мемлекеттік  тіл  әрдайым  мемлекеттің  қорғауында  және  оның 

қамқорлығында 

болады. Демократиялық 

қоғамды белгілі 

бір 


тілге 

мемлекеттік  мәртебеге  (статус)  беру  оның  басқа  тілдерге  қысымшылық 

көрсету  болып  табылмайды.  Бұл  туралы  Республикамыздың  Тіл  туралы 

Заңында  (1997  ж.)  анық  айтылған.  Кеңес  заманында КСРО-ның 

Конституциясында  және  басқа  да  мемлекеттік  құжаттарда  ашық  айтылмаса 

да, орыс тілі іс жүзінде (де-факто) мемлекеттік тіл функцияларын орындады. 

Орыс  тілінің  осындай  ерекше  рөлі  геральдикалық әдіспен  анықталады. 

Мысалы,  КСРО-ның елтаңбасы мен  ақша  бірліктерінде  орыс  сөздер  үлкен 



 

22 


әріппен  беріліп,  басқа  ұлттық  тілдердегі  лексемалар  кіші  әріппен  берілгені 

дәлел бола алады. Кейбір көпұлтты (көптілді) мемлекеттерде тілге берілетін 

мәртебе  басқаша  аталуы  мүмкін:  ресми  тіл,  ресми  түрде  қолданылатын  тіл, 

ұлттық,  конституциялық  және  аймақтық  тілдер.  Осыған  байланысты 

"көпұлтты"  және  "көптілді"  деген  терминдердің  синоним  сөздері  ретінде 

қолданылуын  сөйлеу  тіліміздегі  қателердің  бірі  деп  қараған  жөн.  Кезінде 

КСРО (Югословия т.б.) көпұлтты мемлекет болатын, себебі Одаққа өздерінің 

белгілі  бір  территориясы,  шекарасы,  басқару-әкімшілік  органдары  бар 

субъектілер  енген  болатын.  Ал Қазақстан жайында  ол  басқаша,  мұнда 

жоғарыда көрсетілген Одаққа тән ерекшеліктер болған жоқ, сол себептен де 

Республикамыз,  әлеуметтік  тіл  білімі  тұрғысынан қарағанда  көпұлтты  емес, 

көптілді  елдер  санатына  жатады  деу  шындыққа  сәйкес  келеді.  Көпұлтты 

елдердің  қатарына  жататын  мемлекеттің  субъектілері  (ұлттық  республика, 

облыс,  аймақ  т.  б.)  өздерінің  ұлттық  тілдеріне  мемлекеттік  мәртебе  беруге 

құқылы болса,  көптілді  елдерде  мүндай  еркіндік  жоқ.  Себебі  көптілді  елдің 

құрамына  диаспора ретінде  енген  ұлт-ұлыстардың  қалыптасуы  солақай 

саясаттың, депортация т.б. 

нәтижелері 

болуы 

мүмкін, 


яғни 

бұл 


құбылыстардың  тарихи  мән-мазмұны  жоқ.  Сол  себептен  Қазақстанда 

мемлекеттік қостілділік қабылданбай, қазақ тілі мемлекеттік тіл болып, орыс 

тілі ресми түрде қолданылатын тіл болып жарияланды 

[Қазақ тілі энц.].

 

 

 



Қазақ  тілі  –  мемлекет  құрушы  этностың  тілі.  Қазақстан 

Республикасының 

Конституциясы 

(1995), 


Тiл 

саясаты 


туралы 

тұжырымдамасы 

(1996) 

және 


осыларға 

негiзделген 

Қазақстан 

Республикасындағы  Тiл  туралы  Заңы  (1997)  республикадағы  тiлдердiң 

ұлтаралық жарастық пен рухани ынтымақтастықтың құралы ретiнде қызмет 

етуiн  және  тiл  алуандығын  көздейдi.  Республикада  мемлекеттiк  тiл  ретiнде 

бiр ғана тiлге – қазақ тiлiне конституциялық мәртебе берiлiп отыр. 

ҚР-да  қазақ  тiлiнiң  мемлекеттiк  тiл  ретiнде  қызмет  етуiнiң  бiрнеше 

алғышарттары  бар.  Атап  айтқанда,  сол  тiлдi  қолданушылар  санының 

жеткiлiктi  болуы,  табиғи  және  табиғи  емес  тiлдiк  ортаның  болуы, 

Республиканың  барлық  аймақтарына  таралуы,  қоғамдық  өмiрдiң  әр  алуан 

саласында  қызмет  етуi  және  ауызша  әрi  жазбаша  түрде  қызмет  етуi  сияқты 

сыртқы  факторлардың  болуы,  сондай-ақ  қазақ  тiлiнiң  құрылым-жүйесi 

жетiлген, лексика-фразеологиялық қоры аса бай, ежелден келе жатқан жазба 

және  ауызша  дәстүрi  бар  ұлттық  тiлдердiң  бiрi  ретiндегi  iшкi  тiлдiк 

факторлардың  болуы  қазақ  тiлiнiң  мемлекеттiк  тiл  ретiнде  қызмет  етуiне 

мүмкiндiк бередi. 

Мiне,  осы  айтылғандардың  барлығы  қазақ  тiлiнiң  Қазақстан 

Республикасында  мемлекеттiк  тiл  ретiнде  қызмет  етуiне  аса  қажеттi 

алғышарттардың 

жеткiлiктi 

және 


қазақ 

тiлiнiң 


iшкi 

әлеуеттiк 

мүмкiндiктерiнiң мол екенiн көрсетедi.  

Мемлекеттiк  тiлдiң  қоғамдық  қызметi.  Мемлекеттiк  тiлдiң  қоғамдық 

қызметi қоғамдық өмiрдiң аса маңызды мынадай салаларында жүзеге асады: 

басқару,  ақпарат,  бiлiм  беру  мен  тәрбие  (мектепке  дейiнгi  мекемелер, 


 

23 


бастауыш,  орта  мектеп,  жоғары  мектеп),  ғылым  мен  техника  (ғылыми-

зерттеу  мекемелерде);  қоғамдық  ғылымдар,  жаратылыстану  мен  нақты 

ғылымдар,  техникалық  және  қолданбалы  ғылым,  экономика  салаларында, 

ғылымның  жалпыға  ортақ  салаларында,  ғылымның  салааралық  түрлерiнде, 

бұқаралық ақпарат құралдары саласында, iс жүргiзу саласында; мемлекеттiк, 

қоғамдық-саяси,  мәдени  мекемелер  мен  ұйымдарда;  дене  тәрбиесi,  спорт, 

туризм; денсаулық сақтау мен емдеу мекемелерiнде; қоғамдық тамақтандыру 

орындарында;  мәдени  мекемелерде  (театр,  кино);  дипломатиялық  қарым-

қатынаста;  әскери-патриоттық  тәрбие  және  бiлiм  беру  iсiнде;  шаруашылық 

жүргiзу  және  ұйымдастыруда;  өндiрiс  және  өнеркәсiп  орындарында; 

Қазақстан  Республикасында  өтетiн  республикалық,  республикааралық‚ 

халықаралық құрылтай, конференция, мәжiлiс, жиындар т.б. Сонымен, қазақ 

тiлi  –  дәстүрлi,  тұрақты,  қатаң  тiлдiк  нормасы  бар,  стильдiк  тармақтары 

сараланған, жалпыхалықтық тiлден ұлттық деңгейге көтерiлген тiл. 

Мемлекеттiк тiлдiң жоғарыда аталған қоғамдық қызметiн мiнсiз атқаруы 

үшiн  оның  ғасырлар  бойы  қалыптасқан  дәстүрлi  нормаларын  қатаң  сақтау, 

жарыспалы  қолданыстарды  (босаң  нормаларды)  ғылыми  негiзде  саралап, 

тиiмдi  нұсқаларын сөздiктер  мен  грамматикаларда дер кезiнде  заңдастырып 

отыру аса қажет. Тiлдiк нормамен байланысты мұндай шаралар мемлекеттiк 

тiлдiң мәдениетiн көтередi. 

Міне, қазақ тілінің қандай тіл екенің байқататын мұндай деректер тілдік 

тұлғаның санасында болуы шарт.  

 [Н.Уәли. қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қызмет етуінің алғышарттары]. 

Ресми  тіл – заң,  сот,  оқу,  т.б.  ресми  кеңсе  қызметінде  мемлекеттік 

тілмен қатар қолданылатын негізгі тілдердің бірі. Әдетте, көп ұлтты елдердің 

конституцияларында  кейбір  тілге  ресми  мәртебе  берілгені  белгіленіп 

отырады. 

Мысалы, Испания конституциясында (1978) кастиль наречиесі Ресми тіл 

ретінде  қабылданған,  сонымен  қатар  испан  тілінің  басқа  да  наречиелері 

автон.  аймақтарда  Ресми  тіл  деп  жарияланған.  Кей  елдерде  (Азия, Африка) 

жергілікті 

ұлт 

тілімен 


қатар 

бұрынғы метрополия тілдері 

де 

(ағылшын, француз, 



т.б.)Ресми 

тіл 


болып 

қабылданған 

(Үндістан). Еуропа елдері, АҚШ, Жапония, Түркия, Ресей секілді 

мемлекеттерде  Ресми  тіл  мен  мемл.  тіл  ұғымдары  бір-біріне  сәйкес  келіп, 

ауысып  қолданыла  береді.  Кей  елдерде  бұл  ұғымдарға  жеке  түсініктер 

беріліп,  дараланған,  мұндай  жағдайда  Ресми  тілдің  мемл.  тілден 

айырмашылығы: 

мемлекеттік  тіл  конституция  бойынша  мемлекеттің  қамқорлығында 

болады; 

мемлекеттік  тілді  меңгеру  мектепке  дейінгі  оқу-тәрбие  мекемелерінде, 

орта,  арнайы  және  жоғары  білім  беретін  оқу  орындарында  міндетті  деп 

саналады; 

мемлекеттік  тіл  –  сол  елдің  мемлекет,  қоғамдық,  саяси,  экономика, 

әлеум. аяларында кеңінен қолданылатын басты тіл. Ресми тілдің қолданылу 

аясы  мемл.  тілге  қарағанда  тар,  функционалды  рөлі  ерекше  көрсетілмейді. 


 

24 


Сондай-ақ  Ресми  тіл  кейбір  ұлт-ұлыстардың  бір  аймақта  шоғырланып  өмір 

сүруіне байланысты белгіленуі мүмкін. 

Қазақ  тілі  мемлекеттік  тіл  ретінде  толықтай  қызмет  етіп  отырған  жоқ. 

Оның  себебі  көп:  нарықтық  экономиканың  ықпалы,  бұрыннан  қалыптастып 

қалған  орыс  тілінің  мемл.  басқару,  ақпарат,  ұйымдастыру  саласындағы 

үстемдігі т.б.  



Ана  тілі – белгілі  бір этностың қалыптасып,  ұлт  деңгейіне  дейін 

үздіксіз  дамуына  ұйтқы  болып  келген  және  сол  этностың  негізгі  тілі 

саналатын, өзара қауымдаса тіршілік етуіне қажетті тіл. 

Этникалық  тегі  географиялық  қоныстану  аумағы,  шаруашылық  жүргізу 

тәсілдері  ортақ  адамдар  қауымы  мен  мүшелерінің  ана  тілі  арқылы  ортақ 

дүниетанымы,  ұғым-түсінігі,  мінез-құлқы,  наным-сенімі,  сезіну  қасиеттері  – 

бір  сөзбен  айтқанда,  ұлттық  ділі  қалыптасады.  «Ана  тілі»  ұғымы  не  оған 

жақын түсінік барлық этносқа тән, бірақ этностық көзқарас тұрғысынан бұл 

ұғым әр түрлі («туған тіл», «ұлт тілі», «ата-баба тілі», «ана тілі», т.б.) атала 

береді.  Қазақ  этносының  дәстүрі  бойынша,  шыр  етіп  дүниеге  келген 

нәрестенің құлағына алғаш шалынған ананың үн-әуезі  оның ақ сүті арқылы 

баланың  бойы  мен  барша  болмысына  дарып,  адамға  ғана  сыйланатын 

құдіретті  күш  –  тілге  ұласады,  сондықтан  оның  тілі  ана  құрметіне 

бағышталып, «ана тілі» аталып кеткен. Қазақ тіл білімінде ана тілі терминің 

алғаш  ұсынып,  ғылыми  айналымға  енгізген Ахмет  Байтұрсынов.  Қазіргі 

уақытта  (1998)  қазақ  халқының  үштен  бірі,  яғни  4  млн-ға  жуығы, 

Қазақстаннан 

тыс 


(Қытай, 

Монғолия, 

Ауғанстан, Иран, Түркия, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, 

Түрікменстан, 

т.б.) жерлерде диаспора болып отыр. Бұл топтар қандай тілдік ортада (қытай, 

ұйғыр,  моңғол,  пүштүн,  парсы,  түрік,  өзбек,  орыс,  қырғыз,  түрікмен,  т.б.) 

өмір сүрсе де, ол тілдердің қанша әсері болса да қазақ тілі олар үшін ана тілі 

болып  саналады.  Қазақ  диаспорасы  үшін  ана  тілінің  сақталу,  сақталмауы, 

қолданыс  аясының  кең,  тарлығы,  сайып  келгенде,  олар  тұратын 

мемлекеттердегі  тіл  саясатына,  тілдік  ортаға,  диаспораның  шоғырланып 

немесе шашыранды түрде орналасуына, сондай-ақ ана тілін қайткен күнде де 

сақтап қалуға деген саналы әрекетіне де тікелей байланысты.  

Тіл саясаты - тіл тағдырын белгілейтін мемлекеттік шаралар жүйесі. "Тіл 

саясаты" 

ұғымы 

алғашында 



"ұлттық 

саясат", 

"шаруашылық 

саясат" терминдерімен қатар 

пайда 

болып, 


өзінің мазмұны жағынан партиялық жәнемемлекеттік саясаттың ұлт 

мәселесіндегі тілге қатысты жағын білдірген. 

Ал, 

кейінірек 



бұл терминнің мазмұныкеңейтіліп, әлеуметтік сөйлеу 

дәстүрін  саналы  бағытта  басқару  деп  түсіндірілді.  Басқаша  айтқанда,  тілдік 

даму  процесін  және  оны  басқарудың  стихиялығына  жол  бермеуді  көздеген 

саясат  болды.  Тіл  саясаты  -  тілдік  дамуға  қоғамның  саналы  ықпал  етуінің 

теориясы  мен  тәжірибесі,  яғни,  қолданыстағы  тілдерді  белгілі  бір  мақсатта 

және  ғылыми  негізде  басқару  және  тілдік  жаңа  қарым-қатынас  қүралдарын 

жасау  болып  табылады.  Қазіргі  кезде ұлт  тілдері  мәселесі  өзекті  мәселе 

болып  отыр.  Адамзат  тарихында  жүздеген  тілдер  жойылып,  "өлі  тілдерге" 



 

25 


айналып кетті. Бәрінің де жойылу себебі – одан зор тілдің шығуы. Ал, оның 

өзі әділетсіз тіл саясатының салдары болып табылады. 



 

 


1   2   3


©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал