Лекция 7 Тірек-қимыл аппараты бұзылған балалар



Дата23.11.2022
өлшемі46,56 Kb.
#52100
түріЛекция
Байланысты:
7 лекция


  • Лекция 7 Тірек-қимыл аппараты бұзылған балалар.

1. Тірек-қимыл аппаратының бұзылуларының түрлері.
Балаларда туа біткен және жүре келе пайда болған аурулардың 5-7% тірек-қимыл аппаратының бұзылулары құрайды. Аталмыш зақымдар туа біте және тіршілік барысында бара келе пайда болуы мүмкін. Тіре-қимыл жүйесі ауруларының келесі түрлерін белгілейді:
А) нерв жүйесінің аурулары: балалық церебралды паралич, полиомиелит ауруы.
Б) тірек-қимыл жүйесінің туа біткен патологиясы: туа біте жамбас сүектері шығып кету, мойын омыртқалары қисайып кету, маймаңдау және бунақ сүйектерінің басқа да деформациялары, арқа омыртқа дамуының кемістіктері (сколиоздар), қол сүйектері дамуының кемістіктері, артрогрипоз.
В) Тірек-қимыл аппаратының жүре келе пайда болған ауруларымен бұзылулары: жұлын, бас ми және аяқ-қолдардың жарақаттан бұзылуы, полиартрит, қаңқа аурулары (өкпе құрт ауруы, қаңқаның ісіктері, остеомиелит), қаңқаның жүйелік аурулары (хондродистрофия, рахит ауруы).
Тірек-қимыл жүйесі бұзылған балаларда бастаушы кемістік қозғалтқыш ауытқу болып табылады (қозғалтқыш қызметтерінің жетілмеуі, бұзылуы немесе мүлдем жойылуы). Сондай аутқылары бар балалардың арасында көпшілігін балалардың церебральдық сал ауруымен ауратын балалар құрайды (89%). Мұндай балаларда қозғалтқыш кемістіктер психикалық бұзылулармен қатар тіл мүкістіктермен тіркесе жүреді, сондықтан олардың көпшілігі тек қана дәрігерлікпен әлеуметтік жәрдемді ғана емес, сонымен қатар психологиялық-педагогикалық және логопедтік түзетуді қажет етеді. Әдетте, тіреқ-қимыл аппараты бұзылған балалардың басқа категориясында танымдық қызметінің бұзылуы байқалмайды жәнеде олар арнайы оқыту мен тәрбиені қажет етпейді. Дегенмен аталмыш балалардың барлығыда ерекше өмір жағдайды, оқытуды және келешек еңбек әрекетін қажетсінеді. Оларды әлеуметтік бейімдеуінде екі бағытты белгілейді. Біріншісі – қоршаған ортаны балаларға бейімдеу. Ол үшін арнайы техникалық жылжу құралдар (арбалар, балдақшалар, таяқтар, велосипедтер), тұрмыстық заттар (ыдыс-аяқ, электроаспаптардың арнайы сөндіргіштері), арнайы сатылар, жол жиектерінен түсу жолдар болады. Ал қозғалтқыш кемістігі бар балаларды бейімдеудегі екінші бағыт – ол балалардың өз бастарын әлеуметтік ортаның қалыпты жағдайларына бейімдеу.
2. Балалардың церебральдық сал болуы (паралич, сал ауру, БЦП), жалпы сипаттама.
Кейінгі жылдары балалардың церебральдық параличі (сал болуы) (БЦП) нерв жүйесінің көп таралған ауруларының бірі болып табылады. Орта есеппен 1000 жаңа туған нәрестенің 6-да аталмыш аурудың көріністері байқалады. «Церебральдық паралич» деген термин пренатальды, интранатальды және ерте постнатальды кезеңдерде мидың жетілмеу немесе зақымдану нәтижесінде пайда болған бір шама синдромдардың тобын біріктіреді. Мұндай жағдайда көбінесе мидың «жас» бөлімдері – ерікті қозғалыстарды, сөйлеуді сонымен қатар басқада қызметтерді реттейтін үлкен жарты шарлар зақымданады. БЦП көріністеріне жататын: түрлі қозғалтқыш, психикалық бұзылулармен тіл мүкістіктері.
БЦП-нің себептері болып ананың жүкті болып жүрген немесе туу кезеңінде, немесе бала өмірінің бірінші жылдарында әр-түрлі жағымсыз факторлардың әсерлері болып табылады. БЦП-нің 100-нен 30-ы туа біте, 60-ы туу барысында, 10-ы туғаннан кейін пайда болады.
Пренатальды кезеңінде тұқымға зиянды әсер ететін келесі факторларды атап көрсетуге болады:
- жүкті ананың басынан кешкен инфекциялық аурулары (вирусты жұқпалы аурулар, қызамық, токсоплазмоз);
- ананың жүрек-тамыр және эндокринді жүйелік бұзылулары;
- тұқымның жарақаттары мен соғып алулары;
- ана және бала қанының резус-фактор бойынша үйлесімсіздігі;
- физикалық факторлар (қызынумен тоңазыту, вибрацияның әсері, сәулелендіру, оның ішінде ультрафиолетті сәулелену);
- кейбір дәрі-дәрмектер;
- экологияның қолайсыздығы (ауаның, судың ластануы, азық-түлікте нитраттардың, уландырғыш заттардың, радионуклидтердің, әр-түрлі жасанды қоспалардың көп мөлшерде болуы).
Қазіргі мезетте БЦП-нің этиологиясы болып іштей және туу барысындағы қиылысқан себептерді санайды. Көбінесе туу барысындағы жарақаттарға асфиксия қосыла жүреді. Асфиксия деп қанда оттегінің жетіспеушілігімен көміртегі мөлшерінің тым артық болғанын, тыныс алу және жүрек қызметінің бұзылуымен сипатталатын патологиялық жағдайды айтады. Асфиксияны, әсіресе клиникалық өлімді бастан кешкен балаларда БЦП-нің пайда болу қаупі өте жоғары болатыны айқын.
БЦП туғаннан кейін нейроинфекцияларымен (менингит, энцефалит аурулары) аурғанда, бас жарақаттарды алғанда болуы мүмкін.
3. БЦП-те қозғалтқыш кемістіктің құрылымы.
БЦП-мен ауратын балаларда барлық қозғалтқыш қазметтерінің қалыптасуы тежеліп бұзылады: басты ұстау қызметі, отыру, тұру, жүру дағдылары, сонымен қатар манипулятивтік әрекеті өте қиын және кеш қалыптасады.
Бұлшық еттері тонусының бұзылуы (спастика, сіреспелік, гипотония, дистония түрлері сияқты).
БЦП ауруында өте жиі бұлщық еттері тонусының жоғарлауы байқалады – спастика немесе жиырылу. Мұндай жағдайда бұлшық еттер жиырылып қалғандықтан аяқтары тізе буындарында бүгіле бір біріне қосылып, сонымен қатар қолдары денесіне жабысып, шынтақ буындарында бүгіле қол саусақтары жиырылып қалады.
Сіреспелік кезінде бұлшық еттері тым артық күшпен жиырылып тетанус жағдайы байқалады. (Тетанус – бұлшық еттің барынша көп артуы). Аталмыш жағдайда қозғалыстардың саздығымен үйлесімі бұзылады.
Гипотония кезінде (бұлшық ет тонусының төмендеуі) аяқ-қол еттері босаңсып күштері кемиді. Бұл кезде пассивті қозғалыстардың көлемі әдеттегіден артық болады.
Дистония – бұлшық ет тонусының ауыспалы түрі. Бұл жағдайда аталмыш бұзылу тұрақсыз, ауспалы болып келеді. Тыныштық кезде бұлшық еттер босаңсып, ал қозғалуға талапқанда тонусы кенет жоғарлағандықтан қозғалу мүмкіншілік болмайды.
Ерікті қимылдардың шектеуімен мүмкінсіздігі (парездармен параличтер).
Ми зақымдану ауырлығына байланысты кимыл-қозғалыстардың жартылай немесе толығымен жоқтығы байқалады. Бас миының қозғалтқыш аймақтарымен қозғалтқыш (пирамидті) жолдары зақымдануының салдарынан ерікті козғалыстардың жоқтығын - орталық паралич (сал болу), ал қимылдар шектеуін – орталық парез деп атайы.
Зорлық қимылдардың болуы. БЦП – нің көп түрлеріне зорлықпен атқарылатын қозғалыстар тән, оларға жататындар гиперкинездер жйне тремор.
Гиперкинездер – ауыспалы бұлшық-ет тонусының салдарынан пайда болған еріксіз зорлықпен атқарылған қимылдар, жасанды тұрыстар және аяқталмаған қозғалыстар. Олар тыныштық, қимылдаймын деп талаптанған, қобалжыған кезде байқалады. Гиперкинездер ерікті қозғалу актісін тежеп, кейбір жағдайда мүлде мүмкінсіз қылады. Зорлық қимылдар артикуляциялық аппарат, мойын, бас, әр-түрлі аяқ-қол бөлімдер және дене бұлшық-еттерінде байқалады.
Тремор – қол саусақтарымен тілдің дірілдеуі. Мұндай бұзылу мақсатты қимылдарда орын алады (мысалы, жазу кезінде). Мақсатты қимылдың соңында тремор өрши түседі (мысалы, көз жұмып қол саусағын мурынға тақаған кезде – треморды айқындауға арналған саусақ-мурын әдісі).
Қозғалыстар теңдігімен координациясының бұзылулары (атаксия). Дененің атаксиясы отыру, тұру, жүру тұрақсыздығымен білінеді. Мұндай жағдайда балалар кемістікерін өтеу мақсатымен талтайып, теңселіп, тәлтіректеп жүрүге мәжбүр болады. Координация бұзылуы қимылдар дәлме-дәлдігінен көрінеді (біріншіден қол қимылдарының).
Қозғалыс түйсігінің бұзылуы (кинестезиялар). Қозғалтқыш қызметтерінің дамуы қозғалыс түйсікпен ет-буын сезіммен байланысты. БЦП-мен ауыратын балаларда тұрыс сезімі нашарлайды, кейбіреуінде жүру бағытын қабылдауы бұрмаланады (мысалы, қол саусақтарының тік көтеруі шеңбер бойынша жүргізген болып сезінеді).
Статикалық-кинетикалық рефлекстердің кеміс дамуы. Қалыпты жағдайда статикалық-кинетикалық рефлекстер бала денесінің тік тұруын және ерікті моторикасын қамтиды. Аталмыш рефлестердің жетілмеуінде баланың бас пен денесін керекті ыңғайлы күйде ұстауы қиынға түседі. Сол себептен өз өзін қамытуда және еңбек пен оқу дағдыларын игеруде қиналады.
Синкинезиялар. Синкинезиялар - белсеңді қимылдарды сүйемелдеп жүретін ерікті ынтымақтасты қозғалыстар (мысалы, белгілі бір затты бір қолмен алмақ болғанда екінші қол қосымша бүгіле жүреді, бүгілген қол саусақтарын жаза алмайды жәнеде қол сүйегін толық жазғанда саусақтарыда жазыла түседі).
БЦП ауруында қозғалыс кемістіктер түрлі дәрежеде болуы мүмкін. Ауыр дәрежесінде бала жүрү және манипулятивтік дағдыларын игере алмайды. ¤з бетімен өзін қамти алмайды. БЦП аурудың орта дәрежесінде балалар жүре алады, бірақ жүргенде сенімсіз және арнайы құралдарды қажет етеді (балдақшаларды, канад таяқтарын т.б.). Сонымен қатар олар өз бетімен қала жолдарында және көлікпен жүре алмайды. ¤зін-өзі күту дағдылары манипулятивтік әрекет сияқты толығымен қалыптаспайды. Жеңіл түрінде балалар өз бетімен үй ішіндегі, сыртқы кеңістікте және қалалық көлікте жүре алады. Бұл балаларда манипулятивтік әрекет толығымен дамып, олар өз өздерін күтеді. Алайда, оларда терім патологиялық тұрыспен жүрістің бұзылулары және тежелген қимылдар байқалады.
4. БЦП-те тілмен психиканың бұзылулары.
БЦП ауруында психика құрылымы психика дамуындағы өзгеше кемістіктерден турады. Психика даму бұзылуларының механизмі өте күрделі жәнеде ми зақымдану мерзімімен, дәрежесімен, орналасуымен айқындалады. Құрсақ ішінде қалыптасқан психикалық бұзылулардың көрінісі интеллектінің тұрпайы жетілмеуімен сипатталады.
БЦП кезінде психика даму кемістігі танымдық әрекетінің, эмоционалдық-жігерлі сферасының және жеке тұлғаның қалыптасуының бұзылуларынан тұрады.
БЦП - дағы интеллект кемістігінің құрылымы бір қатар өзіндік ерекшеліктеріменсипатталады:
- Қоршаған орта туралы мәліметтің бір шама аз көлемі. Бұл келесі себептердің салдары болып табылады: а) ұзақ мерзім бойы қозғалмау жағдайы және кеңістікте ерсілі-қарсылы жүру қиындығымен байланысты амалсыз оңашалау, қурбылармен ересек адамдармен қарым-қатынастың шектеуілігі, б) қимыл бұзылулармен байланысты затты-практикалық әрекет барысында қоршаған ортаны танудың қиынға түсуі, в) сенсорлық қызметтердің бұзылуы.
- БЦП кезінде әр-түрлі талдағыш жүйелерінің үйлесімді қызметінің бұзылулары байқалады. Түрлі заттарды сипау, манипуляциялау, яғни іс барысында тану қызметтері БЦП кезінде бұзылады.
- Ой-өріс кемістігінің әркелкі, дисгармоникалық түрде болуы, яғни бір интеллектуалдық қызметтер бұзылып екіншісі тежелсе, үшіншісі қалыпты жағдайда сақталып қалады. Мұндай өзгешелік мидың ерте даму сатысындағы органикалық зақымдануымен байланысты. Сонда көбінесе жоғарғы интеллект қызметімен басқада ең жағарғы қыртыс функцияларды қамтамасыз ететін мидың "жастау" функционалдық жүйелері күйзеледі. Кейбір балаларда ойлаудың көрнекі түрлері дамиды, басқаларында, керісінше, көрнекі-қызметтік ойлау төмендегенімен сөйлеу-логикалық ойлау жақсырақ дамиды.
- Психоорганикалық көріністердің ұлғаюы: психикалық процестердің бәсеңдігімен әлсіреуі, әрекеттің басқа түрлеріне ауысуы, зейін шоғырлануының жеткіліксіздігі, механикалық зерде көлемінің төмендеуі.
БЦП ауруымен ауратын балалар интеллект даму дәрежесіне байланысты әр-текті топты құрайды: біреулерінде қалыпты немесе соған жақын ой-өрісіне тән интеллект болады, басқасында психикалық дамудың артта қалуы байқалады, одан басқаларында олигофрениялар орын алады.
БЦП бар балаларға эмоционалдық-жігерлі сферасының бұзылулары тән. Кейбіреуінде ол жоғары эмоционалдық қозуымен қатар шегіндірілген тежелуімен байқалады, басқаларында - ұяңдықпен сескенушілікпен сипатталады.
Тәртіп бұзылулары қозғалыстың шегіндірілген тежелу, ашушаңдық, қоршағандарға қарсы шығумен сипатталады. Ал кейбір балаларда керісінше толық немқұрайлық, селқостық, қатынаспаушылық орын алады.
БЦП-мен ауратын балалардың кемістік құрылымының 80%-н тіл мүкістіктері құрайды. Тіл мүкістіктердің ауырлығымен ерекшеліктері біріншіден ми зақымдану аурлығымен орналасуына байланысты.
Тіл мүкістіктердің механизмінде ең маңыздысы болып қозғалыс патологияның өзі табылады. БЦП кезінде тіл мүкістіктері тікелей қозғалыс бұзылуларымен байланысты. Сонымен қатар, артикуляциялық аппараты бұзылулары ауырлығымен қол қызмет бұзылуларының ауырлығы байланысты. БЦП-нің әр түріне өзіндік тіл кемістіктері тән.
Сөйлеу кемістіктері БЦП балалардың басқалармен қарым-қатынасын тежеп қиындата қоймай олардың жалпы дамуына кері әсерін тигізеді.
БЦП-мен ауратын балаларда келесі тіл кемістіктері байқалады: дизартрия, тіл дамудың тежелуі, алалия, жазбаша сөйлеудің бұзылулары.
5. БЦП-пен ауратын балаларға арнайы түзету шараларын ұйымдастыру.
БЦП кезіндегі түзету жұмыстар.
БЦП кезіндегі түзету жұмыстардың негізгі мақсаты балаларға дәрігерлік, психологиялық, педагогикалық, логопедтік және әлеуметтік көмектің көрсетуі, толық және ерте бастап әлеуметтік бейімдеу шараларымен қамтамасыз етуі, жалпы және кәсіби оқыту ұйымдастыруы болып табылады. Емдеу және педагогикалық шаралардың тиімділігі нақты уақтылығымен, өзара байланыстығымен, үздіксіздігімен, әр жұмыс буындардың мұрагерлігімен белгіленеді. Емдеу-педагогикалық шаралар комплексті болу қажет. Комплексті ықпалдың ең негізгі шарты - әр профильді мамандардың келусішілігіболып табылады: невропатолог, психоневролог, ЕДШ дәрігер, логопед, дефектолог, психолог және тәрбиеші сияқты мамандардың.
Кешенді қалыптасу емдеу шараларына дәрі-дәрмектер, массаждың әр түрлері, емдеу дене шынықтыру (ЕДШ), ортопедиялық көмек, физиотерапевтік процедуралар кіреді.
БЦП-мен ауратын балалармен жүргізілетін түзету-педагогикалық жұмыстың бірнеше негізгі принциптары бар:
- түзету - педагогикалық жұмыстың кешенді сипаты,
- сақталған қызметтерге сүйене отырып онтогенетикалық жүйелі ықпалдың ерте бастау,
- ең негізгі қызметке сүйене отырып жұмысты ұымдыстыру,
- психикалық-сөйлеу даму барысында баланы қадағалап байқау,
- баланың қоршаған ортасымен ата-аналарымен тығыз байланыста болу.
Ерте және мектепке дейінгі жаста баламен жүргізілетін түзету-педагогикалық жұмыстың негізгі бағыттарына жататын:
- қоршаған ортамен эмоционалдық, сөйлеу, зат-әрекеттік және ойын қарым-қатынасын даму,
- сенсорлық қызметтерді (көру, есту, кинестетикалық қабылдау және стереогноз) ынталандыру,
- кеңістік және уақыттық елестерді қалыптастырумен қатар оның бұзылуларын түзету,
- интеллект қызметінің шарттарын даму (зейін, зерде, қиял), математикалық көріністерді қалыптастыру,
- көру-қимыл координациясын және қолмен саусақтардың қызметтік мүмкіндіктерін даму,
- жазуды игеруге дайындау,
- өз өзін қамту дағдыларын игеруге тәрбиелеу.

  • Церебралды салы балалардың даму ерекшеліктеріне психологиялық- педагогикалық сипаттамасы

Церебралды салы балалардың даму ерекшеліктеріне психологиялық- педагогикалық сипаттамасы
Қазіргі таңда статистикалық зерттеулерге сүйенер болсак, балаларда туа біткен және жүре пайда болған кемістіктердің жиі бөлігін балалардың церебральді салдылығы құрайды.
Балалардың церебралдық салдары - дамып жетілмеген бас миының зақымдануы. Орталық жүйке жүйесі қозғалыс тетіктерінің патологиялық дамуына немесе зақымдануына байланысты тірек қозғалыс аппараттары бұзылып, ол тікелей ақыл-ойдың дамуына, қоршаған ортаны тікелей қабылдауға әсер етеді. Қимыл қозғалыс координациясы дұрыс дамымай , қолдың ұсақ бұлшықеттерінің қимылы жетілмеумен сипатталады. Қазіргі кезде біздің елімізде сал ауруымен ауыратын балалардың саны жыл санап көбейіп келуде. Бұл ауру қимыл психикалық бұзылуларының әр алуан түрлерімен білінетін мидың полиэтиологиялық ауруы. Ол өте күрделі және әртүрлі. Балалардың церебралдық салдары соңғы мәліметтер бойынша, бір мың нәрестенің 2-3 де кездеседі. Медицинаның жетілуіне байланысты соңғы жылдары балалардың церебралдық салдары деген диогнозды балаға 6 ай толысымен қоюға болады. Мидың зақымдануы ұрық дамуының ерте кезеңінде, оның морфологиялық және функционалдық толығуы кезінде пайда болады. Баланың церебралдық сал ауруының алғашқы клиникалық сипаттамасын 1861 жылы ағылшын хирургы Вильям Литли сипаттап, ал 1893 жылы Фрейд ұсынған. Оның айтуынша, салдықтың болу себебі ми жұмысының әртүрлі жағдайдан өзгеріске шалдығуы. Ауру бастапқы кезеңде басталып көп жылға, кейде өмірдің соңына дейін созылады. Балада сал ауруының пайда болуына ықпал жасайтын факторлар үш топқа бөлінеді; босануға дейінгі , босану кезіндегі және босанғаннан кейінгі.
1) Босануға дейінгі факторлар жатыр ішінде немесе туа пайда болатын:
а) қан құйылу, жүрек – қан тамыр жетімсіздігі, жүктілік кезіндегі токсикоз, инфекциялық аурулар, т.б әсерінен ұрыққа оттегінің жеткілікті жеткізілмеуінен болатын гипоксия :
ә) зиянды ішкі және сыртқы факторлар (дәрі - дәрмектер әсіресе антибиотиктер зат алмасу бұзылуы және ананың басқада аурулары, жүкті ананың дұрыс тамақтанбауы, әкесі мен анасының созылмалы алкоголизмге ұшырауы, анасының немесе әкесінің созылмалы аурулары):
б) резус-фактор.
2) Босану кезіндегі факторлар (босану кезіндегі жарақаттану және туу кезіндегі асфексия )
3) Босанғаннан кейінгі факторлар. Бұл кезде баланың церебралдық салдануына параинфекциялық энцефалопатиялар аса жиі әсер етеді. Сонымен баланың церебралдық сал ауруының этиологиясында ұрыққа әсер ететін әр түрлі зиянды факторлар, асфексия және туу кезіндегі жарақаттану маңызды роль атқарады. Асфексия және қан құйылумен қосарланатын туу кезіндегі жарақаттың пайда болуы қан -тамыр жүйесінің мүмкіншілігінен айырылуы мен фибриннің азайғандықтан қан ұйығыштығының төмендеуіне байланысты. Мидың жатыр ішінде зақымдануы ана мен ұрық қанының сәйкессіздігіне, ана қорегінің бұзылуына байланысты болуы мүмкін. Нәресте миының зақымдануы мен баланың церебралдық салдануына гемолиздік ауру, диатез сары аурудың түрлері, резус сәйкессіздік маңызды роль атқарады. Босану кезіндегі жарақаттануға байланысты ми затындағы өзгерістер мен ыдырау жарақаттанумен бір мезгілде басталып, одан әрі біраз уақытқа созылуы мүмкін. Ол кейін мидың әр бөлігінде құрылымдық бөлігіне мүмкіндік жасайтын гипоксияның аймақтық құбылыстары мен ми қан айналысының қайталанатын өткінші құбылыстарына себепші болуы ықтимал. 1-3 жастағы балаларды церебралдық салдану әдетте инфексиялық аурулардан, сирегірек жағдайда жарақаттанудан болады.
Ми құрылымындағы ең кең тараған өзгерістер өмірдің 3-4 айында – жүйке жасушаларының аса жоғары жетілген кезеңінде болады. Егер ми зақымдануы эмбриогенездің алғашқы кезеңінде пайда болса, онда аса қарқынды өзгерістер ерте қалыптасатын сопақша мида білінеді. Ол ұрықта өмір сүруге қажетті функциялардың бүлінуінен баланың өліп қалуына себепші болады.
Эмбрион дамуының кейінгі кезеңдерінде, ал одан кейін ұрықта болатын ми зақымдануының сипаты әр түрлі функционалдық жүйелерді реттеуші ми құрылымдарында зиянды факторлардың әсер ету қарқынына байланысты. Баладағы өзгерістер жекелеген құрылымдар бұзылуымен қатар, мидың көлемі мен массасының кішіреюімен де білінеді. Баланың церебралдық салдануына байланысты мидың маңдай бөлігінде айқынырақ тараған немесе ошақтық склероз байқалады. Склерозға ұшыраған бөліктердің қан тамырларында жиі өзгерістер білінеді.Мұнымен қатар тыртықтық өзгерістер, кистаның жұмсаруы болады. Жатыр ішіндегі зақымдануларда эмбриогенездің кез - келген кезеңінде ми қыртысы құрылымдары қалыптасуының кешігуінен агирия , микрогирия , ми қабаттарының жұқаруы мен дұрыс орыналаспауы, гетеротопия - ақ затта сұр зат ошақшалары пайда болуына байланысты даму кемістіктері байқалады. Мидың жатыр ішінде зақымдануы артериялардың бітелуі, қан құйылу немесе қабынудан болатын невроз салдарынан энцефалияның пайда болуына әсер етеді.
Балалардың церебралдық салдануындағы бұзылыстарының түрлері немесе классификациясы:
К.А Семенованың класификациясы:
1) спастикалық диплегия
2) қосарланған гемиплегия
3) гемипаретикалық түр
4) гиперкинетикалық түр
5) атониялы-астатикалық түр.
Халықаралық классификация:
1) Спастикалық түр
2) Екіжақты.
3) Біржақты.
4) Дискинетикалық түр.
5) Хореатетоидтық түр
6) Дистониялық
7) Атаксиялық түр
8) Қоспа түр.
Сіреспелі диплегия туу кезіндегі жарақаттануға байланысты пайда болады. Ең алдымен балада санды жанастыратын және бұлшықеттер тонусының өте қатты көтерілгендігі білінеді. Баланың аяқтары бір-біріне жанасып, қисайып, аяқ ұштар бүгіледі. Аз дәрежеде қол, әсіресе оның жоғарғы бөліктері, зардап шегеді. Кейде қитарлану , мұрын – ерін әжімінің тегістелуі тілдің ауытқу түрінде білінетін бассүйек ми нервтерінің зақымдану симптомдары болуы мүмкін. Сіңірлік және перосталдық рефлекстер, әсіресе аяқта жоғарылайды. Науқастардың 20-30% қолдың төменгі бөліктерінде гиперкинездер айқынырақ байқалады. Олар қимылдағанда және көңіл күй толқығанда күшейеді де, тыныштықта немесе ұйықтағанда білінбейді . Бұл синдромда бала церебралдық салданулардың басқа түрлеріне қарағанда психика онша өзгермейді, бірақ кейде эпилепсиялық ұстамалар көрініс береді. Ауру туғаннан кейінгі алғашқы күндерде білінеді. Балалар жөргектегенде және суға шомылдырғанда қимылдамайды. , аяқтарын бүгуге немесе жазуға әрекеттенгенде бұлшықет тонусының жоғарылауынан қатты қарсылық байқатады. Балалардың басын ұстауы, отыруы, тұруы кешеуілдейді , тұрғанда тек бақайларына сүйенеді.
Қосарлаған гемиплегия - сау баланың алғашқы аптадағы өмірінде жойылып кететін, бірақ осы жағдайда жылдар бойы сақталып қалған тонустық рефлекстер әсерінен күшейе түсетін бұлшықеттер сіресуі басым тетраплегия. Нұсқаушы тіктегіш рефлекстер, еркін қимылдар тәрізді, мүлдем болмаған немесе дамымаған . Бала отырмайды, тұрмайды және жүрмейді.
Гиперкинездік түр. Церебралдық салданудың басқа түрлерімен қосарланады бірақ гиперкинездер басым болады. Олар бірнеше түрлерге бөлінеді туа біткен қос атетоз, туа біткен қос хорея, туа біткен экстрапирамидтік сіреспе және атиптік гиперкинездер. Соңғылар сіреспе салдану және басқа да симптомдармен қосарланады. Бұлшықеттер тонусының бұзылулары оның таралымды жоғарлауы түрінде білінеді. Кейде тыныштық жағдайда бұлшықет тонусы өзгермеуі немесе тіпті төмендеуіде мүмкін бірақ ол белсенді қимылдар әсерінен кенеттен жоғарылап кетеді.Қол мен аяқтың төменгі бөліктерінде айқынырақ білінеді.
Бұл түрде интелект өзгерістері мен эпилепсия тәрізді ұстамалар балалар церебралдық салданулардың басқа түрлеріне қарағанда, сирек байқалады.
Атониялы- астатикалық түр - бұлшықет тонусының төмендеуі мен қимыл үйлесімділігінің бұзылуы. Нәрестеде қалыпты жағдайдағыдай аяқ пен қолды бүгетін бұлшықеттер тонусы күшеймейді, ұзақ уақыт сақталып қалатын нистагм байқалады. Аурудың түрімен зардаптанған балалар кеш қаз тұрады және кеш жүреді. Олардың қимылдары жедел шамадан тыс және үйлесімсіз. Жүрістері төселмеген, тәлтіректеп, аяғын алшаңдатып жүреді. Сөйлеу бұзылулары мен имбецилдік немесе дебильдік психикалық өзгерістер жиі болады.
Гемиплегиялық түр - әдетте жүктіліктің соңғы айларында жатыр ішінде зақымданудан, сонымен қатар бассүйек ми зақымдануы әсерінен балалар церебралдық салдануларының жиі кездесетін түрлерінің бірі.
Ең алдымен қолда басымырақ білінетін дененің бір жағының парезі немесе салдануы байқалады. Аяқты жақындататын және бүгетін бұлшықеттер тонусы жоғарылайды.
Көбінесе аяқтағы белсенді қимылдар қалпына келеді де, қолдағы парез қалып қояды. Салданған қол – аяқтың өсуі кешігеді.
Көз қозғайтын, бет және тіл асты жүйкелерінің аздаған зақымдану белгілері жиі көрініс береді. В.С.Выготский адам ағзасындағы кемтарлықты зерттей келе «Адам бойындағы кемістікті сезініп , өзінің қоғамда алатын орнын белгілеуге ұмтылады . Бұл оның психикалық дамуындағы қозғаушы күшін жандандырып , бойындағы кемістігін жеңуге итермелейді. Оның бойындағы жасырын жатқан қабілеттері жанданып, бойындағы кемістіктерін мүмкіндігінше жетілдіруге ұмтылады. Сөйтіп, кемістік есесін толықтырып, оның талапкерлігімен дарыны өрістейді , мүгедектік деңгейін төмендетуге бағытталады» деген пікір айтқан .
Церебральды сал бала – орталық жүйке жүйесінің ерте органикалық зақымдану салдарынан туындайтын ауыр неврологиялық ауру. Зақымдалу мозаикалық өрнекті сипатта болады, бұзылу құрылымының күрделі анықталуы: қабық жүйесінің бұзылуының қозғалыс бұзылуымен үйлесуі [36, б. 4]
Церебральды сал балалардың жиырмаға жуық жүйеленуі этиологиялық белгілер, клиникалық көрініс сипаты негізінде, патонегиялық ерекшеліктер негізіне орай болады (З.Фрейд,Д.С.Фустер,М.Б.Цукер,К.А.Семенова).
Тәжірибеде сонымен қатар, араласқан церебралды сал формасын көрсетеді.
Церебралды сал балалардың психикалық дамуына - спецификалық сипат тән. Мастюкова Е.М.,Переслени Л.И.,Певзнер М.С., айтқандай, берілген бұзушылықтың психикалық функциясы ауытқу сипатта әр түрлі және орталық жүйке жүйесі ерте зақымдану негізінде болады.Зерттеуде церебралды сал балалардың дамуында күрделі психикалық бұзушылық байқалады. «Комплексті бұзушылық құрамына кіретін түрлі функциялар жүйелерінің зақымдануы (церебералды сал балалар болып табылатын), оларда ерекше сипатта болады, алайда бұл жағдайда симптомдардың жай жинақталуы болмайды, жаңа күрделі құрылым пайда болады»
Церебралды сал балаларды таным қызметінің құрылымы барлық балаларға тән спецификалық ерекшеліктер қатарын айқындайды.Оларға (Левченко И.Ю. бойынша):
1) Жеке психикалық біркелкі емес, дисграмондық сипаттағы
2) бұзылушылық. Бұл ерекшелік бас миының ерте кезеңдегі дамуының зақымдануының мозаикалық сипатымен байланысты;
3) Астеникалық байқаудың анықтылығы – көтеріңкі шаршаңқылық,
4) барлық психикалық үрдістердің әлсіздігі, орталық жүйке жүйесінің зақымдалуымен байланысты.
5) Қоршаған орта жайындағы таным мен білім қорының төмендеуі.
Церебралды сал балалардың көбі қоршаған орта мен әлеуметтік ортадағы көріністерді білмейді, көбінесе олардың тәжірибесінде болған жағдайлар ғана естерінде болады.
Бұл бұзылыстардың болуының негізгі себептері:
- бала еркінен тыс оңашалау, қозғалуы қиындық келтіретін балаларда үлкендер мен өз қатарластарымен баланың қатынасының шектелуі;
- сенсорлық және қозғалыс көріністерінің бұзылуына байланысты, затты тәжірибелік қызметті қоршаған орта үрдісінде танудағы қиындықтар. [36, б.23]
Зерттеуші Калюжник Э.С., - Церебралды сал балада ақыл - ойдың дамуы, интеллектуалдық нормасының жетіспеушілігін атап көрсеткен. Церебральды сал баланың бұл ерекшелігі баланың: қызметтегі енжарлық, баяулық, көңіл бөлу концентрациясының міндеттерді шешуде тез іске қосылу мен шығу[58,б. 40]
Зерттеуші Мастюкова Е.М. бойынша - күрделі таным қызметінің бұзылуы ми құрылымының терең зақымдануына әкеледі, ақпаратты жаңғырту мен әлсіз еске түсіру қиындайды. Диффузды зақымдануда таным қызметі көрінген жоқ, 50 % өзінде интеллект сақталды.
Церебральды сал балалардың ойлау қызметін айтсақ, оның даму негізінде ауызша дамудың тоқталуы мен бейнелеу қызметінің толық емес даму әсерінің негізінде жатады. Зерттеушілер қатары (Э.С.Калюжник,Е.И.Мастюкова,И.И.Мамайчук) церебралды сал балаларда енжарлық, ойлау бағыты мен қатарының жетіспеушілігі; түсініп ойлау қалыптасуының қалуы мен көрнекі- қозғаушылық жетіспеушілігін анықтайды.
Э.С.Калюжник,Е.И.Мастюкова,Мастюкова Е.И. зерттеулерінде психикалық және қозғаушылық анықталған деңгей арасындағы байланыс жоқ.
Балалық церебралды сал кезінде анализаторлық жүйенің түрлі қызметінің бұзылу координациясы айқындалады. 25 % балаларда көру мүшесінің ауытқушылығы бар. Оларда көру мүшесінің қабылдауы, көзқарас фиксациясының жетіспеушілігіне байланысты көз аймағының тарылуы, көз өткірлігінің төмендеуі байқалады. Жиі қыликөздік кездеседі, көзде жұптасу, жоғарғы қабақтың төмендеуі, қозғаушылықтың жетіспеушілігі көру-моторының жұмысын басқаруына кедергі жасайды. Мұндай ерекшеліктер көру анализаторының толық емес, жеке жағдайда заттарды қабылдау мен айналадағы көрініс қызметтерінің бұрмалауына әкеп соқтырады.
Балалық церебралды сал жағдайында көбінесе есту анализаторының қызметі түрлі жетіспеушіліктерден орын алады.Балалардың 20-25 % да әсіресе гиперкинетикалық түрде, естудің төмендеуі байқалынады. [63, б 45].Сонымен бірге дыбысталу сипаты байқалады. Бала жоғары дыбысты естімейді (к,с,ф,ш,в,т,п), оларды дыбыстауда қиналады (сөйлеуде оларды тастап кетеді немесе басқа дыбыстармен алмастырады). Көптеген балаларда ұқсас дыбысталуға сай, дифференциация дыбыстарының бұзылуының фонематикалық дамымауы байқалады (ба па,ва фа). Есту ұшқырлығының төмендеуінің кейбір жағдайларында еске сақтау мен естуді айқындау жетіспейтін орын алуы мүмкін. Кейде дыбыстық тітіркендіргіштікке жоғарғы сезімдік байқалады (балалар сескенеді, кез - келген дыбыс әрекетіне кірпік қағады), бірақ, дыбыстық тітіркендіргіштің қабылдау дифференциациясы оларда жеткіліксіз.
Барлық церебралды сал түрлері тактильді және бұлшық ет моторикасының бұзылуыда орын алады. Көрсету бақылауынсыз балалар ұсақ саусақтарының қозғалыс бағыты мен орынын анықтауда қиналады. Қолмен сезу жиірек, заттарды тану мен түйсіну қиындық келтіреді. Көптеген балаларда көру бақылауынсыз затты сипаудың бұзылуы немесе астерегноз - мүмкіншілігі айқындалады.Сипап сезу,заттармен қимыл әрекеттер жасау, т.с. қозғалмалы «Көру патологиясы, есту,тамыр бұлшықетін сезіну толық айқындалып, ақпарат көлемін шектейді, сал балалардың интеллектуалды қызметін қиындатады» - деп айқындайды Приходько О.Г. [36, б.23].
Балалық церебралды сал кезіндегі қозғалмалы бұзылушылық ерекшеліктері оны немесе басқа қозғалыстарды орындау мүмкіндіктеріне қиындық туғызып, сонымен қатар балада қозғалыс жайында дұрыс көрініс қалыптаспайды. Өз қозғалысын әлсіз сезіну және олармен қимылдау қиынға ұшырап, затты сипап сезу белсенді жетіпсеушілігі болып табылады. Белгілі ғалым Мамайчук жазғандай: «Мұндай балаларда кез - келген затты саусақ ұшымен жанасып сезіну нақты емес, олар қалың қолғаппен затты ұстап сезінгенмен салыстырғандай. Тактильді қабылдау жетіспеушілігі оқу дағдыларын меңгеруде маңызды қиындық тудырады ».
Зерттеушілер (Левченко И.Ю., Шипицына Л.М.,Титова О.В.) церебралды сал балаларда кеңістікті тану жетіспеушілігін анықтайды. Бұл арнайы оқыту барысындағы дене үлгісінің бұзылушылығы, кеңістіктегі ұғымардың қалыптасуындағы (алды, арты, арасы, үсті, асты) қиындықтарды анықтайды. Балалар кеңістіктегі алыстықты қиындықпен ажыратады (алыс, жақын, ары қарай анда, сондамен ауысады).Олар кеңістікті бейнелейтін шылау және үстеулерді түсінуде қиналады. Оларда затты біртұтас бейнелеу бұзылады (суреттерді бөліктерден құрастыра алмайды, таяқшалардан құрай алмайды). Балалардың геометриялық фигураларды көшіру, жазу, сурет салу кезіндегі оптико-кеңістікті бұзушылық айқындалады. Оптико-кеңістікті айқындалуының бұзылуы жеке заттар мен элементтер арасындағы кеңістіктік қатынастарды дұрыс бермеу, суретті беттің ортасынан біршама алыс орнынан алудан көрінеді. Балалар тапсырмаларды сөздік құрылым бойынша орындағанда әдеттегідей құрылымға сай беттегі затты қоя алмайды, суретті айна бейнесімен көшіріп салады. Кеңістіктегі бұзушылықты қабылдау деңгейі мен күрделі қозғалыс патологиясы арасында тура байланыс анықталады.
Көру- кеңістікті даму кідірісінде зерттеушілердің ойы бойынша негізгі роль көру анализаторының деффектісі болып табылатын қозғалмалы - кинестетиткалық анализатор патологиясына жатады: көз қимылының сарындылығының бұзылуы, бір заттан басқа затқа көзқарастың ауысуындағы қиындықтар т.б.
Заттық-тәжірибелік және танымдық қозғалыстың қалыптасуына қол мен көз қимылының келісушілігі маңызды болады. Басында бала, көру аймағының қол қимылымен қозғай отырып, оған көңіл аудармайды.
Зерттеуші ғалымдар: Мамайчук И.И. мен Шипицына Л.М. айтқандай, қимыл аймағының зақымдалу нәтижесімен қоса отырып, қол мен көз қимылдарымен біртұтас көз аппаратының бұлшықеттері, әсіресе дене мүшесі дұрыс құрылмаса, мұндай жағдайда балалар көзімен өз қимыл әрекетін бақылай алмайды, манипулятивті қимылды, құрастыру, сурет салу, ары қарай оқу дағдылары мен таным іс - әрекетін қалыптастыруды: оқу мен жазуды тежейді[63,б.51].
Церебралды сал балалардың ауызша сөйлеу бұзушылық түрлері көптүрлі: дизартрия (сонымен орай сопақша ми дизартриясы формасымен), дислалия, алалия, ауызша сөйлеу дамуының екінші сатылы тоқталуы, жалпы сөйлеудің дамымауы (1,2,3 деңгей) бар.
Церебралды сал балалардың ауызша сөйлеу даму ерекшеліктерін зерттеп айналысқан ғалымдар МалофеевН.Н., Халилова Н.А., Смирнова И.А., Гипицына Л.Олардың барлығының анықтауынша дизартрия түрі сопақша ми дизартриясында балалар сөзді дыбыстап айтудан қиналады, лексико - грамматикалық сөйлеу қатарының дамымауы байқалады [51,38,63].
Мектепке дейінгі балаларды феноматикалық дизартрия ерекшеліктерін Серебрякова, Лопатина, Данилова, Левченко және басқа да ғалымдар зерттеген. Сенсорлы және моторлы компоненттерді дыбысталуды меңгеруде ауызша сөйлеу бірыңғай функционалды жүйені құрайды. Өз кезегінде нақты дыбысты айқындаудың жоқтығы мен дыбысталу деффектісін сөйлеуді сақтау бақылауға ие болады [38, б.7].
Фонем дифференциациясының бұзылуы дыбыстық және кинестетикалық сөз бейнесінің түрлері қиыншылықтарды туындатады. Тілдің морфологиялық жүйесі дағдарысқа ұшырап, басқару мен ұйғаруда қателіктер көрінеді.
Әдебиеттерді талдай отырып, тіл жүйесінің грамматикалық және лексикалық дағдыларын, байланыстыра сөйлеуінің дамуындағы ерекшеліктерді көрсетуге болады:
- Сөздік қордың жетіспеушілігі, балалардың көп сөздер мағынасын білмеуі, бір сөздің басқа сөз мағынасымен ауысуы, түрлі заттардың аттарын атау қиынға түседі;
- Сөйлеуде зат есімдердің, етістіктердің және шылаулардың басым болуы. Сонымен қатар, етістікті меңгеру деңгейінің жетіспеушілігі –етістіктерді дұрыс қолданбау, етістік жайында білім дағдылардың жоқтығы (келді,кетті,шықты,кірді);
- Көмекші сөздерді, әсіресе, кеңістіктегі мағынаны дұрыс қолданбау;
- Грамматикалық түрлерді, әсіресе, жалғауларды айырудағы қиындықтар;
- Синтаксистік сипаттағы қателіктер,сөйлемдегі сөз тәртібін бұзу.
Церебралды сал балалар, ереже бойынша сөйлеу мүшелерінде жетіспеушілік байқалады. Сонымен орай, қимыл іс - әрекет соңында бұл мүшелерді сипаттауда қозғалыс бақылаулары, ағымдары, түрлі қозғалыстар бірлестігі байқалады. Ауызша сөйлеу апраксия мүшелері айқындалған элементтерде балалар өмірінде орын алады. Бұл топтағы балалардың ауызша сөйлеу мүшелерінің ұқсастығы бейнелеген саусақ мүшелерінің кезекті тітіркенуіне әкеп соқтырады. Церебралды сал балаларда артикуляциялық мүшелердің жеңіл қозғалу мүмкіндіктері жиірек көрінеді. Артикуляциялық бұлшықеттердің тонусы тітіркендіргіштер арқасында жоғарылайды, егер ол бағытты қозғалыста болып, басталса аяқталынбайды.
Барлық балаларда кинестетикалық бөлімнің ауызша қозғалыс анализаторы жетіспеушілігі байқалады. Айта кетерліктей, кинестетикалық бөлімнің ауызша қозғалыс анализаторының тонусы төмен, импульсация миына артикуляциялық аппаратты талдауды қамтамасыз ету – ауызша кесте мен кезекті сөйлеу бейнесінің қимылының негізі болып табылады. Кезекті қимыл әрекеті тізбекті әрекеттер құру шартына сай – «кинестетикалық үн», импульстік біркелкі қозғалыс негізінде дамиды.
Калюжник Э.С.,Твардовская А.А.,Титова О.В.,Шипицына Л.М., Осипенко Т.В. өз зерттеулерінде церебралды салды медицинамен қоса, психологиялық және нейропсихологиялық жағынан да ерекшеліктерін қарастырады.
Қысқаша негізгі психологиялық форма сипатын қарастырайық:
- Интеллектуалдық дамудың бірқалыпты еместілігі (ақыл - ой типінің төмендеуінде интеллектуалдылықтың бейнеленуі), психикалық дамудың тоқтатылуы;
- Әлсіз интеллектуалдылықтың жетіспеушілігінен жеке психикалық функциялардың даму теңсіздігі (ес, есте сақтау, көру-кеңістіктік гнозисі), психикалы функциялардың дамымау сипаты;
-Кеңістіктік талдау мен синтездеудің бұзушылығының интеллектуалдылық жетіспеушілігінің барлық типтерінде;
Церебралды сал балалардың гемапаретикалық формасында бас миының дамымауы. Дворникова Т.А.көрсеткендей, Церебралды сал балалардың гемапаретикалық формаларында әсіресе өз дене мүшесінде қарама - қарсы отырған адамда бағдарлау қалыптасады. Мамайчук И.И. ойынша сол жақ гемипарездің жетекші көру-кеңістікті талдау мен синтездеу, вербальды функциялардың жетіспеушілігінен байқалады.
Церебралды сал балалардың гиперкинестикалық формаларының нейропсихологиялық зерттеулерде бұзушылықтар пайда болады.
Атоническо-астотикалық церебральды делсалдарды штрихтелген және бейнеленген, айналған қиындықтар бейнеленген суреттерде негізделеді(Н.В.Симонова).
Сонымен, церебралды салда психикалық функциялардың қалыптасуы, биологиялық және әлеуметтік фактор – кеңістіктік айқындалудың анықтылығы; үрдістің дамымауы, білім дағдыларды меңгеру қиын болады.
Бұл дерттің клиникалық белгілері төмендегідей:
- жүйке жүйесінің аурулары;
- тірек-қимыл аппаратының туа біткен кемістіктері; жамбас сүйегінің шығып кетуі, омыртқа жотасының қисаюы, буын сүйектерінің сәйкессіздігі;
- кері зиянды әсер салдарыңан тірек-қимыл аппаратының жүре пайда болған аурулары; аяқ-қол жарақаттары, қаңқа сүйекаурулары.
Балалардың церебральді салдылығының негізгі кемістігі - қимыл қозғалысының ауытқуы, яғни қозғалу, қимыл әрекеттерінің зақымдануы немесе мүлдем жойылуы.
Осы жоғарыда көрсетіліп өткен кері әсер салдарынан баланың ұсақ моторикасы кеш дамиды, сондай-ақ тіл кемістігі және де психикалық ауытку байқалады. Бүл интеллектінің бүзылуына, яғни кемақылдылыққа үшыратады. Көптеген зерттеулер нәтижесі көрсеткендей күнделікті өмірде, тұрмыста балалар енжар, селқос, еңбекке деген қабілеттілігі төмен, қызығушылығы, талпынысы жоқ болады.
Церебральді салдылығы байқалатын балалардың көпшілігінде орталық жүйке жүйесі зақымдану салдарынан әр түрлі дәрежедегі тіл кемістігі кездеседі.
Кемтар балаларға арнап қазіргі уақытта мемлекет тарапынан көмек көрсетудің тиімді жүйесі жасалған, оларды тәрбиелеу, оқыту, еңбекке баулу және келешек өмірде кәсіби даярлау ісі қарастырылған .
Негізінен балаларға арналған түзету жұмыстары төмендегідей:
- көмек беру тұрғысын әуелі бастан бала ата-анасынан бастау қажет. Ата-ана дәрігер, педагог, психолог мамандарымен тығыз қарым-қатынаста болып, аурудың себебін айқындау үшін көмегін тигізген жөн.
- баланың әлеуметтік-түрмыстық жағдайынан хабар болу шарт, негізінен ауыр тұрмыс жағдайы бала психикасының дамуына кері әсерін тигізеді.
Түзету жүмысының негізгі мақсаты - қозғалу әрекетін қалпына келтіру және оны жеңілдету жолдарын қарастыру. Баланың қозғалыс әрекетін дамыту үшін әуелі бастан моториканы дамыту қажет; басын ұстауды үйрету, отыру, тұру, тепе-теңдікті сақтау, өздігінен қозғалып жүріп-тұру. Түзету жұмыс кезінде баланың сергектілігі мен ұйқысының уақытына аса мән берген жөн, жағымды көңіл-күй, жүріп-тұру ортасының ыңғайлы болуы шарт.
Кемтар балаларға арналған түзете - оқыту, тәрбиелеу жұмыстары мүмкіндігінше арнайы мекемеде болған жөн. Қоғамға әлеуметтік бейімдеу мақсатында кемтар балаларға арнап техникалық жылжыту құралдары , тұрмыстық заттар, арнайы жүріп-тұру орындары қарастырылған. Сондай-ақ мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балаларға тегін психологиялық, педагогикалық көмек беру жүйесі де қалыптасқан. Балалардың денсаулықтарын жақсарту мақсаттарында психоневрологиялық ауруханалар, емханалар, емдеу-сауықтыру жүйелері ашылу үстінде.
Ал білім беру тұрғысынан кетар балалардың жүріп тұруына негізделген, сондай-ақ арнайы білім беру негізі арқылы жобаланған мектептерде оқытылуда.
Жалпы негізінен бұл балаларды оқытып тәрбиелеу мәселесі педагог мамандармен өте тығыз байланысты. Сондықтан педагог маманы жан-жақты, білімді, түзете - дамыту жүмыстарынан хабары болуы қажет.
Мүмкіндігінше түзету жүмыстарын баланың жастайынан бастаған дұрыс. Сондай-ақ емдеу шаралары уақытымен, байлыныстылығымен, үздіксіздігімен болса табысты нәтижеге жетуге болады. Емдеу шараларына бір емес, бірнеше мамандардың бірлескені жөн: логопед, дефектолог, психолог, тәрбиеші, емші, невропатолог.
Тірек-қимыл аппаратының зақымдануы - бүл күрделі кемістік, себебі бұндай балалардың есту, көру, қабылдау қасиеттері толық қалыптаспайды.
Түзету жұмыстарының негізгі бағыттары:
- баланың қоршаған ортамен қарым-қатынасын дамыту;
- қабылдау, ойлау, сөйлеу қызметтерін қалыптастыру;
- жүріп-тұру дағдыларын меңгерту.
Мектепке дейінгі және мектеп жасындағы БЦП балаларды негізінен үш тұрғыдан көмекке алынуы тиіс: денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік тұрғыдан қолдау көрсету.
Емдеу кешенін бастамас бұрын бала 2 немесе 4 ай бойы емдеу сауықтыру кешенінде дем алғаны дүрыс.
Әлеуметтік жағдайы төмен болған жағдайда бала арнайы мектеп-интернатында оқи алады. Арнайы мектеп - интернаты негізгі бес жүйеден тұрады: дәрігерлік; педагогикалық; түзету; тәрбиелеу; әлеуметтік.
Церебралды сал балалар ұзақ уақыт бойы қозғалмау немесе ерсілі-қарсылы жүріп тұрмағандықтан қоршаған орта жаңалықтарынан мәліметтері болмайды, бұдан бала интеллектісінің қалыпты дамымайтындығын аңғаруға болады. Бірақта кейбір балаларда сөйлеу, ойлау, танымдық процестері жақсы дамиды.
Балалардың церебральдық параличі клиникалық ерекшеліктері, кейінгі жылдары балалардың церебральдық параличі (сал болуы) (БЦП) нерв жүйесінің өң көп таралған ауруларының бірі болып табылады. Орта есеппен 1000 жаңа туған нәрестенің 6-да аталмыш аурудың белгілері байқалады. «Церебральдық паралич» деген термин пренатальды, интранатальды және ерте постнатальды кезеңдерде мидың жетілмеу немесе зақымдану нәтижесінде пайда болған бір шама синдромдардың тобын біріктіретін дерт. Негізгі патологиялық ошақ - көбінесе мидың «жас» бөлімдерін – ерікті қозғалыстарды, сөйлеуді сонымен қатар басқада әрекеттерді реттейтін мидың үлкен жарты шарлары зақымданады. БЦП-ның негізгі клиникалық белгілері : түрлі қимыл – қозғалу кемістіктері, психикалық бұзылулар және тіл мүкістіктері.
Церебралды салдың негізгі себептері: ананың жүктілігі кезінде немесе босану кезеңінде, немесе бала өмірінің алғашқы жылдарында әр-түрлі жағымсыз этиологиялық факторлардың әсерлері. 
Пренатальды кезеңде ұрыққа зиянды 2сер ететін келесі факторларды атап көрсетуге болады:
- жүкті ананың инфекциялық аурулармен ауруы (вирусты жұқпалы аурулар, қызамық, токсоплазмоз);
- ананың жүрек – қан тамыр жєне эндокринді жүйелерінің аурулары;
- ұрықтың жарақаттанулары мен зақымданулары;
- ана және бала қанының резус-фактор бойынша сәйкес келмеуі;
- физикалық факторлардың әсері (қызыну мен өте қатты тоңу, вибрацияның әсері, сәулелердің әсері, оның ішінде ультрафиолетті сәулелер);
- кейбір дәрі-дәрмектердің әсері;
- экологияның жағымсыз әсері (ауаның, судың ластануы, азық-түліктегі нитраттардың, уландырғыш заттардың, радионуклидтердің, әр-түрлі жасанды қоспалардыњ көп мөлшерде болуы).
Соңғы жылдары церебралды сал балалардың этиологиясы болып балаға құрсақта және босану барысында әсер еткен бірнеше себептерің жиынтығы саналады. Көбінесе босану барысындағы жарақаттарға асфиксия қосыла жүреді.
Асфиксия - деп баланың тууы кезінде механикалық қысылу әсерінен оның қанында оттегінің жетіспеушілігі мен көміртегі мөлшерінің тым артық болуы, тыныс алу және жүрек қызметінің бұзылуымен сипатталатын патологиялық жағдай. Асфиксияны, әсіресе клиникалық өлімді бастан кешкен балаларда церебралды салдың пайда болу қауыпі өте жоғары болатыны анықталған факт.
Церебралды сал балалардың кейбір жағдайда туғаннан кейін нейроинфекциялармен (менингит, энцефалит аурулары) ауырғанда, бас жарақаттарын алғанда болуы мүмкін. Анықталғандай, церебралды сал балалардың 100-нен 30-ы туа біте, 60-ы туу барысында, 10-ы туғаннан кейін пайда болады.
Церебралды сал мен ауратын балаларда барлық қимыл - тірек әрекеттерінің қалыптасуы тежеледі немесе бұзылады: басты ұстау, отыру, тұру, жүру әрекеттері мен дағдылары, сонымен қатар манипулятивтік єрекеті өте қиын жєне кеш қалыптасады. Негізгі клиникалық өзгерістер:
Бұлшық еттер тонусының бұзылуы (спастика, сіреспелік, гипотония, дистония түрлері ).
Церебралды сал балалардың ауруында өте жиі бұлшық еттері тонусының жоғарлауы байқалады – спастика немесе жиырылу. Мұндай жағдайда бұлшық еттер жиырылып қалғандықтан аяқтары тізе буындарында бүгіле бір біріне қосылып, сонымен қатар қолдары денесіне жабысып, шынтақ буындарында бүгіле қол саусақтары жиырылып қалады.
Сіреспелік кезінде бұлшық еттері тым артық күшпен жиырылып тетанус жағдайы байқалады. (Тетанус – бұлшық еттің барынша көп артуы). Аталмыш жағдайда қозғалыстардың саздығымен үйлесімі бұзылады.
Гипотония кезінде (бұлшық ет тонусының төмендеуі) аяқ-қол еттері босаңсып күштері кемиді. Бұл кезде пассивті қозғалыстардың көлемі әдеттегіден артық болады.
Дистония – бұлшық ет тонусының ауыспалы түрі. Бұл жағдайда аталмыш бұзылу тұрақсыз, ауыспалы болып келеді. Тыныштық кезде бұлшық еттер босаңсып, ал қозғалуға талпынғанда тонусы кенет жоғарылағандықтан қозғалуға мүмкіншілік болмайды.
Ерікті қимылдардың шектеуімен мүмкінсіздігі (парездармен параличтер).
Мидың зақымдану ауырлығына байланысты қимыл-қозғалыстардың жартылай немесе толығымен жоқтығы байқалады. Бас миының қозғалтқыш аймақтарымен қозғалтқыш (пирамидті) жолдары зақымдануының салдарынан ерікті козғалыстардың жоқтығын - орталық паралич (сал болу), ал қимылдар шектеуін – орталық парез деп атайы. 
Зорлық қимылдардың болуы. Церебралды сал балалардың көп түрлеріне зорлықпен атқарылатын қозғалыстар тән, әсіресе жиі кездесетіндері: гиперкинездер және тремор (қол саусақтарының қалтырауы).
Гиперкинездер – ауыспалы бұлшықет тонусының салдарынан пайда болған еріксіз зорлықпен атқарылған қимылдар, жасанды тұрыстар жєәне аяқталмаған қозғалыстар. Олар тыныштығы бұзылғанда, қимылдаймын деп талаптанғанда, қобалжыған кезде байқалады. Гиперкинездер ерікті қозғалу актісін тежеп, кейбір жағдайда мүлде қимылдай алмай қалады. Зорлық қимылдар артикуляциялық аппарат, мойын, бас, әр-түрлі аяқ-қол бөлімдерінде және дененің бұлшық еттерінде де байқалады.
Тремор – қол саусақтарымен тілдің дірілдеуі. Мұндай бұзылу мақсатты қимылдарда орын алады (мысалы, жазу кезінде). Мақсатты қимылдыњ соңында тремор өрши түседі. Мысалы, көз жұмып қол саусағын мұрынға тақаған кезде (треморды айқындауға арналған саусақ-мурын әдісі) анықталады.
Қозғалыстар теңдігімен координациясының бұзылулары (атаксия). Дененің атаксиясы отыру, тұру, жүру тұрақсыздығымен білінеді. Мұндай жағдайда балалар кемістікерін өтеу мақсатымен талтайып, теңселіп, тәлтіректеп жүруге мәжбүр болады. Координация бұзылуы қимылдар дәлме-дәлдігінен көрінеді (біріншіден қол қимылдарының).
Қозғалыс түйсігінің бұзылуы (кинестезиялар). Қозғалтқыш қызметтерінің дамуы қозғалыс түйсікпен ет-буын сезіммен байланысты. Церебралды сал мен ауыратын балаларда тік тұру сезімі нашарлайды, кейбіреулерінде жүру баѓытын қабылдау да бұрмаланады (мысалы, қол саусақтарының тік көтерілуі шеңбер бойынша жүргізілген болып сезілінеді).
Статикалық-кинетикалық рефлекстердің кеміс дамуы. Қалыпты жағдайда статикалық-кинетикалық рефлекстер бала денесінің тік тұруын және ерікті моторикасын қамтиды. Аталмыш рефлестердің жетілмеуінде баланың бас пен денесін керекті ыңғайлы күйде ұстауы қиынға түседі. Сол себептен өз өзін қамытуда және еңбек пен оқу дағдыларын игеруде қиналады.
Синкинезиялар. Синкинезиялар- белсенді қимылдарды сүйемелдеп жүретін ерікті ынтымақтасты қозғалыстар (мысалы, белгілі бір затты бір қолмен алмақ болғанда екінші қол да қосымша бүгіле жүгіреді; бүгілген қол саусақтарын бірден жаза алмайды, ал қол сүйегін толық жазғанда саусақтары да жазыла бастайды).
Церебралды сал балалар ауыруында қозғалыс кемістіктері түрлі дәрежеде болуы мүмкін. Ауыр дєрежесінде бала жүру және манипулятивтік дағдыларын игере алмайды. Өз бетімен өзін қамти алмайды. Церебралды сал балалар ауыруының орта дєрежесінде балалар жүре алады, бірақ жүргенде сенімсіз жєне арнайы құралдарды қажет етеді (балдақшаларды, канад таяқтарын т.б.). Осымен қатар олар өз бетімен қала жолдарында да, көлікпен де жүре алмайды. Өзін-өзі күту дағдылары манипулятивтік әрекет сияқты толығымен қалыптаспайды. Жеңіл түрінде балалар өз бетімен үй ішіндегі, сыртқы кеңістікте және қалалық көлікте жүре алады. Бұл балаларда манипулятивтік әрекет толығымен дамып, олар өз өздерін күтеді. Алайда, оларда терім патологиялық тұрыспен жүрістің бұзылулары және тежелген қимылдар байқалады.
Церебральді параличпен ауыратын балаларда кездесетін тіл және психиканыњ зақымдану ерекшеліктері.
Церебалды паралич ауруында психика құрылымы психика дамуындағы өзгеше кемістіктерден турады. Психиканың дамуының бұзылуларының механизмі өте күрделі, ол мидың зақымдану мерзімімен, дәрежесімен, орналасуымен айқындалады. Құрсақ ішінде қалыптасқан психикалық бұзылулардың көрінісі интеллектінің тұрпайы жетілмеуімен сипатталады.
Церебралды паралич кезінде психиканың даму кемістігі танымдық әрекетінің, эмоционалдық-жігер қыбілеттерінің және жеке тұлғаның қалыптасуының бұзылуларынан тұрады.
Церебралды сал бала дағы интеллект кемістігінің құрылымы бір қатар өзіндік ерекшеліктерімен сипатталады:
- қоршаған орта туралы мәліметтерінің бір шама аз болуы. Бұл келесі себептердің салдары болып табылады: а) ұзақ мерзім бойы қозғалмауы және кеңістікте ерсілі-қарсылы жүру қиындығымен байланысты амалсыз оңашалану, құрбыларымен және ересек адамдармен қарым-қатынастың шектелуі, б) қимыл бұзылуларымен байланысты әртүрлі заттарды практикалық әрекет барысында анықтау, қоршаған ортаны танудың қиынға түсуінен, в) сенсорлық әрекеттердің бұзылуы, т.б.
- Церебралды паралич кезінде әр-түрлі талдағыш жүйелерінің үйлесімді қызметінің бұзылулары байқалады. Түрлі заттарды сипау, анықтау, яғни іс барысында тану қызметтері бұзылады.
- ой-өріс кемістігінің әркелкі, дисгармониялық түрде болуы, яғни бір интеллектуалдық қызметтер бұзылып, екіншісі тежелсе, үшіншісі қалыпты жағдайда сақталып қалады. Мұндай өзгешелік мидың ерте даму сатысындағы органикалық зақымдануымен байланысты. Сонда көбінесе жоғарғы интеллект қызметімен қатар басқада ең жоғарғы әрекеттерді қамтамасыз ететін мидың "жастау" функционалдық жүйелері – қыртыс қабатының жасушалары күйзеледі. Кейбір балаларда ойлаудың көрнекі түрлері ғана дамыса, басқаларында, керісінше, көрнекі-әрекеттік ойлау төмендегенімен сөйлеу, логикалық ойлау процесстері жақсырақ дамиды.
- психоорганикалық көріністердің ұлғаюы: психикалық процестердің бәсеңдігімен әлсіреуі, әрекеттің басқа түрлеріне ауысуы, зейін шоғырлануының жеткіліксіздігі, механикалық зерде көлемінің төмендеуі, т.б.
Церебралды паралич ауруымен ауратын балалар интеллект даму дәрежесіне байланысты әр-текті топты құрайды: біреулерінде қалыпты немесе соған жақын ой-өрісіне тән интеллект болады, басқасында психикалық дамудың артта қалуы байқалады, одан басқаларында олигофрениялар орын алады.
Церебралды паралич бар балаларға эмоционалдық-жігерлі сферасының бұзылулары тән. Кейбіреуінде ол жоғары эмоционалдық қозуымен қатар шегіндірілген тежелуімен байқалады, басқаларында - ұяңдықпен сескенушілікпен сипатталады.
Тәртіп бұзылулары қозғалыстың шегіндірілген тежелу, ашушаңдық, қасындағы адамдарға қарсы шығумен сипатталады. Ал кейбір балаларда керісінше толық немқұрайдылық, селқостық, ешнәрсеге қатынаспаушылық орын алады.
Церебралды паралич пен ауратын балалардың кемістік құрылымының 80%-н тіл мүкістіктері құрайды. Тіл мүкістіктерінің ауырлық дәрежелері біріншіден мидың зақымдану ауырлығының дәрежесімен және оның мидағы сөйлеу орталықтарында орналасуына байланысты.
Тіл мүкістіктердің қалыптасу механизміндегі ең маңыздысы болып, қозғалыс патологиясы анықталады. Церебралды сал балада тіл мүкістіктері тікелей қозғалыс бұзылуларымен байланысты. Сонымен қатар, артикуляциялық аппараттардың бұзылуларының ауырлығы қол қызмет бұзылуларының ауырлығымен байланысты. Церебралды параличте әр –бір клиникалық түріне өзіндік тіл кемістіктері тән.
Сөйлеу кемістіктері церебралды параличы бар балалардың басқалармен қарым-қатынасын тежеп, қиындатып қана қоймайды, олардың жалпы дамуына да кері әсерін тигізеді.
Церебралды параличпен ауыратын балаларда тіл кемістіктерінің төмендегідей түрлері байқалады: дизартрия, тілдің жалпы дамуының тежелуі, алалия, жазбаша сөйлеудің бұзылулары.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет