Оқушы өзін — өзі бақылайды, бағалайды, кемшіліктерін анықтайды.
Сапалық көрсеткіштерде жақсы нәтижеге жеткізеді.
Нәтижесі тікелей белгілі болады.
Барлық оқушыға бірдей талап қойылады.
Оқушылардың білім дәрежесі әділ бағаланады, әрі оқытушының өз пікірінше ғана бағалауына жол берілмейді.
Оқушылардың білім деңгейін білу үшін оқылған материал тегіс қамтылады.
Жалпы алғанда тест: педагогикалық тест, психологиялық тест, профессионалдық тест
Лингводидактикалық тест – педагогикалық тестің бір бөлігі ретінде, сөйлеу және жазу тілі тестерін құрастырып, оны жүзеге асырумен айналысады. Лингводидактикалық тест әдісі оқушылардың меңгерген материалын ескере отырып: біріншіден – өтілген тілдік материалды қайталау, қорыту, екіншіден – алған білімдерін тәжірибеде, күнделікті өмірде қолдана білуі мақсатында жүргізіледі. Осыған орай бұл тест екіге бөлінеді:
Тілдік тест. Оған лексикалық, грамматикалық тест түрлері жатады.
Сөйлеу тілі тесті. Көбіне жағдаяттық тақыраптағы сұрақ жауап тапсырмаларынан тұрады.
Тест әдісін жүргізу баспалдақты жүйе негізінде жүзеге асырылады:
А) тест жүргізудің дайындық кезеңі;
Ә) тест өткізу кезеңі;
Б) тест тапсырмаларын қорытындылау, бағалау кезеңі