Лекция №6 Тақырыбы: Отаршылдық кезеңіндегі қазақ халқы руханилығының даму ерекшеліктері


Қазақ мемлекеттілігінің әлсіреуі және хандық биліктің жойылуы, оның қазақтың рухани өміріне тигізген кері әсерінің көріністері



бет2/6
Дата13.04.2022
өлшемі22,59 Kb.
#30847
түріЛекция
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Лекция 6.docx

Қазақ мемлекеттілігінің әлсіреуі және хандық биліктің жойылуы, оның қазақтың рухани өміріне тигізген кері әсерінің көріністері.

XIX ғасырдың жиырмасыншы жылдарына қарай патша үкіметі Қазақстандағы хан билігін жоятын уақыт келіп жетті деген қорытынды жасады. Бұған салмақты негіздер де, қажетті бірқатар алғышарттар да жеткілікті деп санады.

Біріншіден, қазақ хандары дала тұрғындарының басым көпшілігінің алдында өздерінің беделінен айырылып қалды. Жергілікті байырғы халық патша үкіметі тағайындаған хандарды баяғыдай дербес ел басқарушылар деп емес, көбінесе Ресей империясының кәдімгі көп шенеуніктерінің бірі ғана деп қабылдады. Оның үстіне, тап сондай дәрменсіз билеушілердің саны да көбейіп бара жатты. Патша үкіметі әр жүздің (Кіші жүз бен Орта жүздің) бұрыннан бар хандарының қатарына жаңа хандарды қосып отырды. Мәселен, 1812 жылы Кіші жүздің Жайықтың оң жақ бетіндегі қазақтарға Бөкей сұлтан өз алдына жеке хан болып шыға келсе, 1815 жылы Орта жүзде Уәли ханмен қатар және Бөкей сұлтан да хан болып тағайындалды.

Екіншіден, бұл кезде патша үкіметі Кіші жүзді де, Орта жүзді де бірнеше әкімшілікке бөлшектеген еді. Мұның өзі патша үкіметінің көшпелі қазақтарды басқаруына өте қолайлы болып шықты. 1788 жылы Ертіс бойындағы қазақтардың сұлтан Сұлтанбек басқарған бір бөлігі Ертіс өзенінің оң жағында «мәңгілік көшіп-қонып жүру» құқығына ие болды. Сөйтіп Орта жүз бірі Ертістің оң жағалауы, екіншісі Ертістің сол жағалауы болып екіге жарылды. 1801 жылы Жайықтың оң жағалауында Кіші жүзден бөлінген Ішкі Орда құрылғанын айттық. Оның үстіне, 1808 жылғы ашаршылық кезінде Кіші жүздің 20 мыңға жуық қазағы башқұрт кантондарының аумағына уақытша көшірілді. Бір кездегі біртұтас жүздердің арасында ендігі жерде ешқандай да еркін байланыс жасау мүмкіндігі қалмады, өйткені ондай байланыс жасауға қатаң тыйым салынды.

Үшіншіден, XIX ғасырдың бас кезінде Шыңғыс ұрпағы бірқатарының патша үкіметінің әкімшілігіне белсенді қарсылық білдірген оқиғалары көбейіп кетті. Ал ақыр соңында, патша үкіметі Франциямен соғыс аяқталғаннан кейін жеткілікті әскер күші мен адам ресурстарына ие болды. Мұның өзі оның тәуелсіз қазақтардың заңды билігін — хан билігін біржолата жоюға итермеледі. Өйткені хан билігінің сақталуы патша үкіметінің өлкені шаруашылық тұрғысынан кең көлемде отарлауына кедергі келтірген еді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет