Лекция №4 Ұлттық тағам атаулары шығу тарихы Тағам атауларының салт дәстүрлердегі көрінісі



бет3/24
Дата31.12.2021
өлшемі101,91 Kb.
#22708
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
Байланысты:
ЛЕКЦИЯ бренд

Сүт тағамдары


  • Қазақ халқы сүт тағамдарын төрт түлік малдың сүтінен жасаған. Төрт түлік малдың сүтін және одан жасалған айран, қымыз, шұбат сияқты сусындарды халқымыз ағарғанақ деп атаған.

  • Сүт тағамдарының мынадай түрлері бар:

    1. Сүт.

    2. Қаймақ.

    3. Айран, қатық.

    4. Сары май.

    5. Сүзбе.

    6. Құрт.

    7. Ірімшік.

    8. Қымыз.

    9. Шұбат, қымыран.

    1. Айранды кейде қатық деп атаса, шұбатты қымыран дейді. Қатық – ұйытылған, бірақ араластырылмаған айран.
    2. Ет тағамдары


    3. Қазақ халқының өмірінде ет тағамдары ең басты орынды иеленеді. Олардың мынадай түрлері бар:

    1. Ет (жас ет, сүр ет).

    2. Жаубүйрек – жаңа сойылған малдың бүйрегінен, етінен пісірілген тағам.

    3. Жөргем– бунақтап өрілген ішек.

    4. Жұмыр – ішіне сарымсақ, сәбіз, күріш, майлы ет салып, аузын түйреген қарын.

    5. Қуырдақ – майға қуырылып пісірілген ет.

    6. Мипалау – пісірілген бастың миына құйқа, ішек–қарын араластырып, тұздық құйып жасаған тағам.

    7. Нарын – піскен ет пен қамырды ұсақтап турап, әбден араластырғаннан кейін, үстіне тұздық құйып берілетін тағам.

    8. Түймеш – туралып, жаншылып, майға қуырылған тағам.

    9. Үлпершек – жүрек қабына май, кесек ет т.б. салып жасалған, шұжық тәрізді тағам.

    10. Шұжық – шикі еттің майлы жерінен турап, тұз, бұрыш қосып, ішекке тығып жасаған тағам.

    11. Бұқтырма -ет,картоп,сәбізді бұқтырып пісіретін тағам

    1. Қазақ халқының табақ тарту дәстүрі

    1. Бас табақ – бас, жамбас салынып, қонақтың ең жасы үлкеніне қойылады.

    2. Сый табақ – жамбас салынып, сыйлы қонақтың алдына қойылады.

    3. Орта табақ – асықты жілік салынады.

    4. Күйеу табақ – бір сан жілік пен төс салынады.

    5. Келін табақ – ұлтабар және жүрек салынады.

    6. Құдағилар табағы – жамбас немесе асықты жілік салынады.


    1. Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет