Біртектес жай өлшемдердің қосындысы күрделі өлшем (метр) құрайды. Күрделі өлшем екі немесе бірнеше жай өлшемнен тұруы мүмкін. Соның нәтижесінде күрделі өлшемде бірнеше күшті үлес кездеседі. Күрделі өлшемде қанша жай өлшем болса, сонша күшті үлес болады.
Күрделі өлшемнің бірінші үлесі басқасынан гөрі күштірек, сондықтан бұл үлесті күшті үлес дейді де, ал үлестің сәл әлсіз акценттерін біршама күшті үлес деп атайды. Күрделі өлшемдерді анықтайтын барлық көлемдерді күрделі көлемдер дейміз.
Іс жүзінде жиі қолданылатын күрделі көлем көрсеткіштеріне мыналар жатады:
а) төрттік үлестік көлем көрсеткіштері:
4/4=(2/4+2/4) 4/8=(2/8+2/8) сирек кездеседі; 4/2=( 2/2+2/2)
б) алты үлестік көлем көрсеткіштері:
6/4= (3/4+3/4); 6/8= (3/8+3/8)
сирек кездеседі; 6/16(3/16+3/16)
в) тоғыз үлестік көлем көрсеткіштері:
9/8=(3/8+3/8+3/8)
сирек кездеседі: 9/4=(3/4+3/4+3/4) 9/16=(3/16+3/16+3/16)
г) он екі үлестік көлем көрсеткіштері;
12/8=(3/8+3/8+3/8+3/8)
сирек кездеседі; 12/16=(3/16+3/16+3/16+3/16)