Әлеуметтік салада: Әлеуметтік қауымдасулардың арасындағы тең құқықтық, шарттық келісім қатынастарының болуы;
Жеке адамның әлеуметтік қорғалуы;
Азаматтардың әкімшілік тарапынан болған әділетсіздікпен қорғалуы;
Жеке адамның және оның мүліктерінің қылмыстық элементтерден қорғалуы;
Материалдық және рухани игіліктердің әділетті бөлінісінің болуы;
Білім, дәрігерлік көмек пен әлеуметтік қамсыздандырудың сапасы мен оған еркін қол жеткізу.
Қазіргі кездегі демократиялық қозғалыстар. Қазіргі уақытта мынадай демократиялық қозғалыстар бар:
Халық бұқарасының дүниежүзілік соғысқа қарсы күресі;
Жаңа экономикалық тәртіп орнату жолындағы қозғалыстар;
Нәсілдік және ұлттық кемсітушілікке қарсы бағытталған қозғалыстар;
Бейбітшілік пен демократия жолындағы күрес;
Ғалымдар мен дәрігер, заңгерлердің қозғалысы;
Жер мәселесі және әлеуметтік құқықтарды талап ету жолындағы шаруалар қозғалысы;
Қоршаған ортаны сақтау жолындағы түрлі бұқаралық қозғалыстар.
Қоғамның саяси жүйесін демократияландыру. Саяси жүйені демократияландырудың мынадай негізгі бағыттары бар:
- Басқарудың саяси және мемлекеттік емес (өзін - өзі басқару) процестеріне кең жол ашу. Мемлекеттердің өкілеттік бастамаларын дамыту;
- Барлық әлеуметтк топтардың мүдделерін анықтаудың, қалыптастырудың, іске асырудың тетіктерін жетілдіру;
- Жеке адамның жан – жақты жетілуіне көмектесу, ұлттардың үйлесімді дамуы, достықты нығайтып, ынтымақтастық процестерін жүргізу;
- Заңдылық пен құқық тәртібін нығайту, биліктің жеке адамдардың қолында тым көп шығарылуына қарсы тосқауыл жасау;
- Мемлекеттік, партиялық және қоғамдық ұйымдардың қызметтерін және өкілдіктерін айқын түрде анықтау;
- Саяси жүйе құрылымын жаңартудың тиімді тетіктерін қалыптастыру.