ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
МИНИСТРЛІГІ
ҚАЙНАР УНИВЕРСИТЕТІ
Бекітемін»
Оқу- әдістемелік жұмысы
жөніндегі проректор
______ М.Ә. Перленбетов
«__»____________2013
Тілдер, журналистика және туризм кафедрасы
050117 - « Мағжантану» пәнінен
ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН (ОӘК)
Оқу түрі: күндізгі бөлім
Барлық кредит саны 3
Курсы: 3
Семестр: 5
Лекция: 30
Семинар: 15
Рубежный контроль: 9
Консультация: 2
Емтихан: 3
Пров. Контр. Раб. 3
Алматы, 2013.
С И П А Т Т А М А
Мағжан поэзиясын оқытудың мақсаты – поэзия әлемінде айрықша із қалдырған
өзіндік үлкен өнер, өрнек тудырған, терең сырлы ұшқыр қиялға толы өлең дүниесін
кейінгіге аманат етіп алдырған ақын шығармасын жеке алып тереңдетіп оқыту. Бұл-
Мағжанның қазақ әдебиетіне кіргізген жаңа әдеби әдістерін; өлең түрлері мен жанрын
танып білуге, жаңа өлең өлшемдері мен ырғақ үндестіктерін, музыкалық әуенділігін,
көтерген проблемалық тақырыптарының ауқымын анықтауға, стилі мен жаңашылдығын
зерттеп, зерделеп оқуға мүмкіндік береді. Мағжан тану пәні бойынша ашық сабақтар
өткізу арқылы, Мағжанның педагогикасындағы методикалық тәсілін, студенттерге
оқытып-үйрету, сол арқылы оны республика мектептерінің барлығына озық үлгі ретінде
таратуға, ақынның шығармашылығын тақырыптарға бөлу арқылы, 1920-1930 жылдар
аралығында қазақ әдебиетінде қандай ірі ізденістер жасалғанын анықтауға болады.
Сөйтіп, Мағжанның сыршыл лирик, тамаша аудармашы ғана емес, өлеңнен сурет
тудырған бейнешіл ақын ретінде қалыптасуына ықпал еткен арналары айқындалады.
Сабақ барысында Мағжан поэзиясы бірнеше жанрлық ерекшелікке бөлінеді. Бейнешілдік
талантты жан-жақты талданады. Мағжан поэзиясын талдап оқыту барысында оқулықтан
тысқары жазылған зерттеу пікірлергеде ден қоятын боламыз.
Мағжан өлеңдері қазақтың сөз өнері үшін жаңа, табиғаты ерекше туынды.
Мағжаннан тәсілін соғанға дейінгі қазақ поэзиясынан кезіктіру қиын. Ақын өлеңдерін оқи
отырып, оның түсіну, қабылдау қасиетінің айрықша мол, әрқилы екендігіне студенттердің
назарын аударамыз. Сол арқылы Мағжан поэзиясының әлемнің ірі-ірі ақындарымен қатар
тұра алатындай ірі суреткер екендігінің негізгі арналары ашылып, оны тереңдетіп,
зерттеп оқу студенттерге жүктеледі. Соған қажетті оқулықтардың библиографиялық
көрсеткіштері ұсынылатын болады. Ақын, поэзиясындағы тебіреністерінде табиғат
көріністерінен адам әрекеттерін іздейді. Сондықтан жел болып жылайды, ақ қайың болып
күрсінеді, бұл оның тамаша лирик екендігін білдіреді. Мағжан поэзиясын талдау
барысында ақынның лирикаларын (сезім-күй лирикасы, табиғат лирикасы, махаббат
лирикасы, саяси лирика) деп бірнеше түрлерге бөліп оқыту арқылы шығармашылық
ерекшелігін айқындаймыз.
Мағжан Жұмабаев шығармасын нақақтан жамандап, құлдыратуға тырысатындар
да, оның ақындық құдіретін бағалап, биікке көтергендер де болды. Мәселен, А.
Байтұрсынов, Ж. Аймауытов, М. Дулатов өздері трагедиялық күй кеше отырып, әдебиет
пен өнердегі парызын ұмытпады, ақынның талантын жоғары бағалады, өлеңдерінің
мәңгілік екендігіне сеніммен қарады. Сондықтан ақын поэзиясын тереңдеп оқыту
барысында, Мағжан поэзиясы жайындағы ғасырға жуық айтылып келген пікірлердің
жалған екендігіне студенттерді сендіру арқылы, бүгінге дейін қорқыныш тудырып...
отырған пікір таластарды ыдыратамыз. Мағжанның поэзиясындағы ұлтына деген
сүйіспеншілік ақынның ішкі жан толқынынан туындағандығына студенттердің көзін
жеткіземіз.
«Мағжантану» атты арнайы курстың дәріс - семинар сабақтары
№
тақырыбы
ле
кция
сем
инар
1
Ақынның
тағдыры
және
ХХ
ғ.
басындағы саяси жағдай. «Алқа» программасы
6
2
2
Мағжан символист
6
4
3
Мағжан-
педагог,
«Сауатты
бол»
оқулығының маңызы.
6
3
4
Мағжан-аудармашы,
оған
орыс
әдебиетінің ықпалы
2
2
5
Мағжанның реалистік көзқарасы және
түркілер тақырыбы
2
1
6
Мағжан-фольклорист
4
1
7
Мағжан-- лирик.
2
1
8
Мағжан балалар әдебиетін жасаушы
2
1
9
Барлығы
30
15
Дәрістер
Ақынның тағдыры және ХХ ғ. басындағы саяси жағдай
«Ұлттық ақын болу – ұлы іс». Мағжан өзінің ұлттық сарындағы шығармалары
арқылы қазақтың ұлттық болмысын сомдаған. Поэзиясында қазақтың наным-
сенімдерімен салт-дәстүрінде, ұлттың намысын оятатын, рухын көкке көтеретін қуатты
күш барын байқаған. Сабақ барысында ұлт болмысын көрсететін ақын өлеңдерін
студенттердің өзі тауып оқуы талап етіледі. Ұлттық патриотизм сарынын көтерудегі ақын
поэзиясының құдіретті күшіне мән беріледі. Ақын поэзиясының тақырыбы мен идеясы
айқындалады. Сондай-ақ Мағжан поэзиясында 20-шы ғасырдың бас кезіндегі тарихи
оқиғалар бар. Оны 1912 жылы жарық көрген «Шолпан» атты өлеңдер жинағы күә.
Мағжан поэзиясында Қазан, Февраль төңкерілістерінің ықпалы, тарихи кеіңдер бар. 1911
ж. «Жатыр», «Орал тауы», «Бір күні», «Есімде... тек таң атсын», «Құр қалыппын».
Мағжанның алпыс жылдан аса арамыздан аластатылуының басты себебі, ол туралы
айтылған теріс пікірлер, жабылған жалалар болатын. Сондықтан ХХ-шы ғасырдың 20-шы
жылдарындағы мәселені сөз еткенде, сол кезде, одан кейінгі 1960 жылдары ақтала алмай
қалған себептерге тоқтала кетпеу мүмкін емес. Өйткені осы кезде ақынның тағдырымен
байланысты пікірлер мол болған.
Әдебиеттер:
1.
Х. Абдуллин. Мағжан жыр жұлдызы., // Қазақ әдебиеті. 1993 ж. 26 наурыз
2.
Жұмабаева З. «Дариға». Сол күндерде күнім қараң// Қазақстан әйелдері. 1989 №3
3.
Б. Дәрімбетов. Мағжан және коммунистік идеология// Жас Түркістан. 2001. №1
4.
Д.Ысқақов. Қазақ елі бірауыз, сөзім саған. 2004.
5.
Д.Досжанов. Мағжан Жұмабаев немесе ажалына асыққан адам. \\ Жалын. №5.
6.
Жергілікті қазақ ұлтшылдарына күресті күшейтейік.\\ Ауыл мұғалімі. 1937.№3.
7.
Т.Жұртбаев. Ағадан қалған асыл сөз. «Алқа» атты әдеби үйірменің бағдарламасы
жайында. «Ақиқат. №7. 1997.
8.
Ж.Аймауытов. Мағжанның ақындығы туралы. Мағжанның 3.томдығында.1996.
9.
С.Құдаш. қазақ ақыны Мағжан Жұмабанвтың тағдыры туралы. \\ Зауал. Мақалалар
естеліктер. А. Жазушы. 1991,
10.
С.Мұқанұлы. Жұмабайұлы Мағжан. \\ Парасат.1991.№5.
11.
Т.Омарбеков. Голощекин тұсындағы алаш қайраткерлерінің тағдыры. Ақиқат.
№12., 1995.
12.
Ғ.Қаһарманұлы. Жәжеке. А. 2006. Қазығұрыт.
13.
А. Байдильдин Жұмабаев Магжан. Мағжанның 3-ші томында. 1996 ж.
14.
М.Әуезов. Мағжанды сүйемін! Мағжанның 3-ші томында. 1996 ж.
15.
М.Жолдыбаев. Сын. Мағжанның 3-ші томында. 1996 ж.
16.
Ғ. Тоғжанұлы. Қандай әдебиет үстем болмақ, қандай әдебиетіміз бар? Мағжанның
3-ші томында. 1996 ж.
17.
Ұ. Жұмабаева. Мәңгіліктің бір үзігі. 1996 жылғы Мағжанның 3-ші томында.
Мағжанның поэмалары
Мағжан қазақ әдебиетіне шағын көлемді поэмалар жанрын әкелген. Олар: «Батыр
Баян», «Ертегі», «Қорқыт», «Толғау», «Оқжетпестің қиясында», «Жүсіп хан» «Тоқсанның
тобы» «Қанышбай қисасы», «Өтірік ертек», «Қойлыбайдың қобызы» поэмаларының
жанрлық ерекшеліктері ондағы саяси- тарихи жағдайлардың көрінісі. Ақынның ондағы
образ жасау ерекшеліктері. Романтикалқы сарынның реализммен астасып келуі.
Әдебиеттер:
1.
Ш. Елеукенов. Мағжан. А., 1997
2.
Мәшһүр Жүсіп Қ. «Батыр баян» дастаны \\ Қазақ тілі мен әдебиеті. №6 2000.
3. Б. Қанарбаева. Жырымен жұртын оятқан. А., 1998
3.
М.Мұсағитов. «Батыр Баяндағы» таным және шындық. Жұлдыз. 1994, №8, Осы
автор. (Қойлыбайдың Қобызы» туралы). Жұлдыз. 1995.№2.
4.
Б. Майтанов. Мағжанның поэтикасы. 2001
5.
А. Байдильдин Жұмабаев Магжан. Мағжанның 3-ші томында. 1996 ж.
6.
М.Әуезов. Мағжанды сүйемін! Мағжанның 3-ші томында. 1996 ж.
7.
М.Жолдыбаев. Сын. Мағжанның 3-ші томында. 1996 ж.
8.
Ғ. Тоғжанұлы. Қандай әдебиет үстем болмақ, қандай әдебиетіміз бар? Мағжанның
3-ші томында. 1996 ж.
9.
Ұ. Жұмабаева. Мәңгіліктің бір үзігі. 1996 жылғы Мағжанның 3-ші томында.
Мағжан- педагог, «Сауатты бол» оқулығының маңызы
Мағжанның педагогикасы балаларды, жастарды тәбиелеуге арналған. Ескі қазақ
өмір-тұрмысынан, әдет-ғұрпынан нені алуға болады. Оны жаңа заман тәртібімен қалай
ұштастыру керек. Лекция барысында студенттерге Мағжанның педагогикасын оқып,
мысалдар арқылы ой қорытуға дағдыландыру. «Педагогика» еңбегін оқыту.
Әдебиеттер:
1.
Қ.Жарықбаев, С.Қалиев. Мағжан Жұмабаев. Қазақ тәлім тәрбиесі. А. 1995.
2.
К.Құнантаева, И. Халитова. Қазақ мектебіне негіз іздегенде. \\ Қазақстан мектебі.
1993,№10.
3.
Т. Мешітбаева. Мағжан педагогикасы.// Ұлағат. 1995. №2. 53-61 б.
4.
Ш.Біткенбаева. Мағжан жазған оқулық: \\ Алматы ақшамы.1990.12 қараша.
5.
С.Есқазиева. Мағжан Жұмабаевтың «Педагогика» еңбегінің тәрбиелік мәні.\\ Ұлт
тағлымы. 1999, №2.
6.
Қ.Жарықбаев. Мағжан Жұмабаевтың педагогикалық-психологиялық ой пікірлері.
\\Қазақ халқының тәлім тәрбие тарихынаан. А., 1992.
7.
С.Қалиев. Мағжан және халық педагогикасы. \\ Қазақстан мұғалімі. 1993. 2 шілде.
8.
Қ. Сейтәлиев. Алтын қорымызға қосылған бағалы мұра.( педагогикасы).
Қазақстан мектебі. 1994. №3.
9.
С.Сеңкібаев. Мағжан педагогикасының өміршеңдігі. \\ Қазақстан мектебі. №4.,
2001. Б. Әбдешов. М.Жұмабаевтың тәлім-тәрбиелік көзқарасы. \\ Қазақ тілі мен
әдебиеті.2001.№4
10.
Б.Әбдешов. «Шолпанның күнәсі» әңгімесіндегі психологизм. Қазақ тілі мен
әдебиеті. 2000.№3.
11.
Б. Кенжебаев. Ұстаз. 1996 жылғы Мағжанның 3-ші томында.
Мағжан-аудармашы, поэзиясына орыс әдебиетінің ықпалы
Мағжан поэзиясының биіктен көтерінуіне орыс әдебиетінің де ықпал еткенін атап
өткеніміз жөн. Сондықтан Мағжан өлеңдерінде Пушкин, Лермонтов, Фет, Блок т.б. орыс
лириктерінің сарыны кездесетіні қазақ ақынының ізденімпаздығын білдіреді. Бұл жерде
Мағжанның орыс ақындарынан аударылған өлеңдеріне тоқталғанымыз жөн. Мағжанның
бірқатар өлеңдері еліктеуден туған. Ақынның тоқталмай кету мүмкін емес. Сондықтан
лекция барысында студенттерге орыс ақын- жазушыларының өлеңдерімен арадағы
байланысына тоқталғанда аудармаларына ақынның Всеволод Ивановтан «Бала»,
«Темірбай»,
«Жолығу»,
«Сай»,
Мамин-Сибиряктан
«Ақбозат»,
П.Дороховтан
«Большевиктің баласы» аудармаларын салыстыра оқыту, өз беттерімен ізденіс
жасауларына мүмкіндік береді. Поэзиядан: Кольцов. «Шалдың үміті», М.Горький «Күн
шығады да, батады», «Жұртын сүйген жүрек», «Сұңқар жыры», «Ана», «Темірді
жұмсартқан ана», «Хан мен ұлы», Дмитриевтен «Дәрігер», Гетеден «Орман патшасы»,
«Айрылдым сенен сұлу қыз», Мятловтан «Бұтақ», Гейнеден «Екі бетің, сұлу қыз»,
«Күннің батуы», Лермонтовтан «Сарғайып келген егін толқындаса», Матерін шығармасын
аударуы.
Әдебиеттер:
1. Б.Қанарбаева. Жырымен жұртын оятқан. А., 1998.
2. Б.Қанарбаева. Мағжан символист. 2007.
2. Ш.Елеукенов. Мағжан., 1997.
3.Ө, Күмісбаев. Мағжан Жұмабаев және орыс поэзиясы. \\ «Алматы ақшамы». 1989.
17 май.
4. Ө.Күмісбаев.Терең тамырлар. А., «Ғылым» 1994.
5.А.Кемелбаева. Мағжанның поэзиясы. Абай. 2001.№3. 37б.
6.Ө.Күмісбаев. Мағжан және әлем әдебиеті. \\ Қазақ әдебиеті. 1993., 13 тамыз.
7. Б.Кәрібаева. Мағжанның поэтикасы. \\ Қазақ тілі мен әдебиеті., 2000.№7. 39 б.
Ш.
8. Қанарбаева. Жырымен жұртын оятқан. А., 1998
9. Сағындықова. Тағы да «ақтаңдақтар» жайлы. (Мағжан аудармашы). Жалын.
№2.,1993.
10. Т.Садықов, С. Қасымжанова. Мағжан. (Оқу құралы) Р., Білім. 1995.174 б.
11. Б.Сарбалаұлы. Ақбозат. \\ Халық кеңесі. 1991. 22 тамыз.
Мағжанның реалистік көзқарасы және түркілер тақырыбын жырлауы
Мағжан тек, романтик символист, реалист ақын емес, қоғамдық саяси
қайшылықтарды сынауы, кемшілікті көре білген реалисттік көзқарасын білдіреді. «Бір
күні», «Түн еді», «Қойшы бала мен күшік», «Жылқышының үйінде» т.б. Романтикалық
өлеңдері. «Есімде... тек таң атсын», «Тез барам», «Мен жастарға серемін». Мағжан
ақындығымен бірге тарлан жазушы екендігін «Шолпанның күнәсі» повесінде жазып
кеткендіктен, психологиялық роман екендігіне терең тоқталамыз. Шолпан образын
жасаудағы реалистік көзқарасы мен қазақ әдебиетіне әкелген жаңа әдеби әдісімен
танысамыз және осы повесте Батыстың сентименталистік сарынын реалистік
шыншылдықпен қалай астастырғанын айқындаймыз. Мағжан поэзиясында түрік
тақырыбының тууына ықпал болған себептер, отаршылдыққа қарсылық, ұлттар
бостандығы мен теңдігі үшін күрес. Мағжанның түрік тақырыбын жырлауы, қазақтың түп
тарихын іздеп ел тарихын терең түсіндіру еді. Тек бір ғана «Түркістан» өлеңі арқылы
тарихи даму жолдарымызбен, ел сыйлаған батырларымызбен, хандарымызбен,
Ұлықбектей ғалымдарымызбен таныстыруды мақсат еткенін: «Орал», «Орал тауы»,
«Алыстағы бауырыма», «Қазақ тілі», «Түркістан», «Жер жүзіне» өлеңдерін талдай отырып
дәлелдеу.
Әдебиеттер:
1.
Р.Бердібаев. Байқалдан Балқанға дейін. А., 1996.
2.
Р.Бердібаев. Түрік халқының жыршысы.\\ Халық кеңесі. 1993., 20 сәуір.
3.
Б.Дәрімбетов.Мағжанның түрікшілдігі. \\ Жас түркістан. 1999.№1.
4.
Б.Дәрімбетов. Мағжан және Алаш қозғалысы. \\ қазақ тарихы. 1999.,№6.
5.
Дилек Ф. Мағжанның жырлары-Түркияда: Ақынның түрік тіліндегі жинағы
жайында \\ Ауд. Ф.Әли. Жас Алаш. 1994., 15 қазан.
6.
С.Кудаш. Поэт и его время. 1996 жылғы Мағжанның 3-ші томында.
7.
Х. Махмудов. Қазақ ақыны. 1996 жылғы Мағжанның 3-ші томында.
Е.Ердембекұлы.Мағжан Жұмабаевтың романтизмі. \\Жұлдыз. 1996.,№9 169 б.
2.Қ.Жүсіпов. Мағжанның романтизмі. \\Қазақ тілі мен әдебиеті..1992.,№5, 6 б.
2.М.Базарбаев. Мағжан Жұмабаев. (Мағжан шығармашылығына жағылған алғы
сөзінен.) А., «Білім» 1995 ж. 3-32 беттер.
5. Е.Тілешов. Мағжан Жұмабаевтың поэзиясындағы романтизм. ( кан. диссерт)
Алматы.. 1997.
6. Мәшһүр-Жүсіп Қ. Мағжан романтизмі: \\ Қазақ тілі мен әдебиеті. 1992.№5-6.
Семей таңы.
7.20-30 жылдардағы қазақ әдебиеті. 1-ші кітап. А. Ғылым. 1997.
8. 9. Ә.Тарази. Мағжанның прозасы. \\Қазақ әдебиеті. 1990.13 көкек.
Мағжан- фольклорист
Мағжанның поэзиясында фольклорды пайдалануының үш себебіне тоқталу. Халық
ауыз әдебиетін халықтың санасын оятып, сол арқылы әлеуметтік орта мен қоғамдағы
келеңсіздікпен күресуді мақсат етті. Ақын халық ауыз әдебиетін жинаумен айналыса
отырып, мынадай мақалалар жазды. «Базар жырау», «Әбубәкәр ақсақал Дибаев»,
«Наурыз», «Ақан сері». Тарихи аңыздардың негізінде поэмалар жазды. «Батыр Баян»,
«Қорқыт», «Қанышбай қысасы», «Оқжетпестің қиясында» поэмадағы тарихи шындық.
«Қорқыт», «Қойлыбайдың қобызы», «Ертегі» , «Толғау»,» Тоқсанның тобы» поэмалары
арқылы, қазақ әдебиетінің генетикалық нәрі ұлттық қайнарда екендігін дәлелдеген.
Мағжанның фольклорды пайдалануы екі кезеңде көрінеді. Алғашқысы Қазан төңкерісіне
дейін, екіншісі Қазан төңкерісінен кейін. Өзге ұлттардың шығармашылығын ауыз
әдебиетінің үлгісімен жазған. «Жүсіп хан», «Өтірік өлең(Өтірік ертек та аталған.)
«Тоқсанның тобы», «Толғау». Фольклорлық сюжетке құрылған өлеңдер: «Қос мүйізді
Ескендір», «Зуһра», фольклордың кіші жанрларын пайдалануы. «Жұмбақ», «Ата, бата».
«Сал-сал білек», «Бөбектің тілегі», «Бесік жыры», «Еслам қазасына көңіл айту». Осы
өлеңдердің ішіндегі шешендік сөздер. Фольклорлық сюжеттерді пайдалану арқылы қазақ
әдебиетіне әкелген жанрлық жаңалықтары.
Әдебиеттер:
1.
Ш. Елеукенов. Мағжан. А., 1997
2.
Мәшһүр Жүсіп Қ. «Батыр баян» дастаны \\ Қазақ тілі мен әдебиеті. №6 2000.
a.
3.Б. Қанарбаева. Жырымен жұртын оятқан. А., 1998
3.
Б.Қанарбаева. Мағжан шығармашылығының фольклорлық қырлары. А., 1995.
4.
Б.Қанарбаева. М. Жұмабаевтың «Қорқыт» поэмасы: Көркемдік пен көрегенділік.\\
ҚР ҒА Хабарлары. Тіл әдебиет сериясы. 1996., №6., 26 б.4.
5.
М.Мұсағитов. «Батыр Баяндағы» таным және шындық. Жұлдыз. 1994, №8, Осы
автор. (Қойлыбайдың Қобызы» туралы). Жұлдыз. 1995.№2..
6.
З. Ақышов. Мағжан мен фатали; Ерші Жүсіп пен Аббас хан. Алматы ақшамы. 1989.
28 декабрь.
7.
Ш.Тоқжігітұлы. «Тоқсан тобы» туралы. Мағжанның 3-ші томында. 1996 ж.
8.
Ш.Тоқжігітұлы.Тағы да «Тоқсан тобы» туралы» . .Мағжанның 3-ші томында. 1996
ж
Мағжан поэзиясындағы символизм
Мағжанның
шығармаларындағы
символизм
шетел
әдебиетінің
ақын
жазушыларының шығармашылығымен байланыстырылады. Символдық өлеңдері.
«Сүйгеніме», «Жоғалған алтын», «жарыма», «Қарңғылық қоюланып келеді, «Шолпы»,
Мистикалық образдау. «От», «Пайғамбар», «Гүлсімге», «Г-ге», «Қысқы жолда, «жазғы
жолда», «Бостандық», «Балапан қанат қақты», «Жұмбақ», «Батқан күн, атқан таңның
жыры», «Қараңғы дауылды түнде», «Толқын», «Қайың», «Александар Блок», «Еңбек өлім
жан қанатын қиятын», «Шойын жол», Сентименталтзмдік сезім. «Жігер, шіркін, желінді»,
«Батыр Баянның кіріспесі», «Қойлыбайдың Қобызының соңғы жолдары. «Жер жүзін
топан басса екен», «Жаралы жан», «Адастым», «Бүгінгі күн өмір, өлім менікі», «Баланың
қабір тасына», «Шылым», «Алдамшы өмір», «Болса гүлсіз», «Мені де, өлім әлдиле»,
«Тірілдім», «Еңбек-өлім, жан қанатын қиятын», «Өміріме өкпем», Мағжан
шығармашылығындағы бейнелеу ақын өлеңдеріндегі романтикалық сарынменде
байланысты. Сондықтан Мағжанның поэзиясындағы романтизм жанрлық жағынан соны
емес, жаңа қоғам орнатуды аңсаған прогрессивтік бағыттағы сарын. Сондықтан ақын
өлеңдеріндегі романтикалық сарын Батыс ақындары мен орыс ақындары, қазақ
романтикасының негізін салушы Махамбет өлеңдерімен салыстыра оқытылады.
Романтикалық сарындағы өлеңдерін студенттердің өздері талдайды.
Әдебиеттер:
1. Е.Ердембекұлы.Мағжан Жұмабаевтың романтизмі. \\Жұлдыз. 1996.,№9 169 б.
2.Қ.Жүсіпов. Мағжанның романтизмі. \\Қазақ тілі мен әдебиеті..1992.,№5, 6 б.
3. Ш. Елеукенов. Мағжан. А., 1998.
4. Б.Қанарбаева. Жырымен жұртын оятқан.А., 1998
5. Т.Кәкішов. Оңаша отау. 198
6. Мәшһүр-Жүсіп Қ. Мағжанның романтизмі: \\ Қазақ тілі мен әдебиеті. 1992.№5-6.
Семей таңы.
7. Жүсіпов.Қ. Мағжанның шеберлігі. \\ Жұлдыз. 1991.№11.
8. Б. Қанарбаева. Мағжан- символист. А., «Экономика», 2007.
9. Е.Тілешов.Суреткер және көркемдік әдіс. Арқас. Астана. 2005.
Мағжан – лирик
ХХ ғасырдың 20--30-шы жылдарында Мағжанның лирикалық өлеңдерін әдебиет
зерттеушілері сынға алып, онда эстетикалық мән жоқ дегенге келді. С. Мұқанов Мағжан
поэиясын қатты сынға алды. Мағжан лирикасы төңірегіндегі даудың ушығуына Ғ.
Тоғжановта баспасөз беттерінде сындар айтты. Шындығында Мағжан лирикаларындағы
эротикалық сарын қазақ әдебиетіне Батыс Европа мен орыс әдебиетінің үлгісіндегі жанр
әкелу мақсатынан. Олар: «Сүй, жан сәулем», «Сен сұлу», «Хор сипатты қарындас»,
«Күміс нұрлы ай», «Төгілген шашы», «Күміс нұрлы ай», «Ес кірген соң», «Сүйгенім
анық», «Жас сұлуға», «Алданған сұлу, «№ға» т. б. Лекция оқу кезінде осы өлеңдердің
жанрлық ерекшелігін Гете, Фет, Мережковский өлеңдерімен салыстыра айту мақсатымыз
болмақ. «Сүйгенім анық», «Жан жарымды бір сүйейін түсімде», «Айрылғанда» өлеңдерін
студенттерге талдату арқылы тақырыпты меңгеруге тәрбиелеу. Мағжан лирикалары
туралы М. Базарбаевтың, Б.Дәрімбетовтың, М.Әлімбаевтың, Қ. Мырзалиев, т.б.
зерттеушілердің пікірлерін өлеңдерін талдату кезінде студенттерге оқыту. Табиғат
лирикасына қатысты өлеңдер: «Жел», «Жұлдыздарға», «Жазғы түнде», «Көкшетау»,
«Қайың», «Өзеннің суын жел тербеп», «Күзді күні», «Еділдің сағасында».
Әдебиеттер:
1.
М. Базарбаев. Замана тудырған әдебиет. А. «Ғылым». 1997. 216 б.
2.
Байтанова Б. Жұмабаев шығармашылығына шолу. Қазақ тілі мен әдебиеті.
1996. №1.
3.
Қ.Бітібаева. Мағжан Жұмабаев: (тереңдетіп оқыту орындарына арналған
әдіс-бағдарлама) \\ Қазақ тілі мен әдебиеті. 1993. №8. 19-23б.
5. Б.Кәрібаева. Қазақ лирикасының қайнары.\\ Қазақ әдебиеті. 1993. 7 мамыр.
6. С. Негимов. «Өлеңім менің Шолпарым, айым, күнім» \\ Қазақстан мұғалімі.
1989. 13 январь.
7. Б.Сарбалаұлы. Мағжан лирикасы. Қазақ әдебиеті. 1990. 13 көкек.
8. Ш.Әсетқызы. Мағжан- табиғат суретшісі.\\ Ұлағат. 1995, №1.
Достарыңызбен бөлісу: |