Лекция №7 Топырақтың химиялық қасиеттері. Топырақтың коллоидтары және олардың құрылысы мен қасиеттері


ацидоидтар, ал оң заряды барлар –базоидтар



бет2/2
Дата27.10.2022
өлшемі16,36 Kb.
#45819
түріЛекция
1   2
ацидоидтар, ал оң заряды барлар –базоидтар деп аталады.Кейде топырақ коллоидтарының заряды қоршаған ортаның реакциясына байланысты өзгермелі болады. Ондай коллоидтарды амфолитоидтар дейді. Топырақтағы коллоидтардың басым бөлігі теріс зарядты ацидоидтар.
Коллоидтар топырақта золь (коллоидтік ерітінді) және гель (коллоидті қоймалжың тұнба) күйлерінде кездеседі және олар бір күйден екінші күйге көше береді. Коллоидтардың ерітіндіден (зольдан) тұнбаға көшуін коагуляция, ал керісінше тұнбадан (гельден) ерітіндіге көшуін пептизация (бытырау) деп атайды. Золь күйінде коллоидтар топырақтың қабаттарында жылжып,жиылады, ал гель күйінде топырақта бекіп қалады. Яғни, коллоидтар құрамындағы қоректік заттар жылжиды және бекиді.
Сонымен бірге коллоидтар гель күйіне көшу барысында топырақ түйіршіктілігін қалыптастырады. Сумен әрекетіне қарай коллоидтар гидрофильді және гидрофобты болады. Гидрофильді коллоидтар суды мол сіңіріп тұтады, ал гидрофоботылардың осы қасиеті керісінше,шамалы.
Топырақтағы коллоидтардың физикалық жағдайы оның құрамына сіңген катиондарға байланысты. Коллоидтар үлкенірек валенттілігі бар катиондарға бай болса, олар тезірек коагуляцияға ұшырайды.Топырақта коллоидтар негізінен гель күйінде кздеседі.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет