Көшбасшылықтың авторитарлық типі монополиялы билікті, оларға қол жеткізудің мақсаттары мен əдістерін бірауыздан анықтау жəне қалыптастыруды талап етеді.
Авторитарлық тип əкімшіліктік əдістермен бағынушылардың белсенділігін арттырады, психологиялық климат өзара құрметтеудің жеткіліксіздігімен сипатталады.
Көшбасшылықтың демократиялық типі құрметтеу мен əділдікке негізделген. Осы типтің шеңберінде саясатқа əрбір адамның қатысуы болады, саяси əрекеттің барлық қатысушылары арасында жауапкершілік бөлініп беріледі.
Басқару түріне қарай жетекшілерді: формальді және формальсыз деп бөледі.
Формальді жетекші белгіленген ережелер арқылы басшылық орынға тағайындалғандар.
Формальсыз жетекші қатысушылар өздері таңдайды.
Нағыз саяси жетекші шиеленіс, кикілжіңдерді дер кезінде түсіне біліп, өрістетпей уақытында жоя біледі.