Байланысты: Лекция 4 Имидж мазм ны, ерекшеліктері ж не т рлері
Бар имиджді түрлендіру мақсатында алға қойған міндеттемелерді, тапсырмаларды іс - жүзіне асыруды имиджмейкингон деп атайды.
Имиджді құру мен оны түрлендірумен кәсіби деңгейде айналысатын тұлғаны имидмейкер деп атайды.
Имидж – бұл субьект – субьектілі өзара әрекеттесу процесінде қалыптасатын субъектінің символы (рәмізді) образы болып табылады.
1. «Мен концепсиясын» құрудағы тұлғалық ерекшеліктерін, сапасын арнайы тесттер мен технологиялар арқылы зерттеу. Имидж жүйесі бойынша орындалатын жұмысты рухани, өзгениетті сапа ерекшеліктерін қалыптастыру мен жалпы адамдық құндылықтар, қоғамдық даму заңдылықтарына бағынудан бастау қажет. Ізгі - ниетті әсем іс - әрекеттерімен ерекшеленетін тұлғалық көріністер жүректі жаулап алады. Бастапқы кезеңде, идеалды бейне жайында, имидждеу процесіне қажетті эталон сапасында ақпараттар жинақталады.
2. Кәсіби іс - әрекеттіліктер түріне, шығу тегіне тиісті сипатты мәліметтерді жинақтау, таңдап алу. Егер, жетекші имиджі қалыптастырылатын болса, лидердың (көшбасшының) сапалық ерекшеліктері таңдап алына отырып, жүйеленеді. Жауапкершілігі, тәртіптілігі, ұйымдастырушылық, ақпараттана білу, жігерлілік ерекшеліктері. Қарым - қатынасу, достар, жан - ұя, спорттық, денсаулық, салауатты өмір салалары жүйеленеді. Британ оқымыстылары, адам өмірінің ұзақтылығы оның зерделілігіне тікелей байланысты деген қорытынды жасады. Эдинбургск университетінің мамандары архивтен (мұрағат), зерделі даму коэффицентін сипаттайтын 1932 ж. болсақ, он бір жастағы 3000 бала, 1997 жылы өз араларындағы болашақ достарын іздестірген, орташа жасы 102,… Ақыл мен саналары жоғарғы дәрежеде дамыған тұлғалардың жасы ұзақ болған. Сонымен қатар, имидж тұлғалық жеке көрсеткіштері арқылы да құралады: алғыр - тапқырлық, шығармашылықты ізденімпаз, мақсатқа жетелемейтін, ал ең бастысы – жетістік пен өз күшіне сене білуі. Адамның істеген істері, ой - өрісі, жүріс - тұрыстары, сөйлеу мәнерлері арқылы сипаттама беріледі.
3. Имидждің қалыптасуындағы үшінші кезең сыртқы көрініс. Сыртқы көріністі тартымды да, сүйкімді қалыптастыру үшін, өзіндік беттік сипатты, макияжды таңдай білу қажет (косметика, иіс сулары және тағы сол сияқты). Киім киюдегі жекеше стильді әзірлеп, таңдап алу аса ерекшелікке ие. Тартымды сыртқы көрініс мінез - құлық, дене пішіміндегі гормония, сүйкімді әдеттер, күлімсіреуі қоршаған ортаны сөзсіз таң қалдырады. Осы аталған элементтерді жасау терең еңбекті талап етеді.
4. Қатынасу сапалық ерекшеліктерін жетілдіру (сөйлеу, өзара қарым -қатынаса білу, аудиторияның алдында еркін сөйлеу). Қажет болған жағдайда аудиторияның көңілін аулау, тыңдаушыны қызықтыру, бәсекелестік, айтыс - тартысты күлкіге айналдырып шешу. Байқап отырғанымыздай, имидждеу - өте күрделі және адам баласына қажетті жұмыс, ғылым, сондықтан да ол сан дамыған мемлекеттерде өте құнды. Ең бастысы ішкі дүниеге қамқорлық жасау, өз өмірімізді қалай сүріп жатырмыз, өмірге сабақ бола алатын ептіліктермен әдеп - ғұрыптарды тиісті дәрежеде жинақтау. Франциядағы модельдік бизнестің негізін қалаушы Шанель «Сұлулыққа деген қамқорлықты жан мен жүрек қалауынан бастау қажет, олай болмаса ешқандай косметика көмектеспейді». Шынайы жомарт адам ұлы жандылықпен дүниеге келмейді. Тұлғалық ерекшеліктерді мақсаттылыққа байланысты бағалайды. Осы мақсаттылықтар мекеменің және жалпы қоғамның мақсаттарымен сәйкес келуі тиісті. Тұлға өзінің іс - әрекеттіліктері мен өзге адамдармен қарым - қатынастылықтары арқылы өзіне тән бейнесін, түр - әлпетін көрсетеді.