1
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЙНАР УНИВЕРСИТЕТІ
Қазақ филологиясы факультеті
Қазақ әдебиеті кафедрасы
050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
/ шифр, мамандық/
«
Әлеуметтік лингвистика
» пәні бойынша
магистранттарға арналған оқу-әдістемелік кешен
(СИЛЛАБУС)
Оқу түрі: магистратура
Барлық кредит саны:
Курсы: 1
Семестр 1
Лекция: 15
Семинар: 15
СӨЖ:
СОӨЖ:
Консультация: 2
Емтихан: 4
Алматы, 2014 ж.
2
1. Курс аты:
Әлеуметтік лингвистика
Курс коды:
ТПК
Кредит саны:
2. Курс оқытушысы:
ф.ғ.к., оқытушы Үдербаев Алмас
Байланыс телефоны (E-mail):
8-7073210016, dialekt_kaz@mail.ru
3. Курс өтетін жері және уақыты: Сабақ кестесі бойынша
Курс Семестр Кредит Лекция Семинар
СӨЖ
СОӨЖ
Барлы
ғы
Бағалау
формасы
1
1
2
15
15
30
30
емтихан
4. Курс пререквизиті: «Тіл біліміне кіріспе», «Лексикология»,
«Этнолингвистика», «Диалектология», Философия. Қоғамның даму заңдары
жайлы теориялық бөлімі, Психология. Ойлау және сөйлеу әрекеттері жайлы.
5. Постреквизиттер: «Қазақ тілінің грамматикасы», «Морфонология»,
«Когнитивтік лингвистика», «Қазақ тілінің морфологиясы», «Қазақ тілінің
орфоэпиясы мен орфографиясы» пәндерімен тікелей байланысты.
6. Курстың жалпы сипаттамасы. «Әлеуметтік лингвистика» пәні
лекция, семинар, практикалық жұмыстардан тұрады. Магистранттардың жеке
жұмысы, арнаулы курстар мен арнаулы семинарлар барысында меңгертіледі.
Алдымен әлеуметтік лингвистиканың қалыптасып, даму жолдарын
оқып, үйретуден бастап, бүгінгі тілдік жағдаят, тіл саясатын түсіндіру,
әртүрлі тілдік фактілерді анықтап, сырын ашу.
Әлеуметтік лингвистикаға қатысты терминдермен танысу, онымен
жұмыс істеу. Ең бастысы тілдік зерттеулерде орынды қолдана білуге баулу.
Тілдің қызметін, болмысын, болашағын айқындау, т.б. Нақты мәтіндерді
өңдеудің әдістері, сауалнама жүргізу әдістерін игерту арқылы материалдарды
талдау.
7. Курстың мақсаты:
Тілдің қоғамдық табиғаты, әлеуметтік мәні, тілдің әлеуметтік қызметі,
тілдік болмыстың формалары (әдеби тіл, ауызекі сөйлеу тілі, қарапайым тіл,
территориалдық диалектілер, койне, пиджин), тілдің әлеум. саралануы
(жаргон, арго, кәсіби тіл), тілдік қалып, тілдік жағдай, тіл саясаты, диглоссия,
мультилингвизм, билингвизм, пиджинизация және креолизация процестері т.
б. таныту болып табылады.
8. Курс міндеті:
«Әлеуметтік лингвистика» пәнінің негізгі міндеттері:
- тілдің дамуы мен қазіргі жай-күйі туралы түсінік беру;
- қазіргі қоғамымыздағы қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесі және тіл
туралы заңдармен таныстыру;
3
- тілдің мәні мен қоғамдық қызметі, тілдің қатынас құралы ретіндегі
рөлін анықтау; Халқымыздың кешегісін де, бүгінгісін де көрсете алатын ен
байлығы, мол мұрасы, мәдени өмірінің тұтқасы ретіндегі маңыздылығын
таныту;
- тіл мен сөйлеудің ара қатынасы анықтау;
- тілдегі норма, әдеби тіл және әдеби норма және оның түрлері туралы
түсінік беру; дұрыс сөйлеудің негіздері туралы теориялық білім беру;
- қатысымдық сапалардың тілге қатысы және олардың тілдің әсерлілігі
мен эстетикасына тигізетін әсері туралы теориялық білім беру;
- пән бойынша кәсіби іскерлік пен дағды қалыптастыру;
«Әлеуметтік лингвистика» пәнін оқыту нәтижесінде әлеуметтік
лингвистиканың өзге тіл туралы ғылымдармен байланысын, айырмашылағын
таба білуі керек; пәннің зерттеу нысаны мен қарастыратын мәселелерін
анықтай алуы тиіс;
Бағалау критерийі
Жұмыс түрі
Баға (max
балл)
Саны
Қосындысы
1
Аудиториялық сабақтарға қатысуы міндетті (ауд.сағ.саны -30)
2
Сабақтағы белсенділігі (төмендегі жұмыстар
бойынша):
Реферат
5
1
5
Конспект
0,5
15
7,5
Сөздіктермен жұмыс
0,5
15
7,5
Топтық
0,5
15
7,5
ұжымдық жұмыстар
0,5
15
7,5
шығармашылық жұмыстар
2,5
4
10
Тест
2,5
2
5
3
Аралық бақылау
5
2
10
4
Семестрлік емтихан
40
1
40
Барлығы
100
Студент үлгерімінің орташа бағасы
Әріптік жүйе бойынша
бағалау
Балдық сандық
баламасы
Балы
Дәстүрлі жүйе
бойынша бағалау
А
4,0
95-100
Өте жақсы
А-
3,67
90-94
В+
3,33
85-89
Жақсы
В
3,0
80-84
В-
2,67
75-79
С+
2,33
70-74
Қанағаттанарлық
С
2,0
65-69
С-
1,67
60-64
Д+
1,33
55-59
Д
1,0
50-54
Ғ
0
0-49
Қанағаттанарлықсыз
8. Оқытушы талабы.
Сабақтан себепсіз қалмау, кешікпеу;
Сабаққа белгілі бір себептермен қатыса алмаған жағдайда, жіберілген сабақ материалдарын өз
бетінше меңгеру, өздік жұмыстарды уақытында тапсыру, сабаққа белсенді атсалысу;
Студенттер сабақ үстінде ұялы телефондарын өшіріп тастауға, өзге пәндерге қатысты
тапсырмалармен айналыспауға және студенттік этиканы сақтауға міндетті;
Сабақ жіберген күндерінде автоматты түрде 1 балы кемітіледі.
4
Пәннің күнтізбелік-тақырыптық жоспары
Тақырып атауы
Лекц.
Сем.
СОӨЖ СӨЖ
А
Әлеуметтік
тіл
білімі,
қалыптасуы,
дамуы.
Негізгі
мәселелері.
Қазақ тіл біліміндегі әлеуметтік
лингвистика
саласындағы
зерттеулер.
1
1
1
1
Тілдің қызметі, олардың негізгі
түрлері:
коммуникативтік,
экспрессивті, аккумулятивті т.б.
1
1
Қоғам жіктелісінің тілге әсері
(қоғамның
таптық, әлеуметтік,
касталық, кәсіби жіктелісі кәсіби
тілдердің және диалектілердің,
гендерлектілердің
(еркек
пен
әйелдің тілі), жас ерекшелігіне
байланысты
жіктеліс
жас
ерекшелігіне байланысты жүйе
ішілік тілдің пайда болуы).
3
3
Тілдің өмір сүру формалары,
олардың жіктелуі.
1
1
Тілдің
негізгі
өмір
сүру
формалары. Ауызша және жазбаша
формалар. Ұлттық тіл.
1
1
Тілдің
негізгі
өмір
сүру
формалары. Әдеби тіл.
1
1
Тілдің
негізгі
өмір
сүру
формалары.
Территориялық
жағынан шектеулі өмір сүру
формасы.
Территориялық
диалектілер мен ареалдық тілдер.
2
1
Тілдің
негізгі
өмір
сүру
формалары. Әлеуметтік жағынан
шектеулі өмір сүру формасы.
Әлеуметтік диалекті, гендерлект,
әлеуметтік
жаргон,
кәсіби
жаргондар,
балалар
жаргоны,
жастар
жаргоны,
топтық
(корпоративті) жаргондар т.б.
2
2
Тілдердің өзара байланысы.
1
1
Қостілділік (билингвизм), оның
түрлері
1
1
Тілдік жағдаят. Қазақстандағы
тілдік жағдаят. Мемлекеттік тіл
мәселесі
2
2
Әлеуметтік лингвистикалық
зерттеу әдіснамасы мен әдістемесі
5
Пән бойынша оқу-әдістемелік материалдар
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
Негізгі әдебиеттер
1.
Аханов К. Тіл білімінің негіздері. Алматы, 1973, 1977, 1993жж.
2.
Қалиев Б. Тіл біліміне кіріспе. Алматы, 1997 ж.
3.
Хасанов Б. Языки народов Казахстана. Алматы, 2006.
4.
Ю.С.Степанов. Основы общего языкознания. Москва, «Просвещение» 1975
5.
Дешериев Ю. Д., Социальная лингвистика. К основам общей теории. М., 1977
6.
Балақаев М. Серғалиев М. Қазақ тілінің мәдениеті. А., 2004
7.
Бейсембаева З. Тіл мәдениетінің негіздері. А., 1991.
8.
Қалиев Ғ. Тіл білімі терминдерінің түсіндірме сөздігі. А., 2005
Қосымша әдебиеттер
1.
Балақаев М. Қазақ тілі мәдениетінің мәселелері. А., 1961
2.
Исаев С.М. Шаяхметова М.Х. Әдеби тілдің нормалары. А., 1987.
3.
Қазақ әдеби тілінің ауызша түрі. А., 1987.
4.
Маманов Ы.Е. Тіл мәдениеті. А., 1985.
5.
Нұрмаханов Қ. Сөз және шеберлік. А., 1987.
6.
Сыздықова Р. Сөз сазы. А., 1995.
7.
Тіл мәдениеті және баспасөз. А., 1972.
8.
Уәлиев Н. Сөз мәдениеті. А., 1984.
9.
Головин Б.Н. Осыновы культуры речи. М., 1980.
10.
Основы лекторского мастерства. М., 1978.
11.
Приступа Г.Н. Культура речи учителя. Рязань, 1983.
12.
Теппер Рон. Как овладеть искусством делового письма. М., 1994.
13.
Солганик Г.Я. Дроняева Т.С. Стилистика и культура речи. М., 2002.
14.
Сулименко Н.Е. Стилистические ошибки и пути их устранения. М.-Л., 1966.
Анықтамалық әдебиеттер
1.
Лингвистический энциклопедический словарь. М., 1997
2.
Әдебиеттану терминдерінің сөздігі. А., 2002.
3.
Қалиев Ғ. Тіл білімі терминдерінің түсіндірме сөздігі. А., 2005.
4. Болғанбаев Ә. Қазақ тіліндегі синонимдер. А., 1970.
5. Кеңесбаев І. К. Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі. Алматы;1977.
6.
Мусин Ж. Қазақ тілінің антонимдер сөздігі. –А.:1984.
7.
Жұмабекова А.Қ. Қазақ тілінің антонимдер сөздігі. –А.: 2000.
8.
Қазақ тілінің аймақтық сөздігі. А., 2006.
9.
Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі. А., 2004.
10.
Қазақ тілінің орфоэпиялық сөздігі. А., 2005.
11.
Қазақ тілінің 15 томдық түсіндірме сөздігі.
12.
Синонимдер сөздігі. А., 2004.
13.
Кеңесбаев І. Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі. А., 1977.
14.
Белбаева М. Қазақ тілінің омонимдер сөздігі. А., 1983.
6
Емтиханға дайындалуға арналған сұрақтар
1. Әлеуметтік тіл білімі, қалыптасуы, дамуы. Негізгі мәселелері. Қазақ
тіл біліміндегі әлеуметтік лингвистика саласындағы зерттеулер.
2. Тілдің қызметі, олардың негізгі түрлері: коммуникативтік,
экспрессивті, аккумулятивті т.б.
3. Қоғам жіктелісінің тілге әсері (қоғамның таптық, әлеуметтік,
касталық, кәсіби жіктелісі кәсіби тілдердің және диалектілердің,
гендерлектілердің (еркек пен әйелдің тілі), жас ерекшелігіне байланысты
жіктеліс жас ерекшелігіне байланысты жүйе ішілік тілдің пайда болуы).
4. Тілдің өмір сүру формалары, олардың жіктелуі.
5. Тілдің негізгі өмір сүру формалары. Ауызша және жазбаша формалар.
Ұлттық тіл.
6. Тілдің негізгі өмір сүру формалары. Әдеби тіл.
7. Тілдің негізгі өмір сүру формалары. Территориялық жағынан шектеулі
өмір сүру формасы. Территориялық диалектілер мен ареалдық тілдер.
8. Тілдің негізгі өмір сүру формалары. Әлеуметтік жағынан шектеулі
өмір сүру формасы. Әлеуметтік диалекті, гендерлект, әлеуметтік жаргон,
кәсіби жаргондар, балалар жаргоны, жастар жаргоны, топтық (корпоративті)
жаргондар т.б.
9. Тілдердлің өзара байланысы.
10. Қостілділік (билингвизм).
11. Әлеуметтік факторлардың тілдің дамуындағы көрінісі.
12. тілдік жағдаят. Қазақстандағы тілдік жағдаят.
13. Тілдік саясат, тілдік жоспарлау.
14. Қоғамның материалдық және рухани мәдениетінің даму деңгейінің
тілге әсері.
15. Мемлекеттік саясат және тіл. Тіл және ойлау. Тіл және сөйлеу. Тілдің
стильдік жіктелуі.
16. Дүние жүзі тілдері және оларға классификация жасау туралы.
Тілдердің генеологиялық, типологиялық классификациясы.
17. Дүние жүзі тілдерінің қазіргі жай күйі. Өлген тілдер жайлы.
18. Әлеуметтік тіл білімінің ұғымдық аппараты.
7
Курс бойынша глоссарий
Тіл және қоғам - тілдің пайда болуының, дамуы мен қызметінің сипаты, қоғамның
таптарға, топтарға бөлінуіне сәйкес тілдің әлеуметтік жіктелісі, тілге қоғамның әсер
етуімен байланысты туған қостілділік, көптілділік, шет тілдердің халықаралық сипат алуы
т.б. – бәрі де тілдің қоғамдық табиғатымен байланысты.Тіл мен адамзат қоғамының пайда
болуында тікелей байланыс бар.
Тіл саясаты - әлеуметтік өмірде, мемлекетте тіл мәселелерін шешу үшін
қолданылатын идеологиялық принциптер мен практикалық шаралардың жиынтығы.
Көптілділік, ұлттың құрамы мен ұлтаралық қатынастардың ерекшелігі, қоғам өмірінде
жеке тілдердің рөлі сияқты факторлар көп тілді мемлекетте тіл саясатын аса күрделі
мәселеге айналдырады.
Тілдік жағдаят – бір тілдің немесе бір территориялық -әлеуметтік ортада қызмет
ететін тілдік формалардың (жергілікті, әлеуметтік диалектілер, койне, жаргон, тілдің
функционалды стильдік түрлері) белгілі географиялық аймақ, болмаса саяси-әкімшілік
құрылым шегінде өмір сүру формасының жиынтығы.
Билингвизм – қостілділік, қоғамда (мемлекетте) белгілі әлеуметтік топтардың екі
тілде сөйлеуі.
Жасанды тілдер – белгілі бір қоғамдық салада табиғи тілдерді қолдану тиімсіз
немесе мүмкін болмаған жағдайда жұмсалатын, қолдан жасалған ұлтаралық, халықаралық
қатынас құралы.
Эсперанто – ең көп тараған халықаралық жасанды тіл, халықаралық қарым-
қатынастың қосымша құралы. Оны 1887 ж. варшавалық дәрігер Л.Заменгоф жасаған.
Эсперанто деген оның бүркеншік аты, кейін жасанды тіл атауына айналған.
Волапюк – көмекші тіл ретінде 1879 ж. неміс католигі И.М.Шлейер ұсынған
халықаралық жасанды тіл, бірақ ол көп тарап қолданыс таппаған.
Креол тілдер – белгілі бір еуропалық тілдің бір кезде отарланған байырғы халықтың
қатынас құралы ретінде қолданылуы нәтижесінде туған аралас тіл. Креол тілдер негіз тіл
мен жергілікті халық тілінің пиджинделу процесі негізінде туып, жергілікті халыққа ана
тіліндей қызмет етеді.
Пиджинделу – Креол тілдердің жасалу процесі. Пиджинделу процесі негіз тіл мен
оған ұқсамайтын басқа тіл иелерінің шектелуі қарым-қатынас жағдайында өтеді.
Әлем тілдері – жер шарын мекендейтін халықтар тілдері. Олардың жалпы саны
2500-нан 5000-ға дейін, бірақ дәл санын анықтау мүмкін емес, себебі әр түрлі тілдер мен
бір тілдің диалектілерінің арасындағы айырмашылық шартты түрде белгіленген.
Әлемдік тілдер -
әртүрлі мемлекеттердегі халықтардың қарым-қатынас құралы
қызметін атқаратын тілдер.
Тіл мен ойлау – қоғамдық қызметтің өзара тығыз байланысты, мәні және арнайы
белгілері жағынан ерекшеленетін екі түрі. Ойлаудың құралы – тіл, оған басқа таңбалар
жүйесі де жатады. Таңбалық қызмет арқылы тіл ойдың материалдық күйін білдіреді. Тіл
мен ойлаудың тарихи дамуы нәтижесінде олардың қарым-қатынасы өзгеріске ұшырап
отырады. Қоғам дамуының алғашқы кезеңдерінде қарым-қатынас құралы ретінде дамыған
тіл өзі де ойлау процесіне әсер етіп отырған. Жазудың шығуы тілдің ойлауға ықпалын
онан сайын күшейтті. Жалпы алғанда, ойдың жан-жақты дамуы оның тілге ықпалын
арттырған.
Тілдік мағына - объективтік дүниедегі заттардың, құбылыстардың, болмыстардың
санадағы бейнесі негізінде пайда болған мазмұны.
Менталингвистика - тіл мен ойдың қарым-қатынасын, байланысын зерттейтін
ғылым саласы.
Семиотика – таңбалық белгілер жүйесі туралы ғылым, адамзат қоғамында қызмет
ететін салалардағы (тіл, мәдениет, салт-дәстүр, кинот.б.), табиғаттағы (жануарлар
дүниесіндегі коммуникация) немесе адамның өз қызмет-қабілетіндегі (заттарды көру, есту
8
арқылы қабылдау, логикалық пайымдау) ақпараттың сақталуы мен қабылдануына
қатысты әр түрлі таңбалық жүйелердің құрылымы мен қызметінің жалпы мәселелерін
зерттейтін ғылыми пән. Семиотика заңдылықтары семиотикалық жүйелердің негізгі
құрылымдық элементтерінің (фонема, морфема, сөз, сөйлем, дауыс ырғағы) бір-біріне
қарама-қарсы келуі арқылы анықталады.
Семиология – таңбалар және олардың қасиеттері туралы ғылым. Қазіргі кезде бұл
терминнің орнына семиотика термині кең қолданылады.
Таңбалаушы – белгілі бір нәрсені білдіру, хабарлау қызметін атқарып тұратын
материалдық көрсеткіш, таңба.
Таңбаланушы – таңбаның білдіріп тұрған мағынасы.
Тілдік таңба – тіл бірліктерінің затты, оның қасиетін, болмысқа қатыстылығын
білдіретін материалдық-идеялық (екі жақты) құрылымы. Тілдік таңбалардың жиынтығы
ерекше таңбалар жүйесі – тілді жасайды. Тілдік таңба мазмұн мен дыбысталудың, яғни
таңбаланушы мазмұн мен таңбалаушы дыбыстардың бірлігінен тұрады.
Лингвосемиотика – тілдік таңбаларды қарастыратын, тілдік элементтердің таңбалық
сипатын ашып, олардың құрылымдық, функционалдық ерекшеліктерін, мағыналарын
айқындайтын семиотиканың бір саласы.
Паралингвистика – 1) хабарланатын ойдың, пікірдің вербалды тәсілдермен қоса
сөйлеу үстінде қолданылатын вербалды емес амалдармен берілуін зерттейтін тіл білімінің
саласы; 2) сөйлеу кезінде қолданылатын вербалды емес тәсілдердің жиынтығы.
Паралингвистика құрамындағы универсалдық, этнолингвистикалық, идиолектілік
компоненттеріне қарай ажыратылады.
Паракинесика – ақпарат хабарлардың сөз түрінде берілмейтін түрін қарастыратын
саласы.
Семиотика – таңбалық белгілер жүйесі туралы ғылым, адамзат қоғамында қызмет
ететін салалардағы (тіл, мәдениет, салт-дәстүр, кинот.б.), табиғаттағы (жануарлар
дүниесіндегі коммуникация) немесе адамның өз қызмет-қабілетіндегі (заттарды көру, есту
арқылы қабылдау, логикалық пайымдау) ақпараттың сақталуы мен қабылдануына
қатысты әр түрлі таңбалық жүйелердің құрылымы мен қызметінің жалпы мәселелерін
зерттейтін ғылыми пән. Семиотика заңдылықтары семиотикалық жүйелердің негізгі
құрылымдық элементтерінің (фонема, морфема, сөз, сөйлем, дауыс ырғағы) бір-біріне
қарама-қарсы келуі арқылы анықталады.
Семиология – таңбалар және олардың қасиеттері туралы ғылым. Қазіргі кезде бұл
терминнің орнына семиотика термині кең қолданылады.
Таңбалаушы – белгілі бір нәрсені білдіру, хабарлау қызметін атқарып тұратын
материалдық көрсеткіш, таңба.
Таңбаланушы – таңбаның білдіріп тұрған мағынасы.
Тілдік таңба – тіл бірліктерінің затты, оның қасиетін, болмысқа қатыстылығын
білдіретін материалдық-идеялық (екі жақты) құрылымы. Тілдік таңбалардың жиынтығы
ерекше таңбалар жүйесі – тілді жасайды. Тілдік таңба мазмұн мен дыбысталудың, яғни
таңбаланушы мазмұн мен таңбалаушы дыбыстардың бірлігінен тұрады.
Лингвосемиотика – тілдік таңбаларды қарастыратын, тілдік элементтердің таңбалық
сипатын ашып, олардың құрылымдық, функционалдық ерекшеліктерін, мағыналарын
айқындайтын семиотиканың бір саласы.
Паралингвистика – 1) хабарланатын ойдың, пікірдің вербалды тәсілдермен қоса
сөйлеу үстінде қолданылатын вербалды емес амалдармен берілуін зерттейтін тіл білімінің
саласы; 2) сөйлеу кезінде қолданылатын вербалды емес тәсілдердің жиынтығы.
Паралингвистика құрамындағы универсалдық, этнолингвистикалық, идиолектілік
компоненттеріне қарай ажыратылады.
Паракинесика – ақпарат хабарлардың сөз түрінде берілмейтін түрін қарастыратын
саласы.
9
ӘЛЕУМЕТТІК ЛИНГВИСТИКА ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Достарыңызбен бөлісу: |